К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Сурет-88. Имитациялық және имитациялық емес әдістер



бет69/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Сурет-88. Имитациялық және имитациялық емес әдістер


Іскерлік ойын – бұл оқытуды ұйымдастыру формасы, ол мұғалімнің басқаруымен, оқушылардың өзіндік ұйымдастырушылығымен жоспарланған ойын сценарийі арқылы мақсатты бағытының негізінде жүзеге асырылады. Білім беру тәжірибесінде оқытудың ойын формасы оқытудың тәжірибелік бағыттылығын мақсат тұтатын іскерлік ойындар арқылы игерген білімдерін шығармашылықта қолданады және бекітеді. Оқу процесінде іскерлік ойындардың төмендегідей түрлері қолданылады: рөлдік, операциялық, ұжымдық-іскерлік ойындар (89,90-суреттер).

Сурет-89. Іскерлік ойынның мәні



Сурет-90. Іскерлік ойынның негізгі ерекшеліктері


Проблемалық оқыту - проблемалық принципін ескере отырып жасалған оқыту үдерісі. Проблемалық оқыту, оқытудың жаңа принципі, ол қазіргі кезеңде ең өзекті, оны іс-тәжірибеге енгізу қажет және де дидактикаға оқытудың әдіс, жүйесі, типі, түрі, не формасы мағынасында емес, оқыту формасы мағынасында енеді (Э.Г. Мингизов).
Проблемалық оқыту - оқытудың жаңа типі. Ол түсіндірмелі - иллюстративтік әдісті алмастырып, оқушылардың шығармашылық ізденіс негізінде білім алуына негіз болады (В.И. Загвязинский).
91-суретте проблемалық оқыту ерекшеліктері ашылды.

Сурет-91. Проблемалық оқыту ерекшеліктері


Тренинг сабақ – белгілі бір тақырыпқа өткізілетін ойын сабақтарының бірі. Тренинг сабақтың ерекшелігі – тренингке қатысып отырған оқушылар өз ойларын айтып, өз еркімен белсене қатысу керек.
Тренинг сабақтар оқушылардың белсенділіктерін, танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамуына өз үлесін қосады.
Тренингтер жеке тұлғаның өзін-өзі реттеу тәсілдерін, жаңа білім мен дағдыны меңгеру, интуицияны, креативтілікті, ойлауды, қарым-қатынасты дамыту негіздерін меңгеруге интенсивті жағдай жасайды.
И.В.Вачков (1999 ж.), Ю.Н.Емельянов (1985 ж.), Г.А.Ковалев (1989 ж.), Х.Миккин (1986 ж.), Л.А.Петровская (1982,2001 жж.), Н.В.Цзен (1985 ж.) және т.б. психолог ғалымдар тренингті бірден интерактивті әдістерден – рөлдік ойындар, дискуссия, психофизикалық жаттығуларды үйлестіріп жүргізуден бастауды ұсынады.
Ғылыми еңбектерде «Тренинг - жеке тұлғаның дамуына және өзара әрекеттестік, өзара қатынас саласында компоненттілікті жетілдіруге бағытталған жаттығулар жүйесі» деген анықтама беріледі.
«Тренинг» сөзі педагогика ғылымына өткен ғасырдың екінші жартысында ғана ене бастады. Бұған дейін осы сөзге мағыналас «жаттығу» сөзі кеңінен қолданылып келді. Қазір осы екі термин де педагогика саласында кеңінен қолданып жатыр.
Тренингтің жай жаттығудан айырмашылығы тренинг біліктілігі жоғары маманның басшылығымен өтетіндігі.
Педагогикалық тренинг – оқыту сапасын арттыруда оқушының білік пен дағдысын қалыптастыру мен жетілдіруді көздейтін жоспарлы бағдарламаммен жүргізілетін әртүрлі жаттығулар жүйесі ( 92-сурет).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет