1 кесте. А - трематода жұмыртқалары:
1 - Fasciola hepatica; 2 – Paramphistomum sp.; 3 – Dicrocoelium lanceatum; 4 – Eurytrema
pancreaticum; 5 – Opisthorchis felineus; 6 – Echinostoma revolutum; 7 – Orientobilharzias
turkestanica.
Б - акантоцефал жұмыртқалары:
1 – Macracanthorhynchus hirudinaceus; 2 – Polimorphus magnus; 3 – Filicollis anatis.
27
А – цестода жұмыртқалары:
1 – Moniezia expansa; 2 – Thysaniesia giardi; 3 – Taenia sp.; 4 – Diphyllobothrium latum;
5 – Dipilidium caninum;
Б – нематода жұмыртқалары: 1 – Nematodirus spathiger; 2 – Oxyuris equi; 3 –
Metastrongylus sp.; 4 – Strongylidae sp.
28
Нематода жұмыртқалары:
1 - Ascaris suum; 2 - Parascaris equorum; 3 - Toxocara canis; 4 - Toxoscaris leonine; 5 -
Ascaridia galli; 6 - Trichocephalus sp; 7 - Tetrameres fissispina; 8 - Drascheia megastoma;
9 - Strongyloides sp.
29
1 сурет. Трематода құрылысы:
1 – ауыз емiзiкшесi; 2 – жұтқыншақ; 3 - өңеш; 4 –
iшек бөлiгi; 5 – аналық жыныс тесiгi; 6 – аталық
жыныс тесiгi; 7 – жатыр; 8 – сары дене; 9 – оотип;
10 – сары уыз ағып келуi; 11 – жұмыртқалық; 12 –
шәует жолы, 13 – ен; 14 – iшек бөлiгiнiң соқыр
шегi; 15 – экскреторлық қуыс; 16 – экскреторлық
тесiк; 17 – Лауреров өзегi; 18 – Мелис денесi; 19 –
ұрыққабылдағыш; 20 – жалпы еншығару; 21 – ен
қуысы; 22 – құрсақ емiзiкшесi; 23 – жыныс
бурсасы.
Тақырып 5 Трематодалар және трематодоздар
Сабақтың мақсаты: Трематодалардың құрылысын, жүйесін, дамуын зерттеу.
Трематодалардың топтарымен таныстыру
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл және бойялған препараттар
Трематодалардың сипаттамасы. Трематодалар – жалпақ құрттар,
Plathelminthes түріне, Trematoda (сорғыш) класына жататын паразиттiк құрттар.
Барлық трематодалар – паразиттер, олар адамдар мен жануарлардың әр түрлi
мүшелерi мен улпаларында жайылады. Трематодалардың дене пiшiнi жапырақ
тәрiздi және шағын (0,1 мм-ден 10-15 см-ге дейн) болып келеді. Трематода
денесi дорсо-вентральды бағытта жинақталған, үстi кутикуламен қапталған.
Содан соң бұлшықет қабатымен бiрге терiлi-бұлшықеттi қап түзедi, онда iшкi
мүшелер орналасады.
Трематодада бекiту, асқорыту мүшелерi, жүйке, экскреторлық және
жыныс жүйелерi болады. Бекiту мүшесi емiзiкше болып табылады. Көбiне олар
екеу (ауыз және құрсақ), сирек бiреу (ауыз) болады.
Асқорыту жүйесi түбiнде ауыз тесiгi бар, ауыз емiзiкшесiнен басталады.
Оның соңында жұтқыншақ (фаринкс) қысқа оңеш, iшек болады. Iшек екi
бөлiктен тұрады, паразит денесiнiң артында
бiтеледi.
Трематоданың
аналь
тесiгi
болмайды, сондықтан қорытылмаған азық
қалдығы ауыз арқылы шығады. Жүйке жүйесi
жұтқыншақ маңында орналасқан түйiндерден
тұрады, олар дененiң әр бөлiгiне таралады.
