Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет276/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ШАНГИН / ШАҢГЕН – ж.а., Аққайнар а.о. Кейбір ғалымдардың 
пікірінше, адам атына байланысты қалыптасқан атау. Алайда тува 
топонимикасында «Шаңган» тұлғасында келетін атаудың орын алуы, 
аталған атаудың кісі есімінен қалыптасқандығына күмән тудырады. Тува 
халқының этимологиясы бойынша «Шаңган» атауының құрамындағы 
«шаң» сөзі «шық» мағынасын беріп, шықтанып тұратын жер мағынасын 
береді. Ал тувалық топонимист ғалымдар бұл атауды «Шанхан» сөзімен 
байланыстырады, яғни татар тілінен аударғанда Шанхан – ханның сыйы 
мағынасын береді. Тарихи аңыз бойынша осы өңірді Шыңғысхан өз 
қолбасшыларының біріне сыйға тарса керек, қолбасшы да өңірді хан 
сыйы, яни «Шанхан – Шаңган – Шаңген» атаса керек [78,508б.]. М1.: 
Бұқтырманың басында орналасқан. Шангин деген кісі келіп сол жерде 
тұрақтағандықтан, солай атап кеткен [124]. М2.: Шангин деген 
қазақтың сөзі емес. Қытайдың шан ғұн немесе шан гун деген сөзіне 
ұқсас [116].
ШАНКЕЙ – көл, тарихи атау. Берел а.о. Атаудың шығу төркіні 
белгісіз. Антропотопоним болуы мүмкін. М: Қалмақтар қойған ескі 
көл атауы[101].
ШАҢҚАЙ – ж.а., Солдатова а.о. Қазақ әдеби тілінің сөздігінде 
шаңқай – аппақ болу, ағару [57,247б.] мағынасын береді. Олай болса, 
жердің ерекше белгісі, түсіне байланысты берілген атау болуы мүмкін. 


296
М: Қыста күн суық болғанда, бұл жерде үнемі жылы болып тұрады 
сол үшін «Шаңқай» деп атаған[128].
ШАҢЫРАҚ – тау, Жамбыл а.о. Қазақ әдеби тілінің сөздігінде 
шаңырақ – 1. Киіз үйдің төбесінде уықтарын біріктіріп ұстап тұратын 
күлдіреуіштері бар дөңгелек шеңбер [57,250б.] мағынасын береді. 
Яғни жердің сыртқы пішіне байланысты берілген атау. М: Шаңыраққа 
ұқсайды. Шаңырақта шахта болған. Онда хрусталь өндірген [105].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет