«ҚАРҒЫН» РОМАНЫНДАҒЫ ЖАСЫН БЕЙНЕСІ
Жанҧзақова Қ.Т.- ф. ғ. к. (Алматы қ., Қазмемқызпу)
Дулат Исабеков 2007 жылы «Қазақ әдебиетіне» берген бір сҧхбатында:
«Қарғынды жазғанда мен де романтик болатынмын. Жазушы кӛп те, суреткер аз.
Суреткер ӛмірін, болмысын ӛзімше танытқым келіп еді. Жастар Жасынды идеал
тҧтса, жазушы ретінде бір мақсатымның жҥзеге асқаны болар. Ал мына заманда
балаңды романтик етіп тәрбиелеуге қорқасың. Ӛйткені, ертең ол ортаға қосыла
алмай, шеттеп қалады. ХХ ғасырмен бірге романтика да кеткен сияқты кӛрінеді
маған» - деп жазыпты.
Кеңестік әдебиеттануда «социалистік реализмді» қалай мадақтасақ екен
деген желеумен жҥргенде басқа әдеби дәстҥрлерді сҧйылтып алдық. Кеңестік
әдебиеттану ғылымы реализм мен ӛршіл романтиканың жымдаса бірігуі
социалистік реализм болады деп анайылау тҥсіндірді. Романтизм дәстҥрі қазақ
әдебиетінің тарихында ақын-жазушылардың шығармаларында сақталып келді.
ХХ ғасырдың екінші жартысында әдебиетте романтизм айқын кӛріне бастады.
Алайда бҧл қҧбылысқа жете назар аудармай, социалистік реализм дәстҥріне дақ
тҥсірердей сезінген кездер де болды. Соған қарамастан романтикалық сыңайда
жазылған шығармаларда кӛркемдік ізденістер, соны ой мен ҧтқыр образдар
кездесіп отырды.
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы (60-80 жылдар) қазақ прозасы ҥлкен
кӛркемдік ізденістерге қол жеткізді. Осы кезеңде жарық кӛрген тақырыптық
жағынан әралуан туындылардың басым кӛпшілігінде романтикалық бояу анық
байқалып отырды. Сондай шығарманың бірі – Д.Исабековтың «Қарғын» романы.
«Қарғын» романында жазушы ӛмірдің, тҧрмыс-тіршіліктің эпикалық
тынысын беруге емес, адамның рухани дҥниесіне ҥңіле отырып рухани әлем
қатынас-қақтығыстарына ден қояды. Д.Исабековтің «Қарғын» романындағы
Жасын бейнесі сол кезеңдегі қазақ әдебиетіндегі реалистік негізде жасалған
белсенді кҥрескер коммунистің бейнесінен мҥлдем ӛзгеше. Ол сол кезеңдегі
шығармаларда орын алған мінсіз, «жағымды» кейіпкер де емес. Жасын – оқыған,
білімді, іштей еркін, терең тҥйсіктің, сарабдал да сыншыл мінездің адамы. Бірақ
оның бойынан айналасына бейжай, селқос қарайтын мінезін де байқаймыз,
табиғатында циник, тіпті ӛзімшілдігі де жоқ емес. Ӛзге тҥгілі, кейде ӛзін-ӛзі де
тҥсінбейді.
Жасын социалистік реализм ҥлгісіндегі замандастың бедерлі бейнесінен
бӛлек сомдалған. Бҧл шығарманың кезінде кӛп сынға ҧшырап, сыншылар мен
жазушылар тарапынан әралуан, қайшылықты пікірлер тудырғаны да сондықтан
болар. Сыншы Т.Тоқбергенов «Жасын – ойлы, білімді, ӛнерлі жастың образы»
екенін, бірақ оған «кҥрескер мінездің» жетпей жатқанын баса айтты. Ол: «Дулат
осы кейіпкерінің қай заманда тіршілік кешіп отырғанын жеткізе ойланды ма,
қоғамдық тҧрғыдан, бҥгінгі кҥн тҧрғысынан ойланды ма? Жасындағы ӛзімшілдік,
нигилистік пиғылға себеп ашылды ма – ол арасына ой жіберді ме? Бір кездегі
Рудин, Базаровтар сондай болса, ӛз тҧсының әлеуметтік шындығы қол байлау
болды емес пе? Ал Жасынның ашылмайтыны несі? Адам мінезінің, қаракет-
тірлігінің жҧмбақ кҥйде қалуы тҥйткіл сала береді» /1,10/ - десе, жазушы
Д.Досжанов романға айтқан пікірінде: «Жасынның ӛмірдегі кӛзқарасы, ҧстанған
беті қайсы, кімдерге кереғар келіп жҥр, жиырмасыншы ғасырдың Онегині мен
Печорині секілді пҧшайман хал кешуіне жол болсын? Оған басты себеп-салдар
қайсы? -Міне, осы сауалдарға дәйекті жауап болғаны жӛн еді-ау» - дейді.
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008.
76
Романды салқын қабылдаған сыншылар кӛбінесе Жасын бейнесін сол
заманның әлеуметтік тынысы, шындығы тҧрғысынан бағалады. Ал романның
табиғатын, кӛркемдік қҧрылымын тану, ең алдымен осы Жасынның болмысын
тап баса білумен байланысты.
Жоғарыда Д.Досжанов тізбелеген сауалдарға жауапты біз шығарманың ӛн
бойынан табамыз. Ол ҥшін Жасынның мінез-қҧлқына, адамдық болмысына баса
назар аудару қажет. Шығарманы сынай отырып, Д.Досжанов Жасынның бойынан
ХІХ ғасырдағы орыс әдебиетіндегі романтикалық Онегин, Печорин бейнелерімен
ортақ ҧқсастық кӛріп отыр. Романтикалық кейіпкердің заманының әлеуметтік
жағдайына кӛңілі толмауы, айналадағы ӛмірге сын кӛзімен қарауы, әсем идеал
мен болмыс арасындағы ымырасыздық, субьективті әлемге ден қою - жалпы
романтизм эстетикасына тән. Осы кейіпкерлер секілді Жасын да беймаза кҥй
кешіп, торығып, тыныштық таба алмайды. Неліктен? Мҧның бір ҧшығы
Жасынның ӛз ортасына, әлеуметтік шындыққа кӛңілі толмай, қанағат таппауында
жатыр. «Замандастарымыздың жарқын бейнесін» жасап, «жарқын ӛмірді»
суреттеген шығармалар ғана мақталып, Жасынның жаңа романы сынға
ҧшырайды. Белгілі бір қалыпқа сыймаған шығармаларға қара бояу жаққан сын
ӛресінің аласалығы жазушының жанын ауыртады. Идеология әдебиетке, кӛркем
шығармаға теріс ықпалын тигізген қоғамға Жасынның ішкі наразылығын кӛреміз.
Жасын қоғамды жайлаған тоғышарлыққа, ӛз ортасының моральдық
институттарына кереғар келеді. Жазушы романда жеке тҧлғаның ішкі рухани
әлеміне ҥңіліп, тҧлға мен оның ӛмір сҥрген ортасы, қоғам арасындағы
арабайланысты алтын арқау етеді.
Ӛзіне де беймәлім нәрсені шарқ ҧра іздеп, беймаза кҥй кешкен кейіпкер
жалғыздығынан жапа шегеді. Ӛйткені адам жаны неғҧрлым нәзік, терең болған
сайын – жанды қанағаттандыруға деген ҧмтылысы, жан айқайы соғҧрлым кҥшті
болмақ. Жасын ҥшін Бағила – тазалықтың, пәктіктің кӛзі. Оның қызбен рухани
туыстығының, жан жақындығының негізінде ӛзара сҥйіспеншілік туындайды.
Қызбен жолыққаннан кейін ол ӛз бойынан бҧрын-соңды байқап кӛрмеген ерекше
сезімді байқайды. Ол ҥшін Бағила – «сҧлулық пен ынтызарлықтың символы»
/2,175/. Ӛз кезегінде Жасын да балғын, ӛмірлік тәжірибесі аз қыздың іштей
есеюіне, рухани толысуына, оның жеңгесі Мәликенің де жан дҥниесінің
жаңғыруына әсер етеді.
Жасын – кҥрделі тҧлға. Қалыптасқан қағидаға, догмаға жаны қас оның кез
келген нәрсеге ӛзінің жеке тәуелсіз ойы бар. Рухани ішкі еркіндікті,
шығармашылық дербестікті бәрінен жоғары қоятыны да сондықтан. Сырттай
қатал да қатыгез кӛрінуге тырысқанымен жаны нәзік Жасын сергелдеңге тҥсіп,
қызға деген ыстық ықыласынан, сезімінен шошиды. Ол іштей ӛз-ӛзімен егесіп
бақса да, Бағиланы ӛз ӛмірінен ығыстыра алмайды. Жасын махаббат туралы іштей
толғанып, жазушы (Д.И.) суреттегендей «философиялық-романтикалық халге
тҥседі /2,150/ және сол кҥйіне кекесінмен де қарайды. Шығарманың басында
қызға қатал болған Жасынның романның соңында ӛзгеріп, жҧмсарғанын
байқаймыз.
Шығармада романтикалық бояу кейіпкердің мінез ерекшелігінен кӛрінеді.
Романда Сәргел, Тҧрғат сынды кейіпкерлерге рухани бай, табиғаты нәзік Мәлике,
Бағила қарсы қойылған. Бағиланы суреттеуде, оның портретін сомдауда қалагер
романтикалық бейнелеу тәсілін қолданады. Бағиланың мінсіз ақ жҥзін «табиғат
бар ӛнерін сарқа жҧмсап» жасаған. «Бағиланың ... қалпы мен бҥкіл болмысы
сҧлулық пен пәктік қандай болмақ? – деген сауалына жаратылыстың ҥнсіз беріп
тҧрған жауабына сайғандай /2,29/. Оның бойында әйелге тән сирек кездесетін
әдемілік қана емес, «бҧлақ бастауындай тазалық, маң далада туған айдай әсемдік,
жаңбырдан соңғы қарақаттай мӛлдірлік, таң алдында ашылған гҥлдей пәктік»
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №5 2008.
77
жарасым тапқан. Ал Бағиланың суретші салған портреті «сҧлулық пен пәктік
пендешілік пен тіршіліктің ҧсақ-тҥйегіне пайғамбар биіктігінен қарап тҧр.
Мҧндай әсемдік пен тазалықты бҧзуға, оған дақ тҥсіруге батылың да, арың
жетпейді. Оған қарап тҧрып ӛз бойыңдағы тазалықты еріксіз таразыға салуға
мәжбҥр боласың, таразыға саласың да қоқысың мен лайсаңның баршылық екенін
кӛріп, ӛзіңді-ӛзің бейшара санайсың, ӛз-ӛзіңнен ҧяласың» /2,84/. Кейіпкерді
идеалдандыру - әдебиеттанудың ең ӛзекті мәселелерінің бірі, бірақ ол кӛп
зерттеле қоймаған. Эстетикалық идеал кез-келген ӛнер туындысына ӛзек бола
алады, бірақ оның романтизмде алар орны ерекше. Қаламгердің Бағиланы
суреттеудегі максимализмін, кейіпкер мінезін, сҧлулығын даралай бейнелеуін,
тіпті идеалдандырып жіберуін де аңғару қиын емес.
Ӛмірге эстетикалық идеал тҧрғысынан баға беру тек жалпы романтизм
эстетикасына ғана тән белгі ғана емес, қазақ романтизміне де тән. Мҧндағы
ерекшелік романтиктердің ӛздері іздеген қанағатты, мәңгілікті әлеуметтік
қҧбылыстардан, табиғат әлемінен, рухани дҥниеден табуында. Жасын жаны
тыным таппай, адамдарды ойландырған сан сҧраққа сарыла жауап іздейді. Ол
қоғамдағы рухани жҧтаңдыққа, материалдық дҥниеге, адамдардың тоғышар
тіршілікке ӛз наразылығын білдіреді. Ол: «Мен тоқ адамды жек кӛрем. Ӛйткені
тоқ адамның кӛзі соқыр, қҧлағы керең келеді. Оларға ӛнер де, ҧлт та, ертеңгі кҥн
де, дҥниедегі ӛзгерістер де қажет емес, оларға қарын ғана қажет. Отырған орны,
мінген кӛлігі ғана қажет. Ӛмірден тҥк сезінбей осылай ӛтеді. Солай ӛтерін ӛздері
сезінбейді, соны сезініп оларға жаның ашиды...Қайда барсаң да алдыңнан
шығады. Адамдармен араласқанды кӛп ҧнатпаймын. Ойсыз кӛзді, санасыз басты
кездестірем бе деп қорқам. Кісіге жҧғымым жоқ шығар деп те ӛзіме сын кӛзімен
қарап кӛргем, ылайым солай болса деп те тілегем. Ӛкініштісі сол – қателеспегем
екем» – деп толғанады.
Жасынның ӛз ортасына сыймай, қоғамға сын кӛзімен қарауы романтикалық
мінез табиғатымен астасып жатыр. Осы ретте ғалым Л.Гинзбургтің романтикалық
қарама-қайшылық туралы пікірі Жасынның мінезін тҥсіндіруге мҥмкіндік береді:
«Романтическое противоречие философски осмыслялось как полярность, как
сосуществование противоположностей, нераздельно между собой сопряженных.
В плане душевной жизни – это противоречивое единство личности, конечной и
одновременно устремленной к бесконечному и сверхчувственному. Романтизм
обратился к противоречиям целостной личности. Определяет ее противостояние
бесконечного и конечного, идеала и непросветленной вещественности в разных
модификациях – вплоть до социально окрашенного конфликта избранника и
общества, поэта и толпы» /3,219/. Жасынның жоғарыдағы пікірінен адамдардың
материалдық байлыққа, тҧрмысын жақсартуға ғана ҧмтылып, рухани
қҧндылықтарды ҧмытқан қатыбастығы мен қоғамды жайлаған тоғышарлыққа,
тірлік кҥйбеңіне қарсылығын кӛреміз. Бҧл турасында жазушы шығармашылығына
әділ бағасын берген сыншы Ә.Бӛпежанова былай дейді: «Жалпы Дулат
творчествосында жаратылысында «туа бітті азат» адам баласының арман-ҥміт-
тілегі мен кешкен ғҧмырының арасындағы алшақтық-сәйкессіздіктердің
объективті-субъективті себептеріне ҥңілуі – адам баласының бақытты да
толыққанды рухани ғҧмыр кешуіне деген саналы сағыныштан бастау алатындай»
/8/.
Романда жазушы ӛз кейіпкерлерін олардың кітапқа деген қатынасы арқылы
суреттейді. Жазушы дҥниетанымында кітап – руханият белгісі, білімнің кӛзі,
рухани байлық. Кейіпкерлердің кітапты бағалауы арқылы автор оларға мінездеме
береді. Шығармада тоғышарлық дертіне шалдыққан Сәргел, Тҧрғат кітапты
адамның білім кӛкжиегін кеңейтетін дҥние емес, ҥйде сӛрелерде сән ҥшін сықиып
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008.
78
жиналып тҧратын мҥлік ретінде қабылдайды. Бағила алғаш рет Сәргелдің ҥйіне
келгенде, сӛредегі қатарлана жиналған, беттері ешқашан ашылмаған жап-жаңа
кітаптарға кӛзі тҥседі де, «бҧл ҥйдегі кітаптардың білім кӛзі есебінде атқаратын
қызметінен гӛрі мҥлік ретінде атқарар ролі басымырақ екенін аңғарады» /2,28/.
Ол ҥй иесінің мына кітаптарды тҥгел оқыған-оқымағаны жайлы ӛз кӛңілінде бір
сҧрақтың жылт ете қалғанына таңырқаған жоқ. Жасын университетте сабақ
беретін, ғылым докторлығын қорғаған Сәргелмен телефоннан бір тіл қатысқаннан
кейін-ақ «ешқашан кӛркем шығарма оқымаған, оқимын деген ниеті жоқ» /2,95/
адам екен деп бағалайды. Ал қарапайым ауыл адамы грейдерші Кенжетайдың
қалтасынан ақ қар, кӛк мҧзда жҥрсе де, кітап тҥспейді. Далада жалғыз ҥй отырған
шопан Қаратайдың ӛзі ежелеп кітап оқып отырады. Мәлике мен Бағиланың да
кітапқа деген ілтипаты ерекше.
Жасынның суреттелуінде де романтикалық бейнелеу тәсілінің орны басым.
Романтизм эстетикасында кейіпкер қарама-қайшылықтың бірлігінен тҧрады.
Жасында ой мен сезім, адамның ішіне ҥңіле білетін сҧңғылалығы, сҧлулыққа,
тазалыққа деген іңкәрлігі мен терең парасаты бар. Сонымен қатар ӛзін сҥйген жас
қызды аямай, сынап-мінеген қаталдығы, қатыгездігі, ӛз сезімін ӛзі тҧншықтырған
асаулығы, менмендігі тағы бар. Бағиланың айналасына мінезі тосын кӛрінетін
Жасынды «бір жағы жылы, бір жағы аяз, жер деп аталатын ҥлкен қазандағы алып
мҧзға» теңеуі тегін емес.
Шығармада жазушы бейнесі символ дәрежесіне дейін кӛтерілген, ал бҧл –
романтизмнің негізгі белгілерінің бірі. Жасын деген атының ӛзі символдық мән
жҥктеген, яғни «қыран кӛз, Жасын десе жасындай келісті, найзағайдай тіліп
тҥсетін ӛткір ойлы жазушыға ғана тән» есім.
Д.Исабеков кейіпкерлеріне рухани максимализм тән. Олар басқа адамдардан
бойын аулақ ҧстап, оңашалау жҥргенімен, болып жатқан оқиғаға белсене
араласып, жауапкершілік жҥктеуден қашпайды. Тағдырдың басқа салған
талқысына тӛзе білетін кейіпкерлерінің кӛбі ҥнемі азап шегіп жҥреді. Кейде
трагедиялы халге душар болып жатады. Жандары қиналысқа тҥссе де оларды
адамгершілік мәселесі, рухани қҧндылықтар, адам ӛмірінің мәні мен мағынасы
мәселелері толғандырады.
Қалыпты ҧғымдағы кейіпкерге келе бермейтін Жасын да шығармашылық
адамына тән мінезбен адам мен қоғам, махаббат пен адалдық, адамның ішкі
рухани тазалығы, сезім табиғилығы туралы толғанып, іштей талқыға тҥседі. Ол
жеке адамның ішкі рухани еркіндігін жоғары қояды. Мінез-қҧлығы кӛп адамға
тҥсініксіз, қаракеті ӛзгеше ол ӛзімен де, ортасымен де қарама-қайшылықты
қатынаста. Бірақ Бағиламен кездескеннен кейін Жасынның ӛміріне ӛзгеріс ене
бастайды, «ішкі дҥниесіне қарғын судай кҥрт ӛзгеріс енеді». Роман тақырыбының
осылай аталуында да мән бар. Жасын ҥшін Бағила - рухани жаңарудың кӛзі.
Тҧрғат Жасынға рухани-мәдени тыныс-тіршілік жағынан қарама-қарсы
кейіпкер ретінде суреттелген. Бағила бҧл екеуі туралы: «Бір-біріне кереғар екі
адам. Мақсаттары да, мақсатқа барар жолдары да, таным-тҥйсіктері де екі басқа»
– деп ой тҥйеді. Екеуінің Бағиланы қабылдауы да, дҥниетанымы да екі тҥрлі.
Жасын ҥшін Бағила «сҧлулықтың.пәктіктің ҥлгісі» болса, Тҧрғат ҥшін сегіз
бӛлмелі ҥйінің сәнін келтіретін қымбат «алтын жиһаз» ғана. Тҧрғат материалдық
дҥниеге жақын, Бағила ол ҥшін - зат.
Романда материалдық және рухани қҧндылықтардың қарама-қайшылығын
кӛреміз. Мансап пен атақ, жоғары қызмет ҥшін барын аямайтын Сәргелдің
әлеуметтік тҧрмысы қаншалықты жақсы, жайлы болғанымен рухани дҥниесі де
соншалықты жҧтаң. Жазушы Сәргел, Тҧрғат бейнелері арқылы арқылы тоғышар
тіршіліктің психологиясына талдау жасайды. Романда рухани бастауды ҥнемі
адамгершілік, ішкі ізденісте жҥретін Жасынның, рухани толысу шырғалаңдарын
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №5 2008.
79
басынан кешкен Бағиланың, Мәликаның және қарапайым ауыл адамдарының
бейнелері арқылы бағамдаймыз. Материалдық дҥние ӛмірді мансаппен, атақпен,
жасау-жиһазбен ӛлшейтін Сәргел, Тҧрғат бейнелері арқылы айқындалады. Бҧл
екеуінің арасындағы романтикалық кереғарлық әлеуметтік-адамгершілік
мағынаға ие. Материалдық дҥниенің тҧтқыны болған Сәргел мен Тҥрғат ӛз
әлемінде тоқ ӛмір сҥріп, оған риза болса, Мәлике мен Жасын
айналасындағылардың жандарына жат тоғышар тіршілігін қабылдамай, басқа
рухани әлемге талпынады.
«Сәргел, Тҧрғат бейнелері негізінде жазушы тоғышарлық тіршіліктің
психологиясына әр қырынан талдау жасайды. Ӛміртанымдары таяз, ой-ӛрісі
тарлау, осы кембағалдықтарын ӛздері де ептеп тҥйсінетін бҧл кейіпкерлер, сӛз
жоқ, аяныш тудырады. Бҧл аяныш романның тағы бір кейіпкері Мәнсияға деген
аяныштан ӛзгешелеу. Ӛйткені Мәнсия туа бітті кемтар болса, Сәргел мен
Тҧрғаттардыкі рухани кембағалдық» - дейді сыншы Ә.Бӛпежанова /16/.
Шығармада Жасынның арғы болашақ ӛмірі белгісіз кҥйде қалған. Суреткер
роман соңында оқиға шешімін оқырманның ӛз ҥлесіне қалдырады, әркім ӛз
тҥйсігіне орай ӛрбітер кең желі тастайды. Д.Исабеков стиліне ӛз оқырманын
болып жатқан оқиғаға бей-жай қалдырмай қатыстырып отыру тән.
Д.Исабеков шығармаларында романтизм қиялға негізделген шындықтан,
шарттылықтан немесе мифтік-романтикалық сюжеттерден жасалмайды. Сыншы
Ә.Қодаров : «Д.Исабеков - қазақ әдебиетіне тҧңғыш болып Саттар Ерубаев
әкелген дәстҥрлі европалық ҥлгідегі романтизмге жақын жазушылардың бірі» -
деп бағалаған болатын. «Қарғын» романында нақты реализм мен нәзік символика,
рухани максимализм ҥйлесім тапқан. Жазушы шығармаларында романтизм
кейіпкердің мінез ерекшелігінен, жасаған ісінен, әрекетінен байқалады.
Жазушының алғашқы повесі «Гауһартасты» да, «Қарғын» романын да таза
реалистік деуге келмейді. «Қарғын» романында романтикалық сарын бар, бірақ ол
реалистік бейнелеу тәсілінің шеңберінен шыға қоймайды.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Тоқбергенов Т. Ай мҥйіз: Портреттер, эсселер. – Алматы: Жалын, 1990.
2.Исабеков Д. Екі томдық таңдамалы шығармалар. – Алматы: Жазушы. Т.2.
1993.
3.Гинзбург Л. О литературном герое. – Москва: Сов.писатель,
ТҤЙІНДЕМЕ
Мақалада Д.Исабековтің «Қарғын» романындағы романтизм әдісі
қарастылған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается романтизм Д.Исабекова в романе «Половодье».
ТАРИХИ РОМАН ТАҒЛЫМЫ
Зайкенова Р. – ф. ғ.к., доцент (Алматы қ., Қазмемқызпу)
Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,
майталман қаламгер Қабдеш Жҧмаділовтің қаламынан 12-томдық таңдамалы
шығармалары жарық кӛрді. Оның 10 томы да роман десек, мҧның бесеуі таза
тарихи тақырыпты яғни ҧлт тағдырын қозғайды. Біз осының ішінде екінің бірі
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008.
80
бара алмаған шекара мәселесі, оның екі жағындағы адамдар тағдыры егжей-
тегжейлі сӛз болатын «Тағдыр» романына тоқталмақпыз. Аталмыш роман
жанрлық сипаты жағынан тарихи-кӛркем туынды болғанымен, бҧл шығарма 1880
жылдары екі алып империя шекара бӛліскенде қызыл сызықтың арғы жағында
қалып қойған қазақтардың шежіресі іспетті. Цин (Чин, Ежен хан, Маншың)
империясының (1644-1911жж.) 18-ғасырдың орта шенінде Орта Азияға дейін ірге
жайып келуі, қазақ тарихында ҧлт-азаттық кӛтерілістердің тууына аса ҥлкен
ықпал жасады. Кейбір зерттеу еңбектерде Чин атауы қолданылады. Негізінде
Чин, Цин, Еженхан, Маншың сӛздері бір ҧғымды береді. «Қытайды Шығыста
Чин деп атайды, яғни Иисус Христос туғанға дейінгі 221-206 жылдары патшалық
қҧрған бірінші монархиялық император әулетінің Цин деген атымен атап, бірақ
Цин деудің орнына Чин деп бҧрмалап кеткен. Бҧл әулеттің негізін қалаушы Цин
Ши-Хуан-ди деген кісі болған. Цин әулеті екінші буынында ішкі ӛзара
соғыстардың салдарынан қҧрып кеткен»,-деген Шоқан Уәлихановтың
тҧжырымдамасына сай жазушы Цин деген атауға табан тірейді/1/. Роман сюжеті
Тарбағатай ӛңірі, Қҧлыстай ӛлкесі және Маньчжур ӛкіметінің «Сунцзай-чан»,
яғни «жаңғырған қала» деп атаған бірақ қазақтар бӛтен сӛзге тілі келмегендіктен,
Шәуешек деп атап кеткен қаласында, бас кейіпкер, тарихта болған адам, Демежан
айналасында ӛрбиді. «Шәуешек»-тҥрік-монғол тілінде тостаған деген мағына
береді. Былай ойлап қарасаң, шынында да, айдалаға келіп орнаған шара-аяқтай
ғана шағын бекініске бҧдан артық қандай ат қоюға болады», -дейді автор/2/.
