К. У. Сулейманова



Pdf көрінісі
бет3/20
Дата06.03.2017
өлшемі5,53 Mb.
#7714
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Аурудың  табиғи  ошағы  -  географиялық  ландшафтын  территориялық 
учаскесі  (жиесіз  қалын  орманда,  тундрада,  жартылай  бос  далада),  қайсыда 
белгілі  түраралық  қарым-қатынас  ауру  қоздырушы,  жануар  –  тасымалдау 
жұқтыруының  бастапқысы,  ауруға  бейімді  жануарлар  және  олардың 
тасымалдаушылары  кезінде  сыртқы  ортаның  қолайлы  жағдайлары  болғанда 
(мысалы, тундрада альвеококктың ошағы). Табиғи ошақтар жабайы табиғатта, 
адамның  қызмет  атқаратын  зонасында  және  түратың  жерінде  болуы  мүмкін. 
Бүл  жағдайды  былай  деп  түсіндіруге  болады:  кейбір  сүтқоректілердің  және 
құстардың 
түрлері 
– 
табиғи 
ошақтық 
аурулардың 
қоздырушы 
тасымалдаушылары – жануарлармен адамдардың түратын жерінде мекендейді, 
мысалы,  торғайлар,  тышқан  сияқты  кеміргіштер.  Осындай  жануарларды 
синантроптық деп атайды. 
Синантроптық ошағы – территорияның учаскесі (елді мекен), соңдағы 
қоздырушының  көзі  болып  саналады.  Үйдегі  және  кейбір  жабайы 
жануарлардың  өз  өмір  сұруі  адамның  қызметімен  байланысты  (мысалы, 
тауықтың райетиноз ошағы). 
Үй жануарлардың инвазиялық ауруларының ошақты таралуы аурулардың 
бір  неше  қатарына  мінезді,  оларда  шектелген  таралу  болады  (мысалы, 
облыстын  бір  шаруашылығында  жылқылардың  қышымасы).  Табиғи  ошақты 
аурулар  жиі  жазда,  кенелердің  және  қансорғыш  жәндіктердің  (мерзімді) 
белсенді кезенінде пайда болады және таралады. Үй жануарлары мен адамдар 
табиғи  ошаққа  түскен  кезде  трансмиссивтіқ  аурулармен  зақымдалуы  мүмкін. 
Тағыда  мүмкіндік  жұқтыруының  бастапқысы  синантроптық  ошағынан  табиғи 
ошаққа  циркуляция  жасауы.  Уақытында  аурудың  табиғи  ошағын  айқындау 
қажет. 
Трансмиссивтіқ  аурулардың  табиғи  ошағы  тұралы  оқу  ветеринарияға 
және  медицинаға  өте  манызды.  Көп  жұқпалы  және  инвазиялық  ауруларына 
қарсы  тиімді  алдын-алу  және  сауықтыру  шараларын  ұйымдастыру  және 
практикада жұзеге асыру. Ол теориялық негізі болып саналады. 
 
Бақылау сурақтары: 
1 Паразитологияға анықтама беріңіз? 
2 Паразитизм дегеніміз не? 
3 Паразиттердің қарым-қатынас түрлерің атап беріңіз? 
4 Паразит дегеніміз не? 
5 Паразиттің түрлерін атап беріңіз? 

 
 
18 
6 Инвазияның интенсивтігі және экстенсивтігі түралы түсінік. 
7 Антропозооноз дегеніміз не және ол туралы түсінік. 
8 Паразит иелерінің сипаттамасы. 
9 Паразитологияның негізгі қалаушысы кім? 
10 Дегельминтизация деген не? Девастация деген не? Оның түрлерің атаныз? 
 
