ОҚАП – жер бедеріндегі кедір – бұдыр.
ОР – 1. Сыртқы табиғат күштерінің әсерінен ойылып түсіп, не
ұзыннан –ұзын терең жыра болып қалған жер бедері; 2. Қорғаным
мақсаттарына орай, бекініс айналасынан тереңдетіп қазылып, біршама
аралыққа дейін созылып жататын ені кең шұңқыр желісі.
ӨЗЕК – екі жағы дөңестеу боп келген жер бетінің аралығында
созылып жатқан ені тарлау кішірек сай, жылға табаны.
ӨР – төменнен биікке қарай жоғарылап, көтеріле түсетін жер деңгейі.
ӨТКЕЛ – өзеннің суын жалдап, қарсы бетке өтіп шығатын таяз жері.
САҒА – өзен арнасы, я болмаса тау жотасының бір – бірімен
жақындар келіп түйісер тұсы.
САЙ – үлкен жыра, аңғар.
СҰЛАМА – кең көсіліп жатқан жазық жер.
СІЛЕМ – ұзыннын – ұзын созылып жатқан тау жоталарының біресе
төмендеп, біресе жоғарылап көтеріліп әрмен қарай жалғаса беретін
тізбегі.
ТАБАН – өзектің, сайдың, жылғаның, өзен аңғарының су ағып
жататын төменгі тұсы.
ТАҚЫР – бетінде қылтиып өскен қылпығы жоқ, үсті қақтанып,
құлазып жатқан тегіс жер бөлігі.
ТАРТПА – батып кететін батпақты сор.
ТАСТАҚ – топырақ қыртысының құрамы сақырлаған ірілі – ұсақты
тастардан құралып, егін егуге жарамайтын жер.
ТАСТЫ – топырақ құрамында тас мол кездесетін жер.
ТАУ – биіктігі теңіз деңгейінен бірнеше жүздеген метрден бірнеше
мыңдаған метрлерге дейін көтеріліп, сілемі ұзаған сайын өз деңгейінен
шұғыл ауытқып, бірде төмендеп, бірде қайта жоғарылап отыратын,
құрылымы жағынан қатпарлы – жақпарлы болып жататын, жоталы
жонды аймақ.
Қазақ халқы өз тауларының табиғи – географиялық ерекшеліктерімен
қатар олардың өз тарихында атқарған саяси – әлеуметтік маңызын
да бағалап, сол арқылы сипаттап отырған: «қазақтың қамалы болған
Қаратау, ордасы болған Ұлытау, қорғаны болған Алатау» деп келетін
тұрақты теңеу тіркестері осының айғағы.
ТЕГІС – ой – қыры, кедір – бұдыры жоқ, жайдақ келген кең көлемді
жазық алап.