Шәуешек тағы бір зерттеу еңбектерде ру аты ретінде кездеседі.
1988 жылы «Жазушы» баспасынан жарық кӛрген «Тағдыр» романының
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығынына ие болуы тегін емес. Ӛйткені
тарихи шығарма жазғаннан кейін ондағы деректерге ешкім дау айтып, кҥмән
келтірмеуі керек. Автордың ӛзі сол ӛлкеде туып ӛскендіктен, оған Демежанның ел
ішіндегі ӛмірі, бақкҥндес ағайындармен, алпауыт халдайлармен тартысы бала
жастан қанық болғанымен, сол кездегі Маншың хандығының ішкі-сыртқы
жағдайы, орыс-қытай қарым-қатынасы, шекара бӛлісінің жәй-жапсары әлі де
толық емес еді. Сондықтан жазушы бір жылдай уақытын архивтерді ақтарып,
тарихи зерттеулерге ҥңіліп, Маншың династиясының ҥш ғасырлық шежіресін
бастан-аяқ сҥзіп шығады. Әсіресе, соңғы жесір патшайым Цыси тҧсындағы сарай
тӛңкерістері мен оның Шынжаңға жеткен думпуін тҥгел оқып зерттейді. Шекара
бӛлісудің қҧжаттары: 1861 жылғы Петербург келісімі, 1881 жылғы Бежин
келісімі, 1884 жылғы Шәуешек хаттамасы да назардан тыс қалмаған. Сол тҧста
Шәуешекте тҧрған алғашқы орыс консулдары ( Татаринков, Балкашин, Федоров
т.б.), Тарбағатай аймағын билеген амбылар (князь, губернатор мағынасында) мен
халдайлар (шекара қызметшілері), шекара бӛлісінен кейін ел ішінде ӛткен
алғашқы сайлау, қазақтан шыққан тҧңғыш ҥкірдайлар (ҥкірдай-аға сҧлтан
дәрежелі лауазым)... Міне, осылардың бәрін де автордың ӛте жетік білуі –
Шыңжан аймағындағы қазақтардың қоғамдық-әлеуметтік ӛмірінен толыққанды
тарихи-кӛркем шығарманың жазылуына себеп болды.
Роман тӛрт бӛлімнен, қырық тараудан тҧрады, әр бӛлім – он тарау.
Шығармадағы бас кейіпкер Демежанды әкесі Керімбай 13 жасында
Тарбағатай және Алтай аймақтарының губернаторы, Цин империясының жоғары
дәрежелі ӛкілі Ши-амбыға аманатқа тапсырады. Ол уақытта ру кӛсемдері ӛз
балаларын бауырынан жырып, ҧлыққа әкеп беруге тиіс болған. Сӛйтіп Демежан
Ши-амбының қолында қытай-маньчжур балаларымен бірге бір мектепте оқиды.
Гимназияны бітірген соң, Ши-амбының шырмауынан шыға алмай, оның қолында
қалып қояды. -Ал сенің ӛз басыңа келсек,-деді Ши-амбы дауысын соза, сӛз
арасында ыңылдап алатын әдетімен. -Сен жеке Керімбай зәңгінің ғана баласы
емессің, менің де туған балам сияқтысың. Қаршадайыңнан менің қолыма ӛстің.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №5 2008.
81
Ханзуша (ханзу-қытайлар ӛз ҧлтын осылай атайды) тіл ҥйреніп, осындағы
бекзадалармен бірдей білім алдың. Мемлекеттің тілін, заңын білетін сен сияқты
кӛзі ашық азаматтар біз ҥшін қашан да қадірлі.Кҥні ертең осындағы қазаққа бас
болатын-сендер емессіңдер ме? /3/ Орағытқан ҧзын-сонар диалогтан кейін Ши-
амбы Демежанды шекара бӛлісіне қатысатын комиссияның қҧрамына кіргізіп
отырғандығын айтады.
Шекара бӛлісі тҧсында елді тыныш ҧстап, бей-берекет шашыратып алмауды
Керімбай зәңгіге қатты тапсырған Ши-амбы, шекара бӛлісі аяқталған соң, қыр
еліне бірінші рет жаңадан сайлау жҥретінін, зәңгілерді (зәңгі-болыс дәрежелес
лауазым) біріктіріп, ҥкірдайлардың қол астына қарататынын, егер бытырап
жҥрген Тӛртуылдың басы бір жерге жиналатын болса, оған Керімбайдан артық
ҥкірдайды шырақпен іздесең де, таппайтынын айтады. Шындығында Керімбай
тарихта болған адам 1880 жылдан бастап, Тӛртуыл руының біраз жыл ҥкірдайы
болады.
1860 жылдары екі империяның ӛкілдері ӛздерінің шекараларын қалай
белгілеу мәселесі бойынша келіссӛз жҥргізді. Олар қазақ жеріндегі мемлекеттік
шекара шебін белгілеу тҧспалдарына кӛп таласып, ҧзын-сонар айтыстан кейін
барып бір мәмілеге келіп, 1864 жылы Шәуешек қаласында ―Қытай-Ресей батыс
солтҥстік шекараны белгілеу келісіміне‖ қол қойды. Сонымен Қытай мен
Ресейдің мемлекеттік шекарасының негізгі шеп шеңбері (линиясы) белгіленді.
Осы келісім-шарттың 5-тарауында: ―…Жер қайсы мемлекетке бӛлінсе, онда
отырған адамдар сол жерімен бірге сол мемлекеттің басқаруында болады‖, - деп
келісілген. Сӛйтіп қазақтың жерінің Қытайға тиген бӛлігінде отырған қазақтар
жерімен бірге Қытайға, Ресейге тән болған ӛңірдегі қазақтар жерімен бірге
Ресейдің басқаруына қарады /4/.
Десе де, бҧл келісім сол қалпында жҥзеге аса қалған жоқ. 1864 жылғы батыс
ӛлкелердегі ҧйғыр-дҥнген кӛтерілісі келіссӛздердің жҥргізілуіне кесірін тигізді.
Кӛтеріліс нәтижесінде пайда болған Дҥнген, Ҧйғыр, Қашғар феодалдық
қҧрылымдары ӛзара қырқыстарға ҧшырап, сайып келгенде олар Қытай
әскерлерінің соққысынан қҧлады. Қытаймен жанжалға барғысы келмеген Ресей
1879 жылы Қҧлжа ӛлкесінен кетіп, 1881 жылы Санкт-Петербург шарты жасалды,
ол бойынша Іле ӛлкесінің батыс бӛлігі, яғни ежелгі қазақ жерлері Ресей жағында
қалды. Бірақ Қытайдың да ҥлесіне аз тиген жоқ: ӛйткені ӛлкенің Қытай жағында
қалған шығыс бӛлігінде Найман руының 5000-дай қожалығы, яғни 20000-дай
адамы бар 12 болысы (сыбан, байжігіт, қызай) кӛшіп жҥретін еді. Сӛйтіп бір
халықты екі империя екі бӛлікке бӛліп алды /5/. Осы деректер романда терең
ашылып, ӛзінің кӛркемдік шемімін тапқан.
1864 жылғы Шығыс Тҥркістанда болған кӛтеріліс туралы, осы ӛлкенің
тарихын зерттеуге 20 жылын арнаған тарихшы Қҧрбанғали Халид (1843-1913)
1910 жылы шағатай тілінде Қазан қаласында басылып шыққан «Таварих хамсе- и
шарки» атты еңбегінде бҧл шабуылдан негізінен тӛртуыл елі кӛбірек зиян
шеккендігін атап кӛрсеткен/6/. Бҧл мәлімет тарих ғылымының докторы,
профессор Н.Мҧқаметханҧлының «Қытайдағы қазақтардың қоғамдық тарихы»
(1860-1920) атты монографиясында да жан-жақты талданған. Бҧл арқылы жазушы
келтіріп отырған деректердің шынайы ӛмір шындығынан алынғандығы айдан-
анық кӛрінеді /7/.
«Іленің халқы жергілікті мҧсылмандар, қашқарлықтар мен тараншылар,
манчжурлық әкімдер мен қытайлар қалаларда тҧрады. Сибо мен солондар әскери
халық... Сибо мен солондар Манчжуриядан қоныс аударып келген тайпалар.
Солондар шекаралық Саха-лян-ола округінен шыққан даурлармен (монғол тектес
халық) тектес затында манчжурлар мен даурлардан ӛрген халық. Сибо-
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008.
82
манчжурлар мен солондардан шыққан аралық тайпа. Олар бҧл жерге осы ӛлкені
жаулап алған кездерде ауысқан. Тараншылар-манчжур тілінде диқан деген сӛз.
Қашқардан қоныс аударылып келген шаруалар» – деп, Ш.Уәлиханов айтып
отырған «сибо мен солондары» романдағы ең сҧмпайы образ Мәтен амбы мен
халдайлардың шыққан тегі /8/. Бҧл мәлімет романда Демежанның ҧстазы,
Қытайдағы тарих ғылымының атасы Сыма-сяннан бастап, кейінгі оқымысты
ғалымдардың еңбегін тҥгел тауысып, кӛп оқыған оқымысты, гимназияның
директоры Ли-шансынның жазбаларын Ши-амбыға оқыту арқылы баяндалады.
Жалпы қазақтың ӛткен тарихына шолу роман композициясына Ли-шансының
қолжазбасы тҥрінде кіріккен. Ли-шансын образы ойдан алынса да, ӛз ісіне
берілген, осы арқылы шәкіртін де баурай білген нағыз педагог-ғалым ретінде
шынайы бейнеленген.
Цин империясы Жоңғарияны басып алғаннан кейін иен қалған ӛлкеге
бірен-саран маньчжур командирлері мен шахар, сібе-солон әскерлерінен
сҧрыпталып алынған қаталдығымен, ештеңеден тайынбайтын жанкештілігімен
кӛзге тҥскендерін қалдырып, әскербасыларына халдай (хорылдай-шекара
кҥзетінің жауапты адамы) деп атақ беріп, бҧларды ӛзен бойындағы ең шҧрайлы
жерлерге қоныстандырады. Енді бҧрынғы ойраттар мекеніне қамал-бекіністер
салып, жаңадан әкімшілік аймақтар қҧрды. Хан ордасы саналатын бҧрынғы Щорс
тайпасының иелігіне Іле аймағы қҧрылып, оның орталығы Қҧлжа қаласына осы
ӛлкенің бас қожасы –Жаңжҧнның ӛзі жайғасты. Еренқабырға бӛктеріндегі
кӛшпелі хошуттар мекені енді Ҥрімжі аймағы деп аталатын болды. Ал
торғауыттар мен дҥрбіттер қоныстанған жақта Алтай, Тарбағатай аймақтары
қалыптасты. Ең ақырында ежелден Шығыс Тҥркістан аталатын Жоңғария мен
Қашқарияның бҧрынғы есімі ӛшіріліп, бҧл ӛлкеге ресми тҥрде 1884 жылы
«Шынжаң» (қытайша -жаңа ӛлке) деп жаңадан ат қойды. Цин ӛкіметі 1760
жылдар шамасында егін салдыру ҥшін Жаркент, Қҧмыл, Хотан аймақтарынан Іле
бойына 7000-ға жуық ҧйғыр шаруаларын кӛшіріп әкелді. Кейін «тараншылар»
(егіншілер) деп аталып кеткен ҧйғыр шаруалары Жоңғар даласына осылай келіп
қоныстанған еді. Осылайша азық-тҥлік, нан мәселесі шешілген соң, енді әскерді
әйелсіз, некесіз ҧстаудың қиыншылығы туғандықтан, Цин ӛкіметі ішкі ӛлкеден
зорлағандай етіп, 10 мыңға жуық бойдақ қыздар мен жесір әйелдерді алып келді.
Әйелдердің әдемісіне, жастауына ҧмтылып, әскер арасында қатты жанжал
шыққандықтан, Іленің Жанжҧңы адам баласының ойына келмейтін аса бір
тапқырлық кӛрсетті. Ҧзындығы кісі бойы келетін кӛп кенеп қаптар әзірлетіп,
әйелдерді сол қапқа салып, аузын буып қойды да, сапқа тізілген әскер ӛз бағын
сынап, рет-ретімен лотерея билетін суырғандай ӛздеріне бҧйырған болашақ
жарларын осылайша таңдап алады. Бҧл кҥнде Тарбағатай, Іле аймақтарында ақ
сҥйек атанып, алшаң басып жҥрген маньчжур, дахҧр, сібе-солаң әулетінің
кӛпшілігі сол «қаптағы әйелдерден» таралған ҧрпақ болатын. Халдайлардың
бастығы Шихалдай, Бахалдай, Дохалдай, Кехалдайлардың арғы әжелері осы
қаптағы әйелдер екендігін біліп, оларды мҧқатудың реті келгеніне Ши-амбы оқып
отырған қолжазбасынан басын кӛтеріп, рахаттанып кҥліп алды. Ал Ши-амбының
ӛзі таза қанды маньчжур тҧқымынан. Мҧның аталары 1616 жылы «Шығыс Алтан
ордасы» деген қуатты мемлекет қҧрып, шығыстағы аса кҥшті мемлекеттің біріне
айналды.Бҥкіл Монғолияны басып алып, әбден кҥшейген маньчжурлар 1636
жылы бҧрынғы атын ӛзгертіп, ӛздерін Цин (қытайша қасиетті деген мағынада)
мемлекеті деп жариялады. Қытайдың әбден әлсіреуін кҥтіп отырған маньчжурлар
1644 жылы Пекинді басып алады.Сӛйтіп сол кездегі есеп бойынша 300 миллион
қытайды 300 мыңға жетер-жетпес маньчжурлар бағындырып алады. Содан
бастап, 270 жылдай ӛздерінен мыңдаған есе кӛп халықты емін-еркін билеп-
тӛстейді. Қан бҧзылмас ҥшін маньчжур мен қытай некелесуге тиым салып, қалың
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №5 2008.
83
қытайды ӛздері сияқты тҥгелімен айдар қоюға мәжбҥр етеді. Кӛктің ҧлы асыл
текті императордан бастап, барлық ҧлықтар мен бастықтар тек маньчжур тегінен
болуы керек. Десе де, салт-сана, тіл, дін жӛнінен бҧлар баяғыда-ақ қытайласып
кеткен. Бҧдан 2500 жыл бҧрын ӛмір сҥрген Конфуцийге жан теңгермей, соның
ілімін қабылдап, оған Куңзі (данышпан, кемеңгер деген мағынада) деген атақ
береді.
Цин империясы Жонғарияны басып алғаннан кейін қазақтардан бҧл ӛлкеге ең
алдымен басып кіргендер Аягӛз, Ақшатау маңынан ауған Қызайлар мен
Тарбағатайдың кҥнгейі Қатынсу бойынан асып тҥскен Тӛртуылдар еді. Бҧларды
Цин ӛкіметі ҥш бӛлікке бӛліп, Емілдің жоғары саласын «Бас Қҧлыстай» деп атап
оны Жоңғардан қалған жҧрнақ –қалмақтарға береді, олар ӛздерін қашан Жҧмықтар
келіп ығыстырғанша осында тҧрды. Дӛрбілжіннен бері Қамыстыға дейінгі аймақ
«Орта Қҧлыстай» Тӛртуылдың иелігіне тиді. Ал Алакӛлге дейінгі иен алқап Қызай
мен Мәмбеттің ҥлесіне тиді. Қызайлар жҥз жылға жуық осы ӛлкені мекендеп тҧрды
да, Керейлер кӛшіп келген соң, жер тапшылығынан Іле аймағына қарай қоныс
аударуға тура келді. Қазақ руларының ішіндегі ең кӛп кӛшкен Абақ керейлердің бір
бӛлігі Монғолияның Қобда аймағына қарай асты да, бір бӛлігі Баркӛл,
Еренқабырғаға қарай ішкеріледі. Бҧл екеуіне де ілеспеген ҥшінші бір тобы
Тарбағатайдағы Майлы-Жайыр тауларына келін қоныстанды. Сонымен Тарбағатай
мен Алтай аймағында қазақтың орта жҥзіне жататын екі ҥлкен ру бірлестігі
қалыптасады. Оның бірі – наймандар да,екіншісі– керейлер. Бҧлардан басқа алты
арыстан керейлермен қанаттасып жҥретін аз ауыл уақ бар.Мҧндағы найманның ӛзі
ҥлкен ҥш тайпаға бӛлінеді. Тӛртуыл және Байжігітке жататын Жҧмық пен Мәмбет.
Бҧлардың әрқайсысы ӛз ішінен тағы тармақталып кетеді. Сӛйтіп Жҧмық сегіз зәңгі,
Тӛртуыл жеті зәңгі Мәмбет алты зәңгі ел екен. Бҧларға кҥн сайын қосылып жатқан
тӛрт зәңгі керей мен бір зәңгі уақты қоссақ, Тарбағатайдағы қазақтың ӛзі әжептәуір
елге айналады. Осы қолжазбаны оқу арқылы Ши-амбы бҧл аймақтағы қазақтарды
тӛрт ҥкірдайға топтастыруды ойластырады. Ақ патшаға қарайтын қазақтардың
басқару жҥйесінде де ру-тайпа бірлестігі қатты сақталатынын сол кездегі орыс
консулы Н.Н.Балкашиннен сҧрап біліп алады.
Осы орайда Балкашин туралы бірер сӛз айта кеткен жӛн сияқты. Консул
Николай Никонорович Балкашин 1858 жылы Мәскеуде Кадет корпусын бітіріп,
оншақты жыл сондағы губернатор кеңсесінде істейді. 1881 жылы Қҧлжаны
қайтарып беретін «Петербург шартынан» кейін Шәуешекте жаңадан Ресей
консулдығы ашылғанда Балкашинге патша ағзамға шын берілген адал қызметкер
ретінде қарап, оған зор сенім артып, бас консул етіп тағайындады. Ол 1882 жылдың
12 сентябрінде Шәуешекке келіп, ӛз жҧмысын бастап кетеді. «Батыс Сібір,Орта
Азия және Қытай иеліктері арасындағы сауда жолдары» деген еңбегі орыс
географиялық қоғамы тарапынан жақсы бағаланды. Кӛзі ашық, білікті адам
болғандықтан, романда орыс консулы ӛзінен жас кіші болса да, Демежанмен
сыйлас, пікірлес жҥреді. Ӛзі тҧрған аймақта орыс пен қытайға қарағанда мҧсылман
халқының саны кӛп екенін ескеріп, Балкашин бар жҧмысты жергілікті халықтың
салт-дәстҥр, дағдысымен санаса отырып шешті. Сол ӛлкедегі Ши-амбыға қателігін
бетіне басып, айтқанын істетіп, айдағанына жҥргізетін Балкашиннен басқа адам
болған жоқ. Егер Балкашинмен шығыса (келісе) алмаса, Ши-амбының да аймақ
әміршісі болуы екіталай еді. «Қай жерде қай халық кӛп болса, соларға жҥгіну ҥлкен
саясат еді, бҧл жағынан хабары жоқ біреулер Балкашин мҧсылман екен деп те
жҥрді»– дейді тарихшы Қҧрбанғали Халид/6/. Орыс тілін ӛте жетік меңгерген
атақты қазақ ақыны Әріп Тәңірбергенов Семейдің Сергиополь уезінің басшысы
Троицкиймен тіл табыса алмай, осы Балкашин консул боп тҧрған кезде Шәуешекке
келіп, тілмаш болып қызмет істейді. Балкашин кеткенде ол да ӛз еліне қайтып
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008.
84
кетеді.
Ә.Тәңірбергенов
мҧрасын
егжей-тегжейлі
зерттеген
филология
ғылымдарының кандидаты Б.А.Ердембеков: «Араб-парсы, қытай, орыс тілдерін
жетік білген Әріп патша шенеуніктерімен таласа-тартыса жҥріп, қазақ халқының,
дәлірек айтқанда Қытайдағы қазақтардың тағдырына, оқу-ағарту ісіне де араласып,
олардың білім алуына айтарлықтай жағдайлар да туғызған. Әріп орыс пен
қытайдың қазақ даласын мейілінше еншілеп қалуға тырысқан ең бір қиын да,
қасіретті жылдарында қызметте болды. Қ.Жҧмаділовтің «Тағдыр» романында да
бҧл жай шындыққа жанасымды суреттелген» деп жазады/9/.
Қаламгер ӛнер адамдарының басқаға ҧқсамайтын даралығын суреткерге тән
шеберлікпен, эстетикалық талғаммен бере біледі және де тек ӛзіне ғана тән тіл
ӛрнегімен ӛмір шындығын шынайы бейнелейді. Шығыс Тҥркістандағы Ақыт қажы
Ҥлімжіҧлы (1868-1940), Әсет Найманбайҧлы (1867-1923), Әріп Тәңірбергенҧлы
(1856-1924), Кӛдек Маралбайҧлы (1888-1937), Жҥсіпқожа Шайхсламҧлы (1854-
1937), Таңжарық Жолдыҧлы (1903-1947), Шарғын Әлғазыҧлы (1903-1988) сияқты
ақындар ӛз жерлеріндегі отаршылдық саясатқа ашық қарсы шығып, елдің саяси
санасының оянуына жалынды жырлары арқылы зор ықпал етті. Осылардың ішінде
Ж.Шайхсламҧлы, Ә.Найманбайҧлы, Ә.Тәңірбергенҧлы, К.Маралбайҧлы қатарлы
ақындар ғҧмырларының біраз бӛлігін осы атамекенде, яғни Қазақстан жерінде
ӛткізгені белгілі. Десе де, аталған ақындардың шығармашылық жолы қытай
қазақтары әдебиеті тарихымен тікелей байланысты. Жазушы Ә.Тәңірбергенҧлын
орыс консулінің тілмашы ретінде нақтылы тарихи деректерге жҥгіне отырып,
оқиғаға араластырса, жоғарыда аталған бір мезгілде ӛмір сҥрген жас шамалары да
қаралас ақындар ішінен автор Ә.Найманбайҧлын ғана таңдап, оның ӛлеңдерін
бірде ӛзіне, бірде кейіпкерлеріне жырлатып, тіпті эпилогтағы тҥйінді ойды да Әсет
аузымен айттырады. Нақтылы деректерге сҥйене отырып, Әсет Найманбаев
ӛмірінің соңғы қайғылы кезеңіне арналған «Тҧл дҥние» (2003) атты хикаят жазуы
да жазушының ақын шығармашылығына деген ерекше ілтипатын білдіреді.
Ӛкінішке орай, 1887 жылы Петербургке қайтып бара жатып, Шиху мен Манас
арасындағы жолда дарынды орыс дипломаты Н.Н Балкашин қырықтан асқан
шағында кенеттен қайтыс болады. Егер 1907-1908 жылдары Балкашин консул
болып тҧрғанда Демежан сияқты елге ықпалды адамның жазықсыз дарға асылып
кетуіне жол бермес еді. Себебі Цин ӛкіметі ол кезде Ресейдің сенім артқан
адамымен санаспайтын халде емес, қҧлаудың аз-ақ алдында қҧлдыраған кезеңінде
тҧрған болатын... Романдағы Демежан дарға асылар алдында орыс консулы
Соковтың келгенін кӛріп, ҥміт оты жылт еткендей болуы тегін емес. Бірақ Соков
Балкашин емес те, Мәтен-амбы Ши-амбы емес қой.
Сӛйтіп Ши-амбы қазақтар тҧратын аймақты тӛрт бӛлікке бӛліп, тҧңғыш
ҥкірдайларды сайлайды. Соның бірі Демежанның әкесі Керімбай зәңгі еді.
Ҥкірдайлар мен зәңгілерді сайлау кезінде Қҧлбай деген бір бай зәңгі болуды
армандап, Ши-амбыға ішінде ҥлкен кӛк айғыры бар отыздай жылқыны бір-ақ
айдап әкеп ӛткізген-ді. Ши-амбы тізімнен шатасты ма әлде басқалардың бергені
асып тҥсті ме, Қҧлбай ешбір мансапқа ілінбей атаусыз қалған-ды.
- Тақсыр... тақсыр! Мен кӛк айғырдың иесі Қҧлбаймын ғой. Сонымен маған
тигені не болды? Елге кім болдым деп барайын?- деді ҧлықтың аузынан шыққан
сӛзді қағып алғысы келгендей қҧлағын тосып.
Ши-амбы оны ҧмытып қалған секілді. Қасындағы сібе тілмашы Дабынтай
оның сӛзін қытайшаға аударғанда ғана, «апыр-ай, осы қазақтар-ай» дегендей
қабағын кіржитті де:
–
Та бҧ шың!– деп орнынан қозғала берді.
–
Не айтты? Не айтты мына кісі?– деп, Қҧлбай ентелей тҥскен. Тілмаш
ыңғайсызданып, иығын кӛтерді де:
–
Ӛзіңіз де естідіңіз ғой, «Та бҧ шың» деп тҧрған жоқ па?–деген-ді.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №5 2008.
85
Осыны естуі мҧң екен, Қҧлбай тілмаштың сӛзін тҥгел айтқызбай, Ши-амбының
соңынан тҧра жҥгірді. Сірә, жаңағы «Та бҧ шың» деген сӛзді кӛп мансаптың бірі
деп ҧқса керек.
–
Рахмет, тақсыр! Маған сол «Табышың» да жетеді. Бҧл жақсылығыңды
ӛмірі ҧмытпаспын-ау. Енді Жҧмықтың жуандары менімен санаспай
кӛрсін! –деп, Ши-амбының тартынғанына қарамай, қолын алып сілкілей
берді./10/
Сӛйтіп, Қҧлекең ауылына барғанда, арнайы мал атап сойып кіші-гірім той
жасайды. Келе-келе бҧл оқиға ел аузында кҥлкіге айналып, әлгі кісі ӛле-ӛлгенше
Қҧлбай табышың атанып кетеді. Та бҧ шың – қытайша «ол болмайды» деген сӛз
екен. Романда тоңмойын, надан адамның бет-бейнесі осындай кҥлкілі
штрихтармен нанымды тҥрде беріліп отырады.
Аймақ әміршісі Ши-амбының орынбасары, Тарбағатайдағы халдайлар
кеңесінің бастығы Ши-халдай Демежанды қазақтардан шыққан кең тынысты,
қайраткерлігін, қабілеттілігін біле тҧра, қайда салса да бҧзып-жарып шығатын
біліктілігінен, әділеттілігінен сескеніп, орайы келсе, кӛзін қҧртып жіберуді
ойластырады. Керімбай ҥкірдай ауырған кҥннен бастап, тӛртуыл атқамінерлерінің
біразы ҥкірдайлықтан ҥміткер еді. Ши-халдай мен оның артында тҧрған айдары
тоқпақтай халдайлардың тҧтас тобы Демежанды қҧлату ҥшін қазақтармен тіл
табысады. Ши-халдай тӛртуыл жуандарының арасына жік салып, әрқайсына
жеке-жеке уәде беріп, ҥкірдайлықтан ҥміттендіріп, Ысқақтың қолтығына дым
бҥркіп, Демежанға қарсы қайрап салады. 67 жасында Керімбай қайтыс болғаннан
кейін, қазақ салтына жҥйрік Ши-амбы қыр еліне тӛртуылдың бар билігі әзірше
Демежанның қолында болатынын айтып, ӛз қолымен жазылған грамота-хатты
Ши-халдайдың қолына ҧстатып, Керімбайдың бата оқырына деп ӛз атынан атан
тҥйе,тайтҧяқ жамбы бастатқан бір тоғыз ақтық жібереткізеді. Қулық-сҧмдық,
пәле-жаланы жеті қырдың астындағыны болжайтын кӛреген қҧмалақшыдай
білетін Ши-амбы тӛртуыл зәңгілерінің меселін қайтару ҥшін мҧны әдейі істейді.
Расында да, желдің қай бағыттан соғатынын аңдап қалған ру басылары әзірше сыр
алдырмай, Керімбайдың қырқынан кейін кӛкек айының ортасында Шәуешектегі
тӛртуыл елінің сайлауында Демежанға амалсыз дауыс береді. Бірақ аймақ
әміршісі Ши-амбы олардың жәшікке салған шарларын санамай-ақ, дҥйім елдің
кӛзінше Маншың ӛкіметінің Уаң (ақсҥйек, князь мағынасында) дәрежелес шенін
білдіретін, кӛк тасты тәжіні Демежанның басына ӛз қолымен әкеп кигізеді. Бірақ
ӛз билеушілерінің таза ӛз руларынан болмай, керей тайпасынан жаралуы тӛртуыл
ҧлықтарына іштей бір енжарлық туғызып, кӛңілдері олқы кҥйінде аттанады.
Сӛйтіп, Демежан Тарбағатай аймағын мекендейтін тӛртуыл елінің ҥкірдайы
болады. Ши-амбыға тілмаш болып жҥрген кезінде, 1880 жылдары екі елдің
шекара бӛлісі тҧсында комиссияның қҧрамында болып шекара сызығы жҥретін
межені нақты айқындауда, қырғын болып кететін талай қиын-қыстау сәттерден
екі жақты да аман сақтап қалады. Шекара бӛлісі тҧсында неден болса да
тайынбауға дайын тҧрған қарулы қазақтарға істің мән-жайын тҥсіндіріп, екі
жақты да қантӛгістен сақтап қалса, шекара бойына тақау отырған қазақтардың
екі елдің қайсысына қараймын десе де ерікті болуы және қараған жағынан ӛріс-
қоныс берілу мәселесінің шешілуіне де ықпал жасайды. 70-тен асқан шағында
Ши-амбы қызметінен кетеді, оның орнына келген Мәтен амбының саясатына
Демежан бірден қарсы шығып, жайылым жерді жӛнсіз егіншілікке айналдыру,
сондай-ақ егіншілік жерлер мен суды халдайлардың жеке иелігіне беруге қарсы
батыл қарсылық білдіреді. Мәтен амбының парақорлығын әшкерелейді. Демежан
тағдырына байланысты романдағы осы оқиғалар тарихи деректермен нақтылы
ҥндесіп жатыр.
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008.
86
Мәтен амбы мен Ши-халдай ӛздерінің қылмыстарын қалайда жасырып қалу
ҥшін қолдан келген қастығын аямай Демежанның кӛзін қҧртудың амал-айласын
ойластырады. Ең алдымен Қызылбаланың Ысқағымен тіл біріктіріп, оны
қаруландырып, Демежанға жабылатын жаланың бастаушысы, себепкері ретінде
пайдаланады. Матен-амбы Іленің тҧрғылықты адамы, ҧлты-сібе, халдайлар
әулетінен. Шихалдай мен Ысқақ бастатқан топ Демежанды әлдеқашан оған
жамандап, қойны-қонышын парамен тығындап тастаған. Халдайлардың сӛзін
сӛйлеп, жыртысын жыртатын Матен-амбы.
Демежанды кӛрмей-ақ оған зығырданы қайнап, тісін баса келеді. Бірақ ішкі
сырын білдіртпей, бір жылдай істің аңысын аңдап, жоспарды тереңнен қҧрады.
Берекесі айрандай ҧйыған қазақтың біреуін екіншісіне айдап салып, ӛзін-ӛзімен
қҧрту деген отаршылардың әккі саясаты дәл осы тҧста айдан айқын кӛрінеді.
Матен-амбы жамбылды (қорғанды) қорғайтын полицейлерге Ысқақты бас
қылып, аяқ-астынан Демежан ҥкірдайды ҧстап әкелуге тапсырма бергізеді.
Қаладан кешке қарай шығып, Демежан зәйімкесіне тҥн ортасы ауа жеткен бес-
алты полицейді мылтық атып, қарсыласуға да мҧршасын келтірмей, қараңғы тҥн
қҧшағынан кенет шыға келген әлдебір адамдар барлығын ӛлімші етіп ҧрып: –
Сендер Демежанды ҧстауға келдіңдер ғой,ә? Демежан деген – мына мен... Ал
мықты болсаңдар, ҧстап кӛріңдерші, кәне!– дейді/11/. Айқайлауға да, атуға да
шамасы келмеген ӛңкей балаң жігіттерді байлап-матап, ӛлген бір шеріктің денесін
алып қалады да, қалғандарын арбаға тиеп, ішіндегі сәл есі барлау біреуіне тізгінді
ҧстатып, қалаға апаратын қара жолға салып жібереді. Бҧлармен қоса келген Ысқақ
пен ауылдан қосылған Байсеркелер Демежанның қорасындағы талдың тҥбіне
ӛлген полицейдің денесін кӛміп кетеді. Әдейі ҧйымдастырылған бҧл қастаңдықты
осы сәт аймақтың әміршісі Матен-амбы мен оның айналасындағы бірен-саран
адамдар ғана біліп отыр еді. Қаскҥнемдердің мҧндағы есебі Демежан ӛзін ҧстауға
барған полицейлерге қарсы шауып, ақыры, «ҥкімет адамын ӛлтірді» деген жаланы
жабу болатын. Сценарий бойынша ертеңінде қырық-елу әскер мен тергеушілер
тобын келтіртіп, ӛздері кӛмген дайын ӛлікті «тауып алған» болып Демежанды
дереу тҧтқындайды. Осы бетте Демежан абақтыда сҧрақсыз, дәненесіз бір жылға
жуық жатады.
Демежанды ақтаған халық атынан жазылған арызды тексеруге шыққан ӛкіл
князь Дуаньді Мәтен амбы бастаған халдайлар және сол халдайлардың
ықпалынан шыға алмайтын, Мамырбек тӛре, оның баласы Тҧрысбек ҥкірдай,
тӛртуылдың жаңа ҥкірдайы Кӛксеген, жҧмықтың ҥкірдайы Таңғыт, қаныпезер
Ысқақ бастаған қазақтар Шепейзі деген жерден қарсы алады. Қарсы алушы
топтың негізгі кісілері тӛртуылдың зәңгі-елубасы, ақсақал, билері еді. Матен-
амбы бҧл жолы оларды бас-басына кісі шаптырып, әдейі қосып алған. Жыл
басында осылардың талайы Демежанның ҥстінен жазылған шағымға қызды-
қыздымен мӛр басып қалды да, енді сол ҥшін жауапты болып, мына сапарға
еріксіз ілескен жайлары бар. Ал Ысқақ пен Байсеркеге ерген жігіттердің кейбіреуі
істің мәнісін кейінірек тҥсініп, нақтылы болған оқиғаны ӛздері жҧртқа жайып
жіберген. Уақыт ӛткен сайын бҧл істің ӛз басына пәле болып жабысатынын сезіне
бастаған Матен-амбы кҥндіз кҥлкіден, тҥнде ҧйқыдан айрылып, бар қабілетін
Демежанды қҧртуға жҧмсайды. Сондықтан да тексерушіні қалайда Шәуешекке
келтірмеуді алдын-ала ойластырады. Жазушының суреттеуінде бҧл ӛңір ҧрттам
суы жоқ
сексеуіл жыңғыл ғана ӛсетін, жергілікті халық «Тозақ-жетеу,
Шепейзімен сегіз» дейтін алыс жол, Оның ҥстіне жан шыдатпайтын масасы бар.
Жол азабынан әбден қажыған князь Дуаньді бәрі ортаға алып, Демежанды
қаралайтын қағазға қол қойдырып алады да ӛзін Жайыр тауының жайлауына
әкеліп жақсылап кҥтіп сый-сияпат жасап жібереді. Сонымен бірге ӛкілге
Шәуешекке баратын ендігі жол ӛкілдің басып келген жолынан да ауыр екенін
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №5 2008.
87
айтып, ҥрей тудырады. Сӛйтіп алдауға тҥскен ӛкіл Демежан басына тӛнген ауыр
қылмысты ашудың орнына халдайлармен ауыз жаласып, істі жауып кетеді.
Демежанның ісі ақ болғанмен, осындай қолдан жабылған жаланың, бюрократтық
машинаның қҧрбаны болып, 1908 жылы дарға асылады.
Қытай отаршыларының сан алуан зобалаңын бастарынан ӛткере жҥріп,
онымен кҥресе жҥріп, халықтық рухани қҧндылықтарды, ҧлттық болмысты
сақтап қалған қандастарымыздың тарихи тағдыры туралы Қазақстандықтар
тҧңғыш рет Қ.Жҧмаділовтің «Соңғы кӛш» (1974,1981), «Тағдыр»(1988)
романдары арқылы танып білді Бҧл романдар жанрлық сипаты жағынан тарихи
кӛркем туындылар болғанымен, алғашқы романда 20-ғасырдың ортасына дейін
Қытайда ғана сақталған кӛшпенділер тҧрмысы, олардың ҧлт-азаттық жолындағы
кҥресі, Шығыс Тҥркістан мемлекетінің кҥйреуі, сол ӛлкеде Қызыл империяның
орнау кезеңі (1950-1960), ҧрпақ қамын ойлаған қандастарымыздың бір бӛлегінің
ата жҧртқа қалай келіп қоныстанғаны туралы сӛз болса, екіншісінде патшалық
Ресей мен кӛршілес Цин империясының 19-ғасырдың 80-жылдарында Шығыс
Тҥркістан мен Орта Азиядағы иеліктерін айқындап, шекара сызығын тартқанда,
осы ӛлкені жайлаған қазақ қонысын да қақ жарып ӛткендігі тарихи деректер
негізінде сипатталады. Аталмыш екі шығармадағы Ысмайыл, Кҥдері, Қанағат би,
Қайынбай, Жағфар (Жағда Бабалықов), Естай, Нартай, Оспан, Тҧрсын, Шәкен,
Керімбай, Нҧрбек, Демежан, Балкашин (орыс консулы), Жасыбай (Башпай) т.б.
сияқты кейіпкерлер тарихта нақты болған адамдар.
1980 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қытай Халық Республикасында 80-ге
жуық қазақ романы жарияланыпты. «Соңғы кӛш» пен «Тағдырдың» Шынжаңдағы
қазақ жазушыларына тигізген әсері айтарлықтай. Оны жазушының ӛз сӛзінен де
байқауға болады: «Олардың кейін шыққан кітаптарынан, әсіресе, «Тағдырдың»
таңбасын айқын ажыратуға болады. Қытай қоғамын жіліктеп талдауға, тарихи
тҧлғаны бейнелеуге келгенде, кӛп қиналмай, дайын ҥлгіні ала салғандар да жоқ
емес. Кӛркем шығармалар ӛз алдына, енді біреулері ӛздерінің ғылыми
еңбектерінде де «Тағдырдағы» деректерді талғамай кӛшіре берген. Мәселен,
Ғизат Әубәкірҧлы деген азамат 1996 жылы Ҥрімжіден «Абақ Керей шежіресі»
деген кітап шығарған екен. Соның «Меркіт» бӛлімінде Дәмежан жайында тарау
бар. Автор «Тағдырдағы» жазушы қиялынан туған кейіпкерлерді де тарихи тҧлға
ретінде қабылдап: «Дәмежанның Лишансың деген ҧстазы, Диханбай деген
егіншісі болған» деп, сыдырта береді. Тым қҧрыса, бҧл деректерді қайдан алғаны
жӛнінде сілеме де жасамайды»,– дейді /12/.
Сонымен Қ.Жҧмаділовтің романдары тҧтас бір кезеңнің тарихи шындығын,
ҧлттық кӛркемдік дҥниетанымын ашып берген қҧнды шығармалар екендігін
уақыттың ӛзі дәлелдеп отыр. В.Г.Белинскийдің: «Ізгі ниетті адамның қай-қайсысы
да туған жермен ӛзінің қандас туыстығын, ӛзінің жан-тәнімен байланысты екенін
терең сезінеді» –деген сӛзі жазушыға арнайы айтылғандай /13/.
Қ.Жҧмаділов романдарының жалпы жҥйесіне шолу жасағанда, алдымен
оның тақырып таңдаудағы ҥлкен ізденісі, ӛзіндік кӛзқарасы, таным-тҥсінігі
бірден байқалады. Себебі жазушы шығармаға ӛзек болатын оқиғаны әбден
зерделеп, ӛз кӛкірегінде пісіріп, жетілдірмейінше қолына қалам алуды ар
санайтын сыңайлы. Екінші жазушы романдарына тән сипат сюжеттік-
композициялық компоненттердің ҥйлесімділігі деуге болады. Романдардағы
сюжеттік желілер әр кейіпкердің тағдырын кескіндеп, характерін ашып тҧрады
және де кӛп жағдайда оқиғаның болған орны нақтылы кӛрсетіледі. Образды
сомдап, олардың алуан тҥрлі характерін айқындаудағы жазушының негізгі
мҧраты – дәуір шындығын екшеп кӛрсете білу. Оның қай шығармасын оқысаңыз
да ӛз қолтаңбасына тән сыр-сипат ӛзгеше. Ондағы Қ.Жҧмаділовке ғана тән
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008.
88
суреткерлік қуат, терең психологизм, стильдік-тілдік даралық, ҧлттық нақыш
әдебиетіміздің эстетикалық-кӛркемдік деңгейін биік белеске кӛтерді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Уәлиханов Ш.Таңдамалы.Алматы: «Жазушы»,1985.-397-б.
2. Жҧмаділов Қ. Тағдыр. Он екі томдық шығармалар жинағы. Алматы:
«Қазығҧрт», 2005, 7-том,-3-б.
3. Жҧмаділов Қ. Сонда,-24-б.
4. Мҧқаметханҧлы Н.Қытайдағы қазақтардың қоғамдық тарихы (1860-1920) -
Алматы, Қазақпарат. 2000ж, -15-бет.
5. Арғынбаев Х.Мҧқанов М.,Востров В. Қазақ шешіресі хақында. - Алматы,
«Атамҧра», 2000. -279 б.
6. Қҧрбанғали Халид. Тауарих хамса. (Бес тарих) Алматы: «Қазақстан», 1992.-139-
б.\\ Сонда,-148б.
7. Ә.Тәңірбергенҧлы. Шығармалары. Қҧрастырып, алғы сӛзін жазған Ердембеков
Б.А. Алматы: «Информ-Арна», 2006.- 14,-64-бб.)
8. Мҧқаметханҧлы Н. Сонда.
9. Уәлиханов Ш. Сонда. -394-395 бб.
10. Жҧмаділов Қ. Сонда, -167-б.
11. Жҧмаділов Қ. Сонда, - 547-б.
12. Жҧмаділов Қ.Таңғажайып дҥние. Алматы: Тамыр, 1999.-548-б.
13. Даналардан шыққан сӛз.Нақылдар жинағы. ( Жинап, қҧрастырып, орыс тілінен
аударған Асылов Ҧ). Алматы: «Мектеп», 1987.-20б.
ТҤЙІНДЕМЕ
Мақалада Қ.Жҧмаділовтің «Тағдыр» романына арқау болған тарихи-
әлеуметтік мәселе қарастырылып, романның кӛркемдік сипаты мен қҧрылымдық
ерекшеліктері талданады.
РЕЗЮМЕ
Исследование посвящено рассмотрению социально-исторических событий,
легших в основу романа К.Жумадилова «Судьба», художественных и
композиционных особенностей романа.
КОРАНИЧЕСКАЯ КЛЯТВА В ТВОРЧЕСТВЕ РУССКИХ
ПИСАТЕЛЕЙ ПЕРВОЙ ТРЕТИ XIX века
Каменева М.Б. - заведующая УМК русского языка и литературы КРСУ
(Кыргизстан, г. Бишкек)
В произведениях русских художников слова первой трети XIX в.
представлены различные культурные центры Востока: библейский Восток, Китай,
Индия. Откликаясь на исторические события прошлого и современности, русские
писатели создают художественную картину мусульманского Востока, осмысляя
этические представления, характерные для данной культуры, неотъемлемой
Достарыңызбен бөлісу: |