Каниязов Шразаддин Талантыңды таны Алматы, 2021. 104 бет



бет5/41
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144092
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Талантыңды-таны

ТАЛАНТ


(табиғаттан дарыған ойлау, сезу мен әрекет ету тәсілі)
+
ИНВЕСТИЦИЯ
(тәжірибеге және машықтарыңызды дамытуға кеткен уақыт, білім жинау)
=
МЫҚТЫ ТҰС
(ұдайы кереметке жақын нәтиже беретін қабілет)
Біз әр адам дара десек те, бұл сөздің мәнін терең ұғына бермейміз. Басымыздан өткен тәжірибемізді бәріміз айтып бере аламыз. Бірақ табиғи талантымызға келгенде жауап бере алмай қиналамыз. Егер сізде де сондай мәселе болса, біраз кідіріңіз. Көбінде таланттардың бір ортақтығы бар. Мәселен ойын айтуға, пікір алмасуға, сөз тауып айтуға қатысты таланттың бәрі коммуникация (Communication) талантына қатысты. Ал жауапкершілік, жауапты болу және сылтау айтпау секілді қабілеттер жауапкершілік (Responsibility) талантына қатысты. Осы ортақтықтар арқылы сіз өз таланттарыңызды анықтай аласыз.

Осал тұсты басқару


Кез келген сала мен қызметте өзініңіздің осал тұсыңызды білген абзал. Өйткені сіздің кем талантыңыз үлкен шығын алып келуі мүмкін. Сіз 34 талант түрін білсеңіз, өзіңізде қай талант онша дамымағанын біле аласыз. Кейде қай талантыңыз нашар екенін білсеңіз, көп қателік пен шығыннан аман қалуыңыз мүмкін. Мысалы, ұсақ-түйек шаруаға бас ауыртқыңыз келмейтінін байқадыңыз делік. Сонда сіз ол қасиет сізге қаншалық қажет екенін анықтауыңыз керек. Егер қазіргі жұмысыңыз сол ұсақ-түйек шаруаға қатысты болса, онда қызметіңізді ауыстырған абзал болады. Әлбетте көбімізде талантыма келмейді екен деп жұмыс ауыстыратын мүмкіндік жоқ. Сондықтан сіз сол осалдығыңыз барынша аз зиян келтіретіндей бір жүйе жасай аласыз. Мәселен сізде кем дамыған таланттары бар мықты адаммен бірге жұмыс істеуіңізге болады. Мысалы, Includer талантының түрі менде кем дамыған. Бұл таланты жақсы дамыған адамдар басқаларды топтастырып, бір араға жинай алады. Ешкімнің көңілін қалдырмай бәрін іске араластырады. Ал мен топ жинағанда бәрінің көңіліне қарап отыра алмаймын, содан кейбірі өзін алалағандай күй кешеді.
Сіз өз таланттарыңыздан келуі мүмкін зиянды ескере білуіңіз маңызды. Мысалы, басқару (Command) таланты жақсы дамыған адамдар басқаларды күн сайын іске итермелеймін деп зиян тигізуі мүмкін.
Ол болмаса, тұрақтылық (Consistency) таланты бар адамдар нәтиже мен мақсатқа қарамай бір нәрсені тұрақты істеп жүре беруі мүмкін. Осылайша таланттар бізге тура жолдан таймауға көмектеседі.
Gallup институты миллиондаған адамның нәтижесін көріп, өз бағдарламасын дамытып, StrengthsFinder-дің екінші нұсқасын жасап шықты. Бағдарлама бұрынғыдан да жақсы әрі нақты болды. Мысалы бес адамда да Learner таланты үздік бестікке кіруі мүмкін. Бірақ ол әркімде әрқалай көрінеді.
Біздің табиғи талантымыз бен құштарлығымыз өмір бойы өзгермейді. Оның түрі өзгерсе де, түбі бір болып қалады. Көптеген адам өмірін басқа нәрсеге сарп етеді. Сондықтан таланттарыңызды ерте бастан танып, оны ашуыңыз керек. Сонымен бірге айналаңыздағы адамдардың да талантын ашып, оларға көмектесіңіз. Бәрінің бойында бір мүмкіндікті күтіп отырған талант бар. Соны оятыңыз, содан кейін бақыттың не екенін түсінесіз.
Талантымызды анықтап алсақ та, оны мықты тұсқа айналдыру оңай шаруа емес. Бұл кітап сізге бәрін бастан аяқ айтып бермейді. Тек сол мықты тұсты қалыптастыру мен дамытуға қажет бастапқы деректі бере алады. Ал ары қарай әрекет етіп, талантыңызды дамыту міндеті сізде. Оны сізден басқа ешкім істей алмайды. Бірақ біз сізге сол процесті жеңілдететін және жылдамтатын үш құралды айта аламыз. Бірінші құрал: табиғи талант пен жүре келе үйренген машықтың ара жігін ажырата білу. Біз, мықты тұс - кез келген бір әрекетті кереметке жақын деңгейде қайта-қайта орындай алу қабілеті, деп түсіндірдік.
Осал тұсты басқару
Ал енді оған қалай қол жеткіземіз? Ол үшін жаттығудың өзі жеткілікті ме немесе оған туа бітті таланттар қажет пе? Егер сіз көмектесуге дайын адамдар болса, көп тәжірибеден соң көпшіліктен қысылмайтын ашық адамға айнала аласыз ба? Егер болашақты болжай алмайтын болсаңыз, көреген жоспар құра алатын стратегке айнала аласыз ба? Әлбетте сіз мұның бәрін үйрене аласыз. Адам баласы табиғатынан өте бейімделгіш жаратылыс қой. Бірақ сіз тек тәжірибенің арқасында сол нәрсені әрдайым кереметке жақын деңгейде істеуді үйрене аласыз ба? Жоқ, ол нәрсе қолыңыздан келмейді. Өйткені тәжірибе шеберліктің белгілі бір сатысына дейін көтереді. Ал шеберліктің шыңына шығу үшін талант болуы шарт.

Екінші құрал деп негізгі таланттарды анықтайтын жүйені айтамыз. Өзіңізді сырттай бақылаңыз. Жаңа нәрселерді байқап көріңіз. Уақыт өте келе сіздің ең үздік таланттарыңыз ортаға шығады. Кейін оны өңдеу мен шыңдау секілді жұмыс қалады.
Ал үшінші құрал деп таланттарды сипаттауды үйренуді айтамыз. Ол үшін әр таланттың жақсы жағын көре алатын және оны көрсете алатын әмбебап тіл болуы қажет. Біздің қазіргі тіліміз адамдарды дұрыс сипаттамайды. Мәселен адамды “жуас”, “аңғал”, “ақкөңіл”, “аңқау”, “ашық ауыз”, “мылжың” дейді. Ал атаудың әрқайсы адамды кемсітеді. Бәлкім ол жуас емес, эмпат (эмпатиясы жоғары адам) шы-
ғар. Міне, осы секілді түсінбеушіліктің кесірінен көп адам өзінің талантын танымай өтіп жатыр. Біз айналаның ретті болғанын қалайтын адамды “мазасыз” дейміз. Керемет нәтиже талап ететін адамды “мазасыз” дейміз. Демек біздің тіліміз бұл қасиеттерге дұрыс сипат бере алмай жатыр.
Біз төменде адам бойындағы бар қасиетті дұрыс сипаттай алатын таланттар жүйесін көрсетеміз. Әр таланттың артықшылығы мен кемшілігін қатар айтамыз. Бойыңыздағы ұлы күшті оятуыңызға қажет мәлімет береміз. Сол нәрселерді түсінген соң өзіңізге һәм айналаңыздағы адамдарға деген қатынасыңыз өзгереді. Сіз енді кім не үшін қандай әрекет еткенін түсінетін боласыз.
Біз талант деген сөзді көп айттық. Көбі талантты туа бітті қабілет пен бейімділік деп біледі. Бірақ талант тиімді пайдалануға жарайтын ойлау, сезіну мен әрекет етудің жиі қайталанатын моделі. Жарысуға деген құмарлығыңыз талант. Адамдармен араласқандағы ашықтығыңыз талант. Жауапкершілігіңіз де талант. Егер дұрыс қолдана алсаңыз, қырсықтықтың өзі талант болады. Сіз бойыңыздағы ойлау, сезіну мен әрекет ету модельдерін өзгерте алмайсыз. Өйткені олар мидағы жиі қайталанатын байланыстарға негізделген. Сіз белігілі бір жастан кейін толықтай жаңа модель қалыптастыра алмайсыз. Адам миы уақыт өте келе кішірейе береді. Ол алдымен тез өседі де кейін кішірейе бастайды. Бір қызығы адамның миы кіші болған сайын адам ақылдырақ болады. Бұл мүшенің сырын түсіну үшін синапс деген ұғымды ашып алуымыз керек. Синапс деп ми нейрондары арасындағы байланысты қамтамасыз ететін қызметті айтамыз. Синапстар нейрондарды байланыстыратын сызық іспеттес. Ал мінез-құлық пен әрекет ми нейрондары арасындағы қажет байла-
Осал тұсты басқару

ныстың құрылуына байланысты. Демек синапстар таланттың пайда болуына жауап береді. Синапстық байланыс бала жатырға біткеннен кейін 42 күн өткенде басталады. 42-күні алғашқы нейрон қалыптасады, 120 күннен кейін жүз миллиардтаған нейрон пайда болады. Яғни, әр секунд сайын 9500 жаңа нейрон қалыптасады. Бірақ бұл қарқынды жаратылыс кезеңі де шегіне жетіп бәсеңдейді. Олар орта жас шамасына дейін сол қалыпта тұрады. Бірақ бір қызығы сіз тумастан 60 күн бұрын нейрондар өзара байланыса бастайды. Әр нейрон басқасымен байланыс орнатуға тырысып “жұлқынады”. Байланыс орнаған сайын синапс пайда болады. Үш жасқа дейін нейрондар синапсты өте жақсы өндіреді. Көбінде үш жасқа дейін 15 000 синапстық байланыс орнайды. Миллиардтаған нейрондардың әрқайсында 15 000 байланыс орнайды. Бірақ кейін өсе келе табиғат бізді кейбір байланыстарға баса назар аударуға мәжбүрлейді. Сөйтіп қолданылмаған байланыстар ажырай бастайды. Біз сол кейбір байланысқа көп көңіл бөлмеген соң, 15 жаста миллиардтаған синапстық байланыстан айырыламыз. Ол жүйелердің жартысы істен шығады. Оларды қайтара алмайсыз. Әрине, ми өмір бойы өзінің кейбір қасиетін сақтайды. Мәселен үйрену мен жаттау үшін де жаңа синапстық байланыстар орнауы қажет. Синапстық байланыстардың саны ақыл мен жетістіктің кепілі емес. Ақыл мен жетістік олардың ең мықтыларының тиімді пайдалануына байланысты. Синапстық байланыстың көбін құртады. Сөйтіп кейбіріне ден қояды. Бірақ оған бола көңіліңіз түспесін. Біз бала кезде өте көп ақпарат сіңіруіміз керек болған соң, сонша көп синапстық байланыс беріледі. Сосын сіз тумыстан біткен және ата-анадан дарыған ерекшеліктер арқасында бір байланыстарды қолдану басқасынан жеңілірек болатынын сезесіз. Мәселен таласқанды және жарысқанды жақсы көруіңіз мүмкін. Бәрін білгіңіз келетін шығар. Сол секілді алуан түрлі байланыстар бойыңыздан байқала бастайды. Ол болмаса стратегиялық ойлауға құмар болуыңыз мүмкін. Демек сіз сол байланыстарды бәрінен көп қолданасыз.
Міне сондықтан сіз талантсыз мықты тұс қалыптастыра алмайсыз. Сіз күнделікті өмірде түрлі шешім қабылдайсыз. Әр шешімді қабылдау барысында табиғи талантыңыз көрініп тұрады. Талант – сарқылмайтын қуат күші. Сіз сол нәрсені қайта-қайта істеп ләззат аласыз.
2-БӨЛІМ 34 ТАЛАНТҚА ЖЕКЕ-ЖЕКЕ ТОҚТАЛАЙЫҚ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет