К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова


 ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНДЫРУ КӘСІПОРЫНДАРЫН



Pdf көрінісі
бет15/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   117
2. ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНДЫРУ КӘСІПОРЫНДАРЫН 
ҚАМСЫЗДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ 
 
2.1. Тауармен жабдықтау жүйесіндегі көтерме сауданың ролі 
Нарықтық экономикаға көшу қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының 
қызмет көрсетуіндегі өзгерістермен анықталады. Олар бәсекеге қабілеттілікті 
жоғарылатуға бағытталған қаржылық еркіндікті тереңдетуімен, жаңа 
бағыттардың пайда болуымен байланысқан. Тауармен жабдықтауды 
рационалды ұйымдастыру көбінесе қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында 
өндіріс заттарын қолдану деңгейін, еңбек өнімділігінің өсуін, өнімнің өзіндік 
құнын төмендетуге, кіріс және рентабелділікті ұлғайтуға арналады. Қоғамдық 
тамақтандыру кәсіпорындарын шикізатпен, жартылай өнімдермен, сауда 
тауарларымен жабдықтау дайын өнімнің тұтынушыға қозғалысындағы 
маңызды этап болып табылады. Кәсіпорынның өндірістік – саудалық циклының 
кезеңінде тасымалдау кезіндегі шығындардың анықталуымен өнімнің құны 
құрылады (транспортты жалға алу, тауарлардың құны, тиеу- түсіру жұмыстары 
және т.б), олар минималды болуы керек. Бұл үшін жабдықтауды ұйымдастыру 
кезінде кәсіпорынның типін, оның орналасқан жерін, тауарайналым көлемін, 
шикізаттардың, өнімдердің, жартылай фабрикаттардың ассортиментінің 
күрделілік дәрежесін, олардың физико-химиялық дәрежесін және т.б, сонымен 
қатар тасымалдаушының мүмкіндігін де ескеру керек. Бүтіндей қарастырсақ
сатып алу әрекеті тасымалдау тәсілдеріне байланысты, тауар қозғалысындағы 
аралық звенолардың саны және т.б. факторлардан тұратын тауармен жабдықтау 
шығындарының минималды қолданылуына бағытталуы керек. Осыған 
байланысты қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының өндірістік-саудалық 
қызметінің жетістігінің бір бөлігі анықталады.
Нарықтық қатынасқа көшу жағдайындағы тауармен жабдықтау үрдісін 
тездетуге және қарқындатуға қажетті маңызды звено – көтерме сауда болып 
табылады.
Көтерме сауда–қайталап сатылатын немесе кәсіби қолданылатын 
тауарларды сату. Көтерме сауда көптеген тауар өндірушілердің, екінші жақтың, 
бөлшектеп сату және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының, сонымен 
қатар шикізат және жартылай фабрикаттарды тасымалдаушылардың арасында 
экономикалық байланысты ұйымдастырады. Осыған қарай көтерме сауданың 
ролі пассивті операцияға жатпайды, керісінші өндіріс сферасына, тауар 
айналымының соңғы стадиясына, сол арқылы тұтыну сферасына да белсенді 
әсер етеді. Көтерме сауданың жұмыс жасауы қоғамдық өнімнің қатынасын 
және оның тұтынушыға қозғалыс үрдісін тездетеді. Осыған байланысты белгілі 
бір көлемде көтерме сауданың әрекеті толығымен қоғамдық өндірістің 
тиімділігіне байланысты болады. Қазақстан экономикасының жаңа этапында 
көтерме сауда маңызды орын алады. Осы көтерме сауда қоғамдық өндіріс 
тауарларының және ішкі нарықтағы шетел өнімдерінің белсенді жеткізушісі 


26 
болып табылады. Көтерме сауда өзіміздің өндірушілер нарықтағы өз орнын 
жеңіп алуы үшін отандық тауарлардың сапасын көтеруіне итермелейді.
Саудада көтерме звеноны қолданудың қажеттілігі, сонымен қатар кейбір 
азық–түлік тауарларының (жемістер, көкөністер және т.б) маусымдық 
өндірісіне байланысты. Тауар өндірушілер ұзақ уақыт өздерінің қоймаларында 
өндірілген өнімдерді сақтай алмайды, ал көптеген бөлшектеп сату 
кәсіпорындары мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында үлкен қоймалар 
болмайды. Көтерме сауда кәсіпорындары сұраныстың шығуы бойынша жүзеге 
асырылатындай етіп, тауарларды сақтауға қажетті жағдайларды құра алады.
Көтерме сауда қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын күрделі 
ассортиметті тауарлармен жабдықтау кезінде маңызды орын алады.
Көтерме сауданың шешетін маңызды мәселелерінің ішінде келесі жоспар 
бірінші орында тұрады: 
 өндірістік-техникалық тағайындалған және халық тұтынатын тауарларға 
сұраныс пен ұсыныстың ағымды және перспектиті болжамдарымен 
нарықты зерттеу конъюктурасының мәліметтер банкін жинау және құру;
 ассортимент, саны және сапасы бойынша тұтынушылардың сұранысына 
қарай өндіріс тауарларын тура сәйкестендіріп орналастыру;
 алынған тапсырыстарға, келісім шарттарға сәйкес тұтынушыларды өз 
уақытында, ырғақты және сапалы қамтамасыздандыру
 тапсырыс берушілердің ағымды және болжанбаған қажеттіліктерін 
қанағаттандыру үшін тауарлық қорлар құру және қоймалық сақтауды 
ұйымдастыру;
 әрқайсысына коммерциялық табыс үлесін сақтай отырып, жабдықтаушы, 
делдал және сатып алушылар арасындағы көтерме сауда үрдісіндегі
барлық жүйелердің өзара қарым– қатынасын экономикалық басқару және 
ынталандыру тәсілдерін қолдану;
 мобильді көліктің жоғары механикаландырылған тиеу-түсіру құралдарын, 
жоғары тиімді көп рет қолданылатын қаптама түрлерін қолданып, 
көтерме сауданың прогрессивті түрлері мен әдістерін қолдану;
 көтерме сауда үрдісін жүзеге асыруда барлық этаптағы айналым 
шығындарының деңгейін төмендету нәтижесінде максималды үнемдеу 
жиынтығын алу. 
Тауарайналым жүйесіндегі көтерме кәсіпорындардың ыңғайлы жағдайы 
өндірісте, транспортта және бөлшек сауда да прогрессивті өзгерістерге 
негізделген, сонымен қатар көтерме-делдалды қызмет нарығында бәсекелестік 
өскен сайын, оларды үнемі технологиялық және ұйымдастыру-экономикалық 
қайта құру нысандарына айналдырады. 
Көтерме-делдалдық құрылымның әр түрлілігі нақты формадағы тауармен 
жабдықтауда тауар айналымға қатынасатын қатынасушылардың таңдау 
мотивіне байланысты анықталады және келесідей негізгі түрлерін қарастырады 
(2.1- сурет).


27 
2.1- сурет. Көтерме-делдалдық құрылымның негізгі түрлері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет