К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Проблемалық оқытудағы оқушылардың білімінің, дағдысы мен икемділігінің өзектілігі



бет92/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Проблемалық оқытудағы оқушылардың білімінің, дағдысы мен икемділігінің өзектілігі:


- Болжамды ұсыну және негіздеу;
- Өзекті мәселені қалыптастыру, өзекті жағдай туғызу;
- Болжамды тексеру;
- Мәселені шешудің дұрыстығын тексеру;
- Шешуші қорытынды құру;
Проблемалық оқыту - дидактикалық принцип, ол жүйе де, әдіс те емес, ол оқушылардың қабілеттерін дамыту құралы ретінде қарастырылады.
Жеке адам білімі толық және толық емес болуы мүмкін. Сондықтан проблема белгілі мен белгісіздің әсерінен пайда болады деп толық айтуға болады (105-сурет).





Сурет - 104. Проблеманың пайда болуы

105-суретте проблемалық оқыту технологиясының ерекшеліктері ашылды.


Оқытуда проблеманың 4 деңгей бар:

  1. Мұғалім проблеманы өзі қойып, оны оқушыларды қатыстыра отырып өзі шешеді;

  2. Мұғалім проблеманы өзі қояды, оқушыларға өз бетінше орындауға шығармашылық тапсырмалар береді немесе проблемаларды шешіп дағдыланған мұғалімнің басшылығымен проблеманы шешеді. Мұнда ойлауға кеңістік ашылады;

  3. Оқушылар проблеманы қойып, мұғалім көмегімен оны шешеді;

  4. Оқушылар проблеманы қойып, оны өзі шешеді.




Сурет -105. Проблемалық оқыту технологиясының ерекшеліктері
106- суретте проблемалық оқытудағы мұғалім мен оқушының өзара іс-әрекеті ашылды.





Сурет - 106. Проблемалық оқытудағы мұғалім мен оқушының өзара іс-әрекеті

Проблемалық оқытудың кемшілігі оның оқу үдерісінде оқушыға қиындық туғызатындығын, соның арқасында шешу жолының ізденуге көп уақыттың кетуін жатқызуға болады. Сонымен қатар бағдарламаланған оқытуға қарағанда проблемалық оқытудың технологиясын құрастыру мұғалімнің шеберлігі мен көп уақытын талап етеді. Тап осы жағдайлар проблемалық оқытуды кең қолдануға кедергі келтіреді. Бірақ оған талпыну керек және әрбір шебер педагог оны қолданады, өйткені проблемалық оқыту зерттеумен байланысты және осыған сәйкес дәстүрлі оқытудан ерекшеленеді. Себебі кез-келген зерттеу - жаңа білім алу үдерісі, ал оқыту - белгілі білімдерді тарату үдерісі болып табылады. Проблемалық оқыту талаптарын зерттей отырып оқытуға, оқыта отырып зерттеуге үйрете отырып орындайды. Тек осылай ғана шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға болады.


Оқытудың жаңа әдісі мен түрлеріне төмендегілерді жатқызуға болады: іскерлік ойындар, кері байланысты дәрістер, дәріс-диалог, тренинг, дөңгелек үстелдер, пікірталас, ұжымдық-танымдық оқу және тағы басқалар.
Проблемалық оқыту оқушылардың танымдық көкжиегін кеңейтеді, шығармашылық белсенділігін арттырады.
Проблемалық оқыту оқушылардың білімді игеруін мәселелік жағдайларды талдау жолдары арқылы жүзеге асырады.
Проблемалық оқыту білімді игеру қарқынын тездетеді, қасиет сапасын жақсартады, жаңа тапсырмаларды орындау кезінде өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді, оқуға деген ынта-ықыласын оятады.
Проблемалық оқыту кезінде төмендегідей жағдайлар айқын көрінеді: проблеманың тууы және оны сезіну, шешімін табуға іздену, оның дұрыстығын тексеру. Проблеманы сезіну оқушыға қиын жағдайдан шығу жолдарын табуға жетелейды. Бұл, сөз жоқ, оқушыны өз бетінше ойлануға мәжбүр етеді. Проблемалық жағдайды тудыратын жәйттер: проблеманың өзі, білімнің жеткіліктілігі, өз бетінше жағдайдан шығу мүмкіндігі, оқушылардың танымдық қызығуы мен зерделік белсенділігі.
Проблемалық жағдайдың бірнеше түрі бар. Бірінші түрінде оқушы проблеманы шешуге қажетті білім жүйесін таңдауда оның көптігінен қателікке ұрынады. Екінші түрінде білімінің жеткіліксіздігінен проблеманы шешудің мүмкіндігі жоқ екендігін сезінеді. Проблемалық жағдайдың үшінші түрінде оқушы білімді практикамен ұштастыруға кезігеді. Төртінші түрінде теориялық ілімінің жетіспеушілігінен практикалық қарама-қайшылықтарға тап болады.
Сабақ өту барысында әртүрлі проблемалық жағдайлар тууы мүмкін. Мәселен, мұғалім тақырыптың өзінен-ақ сұрақ-жауап алу арқылы оқушылардың қызықтыра алады. Проблемалық жағдайды тақырыптық мазмұнын түсіндіріп тұрғанда да жасауға болады.
Проблемалық оқыту айырықша құрылымға ие. Оның ең бастысы – оқушының проблеманы шешуде мұғалімнің басшылығымен немесе өз бетінше жұмыс жасауы болып табылады. Құрылымның негізгі элементі – игерілген білімнің өзектілігі.
Проблемалық оқытудың өзіне тән ерекшіліктері бар. Бірақ қатып қалған қағида жоқ, сабақты ұйымдастыру оның нақты мазмұны мен мақсатына тікелей қатысты. Сондықтан проблемалық оқытудың талабына жауап беретіндей етіп ұйымдастыру қажет.
Проблемалық оқытудың жөн-жобасын толық меңгерген тәжірибелі ұстаздар сабағы 3 кезеңдерден тұрады ( 107-сурет).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет