Сергіту жаттығулары
Көк аспандай көгілдір (Қолдарын жоғары көтереді),
Қазақстан байрағы (Қолдарын көтерген күйі оңға, солға тербеледі).
Тұрса күндей төгіп нұр ( Бір- бірімен қол ұстасады),
Жандарымыз жайдары (Орындарында тұрып секіреді).
Жазу дәптерімен жұмыс жүргізу.
1 – тапсырма. Үлгі бойынша көрсетілген әріп элементтерін, сөздерді байланыстыра
жазуға ұсыну. Уу әрпінің баспа, жазба түрлерін салыстыру.
2 – тапсырма.Сөзжұмбақты шешіп, у әрпі бар сөздерді көшіріп жазуға ұсынылады.
Жалау. 2. Көздеу. 3. Күш. 4. Әдемі. 5. Астың түрі.
3 – тапсырма. Мәтінді көшіріп жазу арқылы Уу әрпінің, сөздің басында, ортасында, соңында жазылуына назар аудару.
Раушан мен Алуа бір сыныпта оқиды. Алуа оқу озаты. Олар бірге ойнайды, өзенге барып ау салады. Уақыттарын көңілді өткізеді.
4 – тапсырма. Нүктелердің орнына тиісті әріпті қойып, көшіріп жазу.
Күн шығыстан нұр алып,
Қалғып- мүлгіп жатты н... .
Ж ... сан желден ырғалып,
Жасап кетті жаттығ... .
Сабақты қортындылау. У әрпі қандай элементтерден тұрады? У дыбысына қандай талдау жасадық.? Әдемі, көркем жазу үшін нені есте сақтауымыз қажет? Оқушылар, осы ережелерге сүйеніп сауатты жазатындарыңа сенемін.
Үйге 5 – тапсырма. Жұмбақтың шешуін тауып, көшіріп жазу.
Бағалау. Белсенді қатысып, көркем жазған оқушыларды мадақтау.
21 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ұұ, Үү әріптерінің элементтерін жазу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды Ұұ, Үү әріптерінің элементтерін жазуға үйрету. Жазу сауаттылығын жетілдіру.
Дамытушылығы: Жазу әдісіндегі үзіліссіз жазу, байланыстыра жазу түрлерін меңгерту арқылы білім дағдыларын дамыту.
Тәрбиелігі: Қосымша тапсырмаларды орындау барысында оқушыларды сезімталдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас түрдегі сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ- жауап, жүйелеу, проблемалық әдіс.
Достарыңызбен бөлісу: |