ЗӘКИ АХМЕТОВ – ӘДЕБИЕТ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУШІ
Пірәлиева Г.Ж. – ф.ғ.д., прфессор м.а. –(Алматы қ., Қақмемқызпу)
«Тарихта ешқандай мәдениеті болмайтын, әр тҥрлі ӛнер, мәдени, әдеби
шығарма жасамайтын адам қоғамы, ру-тайпа, халық болған емес, болмайды да»
деген аса кӛрнекті әдебиетші ғалым Бейсенбай Кенжебаевтың сӛзін ескерер
болсақ, ҧлы далада туып-ӛсіп, дҥниежҥзілік ӛркениетке ҥлкен ҥлес қосқанмен
ӛмірдің тҥрлі себептерімен тарих қойнауларында ҧмыт қалған ҧлы тҧлғалармен
тәуелсіздік нәтижесінде қайта танысып, қайта қауышып жатқанымыз жалған емес.
Қазақстан Ҧлттық ғылым академиясының академигі (1983), Қазақстан
Республикасы мемлекеттік сыйлығының иегері (1996), Қазақстан және
Қырғызстан Республикалары ғылымына еңбегі сіңген қайраткер (1978),
филология ғылымдарының докторы (1965), профессор (1966) Зәки Ахметовтің
еліміз егемендік алғаннан кейін қазақ әдебиеті тарихына жаңаша кӛзбен қарап,
әдеби ҥрдіс пен оның кӛрнекті ӛкілдері жайлы тың пайымдаулар мен тҥбегейлі
теориялық тҧғырнама жасап, методологиялық жаңа бағдар алуына себеп болуын
арнайы атап ӛткен жӛн. Қазақстанның рухани мәдениеті мен әдебиетінің
ӛркендеуіне ӛзіндік ҥлесін қосқан ғалымның осы орайдағы жаңа ойлары, тың
ғылыми тҧжырымдары жас зерттеушілерге жаңа бағдар сілтегені де сӛзсіз.
З.Ахметовтің есімі ҧлттық әдебиеттану ғылымында абайтану мен мҧхтартану
саласындағы сҥбелі еңбегімен де жақсы танымал. «Лермонтов және Абай» (1954),
«Қазақ ӛлеңінің қҧрылысы» (1964), «Қазақ поэзиясының тілі» (1970), «Ӛлең
сӛздің теориясы» (1973), «Қазақ әдебиетінің қазіргі дамуы және дәстҥрі» (1978),
«Абай жолы эпопеясының поэтикасы» (1984), «Абайдың ақындық әлемі» (1995),
«Мҧхтар Әуезовтің роман-эпопеясы» (1997), «Поэзия шыңы – даналық» (2002)
және т.б. ғылыми еңбектері мен монографияларын ерекше атап кӛрсетуге болады.
Ҧлт мәдениетінің даму заңдылықтары, оны бҥгінгі жас ҧрпақтың жаңа ӛмірін
рухани байытуға пайдалану туралы ойлары Зәки Ахметовтің М.Әуезов атындағы
Әдебиет және ӛнер институтының ғылыми ҧжымы шығарып жатқан 11 томдық
«Қазақ әдебиетінің тарихы» атты еңбектің 5-ші томында топтасқан («Дулат
Бабатайҧлы»), «Шоқан Уәлиханов», «Шәңгерей Бӛкеев» және академик Сейіт
Қасқабаспен бірге жазған «Абай Қҧнанбаев» атты монографиялық тарауларында
айқын кӛрінеді. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әдеби процестерге, халық
әдебиеті мен жыраулар поэзиясының ірі ӛкілдерінің шығармашылықтарына
ғылыми-теориялық талдау жасалған бҧл тарауларда Зәки Ахметов тәуелсіз қазақ
әдебиетін зертеуші ретінде танылып, жаңа әдебиеттің ӛркендеу жолына жаңаша
сараптама береді. Кеңестік дәуірде әрқилы деңгейде бағаланып, ҧлттық
әдебиетіміздегі орындары да әділдікпен анықталмай келген жоғарыда аталған ҧлы
тҧлғаларымыздың шығармашылықтары алғаш рет тарихи шындық тҧрғысынан
сараланды.
Негізі, кез-келген ӛркениетті ҧлт, ең алдымен тарихымен, әдебиеті мен
мәдениетімен, ҧлтын ҧлықтаған ҧлы тҧлғаларымен танылатынын ескерсек, Зәки
Ахметов сынды сирек кездесетін зерделі зерттеушінің халқымыздың ҧлттық
қҧндылықтарын танытудағы еңбегі ересен екендігі сӛзсіз.
Сансыз ақтаңдақтарға орын берілген әдебиетіміздің тарихын тҥгендеп,
ҧлттық қҧндылықтарын сӛз ӛнерінің кӛркемдік тҧтастығы ретінде қарастырған
ғалым осы дәуірде туған қазақтың қоғамдық, саяси-әлеуметтік ахуалын,
отаршылдықпен келген психологиялық ӛзгерістерді жырлаған Дулат, Шортанбай,
Шәңгерей т.б. шығармашылықтарындағы Мҧхтар Әуезов анықтаған зар заман
поэзиясы қазақ әдебиетіне тың тақырып – азаматтық әуен, ҧлттық ой мен рух
әкелгендігін ғылыми талдаулар арқылы дәйектейді. Ҧлттық сананы оятуға сапалы
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №5 2008.
109
ҥлес қосқан осы толқын ӛкілдерінің туындылары қазақ халқының ғана емес, тҥркі
жҧртының ежелден егемендікті аңсаған, рухани тәуелсіздікті ту етіп келе жатқан
еркін ел екендігін мойындата отырып, енді тек білек кҥшімен емес, біліммен, оқу-
ағарту жолымен алудың айқын жолын ашып береді. Соның бір айғағы – осы
жыраулар поэзиясының рухынан нәр, ХІХ ғасырдың екінші жартысында ӛріс
алған демократиялық-ағартушылық әдебиеттің туып, қалыптасуына және жедел
жетіліп, дамуына дәнекер болғандығын зерттеуші Шоқан, Ыбырай, Абай
шығармашылықтары арқылы зерделейді.
Оқырман жҧршылыққа Абайдың «Шортанбай, Дулат, пенен Бҧқар жырау,
ӛлеңі бірі – жамау, бірі – қҧрау. Әттең дҥние-ай, сӛз таныр кісі болса, кемшілігі әр
жерде-ақ кӛрініп тҧр-ау»,-деген Абайдың сыни пікірі арқылы жақсы таныс жаңа
дәуір әдебиетінің кӛрнекті ӛкілі Дулат Бабатайҧлының шығармашылығы кеңес
дәуірінде де зерттеуші ғалымдардың назарынан тыс қалмаған. Оған 1991 жылы
Қҧлмат Ӛмірәлиевтің қҧрастыруымен және алғы сӛзімен «Замана сазы» деген
атпен ақынның шығармалар жинағы жарық кӛруі куә. Ал, тәуелсіздік тҧсында
филология ғылымының кандидаты Қайрат Раевтың қҧрастыруымен 2001 жылы
«Ӛсиетнама» деген тақырыппен Дулат Бабайтайҧлының шығармашылығы толық
жинақталып, «Ғылым» баспасынан жарық кӛрді. Ақынның 200 жылдық мерей
тойы
қарсаңында
академиктер
Зәки
Ахметов
пен
С.Қасқабасовтың
жетекшілігімен Дулат Бабатайҧлының «Тҧнық тҧма» атты екі кітаптан тҧратын
бір томдық басылымы жарық кӛрді. 2000 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде Дулат
Бабатайҧлының 200 жылдық мерейтойына орай З.Ахметовтің ғылыми мақаласы
жарық кӛрді. Осы еңбегі арқылы әдебиеттанудың тәуелсіздік кезеңінде ғана
кеңінен танылып, шығармалары жҥйеленіп, жарияланып, зерттеле бастаған қазақ
әдебиетіндегі дулаттану саласына да ӛзінің сҥбелі ҥлесін қосқан З.Ахметов Дулат
Бабайтайҧлының қазақ поэзиясына ӛзіндік ӛрнек, тҥрлік нақыштар әкелуімен
қатар оның толғауларында қатты байқалатын қҧнды ойлар, парасатты пікірлер,
ҧлттық сананы оятар тағылымдық сипаттарға жаңаша сараптама жасайды
/«Ӛсиетнама» жинағына Қ.Раевпен бірге жазған алғы сӛзінде/.
«Поэзияда тек тіл, сӛз ғана емес кӛркем емес, ой да кӛркем, бейнелі. Ӛлең
тіліне кӛркемдік сипат дарытатын, қуат беретін сол ой-сезім тереңдігі, ӛткірлігі,
әсерлілігі. Поэзия ӛмір шындығын асқан ойшылдықпен, ерекше сезімталдықпен
ашып кӛрсетеді, бейнелеп суреттейді десек, тіл, сӛз – әлгі ақындық, кӛркем ой-
сезімді жеткізудің негізгі қҧралы»,-деген «Ӛлең сӛздің теориясы» деген
зерттеуіндегі кӛркемдік талаптың Дулат шығармашылықтарында кеңінен орын
алғандығына ерекше назар аударады. Дулаттың ҧлттық сӛз ӛнеріне әкелген
ӛлеңдік қҧрылымдарынан гӛрі оларды қҧндыландырып тҧрған терең ой, кӛркем
сӛзге кенелген кӛркемдік әлем, зерттеушінің теориялық талдауларына тірек
болған, Дулат туындыларының тӛрінен орын алған ӛлең тілінің ӛзіндік ӛрнегі,
баяндау мен бейнелеудің суреттілігі, образдылығы мазмҧн мен пішіннің бірлігі,
кӛркемдік тҧтастық тҧрғысынан талданды.
Дулат жырларының кӛркемдік қҧдіреті мен мазмҧн байлығын жан-жақты
зерделеген ғалым ақынның ҧлт әдебиетіндегі тарихи тҧлғасын оның нақты
мәтіндеріндегі шындық шеңберінен іздеп табады.
Қазақ әдебиеті тарихында Зәки Ахметовтің есімі ӛлеңтануды ӛркендету,
ӛлең сӛздің теориясын жасау арқылы танылды. Сондықтан да болар, ғалымның
әдебиетке келген алғашқы кҥнінен ӛмірінің соңғы ақтық сәтіне дейін зерттеу
нысанасы – ҧлы ақын Абай Қҧнанбайҧлының шығармашылығы болғаны да
белгілі.
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008.
110
Кеңестік кезеңде заман талабына сай әр тҥрлі кӛзқарастың салдарынан тҥрлі
деңгейде бағаланып жҥрген Абайдың әдеби мҧрасын тәуелсіздік алғаннан кейін
қайта қарау ғалымның зерттеушілік парызы болды.
Қазақ әдебиеті тарихындағы екі ірі сала – абайтану мен мҧхтартануға «Абай
және Лермонтов» (1954), «Қазақ ӛлеңінің қҧрылысы» (1964), «Қазақ поэзиясының
тілі» (1970), «Ӛлең сӛздің теориясы» (1973), «Қазақ әдебиетінің қазіргі дамуы
және дәстҥрі» (1978), «Абайдың ақындық әлемі» (1995), «Поэзия шыңы –
даналық» (2002), «Абай жолы эпопеясының поэтикасы» (1984), «Абайдың
ақындық әлемі» (1995), «Мҧхтар Әуезовтің роман-эпопеясы» (1997) т.б. ғылыми
еңбектері арқылы адал да табанды еңбек сіңірген З.Ахметов абайтануға тағы да
тоқталуға, еркін елдің тәуелсіз санасы тҧрғысынан ҧлы ақынның
шығармашылығын жаңаша саралауға ҥлес қосқаны белгілі. Академик Сейіт
Асқарҧлы Қасқабасовпен бірге жазған «Абай Қҧнанбаев» (1845-1904) атты
монографиялық тарау – «Абай шығармаларындағы қоғамдық эстетикалық мақсат-
мҧраттар», «Абайдың табиғат лирикасы», «Абайдың тіл ҧстарту, ӛлең ӛрнектерін
байыту, ӛнегесі», «Абайдың қара сӛздері» деген тараушаларға бӛліп, ҧлы
ақынның шығармашылығы әр тҥрлі қырынан және кӛркемдік тҧтастықта
қарастырылған. Бҧл жӛнінде авторлар мынадай мәлімдеме жасайды: «Абай ҧлы
ақын, ӛнердің бір туар иесі дегенде оның поэзиясына, бҥкіл әдеби, музыкалық,
шығармашылық мҧрасына тән жаңашылдықты айтамыз. Абай ҧлы ойшыл, Абай –
дана дегенде де оның ҥлкен философиялық ой толғаған жеке туындыларын есепке
алумен шектелмей, қоғамдық ӛмірдің сан алуан салаларына қатысты, дҥние-
болмыс, заманның ағымы, халықтың тағдыры туралы аса маңызды ой-пікірлерін
тҧтас алып, олардың халықтың ой-санасын жаңа белеске кӛтерген зор мәнін
ескере отырып айтамыз» /178 б/.
ХХ ғасыр басында Ахмет Байтҧрсынов «Қазақтың бас ақыны» деп бағасын
берген ҧлы тҧлға шынында да ҧлттық поэзияның алыбы, жаңа реалистік
әдебиетіміздің атасы, ғҧлама ойшылдың нағыз поэзияға тән философиялық,
дҥние-танымдық сипат-қасиеті бҧл тарауда бҧрындары айтыла бермейтін адамды
тану мен Алланы тану тҧрғысынан талданады. Абайдың ақындығы мен
ойшылдығын, данагӛйлігін, қай танымда да дара танылған шығармашылық
тҧлғасын бір-бірінен бӛле-жармай тҧтас қарастырады. Ақын жаңашылдығының
ӛзі ҧлттық қҧндылықтарды қазақтың әдеби ақындық тіліне бай бояу, терең
мағына, кӛптеген кӛркемдік-тҥрлік, стилдік қҧбылыстар ендіруімен ерекшеленеді.
Қазақтың сӛз ӛнерінің аса кӛрнекті реформаторы Абайдың ҧлттық әдебиеттегі
даралық қолтаңбасы жайлы авторлар: «Ақын тҧлғасы – поэзиядағы қайталанбас
ӛнерпаздық шеберліктің, даралық стильдің тҥп тірегі. Ақын стилін ойлау, сезіну,
суреттеу мәнерін, қолтаңбасын, сӛз қолданысындағы ӛзгешеліктерді – бәрін де
айқындайтын, белгілейтін сол. Ақынның тҧлға-бітімі, дарын даралығы қандай
болса, стилі де сондай болады. Ақынның ойшылдығы, суреткерлігі, сыршылдығы
оның стилінен ап-анық белгі береді»,-дейді /183 б/.
Зәки Ахметовтің осы бір пікірінде ҧлы ақынның бҥкіл болмыс-бітімі,
әдебиеттегі алатын орны мен даралық стилі айқындалып, ғылыми бағасы берілген
десе болғандай. Бҧл тараудың тағы бір ерекшелігі бҧрындары ҧлттық әдебиеттану
ғылымында арнайы қарастырылмаған Абайдың ӛлеңдеріндегі мен қара
сӛздеріндегі фольклорлық жанрлар мен поэтикалық кӛріністердің зерттелуі деуге
болады. «Қазіргі шақта Абайдың халық мәдениетіне, философиясына,
этнографиясына қатысы, оның ҧлттық фольклорымыз бен Шығыс сюжеттерін
пайдалануы жайында зерттеу жҥргізу мҥмкіндігі туып отырғандығын айта келіп,
зерттеушілер: «Оның бҧл бағыттағы мақсаты: ӛзгеріп жатқан ӛмірге лайық жаңа
ой, соны идея іздеу, сӛйтіп қоғамдық ой-пікірді байыту, оны дамыту және ӛзгеше
ӛлең ӛрнектерін табу, қазақ әдебиетіне тың тақырып енгізу, ҧлттық мәдениетке
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №5 2008.
111
жаңа сарын қосу т.т. болатын. Ҧлы ақын бҧл мақсатына жетті»,-деген қорытынды
жасайды.
Бҧл тарауда «Абайдың фольклорға, ауыз әдебиетіне қатынасы бірнеше
тараптан байқалады. Ең біріншісі – қазақтың тӛл халық поэзиясының бҥкіл
поэтикасы мен сюжеттік элементтерін асқан шеберлікпен пайдалануы. Екіншісі –
қазақтан басқа елдің де фольклорлық сюжетін ӛз шығармаларына арқау етуі.
Ҥшіншісі – қазақ халқының кейбір мақал-мәтелдері мен нақыл сӛздерінің мән-
мағынасын ашуы» /208 б/.
Міне, ҧлы ақын шығармашылығына тән алуан тҥрлі қасиеттерді әр қырынан
ғылыми тҧрғыда қарастырып, мҥмкіндігінше кӛркемдік тҧтастықта зерделеуді
мҧрат тҧтқан авторлар жаңа мазмҧнға ие болған әдеби мҧралардың ҧлттық
қҧндылықтарымызды, рухани ӛмірімізді кӛркейтудегі рӛлін осылай айшықтап
берді.
Қазақ әдебиетінің тарихын Шоқан зерттеулерімен байланыстыра
қарастырған З.Ахметов «Шоқан Уәлиханов» атты монографиялық тарауында:
«Қазақтың рухани мәдениетін, тарихын, поэзиясын терең танып-білген Шоқан ӛз
елінің тағдырын, ӛткені мен келешегінің зәру проблемаларын әлемдік
ӛркениеттің, дҥниежҥзілік шығыстану ғылымының жетістіктері тҧрғысынан
қарап, талдап баяндады» деп баға береді /243 б/.
Қазақ тарихында ғылымның әр тарабын ҧштастыра, қатарластыра дамытқан
тҧңғыш әмбебап ғалымның тек әдебиетке қатысты қҧнды ой-пікірлерін Зәки
Ахметов ҥш тармақ тҧрғысынан қарастырады: «Бірінші-тікелей әдебиет
мәселесіне арналған еңбектері («Қазақтың халық поэзиясының тҥрлері туралы»
деген зерттеуі және ӛлең жырлардың ӛзі жинап, бастырған мәтіндері).
Екінші – тҥгелдей не жартылай халықтың аңыз-әңгімелеріне, ӛлең-
жырларына, басқа әдебиет нҧсқаларына негізделіп жазылған, бірақ осы ҥлгілерді
тарих, этнография тҧрғысынан қарап тексеретін еңбектері («Орта жҥз
қазақтарының аңыз-ертегілері», «ХҤШ ғасырдағы батырлар жайлы тарихи
аңыздар», «Шаман дінінің қазақ арасындағы қалдықтары» т.б.).
Ҥшінші – әдебиет туралы әр жерінде бӛлек тоқталып, бірақ ӛте қҧнды
пікірлер айтқан еңбектері («Қазақтың шежіресі», «Жоңғария очерктері», «Сібір
қарамағындағы қазақтардың сот реформасы туралы жазба», «Қырғыздар туралы
жазбалар» т.б.) /247 б/.
Шоқанның әдебиетке қатысты еңбектерін осылай жҥйелеп алған зерттеуші
олардағы әрбір қҧнды ой, ғылыми пікірлерге, оларда қолданылған кӛркемдік
компоненттерге берілген теориялық тҧжырымдарға тиянақты талдау жасайды.
Әсіресе, «Тарихи жағынан алғанда қазақ халқының поэзиялық рухы тамаша:
1) неге десеңіз, ескі замандағы батырлар жорығын баяндаған поэзия бізге тӛл
қалпында жетіп отыр. 2) Әр уақытта жасаған әртҥрлі ақындар бҧл жырларға
ҥлесін қосып тҧтасқанда қымбат қазына тастап кеткен» деген Шоқанның пікірін
зерттеуші ӛте жоғары бағалайды. Ежелден сӛз ӛнерін қасиет тҧтқан қазақтың тӛл
әдебиеті туындыларының әлі талай ғасырлар бойы ҧрпақтар санасына ҧлттық рух
пен қҧндылықтарды сіңіріп, тарихи жадымыздың қҧнарлы топырағынан жанды
нәр алып, сусындайтынымызға сӛйтіп, барып әлемдік ӛркениеттен ӛзіндік
орнымызды алып, танылатымызға нық сенеді.
Әдебиет тарихын зерттеуде ӛзіндік мектебін қалыптастырған З.Ахметов
Шоқан сынды ҧлы тҧлғаның қазақ тарихындағы ӛзінің лайықты орнын: «Қазақ
ауыз әдебиетінің нҧсқаларын ғылымдық негізде жинау, әдебиеттің тарихы мен
теориялық мәселелерін зерттеуді қолға алған бірінші қазақ ғалымы Шоқан екені
талассыз болса, оның бҧл игілікті істі жолға қою, қалыптастыруда зор еңбек
атқарғаны сондай талассыз»,-деп жоғары бағалайды /258 б/.
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008.
112
З.Ахметовтің «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты ҧжымдық еңбектің 5-ші
томындағы тағы бір монографиялық тарауы – Шәңгерей Бӛкеев (1847-1920)» деп
аталады.
Кӛрнекті ғалым З.Ахметов қазақтың жазба әдебиетінің дәстҥрлерін дамытуға
ҥлкен ҥлес қосқан, суреткерлік болмысы ӛзгеше, кӛркемдік шеберлігі ӛз
тҧстастарына ҧқсай қоймайтын, жан-жақты білімді Шәңгерей Бӛкеевтің
шығармашылығын ӛзі ӛмір кешкен кезеңнің тарихи шындығымен шебер
шендестіріп, тҧтас зерттейді. Шәңгерейдің алғашқы ӛлеңдері 1911 жылы
«Шайыр», «Кӛкселдір», ал 1926 жылы «Ҥш жоқтау» деген жинақтарда жарық
кӛрсе, 1934 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Әр кезеңде әр тҥрлі оқу
қҧралдарында жарияланып келген ақын мҧрасы жайлы кезінде М.Әуезов,
Қ.Жҧмалиев пікір білдірген.
«Алпыс бӛлме, жҥз есік» деген ӛлеңінде ӛзі айтқандай кӛк орданың ішінде,
Шәңгерейдің ҧлы әкесі Жәңгір хан ордасында дҥниеге келген ақын Орынбордағы
кадет корпусында оқып, сауатын ашқан кӛзі қарақты сауатты болған.
Ол жӛнінде зерттеуші былай дейді: «Шәңгерейдің орыстың әдеби тілін
жақсы білгенін, оның әр тҥрлі сыр-бояуын терең тҥсінгенін, сӛздің кесте-
нақышының мәнін еркін айырып, ҧға алғанын, оның М.Ю.Лермонтовтың
«Беглец» атты поэмасын қазақшаға ӛңін тҥсірмей, әлсіретпей аударғанынан-ақ
кӛруге болады. Қазақ халқының сӛз ӛнерін меңгере алғаны, оның нәрін бойына
сіңіре білгені, оған қоса, орыс классикалық әдебиетіне тереңдеп ҥңіліп, тексеріп,
таңдаулы нҧсқаларын-ӛзіне ҥлгі еткені Шәңгерейдің шығармаларынан да
байқалады. Ол – жазба әдебиеті дәстҥріндегі тҥр-ҥлгілерін туғызған ақын.
Қазақтың халық әдебиетінің дәстҥрлерін, тіл, сурет байлығын жазба поэзияның
ӛмір суреттеу әдісі, амал-тәсілдерімен ҧштастыра алған.» /356 б/.
Ҧлттық әдебиетке осындай нақыш, тҥрлік қҧбылыстар ендірген ақын
шығармашылығы тек поэзиялық туындылармен шектелмей, жазба әдебиеттің
қабырғасын қара сӛзбен де қалауға атсалысқаны жӛнінде зерттеуші кӛптеген тың
ғылыми мәліметтерді айтады. Ақынның кезінде «Қара мҧрт» атты кӛлемді
прозалық шығарма – роман жазғанын, ӛкінішке орай оның сақталмағанын ескерте
келіп: «Ҧзақ жасап, кӛп жылдар бойы ӛлең шығарып жҥрген ақын қалдырған
әдеби мҧра, сӛзсіз бізге келіп жеткенінен әлде қайда қомақты, салмақты,
әлденеше есе мол болса керек. Содан әзір белгілісі қағазға тҥсіп, баспа кӛргені
оннан бір нҧсқасы ғана десе болады»,-деген болжау айтады. Кӛлемі шағын
болғанмен мағынасы терең, аз сӛзбен кӛп ой айта білген кесек тҧлғаның
шығармаларындағы шҧрайлы пікір, шырынды сӛз сӛлдерін таңдап, талдай білген
теоретик ғалым әсіресе оның ғылым-білім туралы ой тҥю, ӛз ӛмірінің тҥрлі
кезеңдерін бейнелеу, махаббат пен достықты, саясатшылықты пен табиғат
қҧбылыстарын суреттеу шеберлігін тамсана жазады.» Шәңгерей қазақ
поэзиясында сыршыл лириканы, суретті бейнелеу тәсілін дамытқанын жоғары
бағалап, әділ бағасын береді.
Зерттеуші ақынның аудармаға да жетік екендігін, сӛз баламаларын дәл
тауып, ойдың анық және дәл, кӛркем кестеленуіне кӛп кӛңіл бӛлетіндігін жыр
шумақтарындағы шҧрайлы жолдарды тҥпнҧсқасымен салыстыра отырып,
дәлелдейді. Осы ретте зерттеуші: «М.Ю.Лермонтовтан аударған «Қашқын» атты
поэмасы ақынның кӛлемді, кҥрделі шығарма тудыруға да шеберлігі жететінін
аңғартады. Бҧл поэманың идеялық мазмҧны – халық мҥддесінен қара басын артық
санаған қоян жҥрек қорқақты әшкерелеу, ерлік-батылдықты, намысын қорғай
білушілікті уағыздау. Шәңгерей Лермонтов поэмасының мазмҧнын, идеялық
қҧнарлылығын, кӛркемдік қасиеттерін қазақ тілінде кӛңіл толарлықтай етіп
жеткізеді,-дейді.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №5 2008.
113
Бҧрындары шығармашылығы туралы толық мағлҧматы жоқ қазақ
оқырмандарына Шәңгерей ақынның әдеби мҧрасын алғашқылардың бірі болып
жҥйелей зерттеп, ғылыми айналымға ендірген осы Зәки Ахметов десек артық
айтқандық емес. ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасып, дамыған
қазақтың жазба әдебиетінің кӛрнекті ӛкілдерінің бірі болған Шәңгерей Бӛкеевтің
қолда бар қҧнды шығармаларын танып, оны жоғары эстетикалық талғаммен
талдау
барысында
мынадай
қорытындыға
келеді:
«Шәңгерей
шығармашылығының бір мәнді жағы – ол тілге ҧста ақын. Келісті, ҧтымды теңеу,
салыстырулар тауып, орынды қолдана білді. Халық тілінің байлығын меңгере
алған ақын сӛзді орнын тауып, орайына келтіріп қолданады. Сӛз кестесін ӛзінше
пайдалана бермейді, соны, тыңнан туған суреттеулер, жаңаша, ӛзінше
қиюластырылған сӛз тізбектерін пайдалануға ҧмтылады. Сонымен бірге,
Шәңгерей қазақтың байырғы сӛздерін кӛп білген, оларды қисынды қолданған»
/363 б/.
Ӛз кезеңінің тарихи шындығын осылай орамды ой,кестелі сӛзбен кӛркем
шежіреге айналдырған атақты ақын Шәңгерей Бӛкеевтің бҥкіл әдеби мҧрасы
академик Зәки Ахметовтің зерттеулері арқылы ҧлттық әдебиетіміздің тарихынан
ӛзінің әділ орнын алғаны ақиқат.
ХІХ ғасыр әдебиетінің тарихы мен теориялық мәселелері қамтылған «Қазақ
әдебиеті тарихының» 5-ші томында топтастырылған Абай, Шоқан, Шәңгерей
сынды тарихи тҧлғаларымыздың шығармашылық әлемі жайлы монографиялық
тараулары арқылы жаңаша жазылып жатқан қазақ әдебиеті тарихын тҥгендеуге,
ондағы киелі сӛз ӛнерінің ірі ӛкілдерінің туындыларын жҥйелеп, зерттеуге, әділ
бағалауға ӛзінің ҥлесін қосып ҥлгерген кӛрнекті ғалым, академик, ӛлеңтанушы
Зәки Ахметовтің ҧлттық әдебиеттану ғылымын дамытудағы еңбегі ересен
екендігін ерекше атап ӛткен жӛн.
ТҤЙІНДЕМЕ
Мақалада кӛрнекті ғалым, әдебиеттанушы Зәки Ахметовтің ҧлттық
әдебиеттану ғылымының дамуына қосқан еңбегі баяндалады.
РЕЗЮМЕ
В статье речь идет о научной деятельности крупного ученого-
литературоведа З.Ахметова, о его вкладе в развитие отечественного
литературоведения.
С.МӘУЛЕНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӚРКЕМДІК ҚЫРЛАРЫ.
Ыбрайым Б.Б. –ф.ғ.д., профессор (Алматы қ., Қазмемқызпу)
Болмысты сезіну мен байыптау ерекшелігі — шығармашылық мәнердің
сипатына себепкер. С.Мәуленов туындыларына зер салғанда зерделілік пен
зергерлік «куәлары қиындығы, қасіреті араласқан ауыр сәттерді еске алғанда,
ақын қалай кҥйзелсе де, эмоциясы ―шектен шығып‖ кетпес ҥшін салмақты
сабыр ―бақылап‖ тҧрады.
Ӛзеуреу, шулату, аптығу ақын ӛлеңдерінің табиғатына жат. Ол сезім
жалынымен бірден бетке ҧрып, назар аударуға жанталаспайды. Керісінше,
тартымды сҥйкімімен, ізетті тебіренісімен, тереңде шымырлаған иімдерімен
кӛзге жылы ҧшырайды, таныған сайын тарта береді. Асықпай, бейіл беріп,
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008.
114
беріліп оқығанға тартымы ӛзгеше кӛрінеді.
Сол кезеңдегі барлық ақындар сияқты жаны қаламаса да, заман талабына
ҥн қосу ҥшін жазған ӛлеңдерінде де ҧстамдылық, ойлы образдылық айқын.
Мысалы ―Революция гимнінде‖ /1955/‖:
Келе жатқан жылдардың
Кеудесіне нҧр қҧйып,
Ортасында тулардың
Ленин тҧрды жымиып,/1/ –
сықылды шумақтарда заман ―шындығы‖ біршама тартымды айтылған.
Осындай ―ӛтімді‖, идеологияның икемдеуіне іліккен ӛлеңдердің біразында,
қҧнары кем, сыдыртып, жалаң айтқыштарға салынған сәттер аз. Кеңес
дәуірінде мҧндай жалаңдықтан қҧтылған бір де бір ақын жоқ. Сондықтан
мҧндай ӛлеңдерге биік талап қойғанда, кешіріммен қарап, заман ерекшелігін
ескеру шарт.
Ақын ӛмірдегі, жалпы болмыстағы саналуан жайлардың тҥп-негізін,
трагедиялардың тамырын тапжылтпай тап басады, тереңнен таниды.
Тіршіліктегі қарапайым ғана жайлардың орын алуына себеп болған не, оның
тарихи-философиялық тиянағы мен себептері қандай, қоғамдық-адамгершілік
маңызы мен астары қаншалық деген секілді ежелден келе жатқан сауалдарға
ақын ӛз жауабын ҧсынады. Ешкімге ҧқсамай, тек С.Мәуленовтің ӛзіне ғана тән
сабырлылықпен ерекшеленетін толғаныстар – кӛпті кӛрген, кӛкірегіне тҥйгені
мол, жарық дҥниедегі барша қҧбылыстарға селсоқ қарай алмайтын сезімтал да
сергек ақынның ӛмірге кӛзқарасының, болмысты қалай ҧғынып-
тҥйсінгендігінің куәсі. Мәселен:
Мен қолымды кӛміп кеттім майданда,
Мен аяқты беріп кеттім майданда,
Мен кҥнімді беріп кеттім майданда,
Мен тілімді беріп кеттім майданда.
Әй, дҥние,
Зағыптарды тыңда сен,
Әй, дҥние, алыптарды тыңда сен.
Әй, дҥние,
Олар қолын, аяқтарын бермесе,
Әй, дҥние,
Сен тҥрегеп тҧрмас ең, /1/ –
/―Тыңда, дҥние, тыныштық ҥнін‖/ деген ӛлең жолдарында бҥгінгі бейбіт
тыныштыққа ҥндеу туралы бір ауыз сӛз жоқ. Оның есесіне сол бейбіт кҥннің
орнығуы қандай қҧрбандықтардың нәтижесінде, кімдердің арқасында екені
соғыс таңбасы мәңгі кетпестей айқын басылған деталь-образдар арқылы
бедерленген. Кӛмілген қолдар, аяқтар мен алыптар, зағыптардың
философиялық-кӛркемдік жинақтаушылық мән-маңызы зор. Жарық дҥниенің
шҧғыласы ҥшін қандай қҧрбандыққа да дайын отансҥйгіш, жаужҥрек жомарт
алыптар мен зағыптардың мәрттігі, асқан ерлігі жалаулап кӛрініп, ―мен
мҧндалап‖ кеуде соқпайды. Оның орнына шыңыраудан шымырлаған
драматизмімен, тҧңғиықта тҧмшаланса да, сҧрапыл кҥшпен ыңыранып,
ышқынып шыққан тебіренісімен, тҧңғиық шындығымен, драматизмге толы
сыршылдығымен тәнті етеді. С.Мәуленов поэзиясының қуаты – ерекшелігі де
осында: қарапайым кӛрінгенімен ӛмірдің ӛзекті шындығын сол ӛмірде бар
қаракетпен, демек, шындықтың ӛз материалы-мысалы арқылы бейнелеп, кҥллі
адамзатқа ортақ мәселе кӛтеруінде, толғандырарлық тҥйінді ойды ортаға
салуында, шыншылдығында, осы шыншылдықтың сыршылдыққа айналуында.
Жас
Мәуленовтен
жасамыс
Мәуленовке
дейінгі
аралықтағы
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №5 2008.
115
творчестволық ҥздіксіз ӛсу, ӛрлеу жолдарына кӛз салғанда, осы сипат
жоталанып кӛрінеді. Болмыстағы мың-сан мысалдың ішінен тіршіліктің мән-
маңызын ойлана салмақтауға жетелейтін, толғануға тҥрткі болатын
лайықтысын ақынның қырағы кӛзі қалт жібермей, дәл табады.
С.Мәуленовтің стилі жинақылығымен бірден кӛзге тҥседі. Тілге жеңіл,
жаттауға оңай, әрі қысқа, әрі нҧсқа ӛлеңдер жҧп-жҧмыр ӛз бітімімен
жарасымды. Бҧл бітімді тҥзейтін: ықшамдығы мен сабырлы ырғағы, деталь-
шындық, деталь-символдардың нақтылығы, ӛлеңнің кӛркемдік логикасының –
айтар ойының кӛкейтестілігі, образ бен образдылықтың философиялық-
кӛркемдік жинақтаушылық дәрежеге кӛтерілуі, қоғамдық-әлеуметтік ӛткірлігі,
эстетикалық нысанасының айқындығы, т.б.
Кезінде әдеби сында Сырбай Мәуленов сыршыл ақын ретінде жоғары
бағаланды. Шынтуайтқа келгенде, толғамы мен толғанысын жеткізу тәсілі,
сипаты әртҥрлі кӛрінгенімен, соған орай мазмҧны да әрқилы тәрізденгенімен,
ақындардың барлығы да сыршыл екенін мойындау қажет. Жай ӛлеңнің де
авторы жан сырын орағытып ―әурелемей-ақ‖, бетпе-бет келіп, бірден ақ
жҥрекпен ақтарып тастамай ма, әлде жҥрексініп, әлде қымсынып, шым-
шымдап, суыртпақтап айта ма, әлде… пернелеп ишараламай ма…, т.т. қалай
болғанда да ӛз ынтасы мен ықыласын тҧмшалап, тығып тастамайды, қалай
дегенде де білдіреді. Онсыз ешқандай ӛнер туындысы жоқ.
Демек, қай кӛркем шығармадан да автор жҥрегінің дҥрсілі естіледі. Сол
дҥрсіл әлде айлакерліктен, әлде қымсынудан жаралған жасандылық па, әлде
ішкі әлемнің тҧнығынан таралған табиғилық па, мҧның барлығы – бӛлек
зерттеудің ӛзегі… Анығы – жарық дҥниеге келген туынды – субъективті
сезімнің аршылуы, объективті болмысқа кӛріну ҥшін шығуы, басқаша
айтқанда, автордың ӛз сырын ӛзгеге жеткізуі.
Ал кӛркемдік мазмҧн ерекшелігі қандай сипатта айрықшаланса да, сырын
– шынын ортаға салғаны болып шығады. Ендеше әдебиет туындысы
авторларының барлығын да белгілі бір дәрежеде сыршыл деп айтуымызға негіз
бар.
С.Мәуленов ӛлеңдерінің сыршылдығы – ой-толғаныстарының қашанда
айқындығында, бейнелеп жеткізу шеберлігінде. Оның бейнелеу әлемінің
мозаикасы мен сала-сала кӛркемдік логикасы қалай ҧғынуға да, қалай жоруға
да қолайлы ―мҥмкіндік‖ береді. Кӛңіл райы тҥсініксіздеу, бҧлыңғырлау,
буалдырлау, нысанасы кӛмескі сәттер жоқ дерлік. Ақын жаны қашанда
айқындыққа, шындық пен нақты образдылық дҥниесіне қҧштар. Сондықтан да
анық шындық әлемі – мейлі кӛңіл-кҥйі болсын, мейлі қоршаған орта – болмыс
қҧбылыстары болсын, барлығы да айқындығымен жанға жақын сезіліп, сҧлу
кӛрінеді.
Бҧл ерекшіліктің тҥзілуін әсер еткен негізгі екі себеп бар. Соғыс
жылдарында мегзеп, ―шҧбатылып‖ жатуға уақыт тар болды. Қырқыншы-
елуінші жылдардағы Кеңес елінде идеяның ―тҥзулігі‖ мен тҥсініктілігіне баса
мән беріліп, барлық қаламгердің ―буржуазиялық бҧлдырлыққа‖ ҧрынбауы
қатты қадағаланды.
Екіншісі – бәлкім, ӛмірлік-азаматтық тҧғыры айқын, соған орай
адамгершілік-эстетикалық мҧраты болмыстың нақты шындығымен ҥйлесіп
жататын, соған саналы тҥрде ден қойған ақынның ―әрі-сәрілікті‖ іштей
қаламауы… Бҧған дәлел ретінде оның кез-келген ӛлеңін мысал етуге болады.
С.Мәуленов ӛлеңдерін оқығанда, шығармашылықтың ең оңайы – ӛлең
жазу сияқты әсер қалдыруы ғажап емес. Ӛйткені, мойын бҧрып қараса-ақ бітті,
кӛл де, шӛл де, жапырақ та, топырақ та, аспан да, тастар да – бәрі-бәрі ӛзінен-
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008.
116
ӛзі ӛлеңге айналып жҥре беретіндей. Мәселен, жол, батпақ, орман, қҧстар,
оңтҥстік, адам деген сӛздер – жеке тҧрғанда, әрқайсысы ӛзінше бір дҥние,
бӛлек-бӛлек тҧрған ҧстын – ҧғымдар. Осының бәрі ӛлеңге ӛзек болуы ҥшін
ӛздері ―сҧранып‖ тілек білдіргендей…
Жолдар ойланады
Батпақты қалай оралып ӛтемін деп,
Ормандар ойланады
Жазды қалай қиып кетемін деп.
Қҧстар ойланады
Оңтҥстікке қалай жетемін деп.
Ойлап-ойлап осылай кҥн кешеді,
Ҥнсіз сӛйлеп адаммен тілдеседі…/1, 183/
Бҧл ӛлең елуінші жылдардың тоңы жібіп, ―жылымық‖ келгеннен біраз
кейін, ақындардың арқасы кеңігенде, дҥниеге келген. Автор қай жағына қараса
да, тӛгіліп, тамылжып тҧрған поэзияны тамашалайды, барша дҥниені жанды,
жарасымды қозғалыс, қимыл ҥстінде немесе ӛзіндік кейпімен назар аударатын
процесс ҥлгісінде кӛреді.
Бір қарағанда, келтірілген мысалда образдық айқындық кестеленгенімен,
мағыналық әлемі алуан қиялға шақыратындай. Алайда әр қияға шарықтаған
қиялдардың қалықтап барып, қайрылып соғар бәйтерегі – тіршілік
философиясы. С.Мәуленов ӛте жиі, аса шебер қолданатын кейіптеу тәсілі
арқылы қарапайым сӛздерді қадау-қадау образдылық ҧстындары дәрежесіне
биіктетеді. Кӛркемдік қиял арқылы жасалған табиғат пен адам арасындағы әрі
кӛркемдік-логикалық, әрі образдылық параллелизмі адам ҥшін қажет,
сондықтан адам жанына жақын тіршілік философиясына бойлатады.
Аталған тәсіл арқылы жасалған бейнелік алуандылықтың қайран
қаларлықтай молдығы – С.Мәуленов поэзиясының ерекшелігі. Ақын
ӛлеңдерінің поэтикасын зерттегенде, таным мен талғамның, шеберліктің
дәлеліне айналған осындай образдылыққа, кӛрнектілікке ерекше мән берген
жӛн. Қазақ ӛлеңін С.Мәуленов жырлары осындай сыр-сымбаттарымен
байытты.
Ақын шығармаларының ерекшелігі ретінде айтылатын қысқалық пен
нҧсқалық расында анық кӛрінеді. Бҧл ретте, нақтылап айтатын болсақ,
қысқалық дегенде, ӛлеңнің шағындығы емес, тармақтардың қысқалығы, соған
сәйкес ырғақтың ықшамдығы. Санаулы бунақ, ширақ ырғақ қазақ
лирикасының майталманы Ғ.Орманов ӛлеңдеріне де тән. Осы дәстҥрді одан әрі
дамытқан, жалғастырған – Сырбай Мәуленов. Буын саны шектеліп, ширатылу
нәтижесінде тармақтың шҧбатылмай, қысқа қайрылуы кӛп жағдайда ойдың,
сезімнің ―нақтырақ‖ айтылуына, айқындығына әсер етеді. Ӛйткені алуан
тәсілдерді асықпай қолданып, кешенді кӛріністі немесе толқынысты толғап
жатуға орын тар, уақыт қат. Мҧны ақынның ойлау, сезіну және суреттеу
ерекшелігі деп тҧжырудың да қисыны бар.
С.Мәуленов жырларын жалпы қазақ поэзиясының контексінде алып
қарағанда, бӛлекше сараланатын сипат – 40-жылдардың соңында белгі беріп,
50-жылдары екпіндей бастаған, 60-жылдары ағыл-тегіл ақтарылған бейнелілік.
Ақын шығармашылығына тән ӛзіндік сипаттар сол кӛркемдік байлықты тҥрлі
тҧрғыдан, алуан қырынан танытады. Қазақ поэзиясында бҧған дейін
қолданылмаған теңеулер, баламалар, т.т. есепсіз мол. Ақын образ іздеп,
образдылық іздеп, ӛзін ӛзі қинап, қиналып, әуре-сарсаңға тҥспейді. Кӛркемдік
олжаның бәрі кӛз алдында, қол созымда. Кҥллі табиғат қҧбылыстары ақын
ӛлеңінде ӛңі ӛзгеше қызық, тартымды ӛрнекке айналып жҥре береді. Кӛзін
ашса болғаны, айнала болмыстан кілең поэзия мысалдарын кӛреді. Есепсіз,
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №5 2008.
117
кӛл-кӛсір қазынаны кәдеге жарататын бейнелеу тәсілдері де сан алуан. Қиял
ҧшқырлығы мен кеңдігі – С.Мәуленовтің субъективті рухани әлемінің ана
сҥтімен дарыған ерекшелігі, оның ӛзі ӛскен ортадағы кӛркемдік дәстҥрлердің
демеуімен одан әрі ӛрлеп, ақын поэзиясындағы бейнелілік байлыққа қыруар
ҥлес боп қосылады. Арғы-бергі қазақ поэзиясын шолғанда, кӛркемдік
әлеміндегі образ, образдылық байлықтың кӛркемдік ӛрнек-жасау тәсілдерінің
алуандылығы жағынан С.Мәуленовке пара-пар ақын табу қиын. Идеяға қысым
жасалған, әйтсе де бейнелік ізденіске тыйым сала алмаған, оның есесіне
материалдық қолдау айтарлықтай болған Кеңес дәуіріндегі шығармашылық
мол мҥмкіндікті ақын тиімді пайдаланып, қазақ ӛлеңінің ӛрісіне ӛзгеше ӛң,
сансыз ӛрнектер сыйлап, халқымыздың рухани-кӛркемдік дамуында айрықша
із қалдырды. Осындай мехнаты мол, мерейі биік шығармашылығы арқылы
С.Мәуленов қазақтың классик ақындарының қатарына қосылды.
С.Мәуленов жырлары не еске алу арқылы немесе ―тікелей‖ кӛру, толғану
арқылы ӛмір шындығымен, табиғат әлемімен сабақтасып жатады. Дерексіз
әлемдегі дәйексіз ажар, кескіндерді індетіп іздеуге, талпынып таңбалауға
қҧшырлана қоймайды. 33 жасында-ақ ӛз қуатын сезінгендей ―Келешекке
барармын, кемесімен ӛлеңнің!‖ деп толғанған ақын азаматтық-шығармашылық
зор жауапкершілікті мойындап:
Ӛлеңім – ӛмірбаяным,
Ӛткен кҥнім бар мҧнда.
Қолымды ашық қоямын,
Халықтың бҥкіл алдында!,/1/ –
дейді келешек кҥннің де биік талабын ескеріп.
Расында да алпыс жылға жуық созылған ҧзақ шығармашылық жолында
дҥниеге келген туындыларын толайым шолғанда, Кеңес елінің ӛміріндегі ең
іргелі, бҥкілхалықтық, жалпымемлекеттік мән-маңызы алабӛтен ӛзгерістердің
кӛпшілігін кӛру қиын емес. 18 жасында әскерге алынған, жастық шағын отқа
ораған соғыс жылдары, содан кейінгі бейбіт елдегі ала-қҧла ахуал, тың игеру
жылдары, ӛмірдегі қҧбылыстар, бейбітшілікке ҥндеу, соғыс зардабын еске
алу… т.т. тарихи жаңғырулардың барлығы да кезең-кезеңімен таразыланады.
Ӛмір мен ӛлім бетпе-бет келіп, бітіспес айқаста арпалысып жатқанда, ақынның
ӛзі айтқандай, ―не ӛліп, не ӛлтіретін соғыстың бір-ақ заңына‖ бағынбау мҥмкін
емес. Осы заң ҥстемдік қҧрған шақта от дариясын кешіп жҥрген С.Мәуленов
шығармаларында майдан ӛмірі ӛрнектелуі, әрине, заңды.
Кҥлге айналған кӛк ормандар,
Оққа ҧшып ӛлген жандар,
Жау бомбасы кӛмген жолдар,
Бейуақытта сӛнген шамдар.
Жанған отта жас сәбилер,
Тҧтқын болған сҧлу қыздар.
Қалған тҧнып ән мен кҥйлер,
Ерте сынған сыбызғылар.
Бәрін білем, бәрін білем,
Бәрі де айқын тҧр есімде.
Жалау еттім жанымды мен
Соғыспенен кҥресуге,/1/–
деп, тебіренген ақын ―сҧрапыл соғыс, сҧр аспан, сол кҥндер әлі ойында‖ екенін
қашанда қайталаудан бір танған емес. Сондықтан да оның әу бастағы туған
жер, жастық толғауларының ізін ала ҥздіксіз лекіген, майдан ӛмірі туралы
толассыз толқындаған жырлары сҧрапыл трагедияларды қамтыған, сҧмдық
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008.
118
шындықты қаусырған ӛзіндік кӛркемдік әлемге айналды.
Қиындығы, қасіреті араласқан ауыр сәттерді еске алғанда, ақын қалай кҥйзелсе
де, эмоциясы ―шектен шығып‖ кетпес ҥшін салмақты сабыр ―бақылап‖ тҧрады.
Ӛзеуреу, шулату, аптығу ақын ӛлеңдерінің табиғатына жат. Ол сезім
жалынымен бірден бетке ҧрып, назар аударуға жанталаспайды. Керісінше,
тартымды сҥйкімімен, ізетті тебіренісімен, тереңде шымырлаған иімдерімен
кӛзге жылы ҧшырайды, таныған сайын тарта береді. Асықпай, бейіл беріп,
беріліп оқығанға тартымы ӛзгеше кӛрінеді.
Сол кезеңдегі барлық ақындар сияқты жаны қаламаса да, заман талабына
ҥн қосу ҥшін жазған ӛлеңдерінде де ҧстамдылық, ойлы образдылық айқын.
Мысалы ―Революция гимнінде‖ /1955/‖:
Келе жатқан жылдардың
Кеудесіне нҧр қҧйып,
Ортасында тулардың
Ленин тҧрды жымиып,/1/ –
немесе ―Соколов–Сарыбай комбинатында‖ (1957) деген ӛлеңіндегі:
Кӛрем деп ойламаған ӛңінде оны,
Тартылды Соколовқа темір жолы.
Ең кҥшті локомотив заулайтҧғын
Осы жол: Темір жолы – Ӛмір жолы,/1/ –
сықылды шумақтарда заман ―шындығы‖ біршама тартымды айтылған.
Осындай ―ӛтімді‖, идеологияның икемдеуіне іліккен ӛлеңдердің біразында,
мәселен, ―Қазақстан‖ (1956) деген ӛлеңіндегі:
Іші кҥйіп сӛйлейтҧғын,
Кӛре алмаған аз ба дҧшпан.
От-жалыны сӛнбейтҧғын,
Жаса біздің, Қазақстан!,/1/ –
немесе ―Жолдас‖ атты ӛлеңіндегі:
Жолдас деген жылы сӛзбен
Жҧрттың бәрі қатады ҥн.
Елге сіңген ерте кезден
Бҧл – дәстҥрі Отанымның,/2/ –
деген секілді қҧнары кем, сыдыртып, жалаң айтқыштарға салынған сәттер аз.
Кеңес дәуірінде мҧндай жалаңдықтан қҧтылған бір де бір ақын жоқ. Сондықтан
мҧндай ӛлеңдерге биік талап қойғанда, кешіріммен қарап, заман ерекшелігін
ескеру шарт.
Ақын ӛмірдегі, жалпы болмыстағы саналуан жайлардың тҥп-негізін,
трагедиялардың тамырын тапжылтпай тап басады, тереңнен таниды.
Тіршіліктегі қарапайым ғана жайлардың орын алуына себеп болған не, оның
тарихи-философиялық тиянағы мен себептері қандай, қоғамдық-адамгершілік
маңызы мен астары қаншалық деген секілді ежелден келе жатқан сауалдарға
ақын ӛз жауабын ҧсынады. Ешкімге ҧқсамай, тек С.Мәуленовтің ӛзіне ғана тән
сабырлылықпен ерекшеленетін толғаныстар – кӛпті кӛрген, кӛкірегіне тҥйгені
мол, жарық дҥниедегі барша қҧбылыстарға селсоқ қарай алмайтын сезімтал да
сергек ақынның ӛмірге кӛзқарасының, болмысты қалай ҧғынып-
тҥйсінгендігінің куәсі. Мәселен:
Мен қолымды кӛміп кеттім майданда,
Мен аяқты беріп кеттім майданда,
Мен кҥнімді беріп кеттім майданда,
Мен тілімді беріп кеттім майданда.
Әй, дҥние,
Зағыптарды тыңда сен,
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №5 2008.
119
Әй, дҥние, алыптарды тыңда сен.
Әй, дҥние,
Олар қолын, аяқтарын бермесе,
Әй, дҥние,
Сен тҥрегеп тҧрмас ең,/1/ –
/―Тыңда, дҥние, тыныштық ҥнін‖/ деген ӛлең жолдарында бҥгінгі бейбіт
тыныштыққа ҥндеу туралы бір ауыз сӛз жоқ. Оның есесіне сол бейбіт кҥннің
орнығуы қандай қҧрбандықтардың нәтижесінде, кімдердің арқасында екені
соғыс таңбасы мәңгі кетпестей айқын басылған деталь-образдар арқылы
бедерленген. Кӛмілген қолдар, аяқтар мен алыптар, зағыптардың
философиялық-кӛркемдік жинақтаушылық мән-маңызы зор. Жарық дҥниенің
шҧғыласы ҥшін қандай қҧрбандыққа да дайын отансҥйгіш, жаужҥрек жомарт
алыптар мен зағыптардың мәрттігі, асқан ерлігі жалаулап кӛрініп, ―мен
мҧндалап‖ кеуде соқпайды. Оның орнына шыңыраудан шымырлаған
драматизмімен, тҧңғиықта тҧмшаланса да, сҧрапыл кҥшпен ыңыранып,
ышқынып шыққан тебіренісімен, тҧңғиық шындығымен, драматизмге толы
сыршылдығымен тәнті етеді. С.Мәуленов поэзиясының қуаты – ерекшелігі де
осында: қарапайым кӛрінгенімен ӛмірдің ӛзекті шындығын сол ӛмірде бар
қаракетпен, демек, шындықтың ӛз материалы-мысалы арқылы бейнелеп, кҥллі
адамзатқа ортақ мәселе кӛтеруінде, толғандырарлық тҥйінді ойды ортаға
салуында, шыншылдығында, осы шыншылдықтың сыршылдыққа айналуында.
Жас
Мәуленовтен
жасамыс
Мәуленовке
дейінгі
аралықтағы
творчестволық ҥздіксіз ӛсу, ӛрлеу жолдарына кӛз салғанда, осы сипат
жоталанып кӛрінеді. Болмыстағы мың-сан мысалдың ішінен тіршіліктің мән-
маңызын ойлана салмақтауға жетелейтін, толғануға тҥрткі болатын
лайықтысын ақынның қырағы кӛзі қалт жібермей, дәл табады.
С.Мәуленовтің стилі жинақылығымен бірден кӛзге тҥседі. Тілге жеңіл,
жаттауға оңай, әрі қысқа, әрі нҧсқа ӛлеңдер жҧп-жҧмыр ӛз бітімімен
жарасымды. Бҧл бітімді тҥзейтін: ықшамдығы мен сабырлы ырғағы, деталь-
шындық, деталь-символдардың нақтылығы, ӛлеңнің кӛркемдік логикасының –
айтар ойының кӛкейтестілігі, образ бен образдылықтың философиялық-
кӛркемдік жинақтаушылық дәрежеге кӛтерілуі, қоғамдық-әлеуметтік ӛткірлігі,
эстетикалық нысанасының айқындығы, т.б.
Кезінде әдеби сында Сырбай Мәуленов сыршыл ақын ретінде жоғары
бағаланды. Шынтуайтқа келгенде, толғамы мен толғанысын жеткізу тәсілі,
сипаты әртҥрлі кӛрінгенімен, соған орай мазмҧны да әрқилы тәрізденгенімен,
ақындардың барлығы да сыршыл екенін мойындау қажет. Жай ӛлеңнің де
авторы жан сырын орағытып ―әурелемей-ақ‖, бетпе-бет келіп, бірден ақ
жҥрекпен ақтарып тастамай ма, әлде жҥрексініп, әлде қымсынып, шым-
шымдап, суыртпақтап айта ма, әлде… пернелеп ишараламай ма…, т.т. қалай
болғанда да ӛз ынтасы мен ықыласын тҧмшалап, тығып тастамайды, қалай
дегенде де білдіреді. Онсыз ешқандай ӛнер туындысы жоқ.
Демек, қай кