Каниязов Шразаддин Талантыңды таны Алматы, 2021. 104 бет


ACTIVATOR (Әрекетке бастаушы)



бет7/41
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144092
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41
Байланысты:
Талантыңды-таны

ACTIVATOR (Әрекетке бастаушы)


Activator таланты бар адамдар “қашан бастаймыз?” деп тағатсызданып тұрады. Сіз әрекет етуге асықсыз. Әрдайым бір істі тезірек бастағыңыз келіп тұрады. Талдау мен дайындалудың қаншалық ма-
ңызды екенін білсеңіз де, іштей бәрін тек істеген соң білеміз деп ойлайсыз. Тек әрекеттен ғана нәтиже шығады деп ойлайсыз. Шешім қабылдаған соң дереу іске кірісесіз. Басқалар «тағы біраз ойлануымыз керек» деп кідіріп тұрса да, күткіңіз келмейді. Бір нәрсені ойға алсаңыз, барынша тез іске асырасыз. Сіз адам істеп көріп қана үйренеді деп ойлайсыз. Сіз шешім қабылдайсыз, істейсіз, нәтижесін көресіз және содан сабақ аласыз. Сізді әрекетіңізге қарап бағалайтынын білесіз. Сізге мақсат жолындағы әрекет ұнайды.
Activator таланты бар жандар былай көрінеді:
Р мырза: Мен бір істі көрсем бірден бастауға асықпын. Бірақ оны қашан аяқтайтыным маңызды емес. Ең бастысы барынша жылдам кірісу. Әрдайым “давай, давай” деп жүремін. Басқаларды әрекетке итермелеймін.
Activator таланты бар жандарға кеңес:

  • Өз бетіңізше шешім қабылдап, әрекет ете алатын жұмыс табыңыз.

  • Жұмыста бастығыңыз процеске қарап емес, нәтижеге қарап бағалайтын болсын. Сіздің процесіңіз онша жақсы болмауы мүмкін. Бірақ сіз керемет идеяларды бірден іске асыра аласыз.

  • Шығармашыл идеялар мен ойлар бар салаларға бет бұрыңыз. Оларды бірден іске асырыңыз. Жоспар құрыңыз да әрекетті бастаңыз.

  • Кейде табандылығыңыз басқаларға жаман көрінуі мүмкін. Ең алдымен айналаңыздағы адамдардың сеніміне кірсеңіз, талантыңызды толық ашатын мүмкіндік туады.

  • Сіздің әрекетке бастауыңыз бекер емес екенін көрсететін себептерді дайындап жүріңіз. Өзіңіздің ұмтылысыңызды дұрыс дәлелдей алмасаңыз “сабырсыз” деп ойлап қалуы мүмкін.

  • Сіз басқаларды алға итермелей аласыз. Өзіңіздің Activator талантыңызды байыппен қолданыңыз. Әр әрекетіңіз ақылдан шықсын.

Ал Activator таланты бар адамдармен жұмыс істейтіндерге мынадай кеңес айтамыз:

  • Мұндай адамға қолынан іс келетінін білетініңізді айтыңыз. Сіз оған үміт артсаңыз ол одан сайын қанаттанады.

  • Ондай адамның шағымын мұқият тыңдаңыз, өйткені бір пайдасы болады.

  • Ол адамнан «ұжымды қалай жақсартамыз?» деп сұраңыз. Артынша сол мақсатқа қалай жететінін білуіне көмектесіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет