Каниязов Шразаддин Талантыңды таны Алматы, 2021. 104 бет



бет9/41
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144092
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41

ANALYTICAL (Талдау)


Сіздегі Analytical таланты кез келген нәрсені сын сүзгісінен өткізеді. Әр дерекке дәлел талап етеді. Сіз басқаларға қарсы шығайын деп шықпайсыз, бірақ әр пікірі дәлелді әрі орынды болса дейсіз. Дерек пен мәліметті жақсы көресіз. Бір заңдылық басқасына қалай ықпал ететінін білгіңіз келеді. Мәселенің түбіне жеткенше қазбалай бересіз. Басқалар сізді “қадалған жерінен қан алмай қоймайтын” адам деп ойлайды. Кейін олар өзі сіздің ақылыңызға жүгінеді. Бірақ талдауыңыз тым қатты болмасын. Әйтпесе адамдарда жеккөрінішті болып қалуыңыз бек мүмкін.
Analytical таланты бар жандар былай көрінеді:
Б мырза: Мен үнемі әр нәрсені талдаймын. Кез келген ақпаратқа дәлел сұраймын. Бір іс бастамас бұрын ішімдегі бар сұрақтың жауабын тауып алуым керек. Себеп пен салдар байланысын іздегенді жақсы көремін. Басқалар менің талдауымды мінеу мен сынау деп қабылдап қалады. Бірақ мен тек бәрін нақтылап алсам деймін.
Analytical таланты бар жандарға кеңес:

  • Деректерді талдап, заңдылық тауып, идеяларды жүйелешегініңіз үшін ақша төлейтін жұмыс табыңыз. Қандай қызмет атқарсаңыз да сенімге лайық дереккөздерді анықтап алыңыз.

  • Сіздің талдау қабілеттеріңізді жақсартатын оқу оқыңыз. Курстардан өтіңіз.

  • Сіздің сыныңыз адамға емес, деректерге қарсы екенін түсіндіріңіз.

  • Басқаларға сізге нақты деректер керек екенін білдіріңіз.

Ал Analytical таланты бар адамдармен жұмыс істейтіндерге мынадай кеңес айтамыз:

  • Мұндай адам бір мәселені талқылауға қатысқанда оның көңіліне қонбайтын нәрсенің шешімін тауып беріңіз.

  • Ол адамға мерзімнен көрі жұмыстың аяталуы маңызды.

  • Сондықтан жұмыс аяқталатын уақыт жақындаған сайын хабар алып тұрыңыз.

ARRANGER (Ұйымдастырушы)


Cіз ұйымдастырушысыз. Қиын жағдайға тап болғанда сізге бәрін бақылап, басқарған ұнайды. Сіз үшін оның бәрі қалыпты жағдай. Сіз тек мақсатқа жетудің ең жақсы жолын табуға тырысасыз. Басқалар ойламаған жағдайға тап болса салы суға кетеді. Бірақ сіз сондай тосын іске бел шеше кірісіп, барынша ұтымды әрекет етуге тырысасыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет