Каниязов Шразаддин Талантыңды таны Алматы, 2021. 104 бет


Сіздің таланттарыңыз қандай?



бет4/41
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144092
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Сіздің таланттарыңыз қандай?
“Көбі өзінің мықты тұсын білеміз деп ойлайды және көбі қателеседі. Адам тек өзінің мықты тұсын қолданып қана жақсы нәтиже көрсете алады”.
Питер Друкер (1909-2005)
1960 жылдары талант пен мықты тұс зерттеулерінің атасы, Дон Клифтон адамдардың мықты тұсын зерттеуге қызыға бастады. Ғылымда бір нәрсені түрліше айтатын термин көп екенін байқады. Сөйтіп ол 1988 жылы ғалымдар тобын жинап, таланттардың ортақ тілін жасап шығамыз деген мақсат қойды. Яғни, адам бойындағы әр қабілетті нақты анықтап, оның көрінісі мен қолданысын бекітіп көрсеткісі келді. Сол кезде 100 000 адам туралы ақпаратқа қол жеткізді. Талант пен қабілет заңдылықтарын зерттеді. Түрлі сала мен тап өкілдерімен сұқбаттасты. Соның арқасында ең маңызды әрі басты 34 талантты анықтап шығарады. Нәтижесінде таланттарды өлшеп, бағамдауға арналған Clifton StrengthsFinder бағдарламасының алғашқы нұсқасын жасайды. Олар адам бойындағы қабілеттің бәрін қамтитын 34 талантты анықтады. Десе де олар анықталған талантты отбасыда, жұмыста және қоғамда қолдануға болса деді. Сіз Clifton StrengthsFinder бағдарламасының арқасында талантарыңызды анықтайсыз және сол арқылы әлеуетіңізді толық аша аласыз. Бұл бағдарламаның сұрағы әдеттегі сынақ сұрағына ұқсамайды. Сіздің қолыңыздан не келетінін де сұрамайды. Әр сұраққа жауап беруіңізге 20 секунд қана беріледі. Сөйтіп сіздің сұраққа жауап беруде көрінетін табиғи реакцияңыздың болмысын анықтауға тырысады. Былайша айтсақ, бұл бағдарламаға сіздің жауабыңыз емес, жауап беру тәсіліңіз бен амалыңыз маңызды. Жауап өзгеруі мүмкін, ал бірақ тәсіл мен амал табиғаттан келеді. Оның өзгеруі қиын.

Болмыс күші


Адам уақыт өтісімен өзгеретіні рас. Десе де біздің тұлғамыз, яғни, негізгі табиғатымыз өзгермейді. Сол секілді қызығушылығымыз мен құштарлығымыздың көбі өмір бойы қалады. Жаңа Зеландияда 1000 баланы зерттеген 23 жылдық керемет зерттеу жүргізілді. Сонда зерттеуге қатысқан адамдардың 3 жасындағы тұлғасы мен 23 жасындағы тұлғасы өте қатты ұқсайтынын анықтады. Міне осы себепті Clifton StrengthsFinder бағдарламасы сіздің болмысыңыздың өзгеруі екіталай тұсын зерттейді. Қазақтың “болар бала боғынан” дегені де осы шығар. Білім, машық пен тәжірибе мықты тұстың ажырамас бөлігі. Оларсыз талант түкке жарамай қалуы мүмкін. Сіздің талантыңыз нағыз мықты тұсыңызға айналуы үшін көп еңбек пен мол тәжірибе қажет. Мысалы бұлшықетіңіз туғаннан жақсы өсуге бейім болсын, бірақ ұдайы жаттықпасаңыз, ол талантыңыз бос кетеді. Алайда егер сіз сіздей таланты жоқ адаммен бірдей еңбек етсеңіз, одан әлдеқайда көп нәтижеге қол жеткізесіз. Gallup институтының зерттеуі кем талантыңызды дамытуға уақыт жұмсағаннан гөр, нағыз талантыңызды дамытқан абзал екенін анықтады. Олар ең табысты адамдар алдымен тума талантына ден қойғанын байқады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет