Жағдайлар – кездейсоқ жағдай, түйінді мәселе, шынайы өмірден оқиға.
2) Жағдайдың контексті - хронологиялық, тарихи, орын контексті. әрекеттердің немесе жағдайға қатысушылардың ерекшеліктері.
3) Автор ұсынған жағдайға түсініктеме беру.
4) Кейспен жұмыс істеуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар. 5) Қосымшалар (114-сурет).
Сурет-114. Кейсті құрастыру кезеңдері
Кейс әдісін қолдану барысында оқытушының іс - әрекеті екі кезеңнен тұрады:
кейс таңдау және сұрақтар құрауға арналған шығармашылық жұмыс кезеңі - жағдайларды тақырыпқа сәйкес таңдап алу; мақсат пен міндетті анықтау; жағдайды құрастыру және суреттеу.
оқытушының аудиториядағы іс -әрекеті (аудиториядағы кейс әдісін қолдану кезеңі- кейске кіріспе; жағдайдың талдануы (шағын топтарда); пікірталас; қортынды шығару.
Кейстерді құрудың келесі негізгі сатылары белгіленген:мақсаттарды анықтау, әртүрлі жағдайларға критерийлерді тағайындау, қажет ақпарат көздерін белгілеу, кейстегі алғашқы материалдарды дайындау, сараптама жасау, oны қолдану бойынша әдістемелік материалдар дайындау.
Кейс әдісі нақты жағдайлар тұрғысынан академиялық теорияларды көрсетуге мүмкіндік береді. Ол студенттерді пәнді оқуға, білімді терең меңгеруге, ақпаратты өңдеуге және талдауға, әртүрлі жағдайларды саралауға мүмкіндік береді.
Кейстерді құрудың келесі негізгі сатылары белгіленген: мақсаттарды анықтау, әртүрлі жағдайларға критерийлерді тағайындау, қажет ақпарат көздерін белгілеу, кейстегі алғашқы материалдарды дайындау, сараптама жасау, oны қолдану бойынша әдістемелік материалдар дайындау.
Кейс әдісі келесі дағдыларды дамытады:
1) Аналитикалық дағдылар: деректердің мәліметтерден айыру шеберлігі, маңызды және маңызды емес ақпараттарды айыра білу, талдау, елестету.
2) Тәжірибелік дағдылар: кейсте көрсетілген нақты жағдайларымен салыстырғанда мәселенің күрделілігі төмен деңгейі экономикалық теорияларда, әдістер мен принциптерде қолданылатын тәжірибе дағдыларын жүйелеуге мүмкіндік береді.