Егер сізде Achiever таланты болса сіз әрдайым алға ұмтылып тұрасыз. Сіз қозғалыссыз өмір сүре алмайсыз. Әрдайым әр күн жаңа сынақ деп қабылдайсыз. Күніңіз нәтижесіз өтсе, өзіңізге көңіліңіз толмайды. Жұмыс күнін, демалыс күнін және мереке күнін де өнімді өткізгіңіз келеді. Демалысқа қанша лайық болсаңыз да, егер күніңіз титтей болсын жетістіксіз өтсе мазаңыз қашады. Ішіңізде от жанып тұрады. Сол сізді көбірек нәрсе істеп, көбірек жетістікке жетуге итермелейді. Әр жетістіктен кейін кеудеңіздегі от азаяды. Бірақ көп ұзамай жаңа бір межені көріп қайта лаулап жанады. Кейде мұндай тынымсыз ұмтылыс мәнсіз болуы мүмкін. Нақты бір мақсаты болмауы да мүмкін. Achiever болсаңыз ішіңіздегі тынымсыздыққа үйренісуіңіз керек. Оның артықшылығы да бар. Ол сізге жұмысқа қажет энергия береді. Әрдайым жаңа сынақ пен мәселе шыққанда, осы талантыңызға арқа сүйей аласыз. Бұл талант сізді әрдайым алға итермелеп тұрады.
Achiever таланты бар жандар былай көрінеді: Қ мырза: Мен үнемі бір іс тындырып жүруім керек сияқты. Барынша көп іс атқаруға тырысамын. Сондықтан сабырсыз боламын. Сонымен бірге жетістігімді жария етіп жүрген ұнайды. Мәселен әлеуметтік желіге атқарған ісімді салып отырамын «оқырмандарымның саны бәленшеге жетті», «түгенше км жүгірдім» дегендей. Жаңа күн басталған-
Achiever (Жетуші)
да, осыған дейінгі еңбегімді елемеймін. Керісінші күн сайын бір жетістіктерге жетіп отыруды жақсы көремін. Олай болмаса түн ұйқым тыныш болмайды. Achiever таланты бар жандарға кеңес:
Қаншалық қатты жұмыс істегіңіз келсе, соншалық істей алатындай жұмыс табыңыз. Сонымен бірге сіздің өнімділігіңізді өлшейтін мүмкіндік болсын. Сол кезде жұмысқа ынтаңыз артып, күшіңіз тасып тұрады.
Сізге көп шаруа тындырған ұнайды, бірақ ол шаруалардың біткен кезі көрінуі керек. Мақсатыңыздың өлшемі мен мерзімі болсын. Андасанда демалыс алып, өзіңізді қуантып, марапаттап отырыңыз.
Achiever таланты бар жандар өз жетістігін байқамай, бірден келесі тапсырмаға көшіп кетуге бейім. Ішіңіздегі ұмтылысты сәл бәсеңдетіп отырыңыз. Әр сәт пен жетістіктен ләззат алыңыз.
Әрдайым әрекет еткіңіз келген соң кездесулер сізге ішпыстырарлық болып көрінуі мүмкін. Біліміңізді арттырыңыз, курстарға қатысыңыз. Сонда мақсатыңыз биіктеп, жетістігіңіз арта береді.
Сіз сыртқы мотивацияға мұқтаж емессіз. Өзіңізді өзіңіз ынталандырыңыз. Бір жобадан басқасына көшкенде талабыңызды күшейте түсіңіз. Басқа еңбекқор кісілермен етене араласып еңбек етіңіз. Жаңа жобалар бастаңыз.
Көп жұмыс істеймін деп сапаны түсіріп алмаңыз. Өнімділігіңіз бен жұмысыңыздың сапасы сәйкесуі үшін нәтиже стандартын бекітіңіз. Ал Achiever таланты бар адамдармен жұмыс істейтіндерге мынадай кеңес айтамыз:
Ол адаммен бірге жұмыс істеп, қарым-қатынас нығайтыңыз.
Ол “жалқауларды” жек көреді. Талмай еңбек ететін жандарды жақсы көреді.
Ол адам өзінің қолы босамағанынан ләззат алатынын түсініңіз. Жиналыста отырса іші пысып кетеді. Егер жиналысқа қатысуы міндетті болмаса қатыспауына рұқсат етіңіз.
Ол адам аз ұйықтап басқалардан ерте тұруы ықтимал.