Сергіту жаттығулары. Мені келсе білгің, (Өздерін көрсетеді)
Мен таяқша бірррмін. (Сұқ саусағын көрсетеді)
Барррлық санға жол бастап, (Қолдарын жоғарыға көререді)
Ең басында тұрррмын. (Оң қолды көтереді)
Жазу дәптерімен жұмыс жүргізу 1 – тапсырма. Үлгідегі өрнектерді, әріп элементтерін талапқа сай жазуға ұсыну. Рр әрпінің баспа және жазба түрдегі элементтеріне көңіл бөлу. 2 – тапсырма.Мақал-мәтелдің ауыспалы мағынасын ашып жазу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Рр әрпінің өзге әріптермен байланысуына назар аудару. Көз - қорқақ, Қол – батыр.
Көз – бақылаушы. Сол үшін ол, үнемі сақтандырып тұрады.
Қол – жұмыс құралы. Оның батылдығы осында.
3 – тапсырма. Сандық ішіндегі өсиетті жазуға тапсыру. Мағынасын ашу. Рақым атаның өсиеті
4 – тапсырма.Тірек сөзді пайдаланып сұраққа жауап беру, сұраулы сөйлемдерді жазуға ұсыну. Ара қайдан келді?
Арамен аралады ма?
Ара бердіме?
Тірек сөздер:бал, аспаннан, ағашты, аузымнан, таудан, сүт, нанды.
Сабақты қорытындылау: Қосымша сұрақтардың көмегімен оқушылар пікірін қорыту.
Бүгін қандай әріптің элементін жаздыңдар?
Рр дыбысына сипаттама беріңдер.
Өсиет сөздің мағынасын ашыңдар
Тапсырмалардың қай бөлімі ұнады?
Үйге 5 – тапсырма. Мәтінін көшіріп жазу. Рр әрпінің жазылуын есте сақтау.
Бағалау. Сабақ барысында көркем жазып, белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.
23 – сабақ Сабақтың тақырыбы: Фф әрпінің элементтерін жазу.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Фф әрпінің элементтерін жазуда қолданылатын ережелермен таныстыру. Мәтіндерді көшіріп жазу барысында, үзіксіз, тез жазуға үйрету.
Дамытушылығы: Қателіктерін сезіну, түзету арқылы ой- өрісін кеңейтіп, білімдерін дамыту.