1.11 Гельминтоздардың диагностикасы 
 
Жануарладың  мүшелерінде  және  ұлпаларында  гельминттер  табылған 
кезде ауруға нақты диагноз қою негізі болып саналмайды. Өйтені паразиттердің 
әртүрлерімен  зақымдалмаған  «абсолютты  таза»  тірі  организмдер  табиғатта 
болмайды.  Басқа  жағынан,  жануарлардың  ауру  және  өлім  болған 
жағдайларында  гельминттер  табылмайды,  неге  десеніз  олар  өз  –  өзімен 
организмнен  шығады  де  немесе  иенің  мүшелерінде  және  ұлпаларында  өліп 
қалады. 
Сондықтан, 
гельминттерді 
анықтау 
үшін 
клиникалық, 
паразитологиялық, патоморфологиялық және эпизоотологиялық  – критерийдің 
толық кешенің назарға алу керек. 
Гельминттердің көбісінде, ереже түрінде,  клиникалық белгілері мінессіз 
өтеді. Өте жиі тыныс алу және асқорыту жолының қызметі бұзылуы, өсіп–өну 
тоқталуы, жүдеу, өнімділігі төмендеу байқалады. 
Бірақта,  кейбір  гельминтоздар,  осындай:  тауық  сингамозы  мен 
простогонимозы,  қоян  пассалурозы,  шошқа  аскаридозы  сияқтылар  кезінде, 
клиникалық  белгілері  жақсы  білінеді.  Сондықтан  гельминтоздарға  соңғы 
диагноз  лабораторлық  зерттеулеріне  негізделінеді  және  ашып  сою  нәтиже 
арқылы қойылады. 
Паразитологиялық деректер малдың организмінде гельминттерін, немесе 
олардын бөліктерін, жұмыртқаларын және бөліндіде (нәжісте, қанда, кілегейде) 
личинкаларың  табуына  негізделінеді.  Паразитологиялық  деректерін  алу  үшін 
әртүрлі  әдістерді  қолданады:  тірі  және  өлген,  ларвоскопиялық  және 
овоскопиялық  (сандық  және  сапалық).  Гельминтозға  диагноз  қою  кезінде 
паразитологиялық деректерінің маңызы өте зор. 
 
1.12 Гельминтоздардың диагностика әдістері  
 
Ауыл 
шаруашылық 
және 
жабайы 
жануарлардың 
көптеген 
гельминтоздарында    емдік  -  профилактикалық  шараларын  өткізу  алдында 
ауруға  диагнозын  уақытында  қою  керек.  Гельминтоздардың  диагностика 
әдістерін  екі  топқа  бөледі:  тіршілік  кезінде  және  өлген  кездегі,  одан  басқа 
гельминтоздарды  және  инвазиондық,  тағыда  жұқпалы  ауруларды  ажырату 
диагнозын білу керек. 
Диагностиканың негізгі әдістері – лабораториялық зерттеулер. 
Жиі  нәжісте,  несепте,  бөліндіде  (өтте),  ұлпаларда  (қанда,  бұлшық  етте), 
мүшелерде  (тері  кесігінде),  пунктаттың  және  абсцесстің  сұйығында 
гельминтоздардың  қоздырушыларын,  жұмыртқаларын  және  личинкаларын 
табуға болады. 

 
 
19 
Маңызына 
байланысты 
лабораториялық 
зерттеулерді 
гельминто-
овоскопиялық,  гельминтоларвоскопиялық  және  гельминтоскопиялық  зерттеу 
әдістеріне бөледі. 
Гельминтоовоскопиялық  зерттеу  әдістері  арқылы  экскретте,  секретте 
және қарында көп паразиттік құрттар жұмыртқаларын табуға болады. 
Гельминттердің  личинкаларын  (диктиокаул,  мюллерий  және  т.б.)  табу 
үшін гельминтоларвоскопиялық зерттеу әдістерін қолданады. Осы зерттеулерді 
өткізу үшін Берман-Орлов және Вайда әдістерін пайдаланады. 
Нәжісте  гельминттерді  немесе  олардың  мүшелерін  табу  үшін 
гельминтологиялық зерттеулерді қолданады. 
 
II Бөлім.  Жеке гельминтология 
 
Тақырып 1 Оқулы  паразитологиялық лабораториясында жұмыс iстеу кезiндегi 
сақтандырушылық шаралары 
Сабақтың  мақсаты:  Студенттерді  паразитологиялық  лабораториямен,  құрал-
жабдықтармен және жұмыс істеу ережесімен таныстыру. 
Құрал-жабдықтар: инструменттер, ыдыстар, микроскоптар 
 
Паразитологиялық  лабораторияда    әртүрлi  ауру  жануарлардың  нәжiсiн 
зерттейдi.  Ашып  сойғаннан  кейiн  шошқа  мен  iрi  қараның  эхинококк 
личинкаларын,  таспа  құрттарын,  аскаридаларды,  описторхтармен  және  басқа 
гельминтердi табуға болады. Жуылмаған қолдармен тамақ жегенде зақымдалуы  
байқалады.  Ең  қауiптi  –  ит,  мысық,  түлкi  және  терiсi  бағалы  аңдардың 
гельминттерлерi.  Оқулы  паразитологиялық  лабораториясында  жұмыс  iстеу 
кезiнде  қауiпсiздiк  шарттарды  қамтамасыз  ету  мақсатымен  әр  бiр  студент  
келесi талаптарды орындау қажет: 
-
 
халат пен колпак киiп  жұмыс iстеу, қажет еткенде алжапқыш пен резеңке 
қолғап кию керек. 
-
 
лабораториялық жануарлармен жұмыс iстегенде тынымды фиксация немесе 
қозғалыссыздандыруға көңiл бөлу керек. 
-
 
лабораториялық жануарларда тәжiрибе iстегенде, жұмыс орнын және жеке 
гигиена  ережесiн  тазалықта  сақтау  керек.  Тәжiрибе  аяқталғаннан  соң,  жұмыс 
орнында дымқыл жинастыруды әлсiз дезинфектант ерiтiндiсiмен (хлораминнiң, 
көмiрқышқыл натриi және тағы басқа), ыдыс аяқ пен құралдарды жуғыш затпен 
жылы  суда  жуу,  таза  суда  шаю  және  кептiру.  Жануармен  контактте  болғасын 
қолды дұрыстап жуу. 
-
 
лабораториялық жұмыс жасағанда, химиялық заттар ауыз үңгiрi мен киiмге 
тимеу  керегiн  сақтау.  Жеке  қолдану  тамызғышын,  жартылай  автомат 
мөлшерлеуiшiн,  бюретканы  алдын-ала  нұсқауын  оқып,  содан  кейiн  қолдану 
керек. 
-
 
электрлi құрал-жабдықтар мен аспаптарды қолдану кезiнде қатаң қауiпсiздiк 
ережесiн сақтау. 
-
 
сәуле микроскопымен жұмыс iстегенде зерттеушiнiң көзiне фокустiк сәуле 
түспеу керегiн сақтау. 

 
 
20 
-
 
паразитологиялық  лабораторияда  жұмыс  iстер  алдында  арнайы  журналда 
қауiпсiздiк техникасы нұсқауының тiркеуiнен өту керек. 
-
 
лабораторияның шегiнен арнайы киiмiмен шықпау керек. 
 
Қауiпсiз  жағдайдағы бiрiншi көмек 
 
Электрлi тоқпен зақымдалғанда: 
· 
жеке 
қорғау 
заттарымен 
қолданып,  электроэнергияны 
сөндiрiп, 
жазғырылғанды тоқтан босатады; 
·  дем алу тоқтаған кезде, жазғырылғанды жылы жерге орналастырып, жасанды 
дем алу көрсетiп, дәрiгердi шақыру. 
Механикалық зақымдалу: 
·    соғылған жерге салқын мұзбен көмек көрсету; 
·  дене ұлпаның бiтеуi және қан құйылу бұзылған кезде, жараны және жараның 
шеттерiн  дезинфициялық  ерiтiндiлерiмен  өңдеп,  қан  құйылымын  тоқтатып, 
таңғышты салып, дәрiгердi шақырады. 
·    сүйек сынғанда, шыққанда, тамыр созылғанда иммобилизиялық таңғышты 
салу керек. Барлық жағдайда ауруды ауруханаға жеткiзу керек. 
Термиялық зақымдалу: 
·          бiрiншi  сатылы  күйiкте  зақымдалған  жердi  мiнездi  күйiк  кеткенше  дейiн 
суық сумен шаяды. 
 
Бақылау сүрақтары: 
1  Паразитологиялық    лабораториясында    жұмыс    iстеу    кезiнде    қандай 
сақтандырушылық шараларды қолданады? 
2 Паразитологиялық лабораторияда қандай құрал-жабдықтармен қолданылады? 
3 Қандай жұмыс істеу ережелерін білесіз? 
4 Қандай қауiпсiз  жағдайда бiрiншi көмек беріледі? 
5 Қандай зақымдалуларды білесіз. 
 
Тақырып 2 Гельминтоздардың тiрі кезіндегі диагностика әдiстерi 
Сабақтың  мақсаты:  Студенттерді  тірі  кезіндегі  жануарларға  диагнозды  қою 
әдістерімен таныстыру 
Құрал-жабдықтар: инструменттер, ыдыстар, микроскоптар. 
 
Жануарларда гельминттердi клиникалық диагностикалау барлық жағдайда 
мүмкiн  болмайды,  себебi  түрлi  аурулардың  симптомдары  бiрдей,  ешқандай 
спецификалық белгiлерi болмайды. 
Ондағы  өзгерiстер  гельминтозды  емес  аурулардың  симптомдары  болуы 
мүмкiн. Осыған байланысты гельминтоз диагностикасы зертханалық анализдiң 
спецификалық әдiстерiмен өткiзiледi. 
Паразитарлық  құрттар  мал  ағзасының  түрлi  мүшелерi  мен  ұлпаларын 
зақымдайды.  Паразитарлық  құрттардың    көптеген  түрi  асқазан-iшек  жолының 
және  қосалқы  бездерi  (бауыр,  ұйқы  безi)  бөлiгiнде  болады.  Олар  жиi  өкпеде, 
бұлшықетте  және  қан-тамыр  жүйесiнде  кездеседi.  Зақымдалған  жануарлар 

 
 
21 
сыртқы  ортаға  көп  мөлшерде  гельминттердiң  жұмыртқалары  мен 
личинкаларын  бөлiп  шығарады.  Асқазан-iшек  жолында,  бауырда,  бронхтарда 
болатын  гельминттер  өздерiнiң  жұмыртқаларын  немесе  личинкаларын 
нәжiспен  бiрге  сыртқа  шығарады.  Бүйрек  және  құық  зақымдалғанда 
жұмыртқалары зәрмен бiрге шығарылады. 
Паразиттердiң  өзiн  және  оның  жеке  бөлiктерiн  қарауға  бағытталған 
зерттеу  әдiсiн  гельминтоскопия  деп  атайды.  Гельминт  жұмыртқаларын  табу 
үшiн  гельминтоовоскопиялық  әдiстердi,  ал  гельминт  личинкаларын  анықтау 
үшiн гельминтоларвоскопия әдiсiн қолданады. 
Гельминтоскопия.  Гельминттердi  табу  үшiн  нәжiстi  келесi  әдiспен 
байқайды.  Нәжiстi  сумен  араластырып,  қосындыны  тұндырады.  Бiрнеше 
уақыттан соң судың беткi қабатын төгiп, тұнбаға судың келесi мөлшерiн құяды, 
сөйтiп  бiрнеше  рет  қайталайды.  Осылай  бөтен  заттың  көп  бөлiгi  жайылып, 
тұнбада  паразиттер  мен  нәжiстiң  ерiмеген  ауыр  бөлiгi  қалады.  Содан  кейін 
тұнбаны макроскопиялы және микроскопиялы зерттейдi. 
Гельминтоовоскопия. 
Өңделген 
жұғынды 
әдiс 
– 
нәжiстi 
гельминтоовоскопиялық  зерттеудiң  ең  қарапайым  әдiсi.  Оны  кез-келген 
жағдайда, жануарлардың барлық түрiне қолданады. Оның техникасы келесiдей. 
Нәжiстiң  шамалы  бөлiгiн  шыны  немесе  ағаш  таяқшамен  алып,  оны  төсенiш 
шыныға салады да, 2-3 тамшы глицерин мен судың бiрдей бөлiк қосындысын 
қосады,  сосын  мұқият  араластырады.  Қатты  бөлiгi  жойылған  соң,  үстiне 
жапқыш  шыныны  жауып,  микроскоп  астында  зерттейдi.  Глицериннiң  орнына 
кәдiмгi  суды  алуға  болады.  Глицерин  препаратты  мөлдiрлендiредi,  соның 
нәтижесiнде  зерттеу  оңайға  түседi  және  препараттың  тез  кеуiп  қалуынан 
қорғайды.  Бiр  жануарда  бiр  уақытта  2-3  препарат  дайындау  ұсынылады.  Бұл 
әдiстiң  кемшiлiгi,  әлсiз  инвазияда  терiс  нәтижесiнiң  үлкен  пайызын  көрсетедi. 
Берiлген  әдiспен  нәжiстi  стронгилидоз,  аскаридоз,  фасциолез,  трихоцефалез 
және т. б. Зерттейдi. 
Тұндыру  әдiсi.  Нәжiстiң  шамалы  бөлiгiн  (5-10  г)  судың  10  бөлiктi 
мөлшерiмен араластырады. Қосындыны металл елек (сүзгiш) немесе марлымен 
сүзедi де, 5 минут түндырады. Осыдан кейiн сүйықтық қабатын төгiп, тұнбаға 
таза су қосады да, тағы 5 минут тұндырады. Сөйтiп  сұйықтықтың үстiнгi бөлiгi 
мөлдiрленгенiнше  қайталайды.  Кейiн  сұйықтықты  төгiп,  тұнбадан  трематода 
жұмыртқаларын  микроскоппен  зерттейдi.  Берiлген  әдiспен  фасциолез  және 
басқа трематодоздарға балайды. 
Флотациялы  әдiстер.  Фюллеборн  әдiсi.  10-20  г  нәжiстi  банкаға  немесе 
100-200  мл-лiк  стақанға  салады  да,  ас  тұзының  қаныққан  ерiтiндiсiнде  шыны 
немесе  ағаш  таяқшасы  мен  мұқият  ұнталайды  (ысқылайды).  1  л  суда  400  г 
тұзды  ерiтедi,  оны  қайнатып,  мақта  немесе  марлы  арқылы  сүзедi.  Ерiтiндiнi 
суық қалпында пайдаланады; оның тығыздығы 1,2. 
Ерiтiндiнi  ақырын  құяды,  оған  нәжiс  қосып  отырады.  Қосылатын 
ерiтiндiнiң  жалпы мөлшерi  нәжiс  мөлшерiнен 20  есе  көп  болады.  Содан  кейiн 
сұйықтықты  металл  сүзгiш  арқылы  сүзедi  де,  жарты  сағатқа  қояды;  осы 
уақытта  жұмыртқалар  беткi  қабатына  шығады,  себебi  тұздың  қаныққан 
ерiтiндiсiнде  тығыздығы  жұмыртқалармен  салыстырғанда  жоғары  болады. 

 
 
22 
Тұндырылған  сұйықтың  бетiнен  металл  таяқшамен  (1  см  артық  емес) 
қабыршақты  алып,  оны  төсенiш  шыныға  көшiредi  де,  жапқыш  шынымен  
жабады. Алынған препаратты микроскоппен зерттейдi. 
Фюллеборн  әдiсiн  негiзiнен  дөңгелек  гельминттердiң  жұмыртқаларын 
(аскарида,  стронгилида,  трихоцефалят  және  т.б.)  және  таспа  құрттардың 
кейбiреуiн (тений, аноплоцефалид) табу үшiн қолданады. 
Дарлинг әдiсiне тұндыру және флотация процедуралары жатады. Нәжiстi 
сумен  бiрге  жартылай  сұйық  консистенцияға  дейiн  араластырады  да,  3-5  мин 
центрифугалайды,  соңында  гельминт  жұмыртқалары  түбiне  тұнады. 
Пробиркадағы  сұйықтықты  төгiп,  тұнбаға  Дарлинг  сұйықтығын  қосады. 
Тұнбаны  мұқият  араластырып,  екiншi  рет  3-5  мин  центрифугалайды.  Содан 
кейiн  ғана  паразитарлық  құрттардың  жұмыртқалары  тұнбадан  бетiне  шығады. 
Металл  таяқшамен  қабыршақты  алып,  төсенiш  шыныға  көшiрiп,  жапқыш 
шыныны үстiне жауып, зерттейдi. 
Щербович  әдiсiн  жоғары  тығыздықпен  жұмыртқаларды  табу  үшiн 
қолданады. 920,0 күкiрт қышқылды магнезияны 1 литр ыстық суда ерiтедi. 
Ертiндiнi  сүзiп,  суытады.  Зерттеу  үшiн  стақанға  нәжiстiң  шамалы 
мөлшерiн  алып,  су  қосады  да,  бiрқалыпты  өнiм  алғанға  дейiн  араластырады. 
Араластырғанда  осы  өнiмдi  металл  сүзгiш  арқылы  сүзiп,  1-2  мин 
центрифугалайды.  Осыдан  кейiн  сұйықтықтың  беткi  қабатын  төгiп,  тұнбаға 
алынған  ерiтiндiнi  қосады.  Тұнбаны  араластырып,  қайтадан  1-2  мин 
центрифугалайды.  Копрологиялық  таяқшамен  пробиркадан  үстiңгi  қабатың 
төсенiш  шыныға  алып,  үстiне  жапқыш  шыны  жабады  да  микроскоппен 
зерттейдi. 
Сандық 
гельминтоовоскопиялық 
зерттеулер. 
Копрологиялық 
зерттеулерде  инвазияның  интенсивтiлiгiн  анықтау  үшiн  1  г  нәжiстегi 
жұмыртқаларды  табудың  сандық  есебiн  жүргiзедi.  Нәжiсте  жұмыртқалардың 
саны  көп  болса,  жануар  ағзасында  сол  гельминттердiң  саны  да  көп  болады. 
Гельминт жұмыртқалары нәжiс массасында бiрдей таралмайды. 
Столл  әдiсi.  100  грамм  қолбаға  басында  56  мл  су  құяды  да,  сыртынан 
белгiлеп қояды, кейiн 4 мл су құяды да, қайтадан жаңа белгi қояды. Содан кейiн 
суды құйып алып, колбаға 56 мл 0,14 күйдiргiш натр ертiндiсiн құяды, сондай 
мөлшерде нәжiс қосады. Себебi сұйықтық деңгейi 60 мл-ге жетедi (4см³ нәжiс), 
10-15  шыны  түймелердi  салады  да,  бәрiн  дұрыстап  араластырады. 
Араластырғаннан  кейiн  градуирлi  пипеткамен  0,075  немесе  0,1  мл  қосынды 
алады,  оны  төсенiш  шыныға  қойып,  гельминт  жұмыртқаларын  санай  отырып, 
микроскоппен  зерттейдi.  1  см³  (1  г)  нәжiстегi  жұмыртқа  мөлшерiн  бiлу  үшiн, 
табылған  жұмыртқа  санын  200-ге  (егер  0,075  мл  қосынды  зерттелсе)  немесе 
150-ге (егер 0,1 мл қосынды зерттелсе) көбейтедi. 
Гельминтоларвоскопиялық 
әдіс 
диктиокаулез, 
мюллериоз, 
протостронгилидоз  және  тағы  басқа  күйiс  қайыратындардың  асқорыту 
жолының стронгилятозын балау үшiн қолданады. 
Берман  және  Орлов  әдiсi.  Нәжiс  сынамасын  (10  г)  Берман  аппараты 
воронкасына металл торда немесе марлыда оралған күйiнде салады. Алдын-ала 
воронкаға  бөлме  температурасында  суды  құяды.  Сынамамен  толтырылған 

 
 
23 
аппаратты  бөлме  температурасында  3-6  сағатқа  қалдырылады.  Осы  уақытта 
диктиокаулюс личинкалары сынамадан сұйықтыққа жылжып шығады да, түтiк 
бойымен  пробирка  түбiне  түседi.  Сосын  абайлы  резеңкелi  түтiктен  ағытып, 
жылдам  қозғалыспен,  тұнбаны  араластырмай  әр  пробиркадағы  сұйықтықты 
тұнбаға  дейiн  төгiп  алады  (суды  пипеткамен  сарып  алуға  болады). 
Пробиркаларды  штативке  қояды.  Тұнбаны  араластырғаннан  кейiн  төсенiш 
шыныға  құяды  да,  кiшi  өлшемде  микроскоппен  қарайды.  Нематода 
личинкалары  қозғалмалы,  оңай  байқалады.  Берман  аппаратында  воронка 
орнына  сынама  салатын  түбi  тiлiнген  резеңкелi  алмұрт  қолдануға  болады. 
Соларға  гельминтологиялық  пробирканы  жалғайды  немесе  Мор  қысқышымен 
жабады. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1 Гельминттерді анықтау үшін әдістердің қандай түрлерің білесіз? 
2 Гельминтоскопия деген не? 
3 Гельминтоовоскопия деген не? 
4 Гельминтолярвоскопия деген не? 
5 Флотация әдісінің маңызы қандай? 
 
Тақырып 3 Гельминттердің өлген кездегі диагностикасы 
Сабақ  мақсаты:  Студенттерді  өлген  кездегі  диагностика  әдістерімен 
таныстыру 
Құрал-жабдықтар: инструменттер, микроскоптар, ыдыстар 
 
Гельминтоздардың өлген кездегі диагностикасы жануарлардың мүшелері 
мен улпаларында гельминттердің әртүрлі дәрежеде олардың дамуын анықтауға 
тұжырымдалған.  Гельминттер  жануар  организімің  бүкіл  мүшелері  мен 
ұлпаларында паразиттейді. Сондықтан жиыны және келешекте оларды анықтау 
сойып-ашудың  ерекше  әдістемелерімен  қамтамасыз  етіледі,  олар  өлексені 
қалыпты 
патолого-анатомиялық 
сойып-ашудан 
ерекшеленеді. 
Толық 
гельминтологиялық  сойып-ашудың  әдістемесі  академик  К.  И.  Скрябинмен 
жетілдірілген. 
К.  И.  Скрябин  бойынша  толық  гельминтологиялық  сойып-ашу  және 
толық емес гельминтологиялық сойып-ашуды ажыратады. 
Скрябин  бойынша  толық  гельминтологиялық  сойып-ашу  –  ең  сенімді  әдіс, 
жануарға  жұқтырылған,  бүкіл  гельминттердің  сандық  жыне  сапалық  есеп 
жүргізуге жағдай жасайды. Бұл әдіс келесіден тұрады: өлексені терісінен алып 
тастағаннан  кейін  тері  асты  клетчатканы  уқыпты  қарап,  содан  кеуде  және 
құрсақ қуысын ашып, асқорыту, тыныс алу, қан тамырлар, несеп-жыныс және т. 
б. жүйелердің бүкіл мүшелерін алады. 
Осы  немесе  басқа  жүйенің  мүшелерін  алып,  бөлек  зерттейді,  дәйектілік 
жуу  әдісін  қолданады.  Бүкіл  трубкалы  мүшелерді  ұзынынан  сойып-ашады, 
құрамын  тазға,  шелекке  немесе  банкаға  (мүшенің  мөлшеріне  байланысты) 
салып,  кілегей  қабықтардан  қырынды  жасап,  кейбір  кезде  сойып-ашқан  мүше 
қабырғасың компрессориумның астында қарайды. 

 
 
24 
Паренхиматозды мүшелерді (бауыр, өкпе, ұйқы безі, бүйректер және т. б.) 
бөлек  ыдысқа  салып,  детритке  айналдырып  (фарш),  қолмен  үзеді  немесе 
пышақпен  немесе  қайшымен  ұсақ  кесектерге  кеседі.  Детрит,  қырынды,  мүше 
құрамын сумен немесе физиологиялық ерітіндімен жуып, дәйектілік жуу әдісін 
қолданады.  Алынған  материалдарды  аз  порциялармен  бірінші  қарайды,  содан 
кейін ақ кюветтерде немесе Петри табақшаларда қара және ақ фонда зерттейді. 
Ірі  гельминттерді  визуальды  таңдап,  ал  ұсақтарын  –  8-10  рет  үлкейтетін  қол 
лупа  көлегімен  таңдайды.  Гельминттерді  тек  кисточкалармен  немесе  арнайы 
инелермен жинайды, бірақ пинцетпен немесе қолмен алмайды. 
Осы немесе басқа гельминттің тұрған орынның нақты мәліметтерін білу 
керек  болса  бөлек  мүшелерге  толық  гельминтологиялық  зерттеуді  өткізеді, 
егер.  Мысалы,  фасциолез  кезінде  тек  бауырды, диктиокаулез  кезінде  - өкпені, 
дрепанидотениоз  кезінде  аш  ішекті  және  т.  б.  зерттейді.  Бұл  әдіс  тәжірибелі, 
жайлы және жеткілікті нақты болып саналады. 
Толық 
емес 
гельминтологиялық 
сойып-ашу 
– 
жеңілдету 
гельминтологиялық  сойып-ашу,  осы  процесс  кезінде  мүшелермен  ұлпалардан 
тек  ғана  бөлек,  бірден  мөлшерімен  көрінетін  гельминттерді  алады.  Мұндай 
сойып-ашу 
гельминтоздардың 
диагностикасында 
және 
де 
мұражай 
материалдарын алу үшін көп мағынасы бар. 
 
Тақырып 4 Гельминттер жұмыртқаларының қысқаша сипаттамасы 
Сабақтың  мақсаты:  Жұмыртқалардың  құрылысымен,  пішінімен,  көлемімен, 
дамуымен таныстыру 
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, микропрепараттар 
 
Паразиттік  құрттардың  жұмыртқаларын  органикалық  қосындылардан 
(споралардан,  крахмал  дәнінен,  өсімдік  пыльцадан,  саңырауқұлақтан)  кене 
жұмыртқаларынан  және  тағы  басқаларынан  ажырату  керек.  Гельминт 
жұмыртқаларының негізгі өзгешеліктері бар: қабық құрамында (жиі құрылымы 
күрделі,  көбісінде  жапқышы,  тығыны  болады)  және  жұмыртқаның  ішінде 
ұрықтың  әр  түрлі  даму  сатысы  байқалады.  Кенелердің  жұмыртқалары 
гельминттің жұмыртқаларына қарағанда ірі болып келеді. 
Паразиттік  құрттар  жұмыртқаларының  мөлшері  әр  түрлі  болады. 
Мысалы,  күйістілердің  нематодироз  қоздырушылар  жұмыртқалары  ұзынынан, 
құс простогонимоз қоздырушысы жұмыртқаларына қарағанда он есе үлкен. 
Гельминттердің  жұмыртқалары  өте  ірі  –  0,15  мм  және  одан  да  үлкен 
болады (Nematodirus spathiger); ірі – 0,1 – 0,14 мм (Fasciola hepatica); орташа – 
0,06-  0,09  мм  (Ascaris  suum);  ұсақ-  0,03-  0,05  мм  (Dicrocoelium  lanceatum);  өте 
ұсақ- 0,02 және одан да кішкентай (Prosthogonimus ovatus) 
Класстар жұмыртқаларының мөлшері, түсі, пішіні, қабық құрылысы және 
ішкі ағзаның айырмашылығы әр түрлі болады. 
Трематода  жұмыртқалары  жиі  сопақша,  бір  полюсында  жапқышы 
болады.  Қабығы  жылтыр.  Кейбіреуінің  қабығында  филаменттері  (сабағы), 
төмпешігі  болады.  Жұмыртқаның  түсі  ақшыл  –  бозғылт  немесе  қоңыр  (жиі 
сары). 

 
 
25 
Цестода  жұмыртқалары  екі  түрлі  болады:  лентец  және  цепень 
жұмыртқалары.  Лентец  жұмыртқалары  трематода  жұмыртқаларына  ұқсас 
болады  (сопақтау,  бір  шетінде  қақпағы  бар).  Цепень  жұмыртқаларының 
айырмашылы  бар:  жиі  олардың  көлемі  орташа,  пішіні  дөңгелектеу,  бозғылт 
түсті,  толық  жеткен  ұрығының  ішінде  үш  жұп  эмбрионалдық  ілгекті 
онкосферасы болады. 
Нематода  жұмыртқалары  трематода  жұмыртқаларынан  қақпағы 
жоқтығымен,  цестода  жұмыртқаларынан  –  онкосфераның  жоқтығымен 
ерекшеленеді.  Нематода  жұмыртқаларының  мөлшері,  пішіні,  құрылысы  және 
қабықтарының  түсі  әр  түрлі,  сыртқы  қабығы  жылтыр,  бұдырлы,  ойықты 
болады;  Қабықтың  жуандығы  жіңішке  (стронгиляттарда),  трихоцефал 
жұмыртқаларының 
қабығы 
жуан 
болып 
келеді. 
Көп 
нематода 
жұмыртқаларының  пішіні  сопақтау,  симметриялы,  кейбіреулері  жартылай 
цилиндр  тәрізді  (драшеяларда)  болады.  Көп  нематодалар  сыртқы  ортада 
жетілмеген  (жұмыртқаларының  ішінде  құрылған  личинкасы  болады)  және 
жетілген жұмыртқаларын бөледі. 
Скребень жұмыртқаларының пішіні сопақтау, эллипс және ұршық тәрізді, 
көлемі орташадан іріге дейін болады. Сыртқы ортаға бөлінген жұмыртқалардың 
ішінде – акантор личинкасы орналасады. 
Кең тараған түрлерi бауырдың, өт жолын, ұйқы безiн, қойлардың алуа iшегiн, 
құстардың жұмыртқа жолын зақымдайды. 
 
 

 
 
26 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет