Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет280/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ШӘКЕН ДАРА – жайлау, Өрел а.о. Антропотопним. М.: Орыстар 
тіске ұқсағаннан кейін, Гора Коронная деп атап кеткен. Бірақ Шәкен 
Дарасы тауына ену керек[100]. М1.: «Шәкен деген кісінің жекеменшік 
жері». Дара –тау шатқалы, аңғары деген де мән береді [15,194б.]. М2.: 
Мағынасы: “Шәкен тауы”[166,181б.].
ШӘКЕН КӨҢІ – қыстау, Өрел а.о. Антропотопним. М.: «Бәйкісіден 
тараған төрт атаның бірі – Бұрқаттың баласы Шәкен би бір сыдырғы 
ғана дәулеті бар, батыл тұлғалы, бүкіл Қаратайға, соның ішінде 
Дәулет руына сыйлы адам болған. Мекен-қыстауы – қазіргі Еңбек 
ауылының батысында, Ирек асуының алқымындағы суы қысы-жазы 


299
не қатпай, не ортаймай сылдырап жатқан әулие бұлақтың басында. 
Жұрт оны Шәкен бұлағы дейді. Осы бұлақты бойында Шәкеннің 
қыстауы болған, бүгінде «Шәкен көңі» атанып жүр»[41, 150б.].
ШӘНДЕГЕБҰЛАҚ – бұлақ, Берел а.о. Шәндеге және бұлақ сөзінің 
бірігуі арқылы қалыптасқан атау. Атаудың бірінші компоненті жайында 
нақты мәлімет жоқ. Екінші компонент бұлақ сөзі гидронимдік термин 
болып табылады[120].
ШӘҢГЕН – көл, Өрел а.о. Кейбір ғалымдардың пікірінше, адам 
атына байланысты қалыптасқан атау. Алайда тува топонимикасында 
«Шаңган» тұлғасында келетін атаудың орын алуы, аталған атаудың 
кісі есімінен қалыптасқандығына күмән тудырады. Тува халқының 
этимологиясы бойынша «Шаңган» атауының құрамындағы «шаң» сөзі 
«шық» мағынасын беріп, шықтанып тұратын жер мағынасын береді. 
Ал тувалық топонимист ғалымдар бұл атауды «Шанхан» сөзімен 
байланыстырады, яғни татар тілінен аударғанда «Шанхан» – ханның 
сыйы мағынасын береді. Тарихи аңыз бойынша осы өңірді Шыңғысхан 
өз қолбасшыларының біріне сыйға тарса керек, қолбасшы да өңірді, 
өңірде орын алған барлық өзен, көлдерді де хан сыйы, яни «Шанхан 
– Шаңган – Шаңген» атаса керек [78,508б.]. М1.: Шындықатайға 
келген күннің ертеңінде ертелетіп тау басындағы Шәңген көліне 
шығып кеткенбіз. Шәңген - жарқабаққа ұқсаған шапшыма тік тауды 
қабырғалай өрлеп, биігіне шыға қалған бетте тура тұмсығының 
алдынан жарқ етіп ашылып салатын айдынды көл екен [7,127б.]. 
М2.: Алтай тауларын жан -жақты зерттеген алғашқы ғалым Петр 
Иванович Шангин (1747-1816) деп саналады. Ол 1786 жылы Алтайдың 
аз зерттелген және мүлдем зерттелмеген аудандарына экспедиция 
жасап, алты өзеннің ішінде барлық салаларымен бірге Бұқтырманы да 
жүйелеп картаға түсіріп кеткен. Бүгінде Шындығатай тауларындағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет