295
іздер біраз ақпаратты ақтарғанбыз. Шамбаланың орысша мағынасы
«Беловодье» дегенге, қазақшасы «жерұйық» деген ұғымға келеді екен.
Жер үстіндегі Шамбала - көкорай майсалы мамыражай қоныс, үйрек
ұшқан қаз қонған сулы да нулы мекен[7,18б.].
ШАНАҚАТЫ – ауыл, тарихи атау. Катонқарағай а.о. Атау шана
(зат есім) және қатты (етістік) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған.
Атаудың қалыптасуына өңірде орын алған оқиға негіз болған.
М1.:
«Шанақатты деп ауылдың аталуының өзіндік себебі де бар ауылдың
маңындағы өзеннің суы мұз болып 1 метрден аса биіктікте қатуына
байланысты, мұздың үстінен өзеннің бетіне бірнеше шақырымдай
жерге аяздың қысымымен қызыл су тарап, жайылып жататын. Міне,
ертеректе ат-шанамен сол өзеннің үстінде келе жатқан адамның
шанасы бір орыннан қозғалмай, қатып қалған екен. Әлгі адам атын
шешіп мініп ауылға барып, ертеңінде өзенге келіп шанасын мұздан ойып
алыпты. Осы оқиғадан кейін ауылдың аты «Шанақатты» аталып
кеткен деседі»[41,149б.]. М2.: Қыз берген домбыраның шанағы ұшып,
Шанағаты жер аты содан қапты [7,87б.]; [163], [107].
Достарыңызбен бөлісу: