Сіз осы сәтте өмір сүресіз. Сіз үшін болашақ бүгінгі шешіміңіздің жемісі. Сондықтан болашақ әрдайым түрленіп отырады. Бірақ бұл сізде жоспар жоқ деген сөз емес. Сізде жоспар бар. Бірақ сіздің бойыңыздағы бейімделгіштіктің арқасында жағдайға байланысты жоспарды түрлендіре аласыз. Сіз кенет шыққан шаруаға ренжімейсіз. Олар өмірдің ажырамас бір бөлігі екенін білесіз. Сіз оларды асыға күтесіз десек те болады. Сіз жағдай қандай болса да тиімді жұмыс істей аласыз.
Adaptability таланты бар жандар былай көрінеді: Р мырза: Біз жігіттермен пәтер жалдап тұрамыз. Үйге кеш келген едім. Түнгі 23:00 шамасы. Жарық өшік тұр екен. Түнделетіп істейтін жазбаша жұмыстарым бар еді. Сонда да басқа жігіттердің мазасын алмайын деп сол қараңғы жерде жазатын жағдай жасап алдым. Ортаға, жағдаят пен уақытқа жылдам бейімделемін. Күрт өзгеріс менің көңілімді құртпайды. Кез келген жағдайға дайын жүремін.
Adaptability таланты бар жандарға кеңес:
Басқалар күнделікті күйбеңге ренжіп жүргенде байсалды әрі сенімді адам ретінде танылыңыз.
Сізді бір жоспарға байлап қоятын қызметтерден бас тартыңыз.
Қиын жағдайда достарыңызға шешім қабылдауға көмектесіңіз.
Бейімделгіштік қорқақтық емес екенін түсіндіріңіз. Ол жағдай мен уақыт талабына сай өзгере білу.
Басқалар сіздің табиғи бейімделгіштігіңізді өзінің құйтырқы ісіне қолданбасын. Жоспарлауды үйреніңіз.
Жұмыс бабы бойынша көп жол жүрсеңіз заттарыңызды тез жинауды үйреніңіз.
Бірқалыпты және бірсарынды қызметтен бас тартыңыз. Ондай жерде сіз өзіңізді жайсыз сезінесіз.
Ал Adaptability таланты бар адамдармен жұмыс істейтіндерге мынадай кеңес айтамыз:
Мұндай адамның бейімделгіш мінезі кез келген компанияға керек. Жоспардың бәрі құрдымға кеткенде ол жаңа жағдайға бейімделіп жаңаша әрекет етеді.
Ол қабағын түйіп бір бұрышта отырмайды. Ол “ағынмен” ағуға дайын. Сондықтан әрдайым алдынан жаңа мүмкіндік шығады.