К. М. Абишева, С. К. Омарова



Pdf көрінісі
бет10/82
Дата06.01.2022
өлшемі2,13 Mb.
#16499
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   82
Байланысты:
Тіл-ғылымының-зерттелу-тарихы-Омарова-СК-1

 
 
 
ІІ бөлім. Қазіргі қазақ тілі фонетикасының зерттелуі 
 
                                                             
12
 Сыздыкова  Р.Г.  Язык    «Жамиғ-ат  -  тауарих»  Жалайири.  А.,  1989;  Сонікі  Қазақ  әдеби  тілінің 
тарихы (ХY-ХХ ғғ.) А., 1984 
13
 
Нұрмаханова  Ә.  Түркі  тілдерінің  салыстырмалы  грамматикасы.  А.,  1971;  Томанов  М.  Түркі 
тілдерінің  салыстырмалы  грамматикасы.  А.,  1992;  Сонікі.  Қазақ  тілінің  тарихи  грамматикасы.  А., 
1988.; Томанов М., Тіл тарихы туралы зерттеулер. А.: Ғылым, 2002.  – 614 б.; Айдаров Ғ. Томанов 
М.,  Құрышжанов  Ә.  Көне  түркі  жазба  ескерткіштерінің  тілі.  –  А.:  Мектеп,  1971.  –  273  б.; 
Әбілқасымов Б. Әбілғазының «Түркі шежіресі»  және оның тілі; А.: Арыс, 2001.  – 243б.; Исаев С. 
Қазақ әдеби тілінің тарихы. А.; Ана тілі, 1996. – 306 б.; Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам 
жүйесі. А., 1989; Өмірәлиев Қ. YІІІ-ХІІ ғасырлардағы көне түркі әдеби ескерткіштері. А.: Мектеп, 
1985.  –  128  б.;  Өмірәлиев  Қ.  Оғыз-қаған  эпосының  тілі.  А.,  1988.;  А.Ысқақов  А.  Қазақ  тілінің 
фономорфологиялық  құрылысын  тарихи  тұрғыдан  талдау.  –  А.,  1999.  Есенқұлов  А.  Көне  түркі 
жазба ескерткіштеріндегі қосымшалар. А, 1976. 


14 
 
Қазақ  тілі  фонетикасының  зерттелуіне  көз  жүгіртетін  болсақ, 
алғашқы  фонетикалық  зерттеулерді  Н.И.Ильминский,  В.В.Радлов, 
П.М.Мелиоранскийдің  қазақ  тілінің  дыбыс  жүйесіне  қатысты  ойлары 
және  еңбектерімен  байланыста  қарастырамыз.  Қазан  лингвистерінің 
ықпалымен    В.В.Радловтың  неміс  тілінде  Лейпцигте  бастырылған  
«Солтүстік түркі үстеулерінің фонетикасы» (Б.І. – Лейпциг, 1982) атты 
еңбегі жазылды, ал келесі жылы В.В.Радловтың  екінші кітабы шықты. 
Бұл  кітапта  автор      тапқан  материалдары  бойынша  жиырмадан  астам 
түркі  тілдерінің    вокальды  және  консонантты  жүйесінің  сипаттамасы 
беріледі.  В.В.Радлов  вокализм  жүйесінде  дауыстылардың  үйлесімі 
негізгі  орын  алатындығын  айтады
14
.
 
В.В.Радловтың  қазақ  тіліне 
қатысты еңбектерінің де үлкен маңызы бар және оның қазақ тіл білімін 
дамытудағы  рөлі  жоғары деп саналады
15

      Бодуэн  де  Куртенэнің  соңынан    В.В.Радлов  түркі  тілдеріндегі 
дауыстылар  үйлесімінің  генезисін  зерттей  келе,  оның  дамуының 
морфологиялық 
тәсілдері 
туралы 
 
пікірлерді 
дамытады. 
Дауыстылардың  сандық  сипаттамасы  туралы  мәселеге  қатысты  ол 
түркі  тілдерінде  алғашқы  ұзақ  дауыстылардың  жоқтығы  туралы  О. 
Бетлингке  қарсы  пікірін  айтады.  Түркі  консонантизміне  арналған 
бөлімінде  В.В.Радлов  алғашқы  рет  оның  негізіне  дауыссыздардың 
«алтайлық» (немесе оңтүстік сібірлік) жүйесін ала отырып,  көне ұйғыр 
тілі консонантизміне қатысты өзінің пікірін ашық айтады, соңынан оны  
«Құтадғу  білік»  транскрипциясы  үшін  қолданады.    В.В.Радлов  «Die 
Lautalternation  und  ihre  Bedeutunq  fur  die  Sprachentwickelunq,  beledqt 
durch  Beispiele  aus  den  Turksprachen»  атты  еңбегінде  фонеманы 
түсіндіруге өте жақын келеді.        В.В.Радлов қазан кезеңінде «Сodex 
Cumanicus»  ескерткіші  бойынша  қыпшақ  тілінің  фонетикасының 
негізгі мәселелері қарастырылған «Куман тілі туралы...» (1884) еңбегін 
жазады. 
           Кейін  В.В.Радлов  «Опыту  словаря  тюркских  наречий»  деген 
үлкен  лексикографиялық  еңбекті  қолға  алады  (1893-1911).  Ол    түркі 
тілдерін  салыстырмалы  зерттеу  бойынша  жалпы  зерттеудің  бір  бөлігі 
ретінде  қарастырады.  В.В.Радловтың  пікірінше,  ол  үш  бөлімнен: 
мәтіндер,  сөздіктер  және  салыстырмалы  грамматикадан    тұрады.  Үш 
бөлімнің  үшіншісі  ғана,  яғни  грамматика  бөлімі  аяқталмай  қалады. 
Аталған сөздікте   В.В. Радловтың морфологиялық, фонетикалық және 
басқа да көзқарастары мен идеялары баяндалған
16

           В.В.Радлов  рун  жазбаларының  негізгі  ескерткіштерін  оқып, 
аударғаннан  кейін  ауқымды  жұмысының  қорытындысы  ретінде  «Die 
altturkischen  Inschriften der Mongolei / Neue  Folge» (1897) атты  еңбегін 
                                                             
14
 
Тенишев  Э.Р.  В.В. Радлов  – фонетист  и  грамматист  // Тюркологический  сборник.  –  М.: 
Наука, 1971. – С. 32–41.
 
 
15
 
Хусаинов К.Ш. В.В. Радлов и казахский язык. – Алма-Ата, 1981.–172 с.
 
16
 
Тугушева  Ю.Л.  В.В.  Радлов  –  лексикограф  и  лексиколог  //  Тюркологический  сборник.  –  М.: 
Наука, 1971. – С. 32–43.
 


15 
 
аяқтайды,  мұнда  рун  мәтіндері  мен  сөздіктің  фонетикасы, 
морфологиясы, синтаксисі қысқаша сипатталған
17

         Оның  рун  жазбалары  және  ұйғыр  ескерткіштері  бойынша  
«Einleitende Gendankenzur Darstellung der Morphologie der Turksprachen» 
(1906)  еңбегі  түркітілдес  халықтары    тарихының    мәселелерін 
түсіндіруде  маңызды  болып  табылады.    Оның  соңғы  уақытта  қолға 
алған    «Көне  түркі  диалектілері»  (Die Alttürkischen  Dialekte)  (1911) 
мақаласы    рун  және  ұйғыр  жазбаларының  кейбір  ескерткіштерінің 
грамматикасын қысқаша сипаттауға арналған. 
Жаңасібір  фонетикалық  зертханасында  осы  жылдары  түркі 
тілдерінің  диалектісі  мен  фонетикалық жүйесін  зерттеу  жұмыстары  да 
тоқтатылған жоқ, ең алдымен, Сібірде якут (М.С. Воронкин), тува (К-о. 
А. Бичелдей), хакас және басқа да сібір тілдерінің диалектілік жүйесін 
сипаттау жұмыстары орындалды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет