Қ Сабақты қорытындылау: Қандай әріптердің элементтерін жазып, үйрендік? Ұұ әрпінде неше элемент бар? Өзге әріптермен қалай байланысып жазылады? Үү әрпі туралы не айтуға болады? Ұұ әрпімен айырмашылығы барма?
Үйге 5 – тапсырма. Өлеңді көшіріп жазу. Ұұ, Үү әріптерінің өзге әріптермен байланыстыра жазылуын, арақашықтығын есте сақтау. Бағалау. Белсенді қатысқан, ең әдемі жазған оқушылар салыстырмалы түрде мадақталып, алғыс айтылады.
22 – сабақ Сабақтың тақырыбы: Рр әрпінің элементтерін жазу.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға Рр әрпінің элементтерін жазуға үйрету. Қосымша тапсырмаларды орындау барысында, сауатты жазуға дағдыландыру.
Дамытушылығы: Графикалық қырағылыққа бейімдей отырып, қажетті пропорцияларды сақтау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас түрдегі сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ- жауап, жүйелеу, Дамыта оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: Баспа, жазба әріптер кестесі, суреттер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. «Кім шапшаң?» ойыны арқылы психологиялық серпіліс жасату.
Үй тапсырмасын сұрау.
Өлеңді оқытып, жазу техникаларын тексеру.
Ұұ әрпінің элементтерін жазуда нені есте сақтау қажет?
Үү әрпінің жазылуында айырмашылық бар ма?
Ұұ, Үү әріптері өзге әріптермен қалай байланысады?
Жаңа білімді меңгерту.
Қызығушылықты ояту. Менің атым Қарррға!
Бардым ұшып жарррға!
Қарррным ашты, қалқам,
Ірррімшігің барррма?
Рр әрпінің элементтерін жазу.
Рр дыбысы – үнді дауыссыз дыбыс. Сөздердің басында, ортасында, шетінде келеді.