К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы



бет95/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   171
Интербелсенді оқыту – білім беру үдерісіне қатысушылардың өзара әрекетінің диалогтық формасына негізделген таным тәсілі. Оның барысында білім алушылардың бірлескен әрекет дағдылары қалыптасады. Интербелсенді оқыту – білім беру үдерісінің соңғы мақсаты мен негізгі мақсаты мен негізгі мазмұнын сақтайды.
Интербелсенді оқыту бірқатар міндеттерді шешеді:

  1. коммуникативті біліктер мен дағдыларды дамытады;

  2. білім алушылар арасында эмоционалдық дағдыларды дамытады, олардың арасында эмоционалдық байланыс орнатуға көмектеседі;

  3. ақпараттық міндеттерді шешеді

  4. жалпы оқу біліктері мен дағдыларын дамытады (талдау, жинақтау, мақсаттар қою және т.б.);

  5. топта жұмыс істеуге, басқаның пікірімен санасуға үйретеді;

  6. өзін-өзі тәрбиелеуге жетелейді.



Интербелсенді әдіс қолдану кезінде тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы; тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасауы;педагогикалық қолдау көрсетуі басшылыққа алынады.
Интербелсенді оқыту әдістерін пайдалану кезінде тиянақты білім; қиялдау мен шығармашылық; тез тіл табысу;белсенді өмірлік көзқарас; командалық рух; жеке; дербестік құндылық;өз пікірін білдіру, еркіндік; іс - әрекетке ерекше назар аудару; өзара сыйластық дағдылары дамиды.
Интербелсенді оқыту әдісіжекеден топқа, топтан ұжымға бағытталған сабақ түрі. Бұл әдіс түрін қолдану кезінде мұғалім тек бағыт беруші ғана болып есептеледі,оқушылар өздерінің білімділігін, ізденімпаздығын көрсете отырып, сабақты өздері алып шығады.
Интербелсенді оқытуда барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді арласуға мүмкіндік жасалынады;әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғануына мүмкіндік жасалынады; терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамиды; өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беріледі;оқу барысында жеке басының құндылықтары мен сенімдерін қалыптастырып, белсенді өмірлік бағытын (көзқарас, дүниетаным) ұстанады; пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдейді ( 110-сурет).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет