АУДАРМАШЫ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ӚНДІРІСТІК
ТӘЖІРИБЕНІҢ РОЛІ
Исабаева Б.К. – (Алматы қ., Қазмемқызпу)
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Шетел тілдері
факультеті 050207– «Аударма ісі» мамандығы бойынша 3 курс студенттері
ӛндірістік тәжірибесін Алматы қаласындағы ―Фараби ЛТД‖, ―Парфюм ЛТД‖,
―Чайный Двор‖, ―Фуд Мастер‖, ―GBS Grand‖ және жеке шаруашылық ӛндіріс
компанияларында ӛткізді.
Ӛндірістік тәжірибе басталғанға дейін бір ай бҧрын шетел тілдері
факультеті компанияларымен келісім шарт жасасып, кҥнтізбелік кестесінің
жоспарын тағайындады.
Ӛндірістік тәжірибе басталардан 2–3 кҥн бҧрын шетел тілдері факультетінде
студенттермен конференция ӛткізілді. Онда ӛндірістік тәжірибенің міндеттері,
мақсаттары тҥсіндірілді, ӛтілетін орны және уақыты айтылды.
Ӛндірістік тәжірибенің мақсаты – аудармашы студенттердің институттан
алған теориялық білімдерін тәжірибеде қалай пайдаланғанын зерттеу.
Ӛндірістік тәжірибенің міндеттері:
1. Аудармашылар тәжірибесін зерттеу барысында олардың компаниялардағы
істерімен, іс– қҧжаттарымен танысу;
2. Нақтылы тақырып бойынша жҥргізілетін тәжірибелік бағдарламаны талдау;
3. Аударма жҧмыстарын жҥргізудің кҥнтізбесін және оны жҥзеге асырудың
барысында қолданған тәсілдермен танысу;
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008.
26
4. Қолданған тәсілдерге қандай қҧралдар қолдану арқылы жеткенін талдау;
5.Компаниялардың жҧмыстарына араласу және олардың тапсырған жҧмыстарды
тиянақты орындау.
Аудармашы ертеден келе жатқан және дәрежесі биік, адамдарды біріктіру
ҥшін ынталандырылған мамандықтардың бірі. Маңыздылығын жаһандану
ғысыры ХХI ғасырда тҧрмыстық, саясаттық, әлеуметтік, мәдени дәрежеде орын
алған таптырмас мамандық.
Ӛндірістік тәжірибе кезінде студенттер ауызша және жазбаша аудармашы
мамандығының қыр сырымен танысады, оргтехникамен жҧмыс істеуді ҥйренеді,
кәсіби іс қағаз жҥргізудің ҥлгілерімен танысады. Ӛндірістік тәжірибе тҧрақты шет
ел әріптестерімен іскерлік байланысы бар ҧйымдарда, мекемелерде ӛткізіледі.
Шет тілін кәсіпті пайдалану оны жетік оқып білу керек. Студенттер де оны
тҥсінуде. Шет тілінде аз–маз тҥсінісе алатын адам аудармашы бола алады деген
пікір жҧмыс берушілер арасында тараған қате пікір. Содан мәтіндерде, мысалға,
―Still life with Peaches‖ дегенді қазақ тіліне тікелей тәржімаласақ, ― Шабдалмен
тыныш ӛмір ‖ болып шығады да, неше тҥрлі қате баламасы пайда болады. Әрине,
дәл осылай атамайтынымыз анық, десек те, жаңадан барған жас маман осылай
жауап берсе не болады? Ал негізінде «Шабдал қосылған натюрморт» деп
аударған дҧрыс. Сондықтан да қалай болса солай аудара салмай, мағынасына
жуық, сәйкес келетін сӛздерді қарастыру қажет. Кез келген маман әсіресе
аудармашы дҥниетанымының кең болуына ҧмтылуы шарт.
Іс жҥзінде қарасақ, сапалы аударма, ауызша және жазбаша болсын кӛп
білімді, тәжірибе және кәсіптілікті қажет ететін қиын жҧмыс. Барлық
грамматикалық ережелерді жаттау және сӛз қорын жинау ол ҥшін аз. Шет тілі
елінің тарихын, қазіргі жағдайын қоса білу керек. Жай ғана хабар жеткізу аз,
аудармашы міндеті басқа елдің мәдениетімен таныс емес адамға хабарды
тҥсіндіріп жеткізуде.
Аудармашы ең басты жҧмыс тәжірибесімен бағалы, содан ынтасы бар
студенттер бірінші оқу жылынан бастап тәжірибеленеді. Тәжірибені кӛбейтуге
кӛп мҥмкіншілік табылады, оларға кӛптеген кӛрмелерде, семинарларда,
конференцияларда, фестивальдарда жҧмыс табылады.
Аудармашы студенттер сондай–ақ мемлекеттік және коммерциялық
мекемелерде кәсіптік тәжірибе ӛтуіне болады. Олар радиостанциялар,
телекомпаниялар, газет, журналдар редакциясы, жарнама агенттіктер және
халықаралық компаниялар болуы мҥмкін.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты ӛз студенттері ҥшін
кӛптеген шет елге оқу бағдармаларын ҧсынады. Студенттер бір неше ай шетелде
сабақ алу ҥшін мемлекеттік мекемелерде ең ҥлгілі студенттердің бірі болып кӛп
жҧмыс атқарады. Қандай тілді оқуына байланысты, студенттер Қытай Халық
Республикасына немесе Корей Республикасына және басқа да елдерге баруға
мҥмкіндік алады. Әр жағдайда оқу шарты мен ақысы бӛлек. Кейбір бағдарламалар
әріптес–университет дипломын қосымша алуына мҥмкіндік береді.
Курс қалың бҧқара тыңдаушы студенттерге арналған, негізгі мамандығы
бойынша жҧмыс кезінде шетел әдебиетін тҥсініп, екі жақты аудару, шет ел тілінде
кәсіптік әңгіме жҥргізу сияқты тәжірибе алуға кӛмектеседі.
Бағдарлама ӛз алдына студенттердің аудармашылық ісі негізін және ауызша,
жазбашаға бейім мамандық қабілеттерін дамытуға міндетін қояды. Аудармашы
курсының негізі студенттердің ағылшын тілінің нормативтік грамматикасын
жетік білуі болып саналады.
Аударма курсы ғылыми–техникалық, экономикалық, саяси хабар беретін
мәтіндерді ағылшын тілінен ана тіліне және ана тілінен ағылшын тіліне ауызша
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №5 2008.
27
және жазбаша аудару айналасында шығармашылық және тәжірибелік қабілеті
бар мамандарды дайындауды кӛздеп отыр.
Ӛндірістік тәжірибе ӛту барысында студенттер тӛмендегідей жҧмыстармен
танысады:
– ауызша, жазбаша жазылған әлеуметтік–саяси және қаржы–экономикалық
мазмҧнды мәтіндерді аудару;
–халықаралық–қҧқық,
экономикалық,
ғылыми–танымал,
ғылыми
–
техникалық мәтіндердің мазмҧнына жалпы сипаттама беріп, қысқаша баяндау;
– іс қағаз жҥргізу, әр тҥрлі мәтінді хаттарды жазу (қызмет бабындағы хат,
хабар, ӛтінім, ӛмірбаян және т.б.).
Жоғарыда кӛрсетілген мақсаттармен сәйкес аударма курс мазмҧны
аударманың теориялық негізімен танысу және тәжірибелік қабілеттерді
дамыту болып табылады.
Материалды терең мағынада тҥсіне білу және студенттердің мықты
қабілеттерін арттыру ҥшін аударманың тҥріне қарай осы курсты оқытуда
ағылшын тілінен ана тіліне және ана тілінен ағылшын тіліне жазбаша аударма
аспектісін бӛліп шығаруға болады.
Бҧл аспектіге аудармаға редакция жасау, жалпы сипаттама беру және
қысқаша баяндау, ауызша аударма (екі жақты, ілеспе аударма), арнайы
аударма (арнайы мақсатқа арналған ағылшын тілі, ғылыми– техникалық
аударма қоса) және іс қағаздарды жазу жҧмыстарын жасау кіреді.
Ӛндірістік тәжірибе барысында студенттер аударма жасау кезінде мынадай
қиыншылықтырға кездесті: тақырыптар бойынша кездесетін терминдерді аудару,
сӛздікпен жҧмыс істеген кезде кездесетін кӛпмағыналы сӛзден керегін таңдап алу.
Әсіресе келісім шартты аударғанда кездесетін термин сӛздерді сӛздіктен іздеп
табуға кӛп уақыт жҧмсалды.
Студенттерде қиыншылық тудырған аударма ол шарттарды аудару болды,
ӛйткені кӛлемді іс қағаздарды аудару жҧмыспен алғаш рет тәжірибеленді.
Іскерлік терминологиясын білмегендіктен, сӛздіктерде сӛздердің мағынасын,
аудармасын іздеу кӛп уақыт алды. Сонымен қатар, кӛптеген синомдік қатардан
мәтінге мағына бойынша келетін сӛзді тауып жазу, шарт жазуда тәжірибесі аз
болғандықтан қиынға соқты. Мәселен, «Тауар жеткізу қҧжаты»
–
«Goods
transportation invoice»,
«Сауда ӛндірістік
палата актісі»
–
«Trade Industrial
Department Act»,
«Салық тӛлеушінің тіркеу нӛмірі» – «Registration number of
taxpayer» деген кейбір сӛздерді тікелей аудару арқылы қолданып жазуға тура
келді. Бірнеше проблема «выставленность» сияқты кейбір сӛздердің
аударылуының қиыншылығына әкеліп соғып отыр. Бҧл сӛздің баламасы
ешқандай сӛздіктерден табылмады. Сондықтан да оны мазмҧны жағынан жақын
басқа сӛзбен «availability of product in full assortment» деп аусытыруға тҧра келді.
Десе де, осынау қиыншылықтырды жеңе отырып, ӛндірістік тәжірибе
кезінде студенттер мәтіндерді аудару мен іс қағаздарын ағылшын тілінде жазуға
іс жҥзінде толықтырып, тәжірибеден ӛтті. Сонымен қатар, студенттер жаңа
ағылшын сӛздерімен қоса іс қағаздарды аударуға байланысты терминдермен ӛз
сӛз қорын байытты. Олар сӛздікпен жҧмыс істеуге жаттықты, тапсырманы шҧғыл
орындайтын болды.
Студенттердің ӛз ісіне жауапкершілігі артты.
Ӛндірістік тәжірибенің қорытындысы бойынша, студенттер шетел тілін
оқыту әдістемесі кафедрасында есеп тапсырды, кафедра меңгерушісінің
жарлығымен қҧрылған комиссия алдында қорғалды. Есепті қорғау қорытындысы
кредиттік жҥйе бойынша бағаланды.
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008.
28
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Пантелеймонов А.Б., Рыженов В.М. «Производственная практика и стажировка
молодых специалистов», М. 1987.
ТҤЙІНДЕМЕ
Мақалада аудармашы студенттерге арналған ӛндірістік тәжірибенің
маңыздылығы туралы айтылады.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается роль производственной практики в процессе
подготовки переводчиков.
ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ
ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
Қошқарбаев Б.Қ – оқытушы. (Алматы қ., Қазмемқызпу)
Еліміздегі дҥбірлі ӛзгерістер, қайта жаңғыртулар білім беру жҥйесінде де
айтулы реформалар мен мақсаттар әкелді. Білім стандартының жасалуы, тӛл
оқулықтарымыздың
жазылуы,
мектептерді
жаппай
компьютерлендіру,
инновациялық технологиядан іздену, білім мазмҧнын байыту, әлемдік білім
кеңістігіне ену мақсатындағы жҧмыстар сол ӛзгерістің куәсі. Қазіргі кезде
инновациялық технологиялар жайлы кӛп сӛз болып жатыр.
«Технология» грек сӛзі, яғни, ӛнерпаздық, шеберлік, іскерлік деген ҧғымды
білдіреді. Ғалым-педагог, психологтар пайымдауына жҥгінсек, Беспалько ӛзінің
«Слогаемые педагогические технологии» деген еңбегінде оны «оқу процесінің
алдын ала жҥйелі тҥрде жобалануы, оның тәжірибеде жҥзеге асуы, яғни белгілі
бір педагогикалық жҥйенің тәжірибеде жҥзеге асатын жобасы» деп қарастырады.
Беспалько педагогикалық жҥйені педагогикалық технология негізі деп
тҧжырымдайды. Педагогикалық жҥйемен берілетін білім балалардың таңдайтын
мамандығына бағытталуы тиіс.
Мақсатты білім беру - технологияның басты белгісі. Педагогикалық жҥйе
ретінде бір-бірімен байланыстыратын әдістер мен тәсілдер іс-әрекеттің жеке
тҧлғаға бағытталуы мақсатты, бағытты, педагогикалық әсерді алады.
Технология
инновациялық
іс-әрекет
оқытудың
жаңа
формалары
амалдарынан іздей отырып белгілі бір уақытта алдыға нақты мақсат қоя отырып,
жоғарғы нәтижеге жетуді талап етеді. Жаңа педагогикалық технология ҧғымы
тың, белгісіз, жаңа оқыту амалдары, іс-әрекеттерінен ізденуді, жаңа әдістерін
оңтайлы пайдалану, сол арқылы жоғары кӛрсеткіштерге жету деген сӛз.
Қазіргі кезде оқыту технологиясы туралы екі тҥрлі пікір қалыптасып отыр.
Бірінші, технология – ӛнер, шеберлік деген ҧғымның синонимі ретінде аталады,
яғни педагогикалық шеберлік деген ҧғымды білдірсе, екіншіден, білім беру ісін
технологияландыру, сол арқылы сапалы ӛнім алу, ғылым мен ӛнердің синтезі
деген мағынаны білдіреді.
Педагогикалық технология ҥшін баланың жеке бас ерекшелігін білу-
білімді соған қарай бағыттай беру деген белсенді, жан-жақты дамыған, ӛзіне
сенетін, ӛмірге икемді тҧлға қалыптастыру болып табылады. Сондай-ақ ізгілікті
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №5 2008.
29
педагогика тҧлғаға бағыттала отырып, оның мінез-қҧлқы, адами қасиеттерін,
іскерлік дағдысын, ӛз беттерімен ӛмір сҥруге бейімділігін, кез-келген
жағдайлардан жол таба алатын, ӛз пікірін ҧсына және қорғай алатын гуманист-
азамат қалыптастыруды мақсат етеді.
«Оқыту технологиясы» терминін алғаш рет АҚШ-та қолдана бастады.
Польшаның белгілі дидакторы У.Куписевич пен Ф.Янушкевич оқыту
технологиясы жалпы дидактиканың бір бӛлігі ретінде оқытудың оңтайлы жолын
анықтайтынын терең тҥсіну керектігін қолдады.
Оқыту технологиясының анықтамасын Скиннер былай деп берді: «Оқыту
технологиясы психология жетістіктерін педагогикалық практикада қолдану»
немесе «Оқыту технологиясы – оқытудың тиімділігін арттыру мақсаты мен білім
беру ҥрдісін жҥзеге асыру және бағалау, бағдарламалаудың жҥйелі тәсілі» (2).
60-жылдарда шетел зерттеушілері «педагогикалық технология» терминін
енгізді.
Педагогикалық технологияға В.Л.Беспалько «практикада іске асатын нақты
педагогикалық жҥйе, жоба» деген анықтама береді. Ал педагогикалық жҥйені
тҧлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ҧйымдастырған, мақсатты, бір-
бірімен ӛзара байланыстағы әдіс-тәсілдер деп қарастырады.
П.К.Селевко педагогикалық технологияларды мәнділініне, қолданылуына,
ҧйымдастырылуына қарай тӛмендегідей топтарға бӛледі:
1.Қолдану деңгейіне қарай (жалпыпедагогикалық, пәндік, жеке әдістемелік,
модульдік)
2.Философиялық негізіне қарай (материалисті, идеалистік, диалектикалық,
метафизикалық, ізгілікті, ғылыми, т.б)
3.Психикалық дамудың жетекші факторына қарай (биогендік, социогендік,
психогендік)
4.Ғылыми
тұжырымдамасына
қарай
(ассоциативті-рефректорлық,
дамытушылық )
5.Тұлғалық құрылымдарға бағыттылығына қарай (ақпараттық, әрекеттік,
сезімдік, эвристикалық, қолданбалы, ӛзін-ӛзі дамытушы)
6. Құрылымдық және мазмұндық сипатына қарай (білімдік және тәрбиелік,
жалпы және кәсіби бағытты, технократтық және гумандық)
Оқытудың жаңа технологиясы дегенде ең алдымен педагогикалық
технология деген ҧғымды тҥсіну керек.
Оқыту, білім біру тәжірибесі педагогикалық ҥрдістің сапасын ҥнемі
арттырып отыруды талап етеді. Осыған байланысты ғылым мен тәжірибеде
педагогикалық ҥрдістің сапасын кӛтерудің бай тәжірибесі жинақталған.
Сонымен, педагогикалық технология-оқыту ҥрдісін тҥгелдей қолдану және
бағалау, сол сияқты, білімді адамдар мен техника ресурстарын ескеру арқылы
білімді игеру, білім берудің тиімді тҥріне жету ҥшін оларды жоспарлаудың
жҥйелі әдісі ретінде тҥсіндіріледі.
Сабақтарда оқытудың әр тҥрлі технологиясын қолдануға болады. Әсіресе,
дамыта оқыту технологиясы мен проблемалы оқыту технологиясының пайдалы
екенін тәжірибе кӛрсетіп отыр. Дамыта оқыту технологиясының авторларының
(Л.С.Выготский, Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин т.б) пікірінше, бҧл
технология жеке тҧлғаның барлық сапаларын тҧтас сәйкестікте дамытуға
бағытталған жҥйе. Оның нәтижесінде әр оқушының ӛзін-ӛзі ӛзгертуші субьект
дәрежесіне кӛтерілуі кӛзделіп, соған лайықты жағдайлар жасалады.
Осыған орай оқшылардың ӛзіндік жҧмысын ҧйымдастырудың маңызы ӛте
зор. Ӛйткені сол арқылы оқушылардың іс-әрекетінің дербестігі артады.
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008.
30
Бҧл туралы А.Байтҧрсыновтың пікірінше, бала білімді тәжірибе арқылы
ӛздігінен алуы керек. Мҧғалімнің қызметі - оның білімінің, шеберлігінің ҧзақ
жолды қысқарту ҥшін, ол жолдан балалар оңай, қиналмай ӛту ҥшін, керек білімді
кешіктірмей, кезінде беріп отыру ҥшін, балаға жҧмысты әліне қарай шағымдап
беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай тҥзеп отыру керек.
Оқушылардың ӛзіндік жҧмыстарының мән-мағынасы, оны ҧйымдастырудың
тәсіл-амалдары педагогикалық әдебиеттерде әр тҥрлі пікір айтылады.
Дамыта оқытуды ҧйымдастыру балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай
жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту - сабақтағы ерекше ахуал, мҧғалім мен
оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мҧғалім бҧл жағдайда дайын білімді
тҥсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы ғана емес, танымдық іс- әрекетті
ҧйымдастыратын ҧжымдық істердің ҧйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың
интеллектісінің кӛзін ашып, шығармашылығын дамытады. Ерте кезден бастап,
ойшылдар білім мен ақыл-ой тәрбиесінің арақатынасын, олардың тҧлға дамуына
әсерін зерттей бастаған. Бізге белгілі алғашқы дидактиктердің бірі Квинтилиан
оқытудың алдына баланың қабілеттеріне, ақылдың қасиеттеріне, мінез-қҧлық
ерекшеліктеріне сҥйене отырып, оның ойының және тілінің дамуын қамтамасыз
етуді мақсат етіп қойған .
XVII ғасырдағы Я.А.Коменскийдің дидактикалық жҥйесінің негізгі
қағидаларының бірінде де тҧлғаның ақыл-ой кҥшін, қабілеттерін дамыту олардың
білімге деген қҧштарлығын оятып, лаулата тҥседі деген.
И.Т.Песталоцци тҧлғаның ақыл-ойының, барлық қабілет-қасиеттерін дамыту
идеясымен арқауланған оқыту әдістемесін жасау керек деді.
Дамыта оқыту ҧлы неміс педагогы А.Дистервегтің әйгілі «Неміс
мҧғалімдерінің білім беру ісіне басшылық» атты еңбегінің негізі болып табылады.
«Дамыта оқыту» деп ол баланың білім алуға әрекет етуін ҧйымдастыратын
оқытуды атаған. «Жаман мҧғалім ақиқатты ӛзі айтып береді, ал жақсы мҧғалім
оқушының ӛзін ізденуге жетелейді»- деген.
Орыстың ҧлы ағартушысы К.Д.Ушинский де ӛз дидактикалық еңбектерінде
балаларды оқыта отырып дамыту мәселелеріне ерекше тоқталып, арнайы
әдістеме жасаған.
Осылай бола тҧрғанымен, «дамыта оқу» деген терминге кӛзқарастар мен
пікірлер әр тҥрлі және «дамытпайтын оқыту бола ма?» деген сҧрақтар жиі
қойылады.
Алайда дәстҥрлі оқыту бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы
әсер етсе, «дамудың соңында жҥрсе», ал екінші жағдайда «оқыту дамуды ӛзімен
бірге алып жҥреді» деген Л.С.Выготскийдің пікірінен кӛп нәрсе аңғаруға болады.
Дамыта
оқытуда
баланың
ізденушілік-зерттеушілік
әрекеттерін
ҧйымдастыру басты назарда ҧсталады. Ол ҥшін бала ӛзінің бҧған дейінгі білетін
амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей
жағдайға тҥсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады,
оқуға әрекеттенеді. Сабақ мҧндай жағдайда тӛменгідей 3 қҧрамдас бӛліктен
тҧратын болады:
1.
Оқу мақсаттарының қойылуы
2.
Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру
3.
Шешімнің дҧрыстығын дәлелдеу
Дамыта оқыту сабақтарында жаңа материалды талдауға зор кӛңіл бӛлінеді,
ӛйткені талданбаған шығарма бала жҥрегіне жетпейді деп есептелінеді. Талдау-
бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында мҧғалім әр баланың кӛңіл- кҥйін бақылауға,
ой–пікірін байқауға мҥмкіндік алады. Интеллект деңгейін анықтай алады. Әсіресе
оқу сабақтарындағы материалды талдау арқылы шығарманың айтар ойы, идеясы
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №5 2008.
31
бала жҥрегіне жетіп, талдау арқылы ар-ҧят, қайырымдылық, әдептілік сияқты
тамаша қасиеттерді дарытады.
Бҧл жҥйедегі баланы ойлауға ҥйрететін тәсілдердің бірі-салыстыру әдісі.
Салыстыру деген не? Философиялық сӛздікте «салыстыру обьектілер арасындағы
ҧқсастық пен айырмашылықты анықтау, қорытудың алғы шарты»,- делінеді.
талдау, жинақтау қызметінің маңызды жағы заттар мен қҧбылыстарды
салыстырмайынша олардың елеулі белгілерін анықтау мҥмкін емес.
Айналаны тануда салыстырудың мәні зор. Бҧл туралы К.Д.Ушинский:
«салыстыру — ойлаудың және қабылдаудың негізі»- деген.
Дидактикада салыстыру негізгі тәсіл болып табылады. Заттарды салыстыра
отырып тҥсіну тек адамға ғана тән. Мҧғалім салыстыру әдісімен сабақ жҥргізе
отырып, оқу материалын оңай, кӛрнекі етіп ҧсынуға мҥмкіндік алады. Баланың
қиялын дамытады. Салыстыру белгілі мен белгісіз арасындағы кӛпір сияқты,
оқушыларға ӛмірінен тысқары білімді меңгеруге кӛмектеседі. Салыстыра
отырып, оқушы заттар мен обьектілердің байқалмай, кӛрінбей қалатын белгілерін
анықтауға ҥйренеді. Баланың байқампаздығы артады. Ал байқампаздық - баланың
жалпы дамуындағы негізгі психологиялық компонент болып табылады. Оқушы
салыстыра отырып, бҧрынғы ӛтіп кеткен материалдар мен жаңа білім арасындағы
логикалық байланыстарды анықтауға ҥйренеді. Неғҧрлым салыстыру жҧмысы
тиімді ҧйымдастырылса, соғҧрлым білім алудағы формализм жойылып, ең
негізгісі оқуға деген қызығушылық арта тҥседі.
Заттарды салыстыра отырып тек ҧқсастығы мен айырмашылығын тапқызып
қоймай, олардың себептерін айқындатудың бала дамуы ҥшін маңызы зор.
Біріншіден, заттардың әр тҥрлі белгілерін таба білуге ҥйренсе, екіншіден
қабілеттері дамиды.
Байқау — қоршаған ортамен байланысу деген сӛз. Ол қарау, қабылдау
арқылы іске асады. Дегенмен практикада байқампаздыққа ҥйрету кӛп жағдайда
ҥстірт жҥріп жатады. Мәселен серуенге шығып тҧрып, табиғаттың тек сыртқы
белгілерін атаумен шектелеміз. Ал, алысырақ, қалтарыста тҧрған кӛзге кӛріне
бермейтін детальдары назардан тыс қалып қалады. Осыдан барып қарап тҧрып
ӛмірде ешнәрсені байқамайтын адамдар қалыптасады. Мҧндай кемшілік олардың
рухани ӛмірінің кедейленуіне әкеп соғады. Ондай адамдар кӛп жағдайда ҧтылыста
қалады. Белгілі ақындар мен ғалымдардың, суретшілердің байқампаздық
қабілетінің жоғары болуы тектен-тек жағдай емес. Мысалы, ӛзі туралы Чарльз
Дарвин ӛмірбаянында «.... мен басқалардан ерекше ақылдылығыммен, ой
жҥйріктігіммен емес, кейбір адамдар кӛре бермейтін назардан тыс нәрселерді
байқап, талдай алуыммен ерекшеленемін»,- деп жазған екен. Сабақтарда баланың
байқамай қалуынан жіберілетін қателер қаншама. Бҧл сияқты қасиеттің болмауы
не тӛмендігі олардың шығармашылық қабілетерінің дамуына да нҧқсан
келтіретіні анық.
Дамыта оқыту жҥйесінің маңызды тағы бір ерекшелігі сынып оқушыларын
«жаман», «жақсы» оқушылар деп бӛлмей, барлық баланың дамуы ҥшін қолайлы
жағдай туғызуды мақсат тҧтады. Нашар оқушының ӛз шамасы келгенше, қабілеті
жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған. Сол арқылы ол да ӛзін мҥмкін
дәрежеге дейін дамыта алады. Бҧл жолда оның қателесуі, жаңылуы әбден мҥмкін.
Тек мҧғалім тарапынан кӛрсетілген сабырлылық, байсалдылық оның ӛз кҥшіне
деген сенімін арттырып, алға жетектейді деп есептелінеді.
Дамыта оқыту жҥйесінде мҧғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас
жаңа қағидаларға негізделеді. Олар ынтымақтастық, ӛзара сыйластық, тҥсіністік
сияқты қасиеттер. Баланың ӛз ойын қорықпай, сеніммен айта алатындай ахуалда
болуы басты назарда ҧсталынады. Ол ҥшін оның әрбір жауабы мҧқият тыңдалып,
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008.
32
дҧрысы мақталып, қатесі еппен тҥзеліп отырады. Оқушыны кішкентай бала деп
қарамай, оның да пікірімен санасып, кӛзқарасын қҧрметтеу оның дамуына орасан
зор әсер ететіндігі дәлелденді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Әбдікәрімҧлы «Білім берудегі педагогикалық технология»
Қазақстан мектебі, № 4,03.
2 .Аманашвили Ш. « Психологие основы педагогики» Киев 1991.
3. Б А Тҧрғынбаева «Дамыта оқыту тнхнологиялары».
4. Ф.Я.Вассерман «Ҥшінші мыңжылдықтың мектебі» жобасы.
5. Г.К.Селевко «Соврменные образовательные технологии».
6. Ж.Қараев «Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы».
7.Джангельдина Т.Т. «Каммуникативно- когнитивные подходы в обучении
второму иностранному язык» ИЯШ №4 2003.
8. Ешімбетова З.Б. « В чем различие между методикой и технологией» ИЯШ №
1 (3) 2004.
9. Пассов Е. Н. « Коммуникативный метод обучения иностранному языку» М.
Арсти, 2000.
10. Есенина Е.И. « О проблемах воспитывающих и развивающих методов
обучения иностранному языку» ИЯШ 1990 №1.
11. Хайруллина С.А « Инновационные технологии обучения немецкому языку»
ИМИ в школах Казахстана, №2 (14) 2004.
13. Афанасьева А.Н. Ринатулин Р.И. « Модель урока для развития
мышления» ИЯШ. № 2, 2003.
ТҤЙІНДЕМЕ
Мақалада шет тілін оқытуда жаңа технологияларды пайдалана отырып,
оқытудың тиімділігін арттыру мәселесі қарастырылады.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются новые технологии в процессе преподавания
иностранного языка.
Достарыңызбен бөлісу: |