Экскреторлық жүйе паразиттiң денесiнiң
артқы бөлiгiнiң тесiгi экскреторлы түтiкпен аяқталатын өзекшенiң күрделi
бөлiгiнен турады.
Трематоданың жыныс жүйесi күштi дамыған және өте күрделi
орналасқан.
Трематодалар (Schistosomatata подотрядынан басқасы) – гермафродиттер (екi
жынысты).
Аталық жыныс аппараты бiр-бiр шәует жолына бөлiнетiн еннен тұрады.
Олар бiрге қосылып, арнайы бұлшықет қабы – жыныс бурсасымен аяқталатын
30
жалпы шәует жолын түзедi. Шәует жолының соңғы хитиндi бөлiгi циррус деп
аталады. Ол жинақы мүшелердiң қызметiн атқарады.
Аналық жыныс аппаратында ұрық жұмыртқасының торшасын, жұмыртқа
жолын жатыр түтiгi) бөлiп, жұмыртқалық пен шәуетқабылдағышты қосатын
жұмыртқалық болады. Сондай-ақ оотипi сары денелермен көрiнедi, олар
жұмыртқаларда қоректiк материалдарды өңдеп бөледi. Мелис денесiнiң секретi
оотип пен жатырды шаяды, соның әсерiнен жұмыртқалардың жылжуын
оңайлатады. Жатыры түтiкше тәрiздi болады. Оның бiр шетi оотиппен
қосылған, басқа шетi қынап қызметiн атқарады. Әр түрлi трематодалардың
сыртқы жыныс тесiгi әр түрлi дене бөлiгiне ашылады, жиi құрсақ
емiзiкшелерiнiң алдына. Пiшiнделген жұмыртқалар сыртқы ортаға жатырдың
сыртқы тесiгi арқылы түседi.
Трематода жұмыртқалары сопақ пiшiндi, сары түстi, бiр полюсiнде
қақпақшалар болады.
Трематодалардың дамуы. Трематодалар – биогельминттер, олар аралық
иелердiң ауысуымен (су және құрғақ жер моллюскалар), кейде қосымша
(моллюскалар, балық, жәндiк) иелермен дамиды.
Жыныстық жетiлген мариттер сыртқы ортаға көп мөлшерде жұмыртқа бөледi.
Жұмыртқаның сыртқы қабаты 4 бөлiктен тұрады: үш сыртқы қабаты
механикалық зақымдардан, ал төртiншiсi – химиялық әсерден қорғайды.
Қолайлы жағдайда жұмыртқадан 1-шi сатыдағы личинкалар – кiрпiкшемен
қапталған мирацидий шығады. Мирацидий белсендi түрде моллюскаларға
шауып, оның ұлпасына енедi немесе моллюскамен жұтылады. Кейде аралық
иесi iшiнде мирацидий бар жұмыртқаны жұтады. Моллюскада мирацидий
кiрпiкшелерiн жояды да, спороцистаға сосын редияға, редиядан церкарийға
айналады. Церкарийлар моллюскадан шығып, құйрығының көмегiмен белгiлi
бiр уақыт суда жүзiп жүредi де, өсiмдiк, тасқа жабысады, сосын құйрығын
жойып, инвазиялық саты-адолескарийға айналады.
Қосымша иелердiң қатысуымен трематодалардың дамуында церкарий
оның ағызасына түседi де, метацеркарийға айналады.
Дефинитивтi иелердiң ағзасына инвазиялық личинкалар шөппен немесе
сумен түседi. Онда қабығы бұзылып, жас трематодалар әр түрлi жолмен
маритке дамиды.
Ветеринарлық паразитологияға трематодалардың 5 подотряды маңызды
болады.
Fasciolata - фасциолята – трематода дене пiшiнi мен көлемi әр түрлi. Ауыз
емiзiкшелерi дененiң алдыңғы бөлiгiнде, құрсақ емiзiкшелерi оған жақын, ал
сары денелер дененiң қабырға бойы орналасқан. Трематодалар бiр, кейде екi
аралық иелермен дамиды.
Paramphistomatа - парамфистоматата – осы подотрядтағылардың құрсақ
емiзiкшесi жақсы дамыған және дененiң артқы бөлiгiне қозғалған. Олардың
дамуы бiр аралық ие қатысуы мен дамиды. Ауылшаруашылық малдарының
месқарынын зақымдайды.
31
Heteroрhyata – гетерофиата – усақ және орташа трематодалар. Екi аралық
иелердiң қатысуымен дамиды, метацеркарий балық және шаянтәрiздiлерде
болады. Етқоректiлердiң бауырының өт жолдарында жиi описторхтар кездеседi.
Echinostomatata – эхиностоматата – бұл адоральды дискпен қаруланған және
қаруланбаған трематодалар. Олар екi аралық иелердiң қатысуымен дамиды,
сондай-ақ олардың қосымша иелерi моллюск, балық болуы мүмкiн. Суда
жүзитiн құстардың көп түрiн зақымдайды.
Sсhistosomatata – шистосоматата – бөлек жынысты трематодалар.
Емiзiкшелерi әлсiз дамыған, жұмыртқалары түртiкшелермен жабдықталған. Бiр
ғана аралық иесi қатысумен, яғни моллюскамен дамиды. Сүткөректiлердiң және
құстардың қан жүйесiн зақымдайды.
Бақылау сұрақтары:
1 Қандай морфологиялық ерекшелер трематодаларға өте мінезді?
2 Жалпақ құрттардың тегументі қандай рольді атқарады?
3 Гельминттерді гео- және биогельминттерге бөлу қандай мағынаны
білдіреді?
4 Қандай белгілер арқылы трематода жұмыртқаларың ерекшелейді?
5 Неге трематодаларды сорғыштар деп атайды?
Тақырып 6 Жануарлар фасциолезы
Сабақтың мақсаты: Студенттерді фасциолез қоздырушыларымен, даму
биологиясымен және диагноз қою әдістерімен таныстыру. Фасциола
жұмыртқаларың сүретін салу
Құрал-жабдықтар: плакаттар, дымқыл және бойялған препараттар
Фасциолез – қой, ешкi, iрi қара мал, үй жануарлары мен жабайы
жануарлар ауыратын трематозды ауру. КСРО-да бұл ауруды трематоданың 2
түрi шақырады: Fasciola hepatica мен F.gigantica, Fasciolidae тұқымдасына
жатады. Фасциолезбен адамда ауырады. Өсiп-өнген трематодалар бауырдың өт
жолдарында тiршiлiк етедi. Ауру созылмалы түрде өтедi. Жiтi түрiнде зат
алмасу бұзылып, бауыр зақымдалады. Фасциолезбен ауырған жануарлардың
өнiмдiлiгi төмендейдi (сиыр сүттiлiгi 25-40% кемидi), ет пен жүннiң сапасы
нашарлайды (қойларда), өлiм байқалады. Ұша ветеринарлық тексеруден өткен
кезде ауру жануардың бауыры жарамсыз болады.
Қоздырушылар – F. hepatica - кәдiмгi фасциола. Ұзындығы 2-3 см, енi 1
см дененiң алдынғы бөлiгiнiн кутикуласынын дорсальдi және вентральдi
жақтарында шипиктары болады. Дененiн алдынғы бөлiгi iлмек тәрiздi екi
сорғыштары бар. Iшегiнде бүйiрлi өсiндiлер болады. Аталық жыныс мүшесi
ағаш бұтағына ұқсайды. Дененiң алдынғы жағында аналық орналасқан, оның
артында жұмыртқалықтар бар. Паразиттін екi бүйiрi жүзiм тәрiздi сары
денелерге толған.
F.gigantica – алып фасциола, F. hepatica-дан дене пiшiнiмен, даму
циклымен, патогендiлiгiмен ерекшеленедi. Ұзындығы 7,5 см, денесi ұзынша
келген, бүйiр шеттерi параллельдi. Бұл түр КО-ның онтүстiк зоналарында
32
2 сурет. F. hepatica
кездеседi. Ол өте патогендi. Кейбiр аудандарда бір жануарда паразиттiң екi
түріде кездеседi.
Аралық иелерi - F. hepatica-ға кiшкене прудовик Lymnaea truncatula, ал
F.gigantica-ға құлақ тәрiздi прудовик Lymnaea auricularia.
Қоздырушының биологиясы: Фасциола – биогельминт, бауырдың өт
жолдарында тiршiлiк етедi, көп жұмыртқалар шығарады. Олар өт жолы арқылы
12 елі iшекке түседi, одан кейiн сыртқы ортаға шығады. Жұмыртқа одан әрi
даму үшiн өттегi, қолайлы температура мен ылғалдылық керек. 20-30°С
температурада жұмыртқа тез дамиды. 10-12°С олар баяу дамиды, 40°С-тан
жоғары болса жұмыртқалар өледi. Қаранғыда жұмыртқалар тез дамиды, бiрақ
ұрық қабыршағын жарып шықпайды.
Қолайлы жағдайда екi жетiден кейiн мирацидий дамиды, бұл личинка
ұзындығы 0,15 мм, ұзынша пiшiндi. Дененiң алдынғы шетiнде қозғалмалы
бұлшықеттi iлмек, өт торшалары орналасқан, олардың секретi аралық
иеге мирацидийдiң кiруiне көмектеседi.
Мирацидий денесi кiрпiкшелермен қапталған, сол арқылы олар суда еркiн
жүзедi. Мирацидийдiң өмiр сүру уақыты бiрнеше сағаттан 2-3 күнге дейiн.
Аралық ие денесiне кiргенде мирацидий кiрпiкшелерiн тастап, iшкi мүшелерге,
бауырға енедi. Онда ол ұршық тәрiздi болады, бiрнеше сағаттан кейiн аналық
спороцистаға айналады. Спороцистада ұрықтық торшалар болғандықтан
жыныссыз жолмен ұрпақтын келесi сатысы
редия, одан церкарий шығады.
Церкариларда ауыз және құрсақ сорғыштары,
жұтқыншақ,
iшектерi
жақсы
дамыған.
Бүйiрлерiнде
цистогендi,
терiлi
бездер
орналасқан. Личинка денесiнiң алдыңғы жағынан
екi есе ұзын құйрықтары бар. Дене ұзындығы
құйрықсыз 0,3 мм. Моллюска денесiнен церкарий
сыртқы
ортаға
шығады.
Негiзiнен
бiр
моллюскадан бiрнеше жүз церкарий шығады.
Мирацидий моллюскаға кiргеннен церкарий
қалыптасқанға дейiн 2-3 ай өтедi.
Церкарий моллюскадан шыққаннан кейiн
бiрнеше уақыт еркiн жүзiп жүреді. Қатты затқа
жабысады немесе жүзiп жүредi, цистогендi
бездер ерекше секрет бөледi де қабыршақтанады.
Цистамен оралған церкарийді адолескарий деп
атайды. Жануалар шөп, өсiмдiк және соны жеу
арқылы,
фасциолез
личинкалары
бар
су
қоймаларынан су iшкенде жұғады. Дефинитивтiк
ие iшегiнде адолескарий қабыршағын түсiрiп,
құрсақ құысына енедi, бауыр капсуласы мен
паренхимасын бұзады, жас фасциолалар өт жолдарына кiредi. Кейде
адолескарий iшек кiлегей қабатын бұзады гематогендi жолмен iшек венасы
арқылы бауырдың өт жолына өтедi. Адолескаридiң бауырға түскеннен толық
33
дамыған сатысына дейiн 2,5-4 ай өтедi. Бауырда фасциола бiрнеше жыл өмiр
сүредi.
Эпизоотологиялық деректер. Моллюскалар кiшкене су қоймаларында
тiршiлiк етедi, судың рН = 5,8-9,0. Көгерген суда прудовик тiршiлiк етпейдi.
Моллюскалар ішінде фасциола личинкаларын сақтап қыстауы мүмкiн, осыған
байланысты жануарды зақымдауда үлкен роль атқарады. Негiзiнен жануарлар –
ауру жануарлар көктемде жұмыртқаларды нәжiспен бөлу арқылы таралған
адолескаридi жұту арқылы зақымдалады. Қазақстанда жануарлар фасциолезбен
маусымның екiншi жартысында зақымдалады.
Церкаридiң максимальдi таралуы жаздың соны мен күзде байқалады,
өйткенi жануар организмiнде фасциоланын ересек сатысы 2,5-4 айда дамиды.
Толық жетiлмеген паразиттер күз айларында бауырда кездеседi, ал желтоқсан-
қантар айларында зақымдалу өте жоғары болады.
Фасциола жұмыртқалары жоғары және төмен температураға, кебуге,
шiрiгенге өте сезiмтал. 40-45°С температурада 30-40 мин, ал 50°С кезде өледi, -
5°С температурада 1 күнде өледi. Кепкен нәжiсте жұмыртқа өмiр сүру қабiлетiн
ылғалдылық жоғалғанша жонылмайды.
Патогенез. Iшек, бауыр, өт жолдарына өткенде жас паразиттер патогендi
әсер етедi. Жас фасциолалар iшек кiлегейлi қабатынан қан тамырларына
өткенде жарақаттайды, бауырдың кейбiр бөлiктерiне қан айналымын бұзады.
Бауыр ұлпасы арқылы қозғалып, капиллярларды, паренихиманы, өт жолын
бұзады. Кейде фасциола қан ағымы арқылы басқа мүшелерге енiп капсуламен
қапталады. Қатты инвазия болғанда олар iрi қара малдың өкпесiнде де
кездеседi.
Жас фасциолалар iшектен бауырға микрофлора енгiзедi, өт жолы бiтеледi,
бұдан организмнiң интоксикациясы болады және инфекция дамуы мүмкiн.
Жынысты жетiлген фасциола қанмен көректенедi, өт жолы арқылы өтiп,
оларды зақымдайды көп болса бiтеп тастайды. Паразит бөлетiн өнiмдер және
токсикалық заттар бауырға әсер етедi. Ретикулоэндотелиальдi және жүрек қан
тамыры жүйесiне, орталық жүйке жүйесiне, iшек-қарын жолының, тыныс алу
мүшелерiнiң жұмысын зақымдайды.
Зат алмасуда бұзылады. Э. А. Давтян мен В. Д. Акопян фасциолезбен
зақымдалған жануарларда витамин А жетiспеуiн дәлелдедi, осыдан организмнiң
резистентiлiгi төмендейдi. Сонымен қатар витамин А болғанда ғана витамин С
синтезделедi. Организмнiң аллергиялық жағдайы туады.
Иммунитет фасциолез бойынша зерттелмеген. Эксперименттiк зерттеулер
қатты қиындық тудырады, өйткенi паразит соңғы иеде көп өмiр сүредi. Кейбiр
ғалымдар жануарларда туа бiткен және жүре пайда болған иммунитет бар
дейдi, бiрақ әлсiз бiлiнедi.
Ауру белгiлерi әртүрлi болады, ол паразиттiн интенсивтiлiгiне, түрiне,
жануардың жасы, азықтандыру жағдайына байланысты.
Қой мен ешкiде фасциолез жiтi және созылмалы өтедi. Жас малда ересек
малға қарағанда ауыр өтедi.
Фасциолездiң жiтi өтуi адолескаридың көп саны организмге кiруiне
байланысты, жiтi гепатит дамиды. Клиникалық белгiлер анық көрiнедi.
34
Инвазиялық қойлардың конъюнктивасы бозарады, кейде сарғаюы да
байқалады. Дене температурасы 41,2-41,6°С. Тәбеті төмен, қан аралас iш өту
болады, iш қату мен тимпания болуы мүмкiн.
Аурудың
созылмалы
түрiнде
бастапқыда
клиникалық
белгiлер
байқалмайды. 1-2 айдан кейiн қойлар әлсiрейді, отардан қалып қояды, жата
бередi, арықтайды.
Жүнi кеуiп, тез сынып түседi. Кеудеде, жақ асты аумақтарында, қабақ
үстiнде iсiк байқалады. Гемоглобин процентi мен эритроцит саны азаяды.
Бауыр аумағы ауырсынады, шекарасы iсiнген. Бiрте-бiрте кахексия, застой
байқалады, жануар өлуi мүмкiн. Кейде ауру өте ауыр өтiп, бiрнеше айларға
созылады.
Iрi қара малда фасциолез созылмалы түрде өтедi, көбiнесе 2 жастағы жас
мал аурады. Қойларға қарағанда ауру белгiлерi дұрыс көрiнбейдi, өлуі өте
болмайды, iсiктер байқалмайды. Жануардың қондылығы мен сүттiлiгi
төмендейдi. Сауатын сиырларда іш тастау байқалады.
Патологоанатомиялық өзгерiстер. Жануарлар өлiгi арықтаған, құрсақ
құысында түссiз сұйықтық бар. Бауыр мен лимфа түйiндерi ұлғайған. Өт
жолдары үлкейген кiр-қоңыр түстi, өт сұйықтығымен толған. Фасциоланың көп
санын көруге болады. Өт жолдарының қатары, интерстициальдi гепатит, бауыр
циррозы байқалады. Егер фасциоланың саны аз болса, онда мекендеген
жерлерде ғана өзгерiстер байқалады.
Талақта, қарын асты безде, өкпеде капсуламен қапталған фасциолалар
кездеседi.
Фасциолез жiтi өткенде бауыр үлкейiп, үстiңгi жағында қанға толған ұсақ
қанталаулар, сары-қоныр түстi кiшкене ошақтар кездеседi. Дұрыстап
зерттегенде ұзындығы 0,3-1,2 см жас фасциолаларды табуға болады.
Диагноз. Диагнозды ауру белгiлерiне, эпизоотологиялық деректерге,
гельминтоовоскопия нәтижесiне, патологонатомиялық союға қарайды.
Ауру белгiлерi тек осы ауруға тән болмағандықтан фасциолезге тек
күдектенуiмiз мүмкiн.
Тiрi кезiнде диагнозды гельминтоовоскопия әдiсi бойынша қоямыз. Ол
үшiн күндiктi жануарлардың нәжiсiн жуу арқылы анықтаймыз. Демидов пен
Вишняускас әдiстерiн кең қолданамыз. Фасциола жұмыртқасы сопақша
пiшiнде, ашық-сары, сары-қоныр түстi. Сырты тегiс. Жұмыртқаның бiр жақ
шетiнде тегiс қақпағы бар, ал келесi жағында өте көзге көрiнбейтін төмпешiк
бар. Жұмыртқа iшiнде сары клеткалары мен қоршаған сұйық массасы болып.
Жұмыртқа ұзындығы 0,13-0,14 мм, енi 0,07-0,09 мм. гигианты фасциоланын
жұмыртқасы үлкен, ұзындығы 0,125-0,157 мм, енi 0,06-0,10 мм. мөлшерi
бойынша парамфистомата жұмыртқасынан ұсақ, олар мес қарында тiршiлiк
етедi, олар ақшыл – сұр түстi, сары клеткалар жұмыртқасың жартысындағана
болады. Фасциола жұмыртқаларын басқа жұмыртқалардан көлемi, түсi, iшкi
құрылысы бойынша ажыратады.
Жiтi өтетiн фасциолез ауруда жас фасциолаларды қарапайым әдiспен
анықтауға келмейдi, гельминтологиялық ашып-қарау әдiсiмен диагноз қояды.
35
Ашып қарағанда жiтi гепатит байқалады. Жас фасциолаларда бөлiп алу үшiн
бауырды К. И. Скрябин әдiсiмен зерттейдi.
Емдеу. Дегельминтизация жасау үшiн гексахлорпараксилол, тортхлорлы
көмiртегi, гексахлорэтан, филиксан, битионол, ацемидофен және басқа шетел
препараттарын қолданамыз.
Гексахлорпараксилолды қойларға 1 рет дозасы 0,4 г/кг 0,5-1 кг
комбикормен қосып бередi. Дегельминтизацияны таңертең, азықтандырғанға
дейiн өткізеді. 2 күн бұрын рационнан тез ашитын азықтарды алып тастайды.
Бұл дәрiге керi әсер туғанда екiқышқылды сода немесе сүт бередi.
Гексихол – гексахлорпараксилолдын жаңа түрi, ол өте эффекттi және
токсикалық әсерi аз. Бұл препаратты iрi қара малға 0,3 г/кг, қойға 0,2 г/кг
мөлшерiнде бередi.
Төртхлорлы көмiртегiн iрi қара малға бұлшықет iшiне 2-3 әсерге сауыр
аумағында 50 ертiндiде, медициналық вазелин шайында дозасы 10 мл 100 кг-ға,
1 рет.
Қойларға препаратты терi астына салады 2 мл 10 кг-ға терiсiз жерге
шынтақ буыны артында. Препарат салғаннан кейiн кейбiр малдар қозуы
мүмкiн, жабырқайды. Жас малға 6 айдан 1 жасқа дейiн 1 мл, 2-3 мл желатиндi
капсулада ауыз арқылы береді.
Фасциолез ауруы жiтi өткенде 1 жастан үлкен қойларға гексахлорэтан,
дозасы 0,15-0,2 г/кг мен төртхлорлы көмiртегi мес қарынға дозасы 1 мл бередi.
Дегельминтизация алдында қой мен ешкiлерге азық бермейдi. Жануарларды
дегельминтизациядан 2-3 сағаттан кейiн азықтандырады.
Бұл препараттарға қой мен ешкiлер өте сезiмтал, клиникалық белгiсi анық
көрiнген жануарларға бұл препараттарды абайлап қолдану керек.
Ешкiлер төртхлорлы көмiртегiге өте сезiмтал. 6-айға дейiн қозылар мен
лақтарға дегельминтизация жасамайды. Емдеуден кейiн улану байқалса шiкi
сүттi көп мөлшерде беруiмiз керек. 10% хлорлы калий ерiтiндiсiн 20 мл
мөлшерде вена iшiне күнiне 3-4 рет салады. Дегельминтизация алдында 2 жетi
бұрын қойлар рационына тұз бен витаминге бай азықтар берiледi.
Жiтi фасциолезде ацемидофендiн дозасы 150 мг/кг мөлшерде бередi.
Гексахлорэтанды тек қой мен ешкiге ғана бередi дозасы 0,3-0,4 г/кг мөлшерiнде
қолданады. Препаратты ұнтақ түрiнде немесе суспензия түрiнде бередi.
Суспензия өте эффектi және токсиндiлiгi аз, ақ глинамен араластыру арқылы;
90 бөлектi ұнтақталған гексахлорэтанға 10 бөлiктi ақ глина араластырады оған
75 мл су қосады. Бұл суспензияның ересек қойға беретiн дозасы 30 мг 1 рет.
Тимпанияның алдын алу үшiн рационнан тез ашитын азықтарды 1 күн
бұрын алып тастайды. Дегельминтизация алдындағы тұнде жануарларды
азықтандырмайды, емдеуден кейңн 2-3 сағат кейiн азық бередi.
