Arranger таланты бар жандар былай көрінеді: Ж ханым: Мен бір уақытта бірнеше істі қатар істей аламын. Басқаларға ол қиын келетін секілді. Бірақ маған оңай. Қамыр илеп тұрып, ет аса беремін. Одан жүйкем жұқарып, қатты шаршамаймын.
Arranger таланты бар жандарға кеңес:
Өз әріптестеріңіз бен достарыңыздың мақсатын біліңіз. Олардың мақсатын қолдайтыныңызды және оған жетуіне көмектесетініңізді көрсетіңіз.
Сіз адамдардың талантын жақсы көре аласыз. Кім қай жерде барынша пайдалы болатынын білесіз. Сондықтан команда құруға қатысуыңыз керек.
Arranger таланты бар басқа адамдар өзін бақылап, басқарғаныңызға наразы болуы мүмкін. Сіз іштей түрлі адамды бірге жұмыс істетудің жолын білесіз. Сіздің тәсіліңіз тиімді екенін түсіндіріңіз. Басқалар әрекеттеріңіздің мәнін түсінбеуі мүмкін.
Ал Arranger таланты бар адамдармен жұмыс істейтіндерге мынадай кеңес айтамыз:
Мұндай адамға күрделі, көп сатылы жұмыс қызық. Ол бір уақытта көп іс тындыруы қажет жұмыста жақсы жетістікке жетеді.
Бір жоба бастағанда arranger таланты бар адамдарға жұмыс тобын жинауға көмектес деңіз. Ол әр адамның мықты тұсы командаға қандай пайда беретінін біледі.
Мұндай адам әдетте тапқыр келеді.
BELIEF (Сенім)
Сіздің Belief талантыңыз мықты болса онда қандайда бір құндылық немесе сенімге берік бола аласыз. Әркімнің құндылығы мен сенімі әрқалай. Бірақ сіздің құндылығыңыз бен сеніміңіз өміріңіздің бар саласына әсер етеді. Ол сіздің әрекетіңізге ықпал етеді. Ол сіздің өміріңізге мән береді. Сіз үшін жетістік тек ақша мен абырой емес. Олар сізге бағыт беріп, мотивация болады. Достарыңыз сізге арқа сүйейді. Сіз Belief талантының арқасында сенгіш келесіз. Сізге жұмысыңыз мәнді болуы керек. Сіз өз сеніміңізге сай өмір сүргіңіз келеді.
Belief таланты бар жандар былай көрінеді: А мырза: Мен жаттығу залына баруға ерінемін, жалқаумын деп жүрген едім. Бірақ маған мені орнымнан тұрғызып, маған күш беретін сенім керек екенін түсіндім. Мен артымнан өсіп келе жатқан ініқарындасқа үлгі болып, оларды елге адал қызмет етуге ынталандыра аламын деген ой келді. Сол нәрсе маған қуат берді. Жаттығуды жіберместен өзімнің тәнім мен рухымды қатар дамытуыма түрткі болды. Belief таланты бар жандарға кеңес:
Көңіліңіз жақсы кезде сенім мен құндылықтарыңыз туралы ойланып алыңыз. Оларды нақтылаңыз және бекітіңіз. Қандай сенім өміріңізге шаттық сыйлайды?
Сіздің құндылығыңызға сай қызмет іздеңіз. Қоғамға сіздікіне сай құндылық беретін ұйымға қосылыңыз.
Сіз талантыңыздың арқасында адамдардың жүрегіне жол табасыз. Сіздің пидакерлігіңізге қарап басқалардың көзінде от жанады. Олар сізге қарап шабыт алады.
Жұмыс пен жеке өмірдің аражігін ажырата біліңіз. Сіздің іске адалдығыңыз отбасыңызға зиян етпесін.
Futuristic таланты мықты адаммен серіктес болыңыз.
Басқа адамдардың құндылығы сіздікіне ұқсамауы мүмкін екенін түсініңіз. Өз ойыңызды басқаларды сынамастан айтыңыз.