«Шәңген көлі» осы ғалымның атымен аталады [9,43б.]; М: Негізгі
Бұқтырмакөл[100].
ШӘҢГЕН ДАРАСЫ – ж.а., Катонқарағай а.о. Кейбір ғалымдардың
пікірінше, адам атына байланысты қалыптасқан атау. Алайда тува
топонимикасында «Шаңган» тұлғасында келетін атаудың орын алуы,
аталған атаудың кісі есімінен қалыптасқандығына күмән тудырады. Тува
халқының этимологиясы бойынша «Шаңган» атауының құрамындағы
«шаң» сөзі «шық» мағынасын беріп, шықтанып тұратын жер мағынасын
береді. Ал тувалық топонимист ғалымдар бұл атауды «Шанхан» сөзімен
байланыстырады, яғни татар тілінен аударғанда «Шанхан» – ханның
300
сыйы мағынасын береді. Тарихи аңыз бойынша осы өңірді Шыңғысхан
өз қолбасшыларының біріне сыйға тарса керек, қолбасшы да өңірді хан
сыйы, яни «Шанхан – Шаңган – Шаңген» атаса керек [78,508б.]. М.:
Алдымен көлге орыс саяхатшысы Петр Иванович Шангиннің (1748-
1861) аты берілген. Ол Алтайды, Балқашты зерттеген саяхатшы-
ғалым. Саяхатшылардың құрметіне өздері зерттеген жерлерге
аттарын қою бар екені мәлім. Ал Шәңген дарасы деген – «Шәнген
көлінің жанындағы жеке, дара тұрған тау» деген мағынада, көл
атынан кейін шыққан атау. Шангин> Шәңген болып дыбыстық
өзгеріске түсуі заңды құбылыс [15,195б.]; [130].
ШӘҢГІШТАЙ – ауыл, Катонқарағай ауд. Ойконим. Тау аты негізінде
қалыптасқан атау. Атау шәңгіш (зат есім) және тай (зат есім) сөздерінің
бірігуі арқылы жасалған. Шәңгіш – қызыл-қоңыр жемісі бар өсімдік
мағынасын берсе, тай ежелден келе жатқан тау мағынасындағы сөз.
Яғни шәңгіш өсімдігі көптеп өсетін тау деген мағынадағы атау. М1.:
Алмаған нәрсе жоқ, сенде бар ол-пұл бүтіл Шәңгіштай ауылында
жоқ емес пе [25,40б.]. М2.: Себебі анам екеуімізді, анам – алда, мен
– артынды құла бие мінгестіре салып, сонау жиырма-жиырма бес
шақырымдай Шәңгіштай ауылына шығарып салғанында төрт-бес
жас шамасында сәби бейне бір қонаққа, «жат-жұртқа» кетіп бара
жатқанымды тіпті де сезбеппін-ау [71,58б. ]. М3.: Үлкен ұлым бұдан 15
жыл бұрын Шәңгіштайдан біржола кетіп, Қарағандының шахтасына
жұмысқа тұрып қалған. Иә, бұл ауылдан содан кейін де кімдер безбеді
десеңші [25,111б.]. М4.: Совет өкіметі де тонды қайта пішпеді. Жер
шалғай, қатынас қиын дегенді сылтауратып, бұрынғы Шәңгіштай
болысының 10 мың халқы бар Қосағашты отызыншы жылдарды
Таулы Алтай автономиялық облысына қоса салды да, Қатынысу мен
Шабанбайдың сүбесін Алтай өлкесіне кесіп әкетіп еді, 1955 жылыы
ғана шетпұшпақтап қайтарған болды: Өрдегі, Қатын, Жазаба,
Бекалқа, Көкжота секілді байырғы жұртымен ел жылап көріскен
[3,153б.]. М5.: Шәңгіш таяқ қыз берген түсіп қалып, Шәңгіштай дейтін
атау содан қапты [7,87б.]. М6.: Өскемен-Зайсан үйезіндегі жер көлемі
жағынан да, халқының саны жағынан да ең үлкен болыс Шәңгіштай
еді [170,25б.].
ШӘУЛІМШЕ - төбе, Катонқарағай а.о. Шәулі – бүркіттің аталығы,
бүркіттің еркегін «шәулі», ұрғашысын «ұябасар» дейді [57,314б.].
Олай болса, жас бүркіттер мекені болған төбе осылай аталса керек.
М.: Біздің ауылдың биігі – Қаратаудың соңына қойылған соңғы
301
нүктедей – Шәулімше төбенің Мұзтаудан аласа екенін ойласам, көңілім
қоңылтақсып-ақ қалады [25,312б].
Достарыңызбен бөлісу: |