К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


СӨЖ-ге арналған тапсырмалар



бет68/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

СӨЖ-ге арналған тапсырмалар оқу тақырыптарының жеке сұрақтарынан тұруы тиіс. Ол сұрақтар дәрісханалық сабақтарда қарастырылмай, студенттің жеке ізденісіне жол ашады. Бірақ, бұл ізденіс практикалық семинарлық және т.б. сабақ түрлерінде берілетін үй жұмысы немесе лекцияға дайындық болмауы тиіс, себебі мұндай жағдай да практикада өте жиі кездеседі.
СӨЖ тапсырмаларына қаралатын сұрақтардың тізіміне: оны дайындауға бөлінетін сағат көлемі, тапсырманы берудің апталық мерзімі мен оны оқытушыға тапсыру мерзімі, сондай-ақ тапсырманы орындау алдында студент оқуға тиісті әдебиеттер тізімі немесе бағдарлама соңында берілгенжалпы әдебиеттер тізіміне сілтеме кіреді.
СӨЖ-ге арналған тапсырмаларды әрбір модульдің мазмұнында немесе бағдарламаның жеке «оқу-әдістемелікпен қамту» тарауында қарастыруға да болады. Әр пән бойынша студенттің өз бетімен орындайтын тапсырмалары (реферат, конспект шығару, иллюстрациялық материалдарды жинақтау және т.б.) жұмыс бағдарламасын талдау барысында, кафедра мәжілісінде талқыланады.
СӨЖ тапсырмаларының орындалуын тексеруді оқытушы семинар сабақтарында немесе кезеңдік бақылау кезінде жүзеге асырады.


3.2 Жоғары оқу орнындағы оқытудың инновациялық әдістері және формалары. Жаңа білім беру технологиялары


Оқытудың имитациялық және имитациялық емес әдістер топтамасы. Ойын оқыту технологиясы белсенді оқыту технологияларының бірі болып табылады. Ойын оқыту әдісі имитациялық және имитациялық емес болып бөлінеді.
Имитациялық емес әдіске проблемалық лекция, дөңгелек үстел, лекция- конференция, алдын ала жасалған конспект бойынша лекция, шолу лекциясы, коллоквиум, бағдарламалап оқыту, семинар, тақырыптық дискуссияға арналған көшпелі сабақ, топтық консультация, олимпиада жатады. Имитациялық әдіс ойынды және ойынды емес болып екіге бөлінеді (88-сурет).
Ойынды имитациялық әдіске тиімді шешім таңдаудың көп нұсқалылығы, «миға шабуыл», іскерлік ойындар, рөлдік ойындар, жеке технологиялық процесті ойын арқылы жобалау, ал ойынды емес имитациялық әдіске ситуациялық шешімдер, жекелеген міндеттерді шешу, сабақтың қорытындысын шығару және оқытушының бағалауы, ұсынылған нұсқаларды талқылау, семинар өткізу, жеке тренажер жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет