ШӨГЕЛ – жайлау, Катонқарағай а.о. Антропотопоним. М: Шөгел деген би адам болған. Би адам есімімен аталып кеткен[132]
ШӨГЕЛ – көл, Катонқарағай а.о. Антропотопоним. М: Шөгел деген би адам болған. Сол кісінің атымен аталған[132].
ШӨГЕЛ – қыстау, Катонқарағай а.о. Антропотопоним. М: Шөгел деген би адам болған. Қыстау би атымен аталып кеткен[132].
ШӨПТІКӨЛ – көл, Өрел а.о. Шөпті (сын есім) және көл (зат
есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Шөпті – шөп сөзіне
«-ті» сын есім тудырушы жұрнағы жалғануы арқылы жасалған. Көл –
гиронимдік термин. Маңайын, түбін шөп басқан көлге берілген атау
болып табылады. М: Қаракөлдің кейін тұр. Шөп арасында тұрғаннан кейін, Шөптікөл аталуы керек[100].
ШӨПТІКӨЛДІҢ БҰЛАҒЫ – бұлақ, Өрел а.о. Шөпті (сын есім)
және көл (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Шөпті
– шөп сөзіне «-ті» сын есім тудырушы жұрнағы жалғануы арқылы
жасалған. Көл – гиронимдік термин. Маңайын, түбін шөп басқан көлге
берілген атау болып табылады. Көлге келіп құятын бұлаққа да осы атау
берілсе керек. М: Шөптікөлден ағып шығатын бұлақ болғаннан кейін, Шөптікөл бұлағы аталған [100].
ШТАПТАС – ж.а., Жамбыл а.о. Штап (зат есім) және тас (зат есім)
сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Атаудың бірінші компоненті
орыс тілінен енген кірме атау, «мекен» мағынасын беретін әскери термин
болып табылады. Ал тас – таудың қатты жынысы, соның үлкенді-кішілі
бөлшектері [56, 19 б.] деген мағына береді. Атау қалыптастыруда «тас»
сөзі негізгі белгі болып табылады. Яғни арнайы мекен – штап тәріздес
тасқа берілген ерекше атау [120].
ШУ – өзен, Аққайнар а.о. Шу/ чу/су – су мағынасын беретін көне
түркілік түбір. Гидроним атауында бастапқы формасын сақтап қалған.
Бүгінгі таңда чуваш тілінде осы мағынасында сақталған сөз. М1.: Шу, Сарысу бойын қыстап, көктемде безерген Бетпақты еріген қар суын қуалап үдере көшуші еді [2,154б.]. М2.: Осының бәрін кемерлеп, етек-жеңді тұйықтап сонау етекте Шорнауаның Шу өзені жатыр [170]; М: Ауылдың бойында ағып жатқан өзен аты. Қатты шулап ағатындықтан шу өзені деген. Ауылды Черновая атауынан өзгеркенде осы атауыды қоймақшы болған. Бірақ Қазақстанның басқа да жерлерін де Шу атауы болғандықтан, олай қоймады[116].
ШҰБАРАҒАШ – жайлау, Катонқарағай а.о. Ойконим. Өзен атауы
негізінде қалыптасқан атау. М1.: Сары шапанының тысы аударылып, әдібі сөгілген «Шұбарағаш» жазығы әлде де болса дес бермеймін
305
дегендей плуг дүзіне жармасып, «қара тұлпарды» ышқындырып қалады [25,73б.] М2.: Шұбарағашта сүрлем салып жүрген Жаңаүлгі пішеншілеріне келгенде әлгінде желіп өте шыққан нөсердің қалдығы ма, қабағы салбыраңқы аспаннан ұсақ тамшылар себезгілеп тұрды [25,75б.]. М3.: Ғасырлар бойы балқарағай жаңғағы жергілікті халықтың жеңсік тамағының бірі саналып келеді. Шұбарағаш,