Казахский государственный женский педагогический



жүктеу 5.03 Kb.

бет19/19
Дата17.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008. 
 
172 
Басқару деген не? Басқару деген - даму тетігін табу, қоғамдық қатынастарды 
ҥйлестіру,  сол  ҥшін  шешім  қабылдау,  қоғамдық  қатынасқа  тҥскен  адамдарға 
ықпал  ету.  Ал  бҧл  ықпал  әкімшілік,  қҧқықтық  т.б.  тҧрғыдан  жҥргізілуі  мҥмкін. 
Басқару 
алдымен 
әлеуметтік 
лингвистикаға 
(социолингвистикаға), 
психолингвистика  мен  саясаттануға  арқа  сҥйеуі  тиіс.  Ол  ҥшін  еліміз 
социолингвист, психолингвист мамандарын дайындауы керек. 
Басқару  моделі,  мысалы,  Қазақстанның  тілдік  даму  стратегиясын  жасау 
ісінен  бастау  алуы  тиіс  және  ол  ғылыми негізделуі  қажет.  Басқару  моделі  тілдік 
даму  стратегиясын  тҥзу  ісіне  белсенді  араласып,  бҧл  сипатты  дамудың  кҥре 
тамыры  тіл  саясаты  екенін  басшылыққа  алуы  тиіс,  олай  болса,  мемлекеттің  тіл 
саясаты қазіргідей кӛмескілей тҥсуіне жол бергізбеуі керек. 
Қазақ тілінің жҧмысы ӛрге баспауының басты себебі - тіл мамандарының тіл 
саясатымен  айналыспауы.  Алдымен  айқайладық,  содан  «айқайымнан  ойбайым» 
дегенге  салдық.  Асылы,  тіл  саясатын  меңгерсек,  ӛркениетті  кҥреске  шықсақ, 
сонда ғана мемлекеттік тілдің мерейі ҥстем болар еді. 
Хош, 
мемлекеттік 
тіл 
деген 
не? 
«Қазақстан 
Республикасы 
Конституциясының  тҥсіндірме  сӛздігінде»  (Алматы,  1996)  былай  тҥсіндіріледі: 
«Мемлекеттік  тіл  -  тҥрғылықты  халықтың  және  Қазақстан  Республикасы 
азаматтарының басым кӛпшілігінің тілі» (67-бап). Сонда мемлекеттік тіл дегеніміз 
бар болғаны кӛпшіліктің тілі болмақ, қала берді, тҧрғылықты халықтың тілі екен. 
Болса-болсын,  тіпті  байырғы  халықтың-ақ  тілі  болсын.  Мҧндай  мемлекеттік 
тілдің ӛзге тілден не айырмасы бар? 
Мемлекетгік тілдің айырмасы сол - ол Қазақстанның бҥкіл аумағында кҥллі 
халқының  қоғамдық  ӛмірі  саласында  міндетті  тҥрде  қолданылатын,  оның 
әлеуметтік-коммуникативтік жҥйесінде ресми тҧрғыда мемлекеттік мәртебе алған 
тіл.  Міне,  Тіл  заңында  «негізгі  ҧғымдар»  санатында  осындай  анықтама  берілуі 
тиіс. 
Тілдерді  пайдалануды,  әсіресе  ресми  қолдануды,  қҧқықтық  тҧрғыдан 
қамтамасыз  ету  -  әлемдік  стандарт  және  ол  тіл  теориясы,  яғни  әлеуметтік 
лингвистика мен психолингвистика, қҧзырындағы мәселе ретінде тҥбірлі шешімін 
табуы тиіс. 
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін ӛз дәрежесінде жузеге асыру ҥшін тіл 
дамытудың  басым  бағыты  -  тіларалық  бәсекелестікті  реттеу  шарт.  Сол  ҥшін  де 
Президентке  немесе  Министрлер  кабинеті  тӛрағасына  тікелей  бағынатын  және 
солардың бірінің атынан тіл қҧрылысы тізгінін ҧстайтын, тіл мәселесіне келгенде 
кҥллі  министрлік  пен  комитеттердің,  бірлестіктердің  ҥстінен  қарайтын  Тіл 
Комитетін қҧру қажет. 
Қазақ  тілін  тәлкекке  салуды  қысқартып,  жедел  дамытамыз  десек,  Тіл 
комитетіне  социолингвистикалық,  психолингвистикалық  білікті  кӛмек  бермек 
керек. 
Социолингвистика  мен  психолингвистика  алдымен  Қазақстанның  тіл 
қҧрылысы  тізгінін  ҧстағандар  ҥшін  кажет.  Бҧл  екі  ғылым  кҥллі  оқу  орнының 
кестесінен  орын  алуы  тиіс.  Керек  болса,  оларды  оқыту  мәселесінде  ҚызПИ 
кӛмекке келеріне мен кепіл. 
Социолингвистикалық, 
психолингвистикалық 
біліктілік 
Елбасы 
тапсырыстарын  орындау  ҥшін  керек.  Мысалы,  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев 
«Мемлекеттік  тілде  әлемдік  ғылыми  ойдың,  мәдениет  пен  әдебиеттің  ҥздік 
жетістіктері негізінде гуманитарлық білім берудің толымды корын» /12/ жасауды 
талап  еткені  белгілі.  Міне,  осы  тапсырысты  орындау  ҥшін  мемлекеттік  тілдің 
жоғары оқу орындарыңда мамандык игеру тілі қызметін ӛз дәрежесінде атқаруы 
шарт.  Бҧл  ҥшін  социолингвистер  мен  билік  бір-бірін  тындауы  тиіс,  екеуінің 
арасында  нақты  қарым-қатынас  орнату  қажет,  сол  арқылы  мемлекеттік  тіл  мен 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №5 2008. 
 
173 
орыс  тілінің  қоғамдық  қызметін,  қажеттілікке  сай,  реттеу  керек.  Осы  бағытқа 
мынадай ҧсыныстар жасаймыз: 
1. Қазақ тілінің Қазақстанның мемлекеттік тілі ретінде коғамдық кызметінің 
кӛлемін арттыру мақсатында, қайталап айтайын, бҧрынғы заңды казбалай бермей, 
«Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тілі  –  қазақ  тілі»  деп  аталатын  жаңа 
заң  қабылдамақ  керек.  Бҧл  заң  бойынша  мемлекеттік  тіл  ӛзге  тілмен 
салыстырылмай,  ӛзімен-ӛзі  болар  еді,  сонда  заң  жҥреді  (тілдер  жӛнінде  емес, 
«Мемлекеттік тіл туралы» заң қабылдауды бҧрын да айтқанбыз); 
2.  Елбасы  жанынан  Мемлекеттік  тіл  кеңесін  қҧру  керек  (кеңес  мҥшелері 
атағына емес, біліктілігіне карап таңдалуы шарт); 
3.  2007-2017  жылдарға  арналған  «Қазақ  тілі»  мемлекеттік  бағдарламасын 
тҥзу қажет (бҧл бағдарламаның социолингвистикалық зерттеу негізінде жасалуы 
бірінші талап болуы тиіс). 
Міне,  осындай  жағдайда  ғана  қазақ  тілі  Қазақстан  мемлекеті  дамуының 
қҧрамдас бӛлігі ретінде қалыптасып, дамиды және дами бермек. 
Ендеше,  Елбасы  Нҧрсҧлтан  Назарбаевтың  сӛзімен  айтқанда:  «Қазақ  тілін 
дамыту дегеніміз - жалпы гуманитарлық тҧрғыдағы қуатты қаруды шыңдау деген 
сӛз,  қоршаған  ортаны парықтап-бағдарлаудың  бір қҧрамын  жетілдіру  деген  сӛз» 
/13/. Бҧл Қазақстанның тілдік егемендігінің бірден-бір талабы, уақыт уағызы. 
Қорыта келгенде айтарымыз: кӛптілді Қазақстанда тілдік жағдаяттың бҧдан 
былай  кҥрделенбеуі  ҥшін  қазақ  тілі  мемлекеттік  тіл  екенін  Конституциялық 
қағида  деп  міндетті  тҥрде  мойындау,  орыс  тілін  Қазақстан  коғамының  бір 
саласында - мемлекеттік қызмет саласында, кажет болған жағдайда, ресми тҥрде 
қолдануға  болатын  тіл  ретінде  қабылдау  шарт.  Ӛмірдің  бір  ғана  саласында  - 
мемлекеттік  бақаруда  ресми  қолданылатын  орыс  тілін  «ресми  тіл»  деп, 
мемлекеттік,  қазақ  тілімен  «тең  қолданылады»  деу  -  заң  жҥзіндегі  заңсыздық 
ретінде  тҥсінбек  керек.  Сонда  ғана  Қазақстан  Конституциясының  тіл  жӛніндегі 
баптары  әлемдік  нормаға  сай  келмек,  бҧл  жағдай  оны  мемлекеттің  алансыз 
қолданылуына, халықтың еркін жҥзеге асыруына кепілдік береді. 
Тоқсан ауыз сӛздің тобықтай тҥйіні  сол  - мемлекеттік тілдің Қазақстанның 
біріктіруші  факторына  айналуы  ҥшін  Конституциямыздың  қағидаларын  қайта 
қарап, соның негізінде тіл заңнамасының жҥзеге асатындай тетіктерін белгілеген 
«Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тілі  -  қазақ  тілі»  атты  жаңа  заң 
қабылдау  керек,  келесі  осы  заңға  орай,  ӛзге  кезекте  жергілікті  тілдер  жӛнінде 
арнайы заң қабылдаса әбден дҧрыс болар еді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.Қазақстан  Республикасындағы  тілдер  туралы  негізгі  заң  актілері.  Алматы: 
Юрист, 2003, 40 - бет. 
2.Губаева Т.В. Язык и право... М: Норма, 2003. 
3.Ивакина Н.Н. Профессиональная речь юриста. Уч.пособие. -М.: Бек, 1997.   
4.Александров  А.  С.  Юридическая  техника  -  судебная  лингвистика  -  грамматика 
права. // Проблемы юридической техники: Сб.статей. Н.Новгород, 2000.  
5.Ивакина  Н.Н.  Русский  язык  российского  права.  //  Российская  юстиция.  2000. 
№7. 26-28.  
6.Мечковская Н.Б. Социальная лингвистика. М., 1996. 187-бет 
7.Хомский Н. Аспекты теории синтаксиса. 1972. 11 - бет. 
8.Хасанҧлы Б. Ана тілі - ата мҧра. Алматы: Жазушы, 1992. 175-178- беттер.  
9.Қазақстан Республикасынын Конституциясы. Алматы: Жеті жарғы. 1995. 5-бет 

Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008. 
 
174 
10.
 
Мырзалиев Қ. Ҥш томдық шығармалар жинағы. 2-том. -Алматы: Жазушы, 
1989. 
11.
 
Жҧбанов Қ. Қазақтілі жӛніндегі зерттеулер. Алматы, 1999. 119-бет.  
12.
 
Назарбаев  Н.Ә.  Ішкі  жӛне  сыртқы  саясатгың  2004  жылға  арналған  негізгі 
бағыттары. Ақиқат. №5, 2003. 8-бет 
13.
 
Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы: Атамҧра, 1999. 59-бет. 
 
ТҤЙІНДЕМЕ 
 
Мақалада  Тіл  туралы  конституциялық  заңды  жҥзеге  асыру  мен  Тіл  заңын 
жҥзеге  асыру  ісін  білікті  басқару  мәселесі  қозғалған.  Мемлекеттік  тіл 
Қазақстанның 
біріктіруші 
факторына 
айналуы 
ҥшін 
Конституцияның 
қағидаларын  қайта  қарап,  соның  негізінде  тіл  заңнамасын  жҥзеге  асыратын 
тетіктерін белгілеген  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі  - қазақ тілі» 
атты жаңа заң қабылдау  керектігі, осы заңға  орай, ӛзге кезекте жергілікті тілдер 
жӛнінде арнайы заң қабылдау туралы ҧсыныстар жасалады.  
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  рассматривается  Закон  о  языках  и  проблемы,  связанные  с 
внедрением  государственного  языка,  поднимаются  вопросы  о  необходимости 
нового Закона о языках. 
 


1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал