Тақтамен жұмыс жүргізу. Оо, Өө әріптері бір топтағы жазу элементтері ұқсас әріптер делінеді. О,Ө әріптері дыбысталуы жағынан, О дыбысы жуан, Ө дыбысы жіңішке дауысты дыбыстар делінеді.
Сергіту сәті Тербеледі ағаштар, (Қолды жоғары көтеріп, қозғалады)
Алдымнан жел еседі.(Желдің даусын салады)
Кіп- кішкентай ағаштар, (Төменге отырады)
Үп- үлкен боп өседі. (Орындарынан тұрып, қолдарын жоғары көтереді)
1 – тапсырма. Үлгідегі жазуды аяқтау. Әріп элементтерін стандарт бойынша жазуды меңгерту. 2 – тапсырма. Мәтінді көшіріп жазу. Оо, Өө әріптерінің өзге әріптермен байланысын анықтау. Олжас пен Өмірбек – достар. Екеуі бірге ойнайды.
Өзенге де бірге барады, балық аулайды. Олар өте тату.
3 – тапсырма. Оо, Өө әріптеріне сөз құрап жазу. . Үлгі:
4 – тапсырма. Өлеңді жатқа жазу. Жүргізіп жазу техникасын меңгерту.
Сол қолымда бес саусақ.
Алақанды ашамыз,
Бесті беске қосамыз. Сабақты қорытындылау:Венн диаграммасы арқылы салыстырмалы түрде қорыту.
Оо дыбысы қандай дыбыс?
Өө дыбысы қандай дыбыс?
Ұқсастықтары неде?
Жазудағы ерекшелігі қандай?
Үйге 5 – тапсырмажұмбақтың шешуін тауып, әріптерді қатыстырып сөйлем құрастыру.
Шонада бар,
Шанада жоқ.
Көлде бар,
Күлде жоқ.
Бағалау. Оқушылардың белсенділігін, көркем жазуларын салыстырмалы түрде мадақтау.
19 – сабақ Сабақтың тақырыбы: Ққ, ң әріптерінің элементтерін жазу
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларды жазылуы жағынан ұқсас әріптердің элементтеріне салуға үйрету.
Дамытушылығы: Жазу нормаларын сақтауға, байланыстырып жазуға дағдыларын қалыптастыру. Қосымша тапсырмалар арқылы, оқушылардың жазу сауаттылығын дамыту.