Қойлардын фасциолезiнде филиксанның, 0,3-0,4 г/кг мөлшері өте
эффектiвті. Ұнтақ немесе сулы ерiтiндi түрiнде iшке қолданады. Топтық
азықтандыру әдiсiн қолданады. Емдеу алдында 10-12 сағат бұрын азықты
берудi тоқтатады.
Битионол, инструкцияға сәйкес жеке 0,15 г/кг мөлшерде берiледi, топтап
0,2 г/кг концентраттармен аралыстырып.
36
Дегельминтизациядан кейiн жануарларды 6 күн бөлек құрғақ жерлерде
ұстайды, су қоймаларынан алыс жерлерде. Содан кейiн бұл жерлерде малды
жаймайды.
Алдын алу және күресу шаралары. Шаруашылықта фасциолездi толық
жою үшiн комплекстi шаралар ұйымдастырады, жынысты жетiлген
гельминттер сатысын жояды. Аурудан таза емес шаруашылықтарда алдын алу
шараларын жылына 2 рет жүргiзедi. Байлап ұстағаннан кейiн 2-2,5 айдан кейiн
өндеу жасайды, өйткенi бауырдағы фасциолалар осы кезде жынысты жетiледi.
Iрi қара малды да байлап ұстағанда өндейдi. К.О-да бiрiншi дегельминтизация
желтоқсанда, ал екiншi рет қаңтардың екiншi жартысында өткізеді.
Алты айдан жасы жоғары жануарларды төртхлорлы көміртегiмен,
гексахлорэтан мен емдеу кезiнде сияқты дегельминтизация жасайды. Нәжiстi
жинап, залалсыздандырады.
Фасциолезде
жайылымды
2-2,5
ай
сайын
өзгертiп
отырады.
Шаруашылыққа қайта әкелiнген жануарларды карантиндеу кезiнде қарайды,
нәжiстi зерттейдi. Фасциолезбен ауырған жануарларды дегельминтизациядан
кейiн ғана табынға қосады. Моллюскаларды жою үшiн медный купоросты сулы
ерiтiндi түрiнде қолданады 1:5000 10 л 1 м. Ерiтiндiнi ағаш ыдыста
дайындайды, гидропульт арқылы зақымданған жерге шашыратады. Су
қоймасында балық өсiрiлсе препаратты қолданбайды.
Моллюскаларға қарсы 5,4 дихлорсалициланилид препараты да жақсы
нәтиже бередi (1:1000). Ерiтiндiнi көктемде және жазда қолданады. Оны
абайлап қолданады мал мен адамға зиян келтiрмеу үшiн. Химизациядан кейiн
бiрнеше күн жануарларды өнделген жерге жаймайды. Балық шаруашылықты су
қоймаларына препарат түспеу керек.
Жайлауды моллюскоциттi өндеудi жылына 1 рет көктемде немесе күзде
моллюскалар белсендi болғанда жүргiзедi.
Мелиорация моллюскаларды жоюда үлкен роль атқарады. Қаз бен
үйректер моллюскаларды жеп, кiшкене су қоймалар мен көлді аралық иеден
тазартады.
Фасциола жұмыртқалары сыртқа нәжiспен бiрге шыққанда биотермикалық
өндеуде жойылады. Сыртқы ортаның зақымдануы ауру малдың фасциолезбен
зақымдалған бауыры да болуы мүмкiн. Бұндай бауырды жегенде адам абай
болу керек, ветеринарлық санитарлық бақылау қажет. Бауыр қатты
зақымданғанда утилге жiберiледi, онша зақымдалмаған бауырды тазартып
шектеусiз шығарады.
Мирацидий күн жылы кезенде болады, оларды жоюға арнайы шаралар
қолданбайды. Фасциолезге қарсы шараларда ауыл шаруашылығындығы
малдарға бiрдей қолданады. Ал адамның жеке гигиенасына келетiн болсақ
болоталы су қоймаларынан су iшпеу керек. Сол су қоймалардағы сумен
өсiрiлген көкөнiстердi iндеттi түрде пiсiрiп жеу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |