«Желкілдек» протоэпосындағы ат бейнесі. «Желкілдек» /1, 96/ эпосында
жаумен екі батыр — Жастҥлек пен Желкілдек соғысады, соған сәйкес бҧл эпоста
негізінен екі ат — Дҥлділ мен Кҥрең ат суреттеледі (Ӛзтемір мінген Қара бедеу
ешқандай қасиеттерімен кӛзге тҥспейді). Осы аттардың ішінен тек Желкілдек
батырдың Кҥрең аты ғана эпостағы аттың атқаратын функцияларының алғашқы
тӛртеуін атқарады. Әйтсе де «Желкілдек» протоэпосындағы аттардың бірде-
біреуі «Ер Кӛкше» эпосындағыдай ҥнемі батырды билеп, жӛн-жоба кӛрсетіп,
қолдап-жебеп жҥретін, ӛзіндік дербес кейіпкер дәрежесіне кӛтерілмейді, небәрі
эпизодтық кейіпкер дәрежесінде қалады.
Жастҥлек батыр жауға аттанар сәтінде әкесі Нҧрманбет ханның Дҥлділ атын
сҧрап алады. Дҥлділ ат қандай да бір қасиеттерімен кӛзге тҥспейді, тек батырға
қашан кері қайту керек екенін кӛрсетіп береді. Нҧрманбет хан Жастҥлекке:
«Дҥлділің оң аяғымен жер тепсе, сол аяғын кӛкке кӛтерсе, келме», «сол аяғымен
жер тепсе, оң аяғын кӛкке кӛтерсе, қайт балам» деп нҧсқау береді. Жеті жасар
Жастҥлек батыр келген жаудың бәрін қырып шыдатпайды, сонда кәпір басы
Телегей қҧмалақ ашып, қой жаурынын жағып, Жастҥлектің атса оқ ӛтпейтін,
шапса қылыш ӛтпейтін батыр екенін біледі. Содан соң Телегей боран соқтырып,
кҥнді қатты аяз қылады. Жастҥлек суыққа шыдамай тоңады, сол кездері Дҥлділ ат
«сол аяғымен жер тарпып, оң аяғын кӛкке кӛтереді, бала дҥлділіне мініп, қайтты».
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008.
98
Кӛріп отығанымыздай Телегей Жастҥлекті батырлықпен емес, шамандық,
магиялық әдіспен жеңеді. Осы тҧста Г.Н. Потаниннің кӛне эпос батырларының
жекпе-жегі кейде батырлық шайқас емес, сиқырлық ӛнері бойынша жарысқа
айналып кететіні жӛніндегі пікірі еске тҥседі /9, 257/.
Бҧдан соң Нҧрманбет ханның екі қызы Тінікей мен Кҥнікей, суыққа тоңып
ҥйге қайтып келген Жастҥлекті жылыту ҥшін біреуі басын алып қойнына салып
алады, екінші апасы аяғын алып қойнына салып алады. Ал, кәпір басы Телегей
бастаған жаулар келіп қалған кездері Тінікей мен Кҥнікей Жастҥлекті жеті
қҧлақты қазанның астына салып, жасырып тастайды. Шаһарды шапқан жаулар
Жастҥлекті тауып алып ӛлтіреді. Ол ӛлген соң жаумен кҥреске Желкілдек
шығады.
Желкілдектің ӛзіне мінетін ат таңдауы қызықты суреттеледі, оның әкесі
Сарыбайдың жылқысын бағып жҥрген Топай деген қҧлы болады. Желкілдек сол
қҧлға: «... маған бір ат бер!» дейді. Сонда Топай қҧл жылқыларды қҧйрығынан
ҧстап алып, бір дарияның суынан ары-бері лақтыра бастайды. Сонда:
Бір қотыр кҥреңке тайды
Лақтыра алмайды ар жаққа.
Қотыр тай ар жағалауға жетпей, судың ішіне тҥсіп жҥзіп жҥреді. Топай қҧл
шалма тастаса да тайды ҧстай алмайды. Сонда Желкілдек Топай қҧлдан шалманы
алып, ӛзі тастайды.
Осы тайды тоқтатпасам,
Ер салып мінбесем,
Астыма алып жҥрмесем,
Желкілдек атым жоғалсын!»,— дейді ол.
Осылайша, Желкілдек батыр Кҥрең атты судан ҧстап алады. Жалпы, судан
шыққан аттар, су аттары қазақ эпосында едәуір жиі кездесетін мотивтердің бірі.
Біздің ойымызша, бҧл мотив су жыландары мотивінің транформацияланған тҥрі.
Этнографиялық
деректерге
сәйкес
жер
бетінің
кӛптеген
аймақтары
тҧрғындарының тҥсінігінде су жыландары су стихиясының иесі, билеушісі
болған. Навахо мифінде: «Сол маңнан ол су жыланы Тиехолтсодидің ойнап
жҥрген балаларын тауып алды, балалар оған тым ҧнап кеткендіктен, ол балаларды
бас салып ҧстап алып, қашып кетті. Тиехолтсоди қатты ашуланып, бҥкіл әлем
бойынша балаларын іздей бастады, бірақ босқа әлек болды. Содан ол ҧрыны суға
батырып жіберу ҥшін, әлемге топан су қаптаттпақ болып шешті» делінген. Су
жыланына қҧрбандықтар берілген /14/.
Су жыландарының су аттарына айналуы да этнографиялық материалдарда
кеңінен кӛрініс тапқан. «Айталық, Шотландияның Куой, Лох-Аркаиг, Лох-Кенисп
және Еуропадағы ең терең Лох-Морар кӛлдері бойындағы тҧрғындар осы
кӛлдерде Лох-Несс кӛліндегіден кем емес қҧбыжықтар бар дейді. Олар
қҧбыжықтарды «су аттары» деп атайды... Олардың тҥсініктері бойынша бҧл
айуандардың басы ат тәрізді, бірақ денесі ҧзын, ирелеңдеген болып келеді» /15/.
Сонымен, Желкілдек кҥреңше тайды тоқтатып, жҥгендеген кездері ол қҧнан
болады, ал ер салып ерттегенде қҧнан дӛнен болады, екі айылын тартқанда дӛнен
бесті ат болады. Кҥреңше тай әп-сәтте осылай қҧбылып, келісті тҧлпарға
айналады. Кҥреңше аттың қҧбылуы бҧл ғана емес, Желкілдек жаумен соғысар
сәттері оған тіл бітіп: «Е, ием, тҥс менен» дейді. Ер тоқымын, қҧйысқанын,
жҥгенін сырып алуды бҧйырады. Оң жағына бір, сол жағына бір аунап, шӛп
жейді. Сол кездері қҧдай Кҥреңше атқа кҥміс ер-тоқым, кҥміс қҧйысқан, кҥміс
жҥген бітіреді. Осы жерде кҥрең аттың ең ҥлкен кереметі басталады: ат батырдың
кӛмегінсіз-ақ жауды қырып салады. Кҥрең ат батырға: «Артқы айылымды берік
тарт, алдыңғы айылымды бос тарт, кӛзіңді жҧм, мен тоқтағанда, кӛзіңді сонда аш!
Шаба алмасам маған серт!» дейді. Батыр кӛзін жҧмып жауға шабады. Ат тҧра
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №5 2008.
99
қалған кездері Желкілдек батыр кӛзін ашады: «Қараса аттың тізесінен қан екен»
/1, 107/.
Бҧл эпизодтардың бәрінде Желкілдек батырдың кҥрең атының Ер Қосайдың
сары атына ҧқсас бейнеленетінін, екі тҧлпарды сипаттауда сәйкес тілдік
бірліктердің қолданылатынын байқаймыз. Бҧл ежелгі кӛне эпостың типтік-
генетикалық бірлігінен, оның негізінде жатқан архаикалық-мифтік сананың
сәйкестігінен туындаса керек.
Дегенмен, эпостың бҧдан арғы оқиғаларында кҥрең ат анда-санда ғана, жай
кӛлік ретінде кӛрініп, эпизодтық рӛл атқарады.
«Желкілдек» эпосында да шамандық мифтерден, иницация салтынан, тайпа
аралық қақтығыстардан туындаған мотивтердің қабаттасуы анық кӛрініс тапқан.
Айталық, Желкілдектің қу аяқ кемпірге («қу аяқ» сӛзі орыстың «Баба Яга
костяная нога» деген сӛзімен мағыналас ҧғым болуы да мҥмкін және ол В.Я.
Пропптың дәлелдегеніндей кемпірдің о дҥниемен байланысын кӛрсетіп тҧр —
А.К.) бала болуы, оның сынағынан ӛтуі және кемпірдің Желкілдекке жәрдем беруі
инициация салтының кӛріністері екені даусыз. Сондай-ақ, эпоста кейінгі эпостық
дәстҥрге жат, ерсі, ақылға сыймайтын кӛріністер де аз емес, айталық, Желкілдек
қырық биенің етін әрқайсысын бір-бір асап жеп, сҥйектерін мҧрынан шығарып
тастап отырады, қырық саба қымыз ішеді. Бҧған да тоймай қалып, тағы бір ат
сойдырып, сол аттың «бір жапырақ етіне» тояды. Бҧл жерде ежелгі архаикалық
тҥсініктер бойынша батырдың тамақты неғҧрлым кӛп жеуі, оның соғҧрлым кҥшті
екенін кӛрсететінін атап ӛту керек.
Қорыта айтар болсақ, «Ер Кӛкше» және «Желкілдек» ежелгі архаикалық
эпостарындағы ат бейнелері ӛзара типтік-генетикалық ҧқсастықтарымен,
бірыңғай кӛркемдік-бейнелеушілік қҧралдар арқылы жасалуымен ерекшеленіп
тҧр. Бҧл эпостардағы ат образдарынан шамандық мифтерден мен инициация
салтынан, тағы да басқа ежелгі салттардан, ҧғым-тҥсініктерден, ритуалдардан
келген мотивтер анық байқалады. Ежелгі бҥкіл дҥниені біртҧтас бірлік ретінде
қабылдайтын, кез келген жансыз заттың немесе жан иесінің бір-біріне айналуын,
қҧбылуын қалыпты қҧбылыс деп қарайтын архаикалық-синкреттік сана — аттың
сан-алуан магиялық қҧдіретті кҥшке ие болуын, тҥрлі қызметтерді қоса-қабат
атқаруын, кӛп жағдайда батырды бастап жҥріп, жол-жоба кӛрсетуін т.б.
қасиеттерін қалыпты нәрсе деп қарастырады. Осы ерекшеліктердің бәрі
архаикалық эпостағы ат бейнесінің эпостың ӛзге жанрларынан айрмашылықтарын
белгілейді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Ел қазынасы — ескі сӛз (В.В. Радлов жинаған қазақ фольклорының ҥлгілері). –
Алматы: Ғылым, 1994. -616 бет.
2. «Маадай Кара». Алтайское сказание. Горно-Алтайск, 1957.
3. Ястремский С.В. Образцы народной литературы якутов.
4. Типология народного эпоса. М., Наука, 1975 -328 с.
5. Пропп В. Я. Исторические корни волшебной сказки. Изд. ЛУ 1986. -368 с.
6. Монголо-ойратский героический эпос / Пер., вступ. ст. и примеч. Владимирцов
Б.Я. Пг.: Госиздат, 1923.
7. Козин С.А. Джангариада: Героическая поэма калмыков. Введение в изучение
памятника и перевод торгутской его версии. М.; Л.: Изд-во АН СССР, 1940.
8. Сказания о богатырях: Тувинский героический эпос / Предисл., пер. и коммент.
Гребнева Л.В. Кызыл: Тувинкнигоиздат., 1960.
9. Аносский сборник. Никифоров Н.Я. Собрание сказок алтайцев с примечаниями
Г.Н. Потанина. –Зап ВСОРГО, Омск, 1915, т. XXXVII.
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008.
100
10. Афанасьев А.Н. Народные русские сказки, т. 1-3/ Подготовка текста,
предисловие и примечание В.Я. Проппа. М., 1957.
11. Сказки М.М. Коргуева. Кн. І /Зап., вступ. статья и комм. А.Н. Нечаева.
Петрозаводск, 1939. (Сказки Карельского Беломорья, І).
12. Зеленин Д.К. Культ онгонов в Сибирии. М,: Л., 1936.
13. Абай-Гэсэр-хубун. Эпопея: Эхирит-булагатский вариант/ Подгот. текста, пер.
и примеч. Хомонова М.П. Улан-Удэ: Изд-во АН СССР, 1964. Ч. ІІ.
14. Дж. Ф. Бирлайнс. Параллельная мифология:
15. http://witchmirror.narod.ru/shablon_main.html
16. http://sashka.iatp.org.ua/sashka/ho2/lohness.htm
ТҤЙІНДЕМЕ
Мақалада «Ер Кӛкше» және «Желкілдек» архаикиялық эпостарындағы ат
бейнесі талданады, жырлардағы ат бейнесінің жасалу мотивтері қарастырылады.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается образ коня и способы его создания в архаических
эпосах «Ер Кокше» и «Желкилдек».
АЙТЫС — ӚНЕР САЙЫСЫ
Қарынбаева Ҧ.Қ.- мҧғалім
(Алматы обл., Жаңабай Қҧдайбергенов атындағы орта мектеп)
Айтыс — ӛнер жарысы, сӛз додасы. Айтыс әр елде әр тҥрлі деңгейде
дамыған. Сӛз сайысы - кӛшпелі ӛмір кешкен елдердің кӛбіне тән ӛнер. Ауызекі
дәстҥрде тарайтын айтыстың ерекшелігі жазу, сызу дамымай тҧрған кезде пайда
болып, таралуына ыңғайлы ортаның болуын қажет етуі. Айтысты тыңдайтын да
тарататын да халық, яғни ел ішіндегі сӛз сҥйер қауым, жекелелеген ақындар.
Айтысты алғаш таратушылар айтыскерлердің ӛзі болған деген де болжам бар.
Салт-дәстҥрі мен әдет-ғҧрпы жағынан бізге ҧқсас тҥркі тектес халықтарда
айтыс ӛнері кең дамыған. Мәселен, қарақалпақ, қырғыз, алтай елдерінің кӛшпелі
ӛмір тірлігі айтыстың дамуына тиімді орта болып есептелген. Суырып-салма
ӛнер, импровизация дәстҥрінің кӛшпелі ӛмірге тікелей қатысты болатынын ең
алғаш Ш.Уәлиханов атап кӛрсеткен: ―Поэзияға, әсіресе, суырып-салмалық ӛнерге
деген бейімділік барлық кӛшпелі халықтарға тән. Бәдәуилердің ҧшқыр қиялды
суырып-салма ақындары Европалықтарға қашаннан жақсы таныс. Араб
балаларының ӛздеріне қойылған сҧрақтарға тӛрт тақтасы жатық ӛлеңмен
мҥдірмей жауап беретінін сҧқтана жазып жҥр. Бҧл маңғол, тҥрік ҧрпақтарына тән
қасиет. Бҧған олардың кӛшпелі бейқам ӛмірі себепкер ме, яки ҥнемі әсем
табиғаттың қҧшағында жҥріп, кӛгілдір ашық аспан мен шет қиыры жоқ
қҧлпырған жасыл даланы сезінудің әсерінен бе кім білсін, дала кӛшпенділері
ақындық пен сезімталдыққа жан-тәнімен бейім тҧрады‖ деп жазады/1/. Осы
пікірден айтыстың бір ғана ел емес, кӛшпелі тірлік кешкен бірнеше елге ортақ
ӛнер тҥрі екендігін аңғаруға болады.
Сӛз жарысы болып есептелетін айтыс ӛнеріне табиғаты ҧқсас сайыс тҥрлері
басқа елдерде де кездеседі. Мәселен, ҥнді елдерінде би жарысы тҥріндегі ӛнер
сайысы болған. Ол кҥні бҥгінге дейін сақталап келе жатқан ӛнер тҥрі болып
есептеледі. Ал орыс елінде тӛрт жол ӛлеңмен жарысу, ой қақтығысымен бір-
біріне жауап қату кездеседі. Ол «частушка» делінетін ӛлең тҥрі. Кӛлемі жағынан
шағын болғанымен, қазақтың жар-жар ӛлеңдеріне табиғаты ӛте жақын келеді.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №5 2008.
101
Тҥркі тектес халықтарда айтыстың ӛзге жанрлардан басым сала болып
келгенін дәлелдейтін жазба ескерткіштердің бірі — М.Қашқаридің ―Дивани лҧғат
ат-тҥрік‖ атты еңбегі. Осыда берілген ―Жаз бен қыстың айтысы‖ ӛзінің сыртқы
тҥр қҧрлысы мен мазмҧн жағынан мысал айтыстың ескі бір әсем ҥлгісі екендігін
танытады.
Ал қазақтың айтыс ӛнері ӛзінің кӛп тҥрлілігімен ерекшеленеді. Ауыз
әдебиетіндегі ерекше дамыған саласы ретінде айтыс қазақ даласында әр кезеңде
әр дәрежеде дамып отырған. Мҧны айтыс ӛнерін зерттеуші ғалымдардың бірі
М.Жармҧхамедов та атап кӛрсетеді: ―Айтыс жанрының ХҤ-ХҤІІІ ғасырларда
біршама толастағаны байқалады. Айтыстың, әсіресе, ерекше дамыған кезі ХІХ
ғасырдың екінші жартысы‖ – деген пікір айтады/2/.
Айтыс ӛнерінің қазақта қарқынды дамуы халықтың сӛз ӛнерін ерекше
қастерлеп, киелі санауына да байланысты. Қазақ халқы ―Тоқсан сӛздің тобықтай
тҥйінін тҥйе білген‖ би шешендерді, ақындарды ерекше дәріптеген. Аңыз қылып
айтып елден-елге тарата білген. Шоқан қазақ халқының осы ерекшелігін танып
айрықша баға береді: ―Ақындық қабілет жағанан қазақтар бірінші орын алады.
Дала поэзиясы ретінде ол араб поэзиясына ҧқсас. Сюжетінің ҥндестігімен
сахарадағы кӛшпелі ӛмір кӛріністерін, сондай-ақ ру арасындағы бітпес
жаугершілік пен қиян-кескі тартысты бейнелеу - бҧл ҧқсастықты тіпті жақындата
тҥседі‖, – деген/1/.
―Қазақтар қашанда мҥдірмей, кідірмей ерекше екпінмен сӛйлейді... Тіпті,
ауызекі сӛйлесіп отырғанның ӛзінде оның сӛйлемі мен ой кестесі, ӛлең жолдары
мен шумақтары секілді ҧйқасып, ҥйлесіп кететіндігі сонша, нағыз ӛлең екен деп
таң қаласың‖-деп кӛрсетеді академик В.В.Радлов/3/. Қазақтың әнге, суырып-
салма ӛлеңге жҥйріктігі жазба әдебиетінің дами бастаған тҧсында да кӛрінеді.
Қазақ әдебиетінің проза жанрының кенжелеп дамуының да бір себебі ақындық
дәстҥрдің кең ӛріс жайюына қатысты. Алғашқы романдардың да ӛлеңмен
жазылуы осының бір дәлелі.
Айтыс қолма-қол айтылатын шеберлік пен алғырлық, тапқырлыққа қҧрылып
отырады. Жеңіске жетудің амал-тәсілдері әр тҥрлі болып келеді. Ақындар
айтысында талас-тартыс тҥйдек-тҥйдегімен ағытылады. Бҧндай ҧзақтан шолып
жырлау тҥрі - сҥре айтысы делінеді. Айтыс ӛнеріне ойдағы алғырлық пен қалт
жібермес кӛрегендік, қырағылық қажет. «Айтыстың тҥп мақсаты — ҧту,
қарсыласын қисынды да уәжді сӛзбен қапысын тауып, тосып, еріксіз тізе
бҥктіру»/2/. Импровизация дәстҥрін ҧстанған ақындар кез-келген тақырыпта
қолма-қол жыр тудырумен бірге, соны халық алдында домбыра не қобыз,
сырнайдың сҥйемелдеуімен әуенге қосып орындаушы да болған. Әсіресе, айтыс
қазақ ӛмірінде ақын болып танылудың бірден-бір дәстҥрлі мектебі болып саналып
келген. Е.Исмайылов: ―...ақын ӛмірдегі қҧбылысты тарихи оқиғаны ӛзінің ой-
ӛрісі дәрежесінде таниды. Ақынның сезінуі, ол сезгенін қабылдауы шапшаң, ол
тез кӛріп, тез әсер ала біледі. Алған әсерін ҧғып есіне сақтауы да кҥшті, тҧрақты.
Қазақ ақындарының ежелгі салтында жылдам, бӛгетсіз тыңнан ӛлең шығарып
айта білмегенді кҥшті ақын деп танымаған‖, - деп қазақ ӛнеріндегі
импровизацияның орнын атап ӛтеді/4/.
Қазақта айтыстың бірнеше тҥрі бар Олар:
Ӛлі мен тірінің айтысы;
Бәдік айтыс;
Жҧмбақ айтысы;
Қыс пен жаздың айтысы;
Жар-жар айтысы;
Салт айтысы;
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008.
102
а) қыз бен жігіт айтысы;
ә) ақындар айтысы.
Осы кҥнгі айтыстар.
Осы кҥні ақындар айтысы ерекше ӛркендеп дамып отыр. Ақындар айтысы ӛз
ішінен бірнеше тҥрге бӛлінеді. Қысқа қайырылып бірер шумақпен қайтарылып
отыратын айтыс тҥрін тҥре айтысы дейді;
Ҧзақ шолып, тақырыпты кең қамтып айтатын сҥре айтысы;
Әр шумақты бӛле-жара алма кезек жауап қайтарып отыратын қайым айтысы,
―Қайым‖ сӛзі жіп сабағындағы қайтарым, қайыра ӛру мағынасынан шыққан
сияқты. Яғни әр шумақтың тармақтарын кезекпен жҧптастыра отырып қайыра ӛру
деген ҧғымға саяды.
Жҧмбақ айтысы айтыстың ең кҥрделі тҥрі болып саналады. Бҧл шапшаңдық
пен тапқырлықты, айтыскердің логикалық ҧтымды ойлау шеберлігімен тығыз
байланысты. Себебі жасырылған шумақтағы жҧмбақты тауып, табан астында
ӛлеңмен шешімін айтып ҥлгеруді талап ететін айтыс тҥрі. Сол себептен де жҧмбақ
айтысы кейінде жазба тҥрінде тараған. Мәселен, Мәделіқожа мен Майлықожа
айтыстарында жазбаша тараған.
Кейінде қазақ әдебиетінде жҧмбақ айтысынан басқа айтыс тҥрлері де
жазбаша тарай бастаған.
Қазақ әдебиетінде айтыс жанрын дамытушы ірі тҧлғалар болған. Шӛже,
Бақтыбай, Сҥйінбай, Орынбай, Шортанбай, Серәлі, Тоғжан, Сақау, Балта,
Кемпірбай, Қалдыбай, Жамшыбай, Қҧлтума, Жанақ, Қҧлмамбет, Мҧрат, Марабай,
Сабыр, Ыбырай, Жарылғасын, Кҥдері, Қҧдайберген, Тҥбек, Әсет, Ырысжан,
Кеншінбай, Біржан, Сара, Ақан сері, Тәбиә, Ақбала, айқын, Болық, Дәме, Ҧлбике,
Нҧрғожа, Тыныштық, Шӛкей, Қадиша, Ақсҧлу, Жамбыл, Шәріп, Жамал секілді
отауызды, орақ тілді ерен жҥйрік ақындардың айтыс ӛнеріне қосқан ҥлесі мол.
Бҥгінде ақындар айтысы ерекше дамып отыр. Бҥгінге айтыскерлер де ӛзінің
суырып-салма ӛнерімен, ой жҥйріктігі мен тілінің шешендігі жағынан аға буын
айтыскерлерден кӛп ілгері дамыды десек артық айтқандық емес.
Қашан да болса айтыс ӛнерінің басты сҧранысы - сӛз бәсекесіне тҥскен
ақындардың тар шеңберлі мҥддеден шығып, асқақ сӛйлейтін лирикалық
кейіпкерге айналуы. Бҥкіл халыққа мәні бар аса елеулі оқиғаларды қамтып,
халықтың мҥддесі мен мҧңын шағып, халық ҥніне айналуы. Айтыс ӛнері
халқымыздың ӛмір салтына байланысты туып, ел тарихынан мол дерек беріп,
халықтың мҥддесі мен мҧңын жариялап келе жатқан халықтың аяулы ӛнерінің
бірі. Айтыс қай ғасырда болмасын ҧрпаққа сӛз ӛнерінің сҧлу жыр, әдемі кестесі
арқылы эстетикалық тәрбие береді, ҧрпақтың рухын тәрбиелеуде басты ӛнер тҥрі
ретінде дами береді деп ойымызды тиянақтаймыз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Уәлиханов Ш. Сочинение СПБ. , 1904. стр., 192-193.
2.Айтыс. А., Жазушы, 1988. 7б.
3.Радлов В.В. Образцы народной литературы. 1870г., стр. ХҤІІ.
4.Исмайлов Е. Ақындар. А., 1956. 23 б.
ТҤЙІНДЕМЕ
Мақалада қазақтың айтыс ӛнерінің ӛзіндік ерекшеліктері сӛз етіледі.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается своеобразие казахского литературного жанра
айтыс.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №5 2008.
103
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ АБЫЗДАР ДӘСТҤРІ
Мҧхамеджан А. - аға оқытушы
( Тҥркістан қ., Қ.А.Ясауи атындағы ҚХТУ)
Оғыз заманынан келе жатқан, Қорқыт айтқан даналық сӛздерді қазақ елі
ғасырлар бойы есінде берік ҧстап келген, ой атасы Қорқыттан сарқылмайтын
бҧлақ кӛзіндей мирас етті. Қазақтың ҧлы жыраулары ӛзінің ескі дәуірдегі ҧлы
ҧстазы Қорқыттан ҥлгі-ӛнеге, халықтың саяси, мәдени, шаруашылық тіршілігі
елді бейбітшілік бірлікке, ерлікке баулу, кӛрші елмен достықты ардақтау, ел
басқарған адамдарға кеңес беріп, татулықты мирас ету, ел қорғаған асыл ерлердің
жҧрттан асқан ерекше ерлігін жырлауды дәстҥр етті.
Әсіресе
абыздардың
эстетикалық
тҥйсік-талғамымен
теософиялық
дҥниетанымы-ның нәтижесі болған болжаушылық қасиеті – қазақ әдебиетінде
жыраулардың шығармашылық дәстҥрі болжал мәнді толғаулар туғызды.
Болжал әдебиеттің негізгі мазмҧны қазақ халқының болашақ баянсыз
тағдыр-талайы болып табылады: жер тозады, жайлау тарылады, ауа райы, табиғат
қаталданады, адамдар кедейленеді, мінез-қҧлық ӛзгереді, жаман ғадеттер
молаяды, бір сӛзбен айтқанда, қазақ елі мен жері ӛзгеріп, азып тозады. Аталған
ауыр кҥндердің хақтығын болжай отырып, халық ӛз басындағы жаман ғадет,
қасиеттерден арылмаса бҧдан шығар жолдың жоқтығын, болашақты қҧлдық пен
қҧру кҥтіп тҧрғанын жырлайды /1, 176 б. /.
Болжаушылық қасиеттің абыздар мен жыраулардағы ортақ сипаты мен
ерекшелігіне мән беріп кӛрейік. Абыздар – ру кӛсемі, ел басы болғандықтан,
рулық-тайпалық қоғамда оның мҧңы да, зары да, қуанышы да, барлық
проблемасы ӛз халқының қамы. Сондықтан қауым елдің барлық әлеуметтік кем-
кетігі, рухани әлемі, эстетикалық тҥйсік талғамы, қоршаған айналасын танып
білудегі таным-тҥсінігі абыздың мойнына аманат болған. Ал абыздыңрухани
болмысына деген халықтың жауапкершілігі де сенімді. Абыздың қалыптасу
тарихы, қазақ халқының руханиятына ҥлес қосуы сонау ежелгі ғҧн, ҥйсін, қаңлы
дәуірлерінен бастап, тҥркі қағанаттарында шарықтау шегіне жетіп, ал Алтын
Орда дәуірінде әлеуметтік ахуалдың нашарлап, ҧлттық дҥниетанымның тоқырау
заманына аяқ басқаны және осындай келеңсіздіктердің аяғы ХІХ ғасырдың екінші
жартысындағы саяси дағдарысқа ҧшыраумен аяқталады. Яғни бағзы заманнан
келе жатқан рулық-тайпалық қоғамға да тән толыққанды ҧлттық діні, мәдениеті,
ӛнері, әдебиеті тҧтастықта ғҧмыр кешкен ―синкретизм‖ атты ҧғым бҧл дәуірлерде
ыдырау кезеңін бастан кешіреді. Бҧл пікірімізге ескі абыздардан болашақты
болжауды мирас еткен жыраулардың шығармашылығы дәлел бола алады. Әсіресе
қазақ халқының орысқа бодан болып, халінің мҥшкілін Асан қайғының бірінші
бастап болжал айтқанын М.Әуезов те растайды. Ол: ―Бҧл дәуірдегі әлеумет
тіршілігінің ең шаншулы мәселесін әдебиет жҥзіне тҥсіріп, алғаш рет қалың елдің
қамын ойлап, кҥңіренген қария Асан. Алғашқы рет келешек заманның
қҧбыжығын сезіп, тҧспалмен белгі беріп, болжал айтқан Асанқайғы. Сол
заманның ӛзінде басқа жерге ауайық десе де, ӛлең сӛзді қауымның қызметіне
жаратуға кіріскен тағы да сол. Кейінгіге ел қамын жоқтаған мҧң зар сарынын
тастап кеткен де сол. Зар заман ақындарының барлығындағы сары уайым Асан
бастаған сарын. Сондықтан зар заман ақындарының белгісі Асанқайғыдан
басталады дейміз‖ деп Асан қайғының тарихтағы орнына баға береді. Оның
абыздардың дәстҥрімен айтылған әлеуметшіл сарындағы болжам қазақ халқының
басына айна-қатесіз туған кҥн болды:
―Мҧнан соң қилы-қилы заман болар
Заман азып, заң тозып жаман болар
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008.
104
Қарағайдың басына шортан шығып,
Балалардың дәурені тамам болар.
Ол кҥнде қарындастан қайырым кетер
Ханнан кҥш, қарағайдан шайыр кетер
Ҧлы, қызың орысқа бодан болып,
Қайран ел, есіл жҧртым сонда не етер‖, –
деп Асан жырау халқының келешегін ӛзінің Тәңірден келген сәуегейлік
қасиетімен болжап айтып береді. Ескі заманның ру кӛсемі абыз қасиеті жырауға
нәсіп болған екен.
М.Әуезов Асан қайғы жайлы: ―...қазақ даласын жайлап отырған қазақ
руларының қайсысының ішіне барсаң да Асанның аты мәлім, әйгілі болып
шығады. Себебі сол рулар отырған қоныс-қоныстың барлығы қалың қазақтың
қамын жеген ҧлы қариямыздың дуалы аузынан шыққан жалынды сӛз сияқты. Сол
болжалдың ӛзіне қарап ел Асанды кәрі кҥннің сәуегейі, әулиесі, сияқты кӛреді, ӛз
ӛміріне Асан қайғының тҧспал сӛздері келіп тҧрған сияқтанады‖ /2, 199 б./ – деп
ой тҥйіндейді.
Асан қайғының болжамын Абылай Бҧқар жыраудан тҥсіндіріп беруді
сҧрағанда:
―Ханға жауап бермесем,
Ханның кӛңілі қайтады.
Қайтара жауап сӛйлесем,
Халқым не деп айтады.
Хан Абылай-Абылай.
Мҧндай жаман хабарды
Сҧрамасаң не етеді...‖ /2, 203 б./, –
деп бҧл сауалдың арқасында қазақ халқының басына келер ауыр кҥнді
айтуға қиналып тҧрғанын баяндайды.
Бірақ бҧл жағдайды кӛптің санасына ҧғындыру, ханға жеткізу жыраудың
міндеті болғандықтан Асан айтқан болжалды Бҧқар жырау былай деп анықтап
береді:
―Енді айтайын тыңдасаң,
Маған қаһар қылмасаң.
Қарағай судан қашып,
Шӛлге шыққан бір дарақ.
Шортан шӛлге шыдамсыз,
Балықтағы бір қарақ.
Ойлама шортан ҧшпас деп,
Қарағайға шықпас деп.
Қҧбыладан келер бір кәпір,
Аузы басы жҥн кәпір
Жаяулап келер жҧртыңа
Қара шекпен кигізіп,
Балдымай жағар мҧртыңа.
Ел қамын айтқан жақсыны
Сӛйлетпей ҧрар ҧртына.
Есеп алар пҧлынан,
Солдат алар ҧлынан,
Кҥндердің кҥні, Абылай.
Есе тимес ӛзіңе.
Есіктегі қҧлыңнан...‖ –
дейді.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №5 2008.
105
Болжал мәнді ӛлеңге халықтың әдет-ғҧрып, жӛн-жора заңдарының бҧзылуы,
жер мен ел жағдайы негізгі себепкер болғаны белгілі. Соның бірі Асан қайғының
/2, 200 б./ Жәнібек хан Ертістің басынан қорған салдырып, қарадан атып алып
(басқа ҧлттан) той қылғанда Асан келмейді. Ӛз ӛкпесін ханға былай береді:
Қатын алдың қарадан.
Айрылдың хандық жорадан.
Ел ҧстайтын ҧл таппас
Айырылар ата мҧрадан, –
деп бастаған Асан ендігі жерде не болатынын:
Аңдып жҥрген кӛп дҧшпан,
Елге жау боп келеді,
Қҧладың қуды ӛлтірсе,
Ӛз басыңа келеді.
Қҧлың кеп сені ӛлтірер,
Осыны Асан біледі.
Мҧны неге білмейсің, –
дейді.
Елдің саяси халін болжау, халді сынау, досы мен дҧшпанын хан мен елге
саралап беру ескі абыздардың негізгі міндеті болған. Асан Қайғы да бҧл дәстҥрдің
тізгінінен айрылмаған жырау:
Арысынан қытай, орыстың
Қорған сап, тыныш жатырсың.
Ӛзің Жәнібек, елден асқан батырсың.
Ертісті ӛрлеп орыс жҥр,
Тіл алсаң іздеп қоныс кӛр, –
деп ақылын айтады.
Асан хан шеше алмаған тҥйінді де Ғҧндар заманындағы чжуки, тҥркі
қағанатындағы айғучи, ескі дәуірдегі абыз сияқты ӛзінің кемел кӛзқарасымен
шешуге тырысып соңғы болжамын былай деп аяқтайды:
Желмая мініп жер шалсам
Тапқан жерге ел кӛшір
Мҧны неге білмейсің,
Бҧл арадан кӛшпесең,
Айтқаныма тҥспесең,
Орыс алар қалаңды,
Шулатар қатын, балаңды.
Осыны кӛрдім тҥсімде,
Біл десе де білмейсің:
Қош, аман тҧр, Жәнібек.
Енді мені кӛрмейсің‖, –
деп Желмаяға мініп жҥріп кеткен екен дейді.
Абыздардың болжал айтып сәуегейлік қҧруы Асан қайғы мен Бҧқар
жырауда ән сақталынып қалған жоқ. ХІХ ғасырдың аяғында діни қиссалар
негізінде топтаған шығармаларда да кездеседі. Ақын атаулыда, соның ішінде
Қорқыттың басталатын ―ақыр заман‖ туралы болжал (сӛздер) ӛлеңдердің бірі
Шортанбайдың ―Заманға‖ атты ӛлеңінде былай деп суреттеледі /2, 214 б./:
Мынау ақыр заманда
Алуан, алуан жан шықты,
Арам, араз хан шықты,
Қайыры жоқ бай шықты.
Сауып ішер сҥті жоқ,
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008.
106
Мініп кӛрер кҥші жоқ,
Ақша деген мал шықты.
Асанның ―айырылып хандық жорадан‖ демекші ата дәстҥрінен айырылған
ҧрпаққа Шортанбайдың бағасы:
Мҧның ӛзі зар заман
Зарлығының белгісі
Ҧл сыйламас атасын.
Арам сідік болған соң.
Атасы бермес батасын.
Қазы, болыс, хан қойды
Некесіз туған шатасып.
Сол заманның кезінде
Қыз сыйламас шешесін,
Ержеттім деп, шаштасын.
Ал заманның бҧзылуына не себеп деген сауалға жауап ретінде:
Заман қайтып оңалсын.
Адам қайтып қуансын.
Байлар ҧрлық қылады,
Кӛзіне мал кӛрінбей
Билер жейді параны,
Сақтап қойған сҥріңдей /2, 214 б./, –
деп толғайды.
Асан қайғы мен Бҧқар жыраулардың жалпы абыздардың болжал мәнді
поэзиясы қазақ тарихының хан билеп, би билеген дәуірі. Бҧл әдебиеттің негізгі
мазмҧны, бҧл тҧлғалардың дҥниеге кӛзқарасы, ҧғымы, ел тіршілігіне берген
бағасы, барлығы да хан мен би заманының ой негізін, салт-санасын білдіреді.
Асан қайғы ӛз заманының болашағын ойлап ханы қарадан қатын алса, келешегін
қҧл билейді деп зар еңіресе, ал Бҧқар жырау Абылайға келешекте ханнан кҥш,
қарағайдан шайыр кететінін, есігіндегі қҧлы есесін жібермейтінін айтып кеткен.
Бҧл жағдайды М.Әуезов былай деп қорытындылайды: ―Жақсылыққа бастасын,
теріске, жаңылысқа, жаманға бастасын, қайда тартса да әйтеуір елінің, халқының,
бҧрынғы халіне қанағаттанбай жаңалықты іздеп, ―бастаймын, тҥзеймін, қазіргі
кҥйге қанағаттанбаймын‖ деген кҥй бірлік, алғашқы рет тҧтасқан ой қҧралып,
әдебиет жҥзінде елдің, әлеуметтің тіршілігі сӛз бола бастаған соң, жазба әдебиет
дәуірі туа бастады деп есептеу керек. Ауызша мен жазба әдебиеттің арасын
бӛлетін белес, кезең осы‖, яғни М.Әуезов жазба әдебиеттің басына жырау
поэзиясын қояды.
Қорқыт дәстҥрінен ӛнеге алған, Бҧқар жырау сияқты қазақтың дана
жыраулары, ӛмірдің алуан тҥрлі ақиқатын тҥсіндіруде, тыңдауға жеңіл етіп,
қарапайым да анық, әсем де әсерлі, тҧжырымды да тартымды ӛрнегі арқылы туған
халқын жақсылыққа, әділдікке, адамгершілікке ҥндеу жалаң шақыру тҥрінде емес,
халықтың тҧрмыс салтына тікелей байланысты ӛмір ағысының процесінде, табиғи
қажеттілік ретінде, танытқыштық, әрі тәрбиелік тағлым беруде рухани
қазынамыздың тозбас ғимаратын қалады.
Әуелде синкреттік сипатта болған жыраулық дәстҥр, келе-келе ақындық,
шешендік, жыршылық, кҥйшілік сияқты жеке ӛнерлерге ӛрісін жайды. Бірақ бҧл
ӛнер
иелерінің
қай-қайсысы
болмасын,
әсемдікті
танудың
кӛркем
энциклопедиясы болған ӛлең мен жырды халыққа жеткізуде жҥрекке жылы,
жанға жайлы әсем әуен сазының байлығымен ерекшеленетін қобыз бен домбыра
ҥнінің сҥйемелдеуімен орындаған. Әрине жыраулардың кҥйшілік ӛнерлерінде
қазақ халқы оғыз дәуірінің ойшылы Қорқыт бабадан мирас еткен деп айта
аламыз. Қазақ халқының оғыздармен тарихи-мәдени байланысын дәлелдейтін
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №5 2008.
107
Әлкей Марғҧланның пікірінде былай деп айтады: «Ежелгі тайпалардың кӛбімен
бірге, қазақ халқының рухани тіршілігіне әлеуметтік қҧрылысына оғыздардың
қосқан ҥлесі аз емес… Оғыз заманынан келе жатқан эпикалық аңыздардың кӛбі
қазақтардың ерлік жырында кӛркем, сәулетті тҥрде айтылып келеді. Олардың
дәлелі ретінде «Кӛруғлы», «Алпамыс», «Бозғҧлан», «Бозжігіт», «Қозы Кӛрпеш –
Баян Сҧлу» тәрізді толып жатқан хикая, аңыздарды келтіруге болады /3, 186 б./.
Бҧл жырларды оқығанда кӛзге ерекше тҥсетін мәселелер олардың сюжет
қҧрылысы, эпикалық бейнелері «Қорқыт» дастаны мен «Оғыз жӛнінде»
айтылатын эпикалық сарындармен ҧқсас болып отыратындығы. Оғыз қыпшақ
дәуірінен дәстҥр болған әлеуметтік кӛріністің тағы бірі ҧзандардың той ҥстінде
қобыз бен домбыраның ҥніне қосылып ерлік жырын айтып, ӛткен дәуірді еске
тҥсіру» /3, 188 б./, – дейді.
Расында, Қорқыт заманынан бері де, бҥкіл тҥрік тілдес халықтардың бағзы
замандағы отаны болған Қазақстан топырағынан, тау ӛзеніндей тасқын жырлы
ақпа жыраулар, олардың сӛзін таратушы жыршылар кӛп шыққан, бармағынан
ӛнер тӛгілген кҥйшілер шыққан. Кӛшпелі ғҧмыр кешкен халқымыз қуаныш,
кҥйініш жан сезімін жырмен ағылтқан. Барлық дәуірде ақыл мен ойдың кені,
даналық «сӛз ӛнерінде», – деп ақын, жыраулық, жыршылық ӛнерді дарынды
ҧрпақ ӛнеге тҧтқан.
Біз ақын жырауларды және солардың туындыларын ҧрпақтан-ҧрпаққа
жеткізуші жыршыларды халықтың ҧлттық мәдениетін және сарқылмас қазынасын
туғызушы ғана емес, халықтың рухани ҧстазы деп айта аламыз.
Халықтың рухани тәрбиесінде ҧстаздық қызметін атқарған ӛмір сырын мол
сезініп, санаға жазған дала даналары халқын елдікке, ерлікке ҥндеген, қайғысына
қабырғасы қайысып, қуанышына жыр тӛгу арқылы тәрбиесінің мәні мен ӛмірлік
мазмҧнының, шыншылдығы мен шынайылығының сара жолын халыққа ӛнеге
етіп, дәлелдеп беріп отырады. Халықтың рухани тәрбие негізін – сол халықтың
ауызша туған мҧрасы мен халықтың ой арманы мен ҥміт мҥддесін қорғаған жеке
тҧлғалар қалаған.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Досмҧхамедҧлы Х. Аламан – Алматы: Ана тілі, 1991. – 176 б.
2. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991 – 240 б.
3. Марғҧлан.Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. – Алматы: Жазушы, 1985 – 368 б.
ТҤЙІНДЕМЕ
Мақалада қазақ әдебиетіндегі абыздар дәстҥрінің кӛрінісі қарастырылып,
Қорқыт атадан қалған кӛне мҧра мен Асан қайғы, Бҧхар жырау
шығармаларындағы абыздық дәстҥр сӛз етіледі.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются традиции абыза в творчестве Асан-кайгы, Корқыт
ата, Бҧхар жырау.
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008.
108
Достарыңызбен бөлісу: |