ШАПҚАНЖОЛ – бұлақ, Аққайнар а.о. Ойконим. Жол аты негізінде
қалыптасқан. Шапқан (етістік) және жол (зат есім) сөздерінің бірігуі
арқылы жасалған атау[152].
ШАПҚАНЖОЛ – ж.а., Катонқарағай а.о. Шапқан (етістік) және
жол (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы қалыптасқан атау. Жолдың
салыну әдісіне байланысты қалыптасқан атау. М1.: «Шапқанжолдың» жотасынан асып түсіп, еңіске құлдилағанымызда Бөкең атының басын сәл іркіп, мен қатарласа бергенде: «Әй, Тілеубек! Қабыл алсаң мен саған ақыл айтайын...»-деді[25,272б.]. М2.: «Шапқанжолмен» астық. Жамбыл облысындағы Құланның жайлауынан «Көтенүзген» деген асуды көрген едім. Мына асу көтеннен де зорғыны үзгендей екен. Алдыңа қарасаң аспаннан басқа түк көрінбейді, артыңа қарасаң басың айналады[170,31б.]. М3.: Шапқанжолдың үстіне шыға келгенде алдыңнан самал-салқын жел есіп, мұрныңа жайлаудың жұпар иісі келеді. Не ыстық, не салқын емес, қоңыржай ауадан кеуде кере демалып, шыбын-шіркейсіз жұмбақ өмірге жасқана енесіз, жасыра қуанасыз [18,150б.]; М: Қанайда орналасқан. Жолға байланысты сол өлкені жол атымен атап кеткен. Жол қазылып салынған[146].
ШАПШЫМА – өзен, Катонқарағай ауд. Атау құрамындағы шапшы
етістігі – сұйық заттың сыртқа атылып шығуы [57,260б.] ретінде
сипатталады. Шапшы етістігіне «-ма» етістіктен зат есім тудырушы
жұрнағы жалғану арқылы өзен аты қалыптасқан. Өзеннің ағып шығу
қарқынына байланысты берілген атау. М.: Шапшыма дейтін өзен бар. Ол өте биікте, ат қиналып, шапшып шығатын жерде. Сондықтан да оған Шапшыма деп ат қойылған[3,79 б.].
ШАРБАҚТЫ – ж.а., Катонқарағай а.о. Атау шарбақ зат
есім сөзіне «-ты» сын есім тудырушы жұрнағының жалғануы
арқылы жасалған. Шарбақ – тал, қараған, мойыл, т.б. құрылыс
материалдарынан жерге қада қағу арқылы тоқылған қоршау
[57,266б.] болып табылады. Яғни шарбақтың көп болуына
байланысты берілген атау [162].