Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет282/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ШЕБІКТІ – тау, Алтынбел а.о. Шебік сөзіне «-ті» сын есім 
тудырушы жұрнағы жалғану арқылы жасалған атау.
 Шебік сөзінің 
мағынасы анық емес. Монғол тілінен енген атау болуы мүмкін [121].
ШЕРДІАЯҚ – ж.а., Катонқарағай а.о. Антропотопним. Адамның 
лақап аты негізінде қалыптасқан атау. Өңірде орын алған оқиға 
байланысты болып табылады. М.: «Баяғында бір жігіт болыпты. Ол 
атқа мініп жүріп жарақаттанады. Жігіт Қоңыр аттың жаралағанын 
елге айтпайды. Жігіт аяғы қағына жабысып, күп болып ісіп, аяғының 
ауруынан күні-түні зарлайды. Аяғынан шерленіп ақыры өліпті. Жер 
атауы Высокогор совхозының орталығы Шердіаяқ деп сонан аталса 
керек» [41,190б.].
ШИМОЙЫН ТЕКШЕ – тау, Белқарағай а.о. Этнотопним. Ру 
атауына текше (зат есім) сөзінің тіркесуі арқылы қалыптасқан атау. 
Мұндағы текше – таудың бетінде орналасқан жазық жер деген мағына 
береді. М: Майя текшесі жанында орналасқан. Осы жерде шимойын 
деген ру тұрған. Солардың аттарымен аталған[134].
ШОҚҚАЙЫҢ – ауыл, тарихи атау. Шоқ (сын есім) және қайың зат 
есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Жалпы атау «бір жерге 
шоғырланған көп қайың» деген мағына береді. М1.: Бұл Шоққайың 
жер жаратылғаннан бар. Заманында Қуқарағай, онан Киізқала, 
онан Жетінші ауыл атанып, қарағайы қырқылып, киізі тозып, нөмірі 
қашып кеткен соң отыз жыл бойы «Ұлы Көсемнің» шекпенін жамылып 
еді, ол шекпеннің де кәдірі таусылып, жыртық-тесігінен жел гулей 
бастағанда құдай берген таз телпегіндей әуелгі Шоққайыңын қайта 
киіп алды. Әйтеуір өзіне жарасады. Қайың тұрмақ қамшыға сап 
боларлық қызыл тобылғы табылмайтын қу тақырдың қайыңы қайда 
деп ешкім сұраған емес. Сұрағанмен сол қайыңның болған-болмағанын 
осы ауылдың жалғыз ақсақалы Бозағаңнан басқа білетін адам да жоқ. 
Баяғыда «қалхоз бол!» - деп жарлық шыққанда Шоңмұрынның елу 
түтінін бұйдасынан жетелеп әкеліп Бүркіт бойына қондырған екен, 
Алтайдың мұзартынан арсы-күрсі құлап түсетін сол Бүркіт Күлместі 
сүзе-мүзе күркіреп әлі жатыр; жалғыз көшенің бойына телміріп, 
іргесіндегі екі бірдей өзенге иегін жеткізе алмай шерменде болған 
жетім ауыл үрердей үйездеп әлі отыр... [169,3б.]М2.: Кәліктіп болып 
та, сапқоз болып та жарты ғасырда түкке жарымаған Шоққайың 
жұртының кедейліктен құты қашып, құлқы тозғаны былай тұрсын, 


302
сол кеейлік өзегіне түсіп, елдік қасиетінен де айырылып қалғаны ма? 
...[169,19б.] .
ШОҚҚАРАҒАЙ – жайлау, Белқарағай а.о. Шоқ (сын есім) және 
қарағай зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Жалпы атау 
«бір жерге шоғырланған көп қарағай» деген мағына береді [135].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет