К. М. Абишева, С. К. Омарова


Баскаков  Николай    Александрович



Pdf көрінісі
бет11/82
Дата06.01.2022
өлшемі2,13 Mb.
#16499
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   82
Баскаков  Николай    Александрович  (1905-1996),  түркітанушы-
тілші,  филология  ғылымдарының  докторы  (1950),  проф.  (1969),  РФ, 
Түрікмен,  Қазақ,  Қарақалпақ  республикасы  ғылымының  құрметті 
қызметкері,  Ұлыбритания  және  Ирландия  Корольдік  азиялық  қоғамы 
(1975), Түрік лингвистикалық қоғамы (1971), Халықаралық Орал-Алтай 
қоғамы,  Польша  ориенталист  Ғылыми  қоғамы  (1975),  Кёрёши-Чом 
атындағы  венгер  оренталист  ғылыми  қоғамының  құрметті  мүшесі, 
Фин-угор қоғамының корреспондент-мүшесі. 
 Николай  Александрович  Баскаков  көп  қырлы  ғалым,  ол  үшін 
кешендік ғылымның барлық қыры маңызды болған.     
ХХ  ғасырдың  30-жылдары  Н.А.  Баскаковтың  ғылыми  жұмысы 
басталған  уақытта    Кеңес  үкіметінің  тілдік  саясаты  қарқынды  жүрген 
еді. Осы тілдік саясаттың маңызды бөлігі – жазуы жоқ тілдердің жазуын 
қалыптастыру,  араб  жазуынан  латын  әліпбиіне  көшіру,  содан  соң 
кириллицаға ауыстыру, әдеби тіл мен тілдік форманы қалыптастыру, ана 
тілі  оқылатын  ұлттық  мектептерді  ашу,    лингводидактиканы  әзірлеу, 
оқулық жазу, сөздік құрастыру, тіл мен диалектіні ғылыми сипаттау еді.   
Ноғай еліне барған экспедициясының нәтижесінде  мәтіндер мен 
сөздіктер  қосымшасы  бар  ноғай  тілі  диалектілері  очеркісі  (1940),  сол 
тілдің грамматикасы мен сөздіктері жазылды  (1963, 1966). 
Н.А.  Баскаковтың      «Түркі  тілдерінің  тарихи-типологиялық 
фонологиясы» (1988) атты  іргелі монографиясы  жарық көрген болатын.  
Н.А.  Баскаков    түркі  тілінің  құрылымы  туралы  Н.К.  Дмитриев,          
Э.В. Севортян, Б.А. Серебренников Г.П. Мельников және басқа да тілші-
теоретиктермен    пікірталасқа  түскен,  басқа  алтай  тілшілерінен  оның 
басымдығы  соншалықты,  ол  өзінің  әрбір  фонологиялық  заңдылығы, 
әрбір  грамматикалық  формасы  мен  синтаксистік  құрылымы  туралы 
                                                             
17
 
Штернберг Л.Я. Из жизни и деятельности В.В. Радлова // Живая старина. – СПб., 1909. – Т. XVIII. 
Вып. II–III. – С. 11.
 


16 
 
ойын  негіздеп  отырды.  Бұндай  кешендік  көзқарастан  Г.  Рамстедт,  Г. 
Винклер, В. Котвич,     Ж. Дени, К. Грёнбектің идеялары байқалатын. 
Фонетика  саласының  зерттелуіне  В.В.  Радловтың  қосқан  үлесі 
зор. Оның «Фонетика северных тюркских наречий» еңбегі осы бағытқа 
жасалған  алғашқы  талпыныс  еді,  түркі  тілдерінің  фонетикалық 
құбылыстарын зерттеуде жасалған алғашқы маңызды қадамдардың бірі 
болып саналады.  
    В.В.Радлов  өзінің  «Фонетика  северных  тюркских  языков»  деп 
аталатын  еңбегінде  түркі  тілдерінің  фонетикасын  алғаш  рет 
қарастырып,  оны  жалпылай  түрде  зерттеген.  Бұл  еңбек  «Фонетика 
северных  тюркских  языков»  (1882  ж.)  еңбегінің  бірінші  бөлімін 
құрайды.  
 Түркі  тілдерінің  вокализміне  (сол  кездің  терминологиясы 
бойынша  диалектілер  деп  аталады)  жалпы  шолу  жасау  арқылы 
В.В.Радлов  тілдің  бастапқы  қалпына  телеут  диалектісінің  жүйесі  аса 
жақын деген қорытынды шығарады. Дегенмен арғы түркілік дыбыстық 
жүйесі  мен  оның  түркі  тілдеріндегі  эволюциясы  жайлы  В.В.Радлов 
толыққанды  түсінік  бере  алмаған  десек  те,  салыстырмалы-тарихи 
фонетиканың көптеген  маңызды мәселелері жайлы сөз қозғағандығын  
естен шығармаған дұрыс. Түркі фонетикасының жүйелі салыстырмалы-
тарихи очеркі В. Грёнбекке (1902) тиесілі. В. Грёнбек жалпы алғандағы 
түркілік  фонетикалық  жүйені  қарастырмайды,  ол  түркі  тілдерінің 
дыбыстық  құрылымының  жеке  мәселелеріне  шолу  жасайды,  өзінің 
реконструкциялық  жұмыстарында чуваш тілінің мәліметтерін  кеңінен 
қолданады. 
Сол 
кезден 
бастап 
чуваш 
тілі 
түркі 
компаративистикасының  тәжірибесіне    мықтап  енгізіледі.  В. 
Грёнбектің  еңбегін  түркі  фонетикалық  заңдары  (1903)  туралы  X. 
Педерсеннің теориялық жағынан маңызды еңбегі жалғастырады, мұнда 
салыстырмалы-тарихи  грамматиканы  жасаудың  қажетті  шарттары 
жайлы: "арғы түркілік негізгі формаларды қалыптастыру арқылы жеке 
түркі тілдерінің барлық формаларын түсіндіруге болады" деп айтылған. 
X. Педерсен реконструкцияның екі деңгейін ажыратқан: ең соңғы "арғы 
түркілік"  және    түркі-моңғол  тілдерінің  дыбыстық  жүйесі  негізінде 
қалпына  келетін  алғашқы  "түркілікке  дейінгі"  деңгей.  X.  Педерсеннің 
мақаласына  В.  Грёнбектің  кітабына  берілген  (1904)  П.  М. 
Мелиоранскийдің  рецензиясы әдістемелік қосымша ретінде беріледі.  
Түркі  тілдерінің  салыстырмалы-тарихи  фонетикасы  жайлы  
мәселелер қозғалған келесі еңбектер сериясы алтайлық ғалымдарға, ең 
бастысы,                      И.  Рамстедт  пен    Н.  Н.  Поппеге  тиесілі.    Олардың 
зерттеу  жұмыстарының  қорытындылары  келесі  кітаптарда:  Г.И. 
Рамстедт  «Введение  в  алтайское  языкознание.  I.  Фонетика»  (1957),  Н. 
Н.  Поппе  «Сравнительная  грамматика  алтайских  языков.  I. 
Сравнительная  фонетика»  [Рорре  1960].    Осы  еңбектер  қатарына  Г.  И. 
Рамстедттің корей этимологиясына қатысты еңбегін жатқызуға болады. 


17 
 
Бұл зерттемелерде жалпы алтайлық жүйе ұстанымы бойынша қалпына 
келтірілген  түркі  вокализмі  мен  консонантизмі  реконструкциялары 
жайлы  пайдалы  мәліметтер  жазылған,  алайда  осыған  ұқсас 
реконструкциялар    әлсіз  болып  көрінгендіктен,  күні  бүгінге  дейін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет