Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет284/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ШОЛАҚДАРА – жайлау, Өрел а.о. Ойконим. Дара, тау атауы 
негізінде қалыптасқан. М: Қасқабас асуының арғы жағында орналасқан 
жайлау [100].
ШОЛАҚЖОТА – жота, Өрел а.о. Шолақ (сын есім) және жота (зат 
есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Жотаның қысқалығын 
білдіреді. Жердің сыртқы сипатына орай қалыптасқан атау. М: Шолақ, 
тақыр жер [119].
ШОҢМҰРЫН – ж.а., Өрел а.о. Этнотопоним[154]. М.: Тентек 
Бұқтырма арнасын кеміре-кеміре Еңбек ауылын елден бөліп тастаған, 
жар жағасына бөгет салып, тұйыққа қамалып қалған жарым 
Шоңмұрынды жалпақ жұртқа жалғастырды[170, 131б.].
ШОРНАУА– ауыл., Аққайнар а.о. Орыс тілінен қазақ тілінің сөйлеу 
ерекшелігіне орай ойысқан атау. Шорнауа – червоная – «қара» деген 
мағына береді. М.: Ақсу, Аршаты, Топқайың, Катон, Шорнауа, Өрелдің 
небір аяулы азаматтары еді-ау, боздақтар жазықсыздан оққа ұшты. 
Адамзат тарихында мұндай сұмдық болды ма екен?...[170,42б.].
ШОШҚА - қыстау. Катонқарағай а.о. Ертеректе шошқа бағылған 
жер. М.: Мойылды өзенінің оң жағалауы. Мал түлігін алуға ыңғайлы, 
ауқымды тебіндік жайылым. Жазық жері шағын[99].
ШОШҚАҚОРА – ж.а., Катонқарағай а.о. Атау шошқа және қора 
сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Атаудың қалыптасуы өңірге 
орыс ұлтының келуімен сипатталады. Яғни өңірде шошқа өсірумен 
байланысты қалыптасқан атау. М: Кәміңкенің суы[163]; [107].
ШОШҚАТАС – ж.а., Өрел а.о. Шошқа (зет есім) және тас (зат 
есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Өңірде шошқа бейнесіндегі 
тастардың орын алуына байланысты қалыптасқан атау. М: Күртінің 
Астында орналасқан. Тас пішімі шошқаға келеді[100].
ШОШҚАТОҒАЙ – ж.а., Жамбыл а.о. Шошқа (зат есім) және тоғай 
(зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Атаудың қалыптасуы 
өңірге орыс ұлтының келуімен сипатталады. Яғни өңірде шошқа 
өсірумен байланысты қалыптасқан атау [120].
ШӨГЕЛ – бастау, Катонқарағай а.о. Антропотопоним. М: 
Шөгел деген би адам болған. Бастауын Ақжардағы үлкен жырадан 
алатын[132].


304


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет