К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы



бет99/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

«Миға шабуыл» әдісінің ерекшеліктері:

  1. Әрбір студенттер белсенді қатысады.

  2. Ортаға салынған әрбір идеяларларға пікір берілмейді және сынға алынбайды, ұсынылатын барлық идеялар қабылданады.

  3. Сұрақ қою барысында тақырып, сұрақ мазмұны ашылады.

Сұрақ та, оған берілетін жауап та нақты және қысқа болуы шарт.



Сурет-116. «Миға шабуыл» әдісі
«SWOT талдау» әдісінің атауына ағылшын сөздерінің бастапқы әріптері алынған: Streng – күш, Weakness – әлсіздік, Opportunity – мүмкіндіктер және Threat – кедергілер деген мағынаны береді ( 117-сурет).

Сурет-117. SWOT талдаудың мәні

SWOT талдаудың мақсаты – берілген тақырыптың ішкі күшті және әлсіз жақтары; әсер ететін сыртқы мүмкіндіктері мен қауіпті жақтарын (факторларды) анықтау. Студенттер тақырыптың мазмұнын ашып, алған білімдерін тәжірибеде қолдануда төнетін күштер мен әлсіздіктерді азайтып, қай бағытта жұмыс істеу қажеттігін анықтайды.


SWOT талдауға ұжым ішіндегі жағдайды талдау жатады, сондай-ақ нарықтағы жағдай, оның ішінде білім беру қызметі мен сыртқы фактордың талдауы да кіреді. Барлық мәліметтер 4 негізгі жолдан: күш, әлсіздік, мүмкіндіктер, қауіптерден тұратын кестеге жинақталады. Мұндай кестені «SWOT талдаудың матрицасы» деп атайды (24-кесте).
Талдау – тұтас құбылысты ойша құрамдық элементтерге немесе құбылыстарға жіктеп, ары қарай зерттеу үшін талдаудан тұратын ғылыми зерттеу әдісі.
Педагогикалық талдау – педагогикалық процестің даму тенденциясы мен жағдайын зерттеуге бағытталған басқару қызметі.
Талдаудың мақсаты – мектеп жұмысын жандандыруға атсалысу, педагогикалық ұжымның әрекетін оперативті және жоспарлы перспективті басқару үшін қызмет ету, оқыту мен тәрбиелеудің сапасын жақсарту.


Кесте 24- SWOT талдаудың матрицасы






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет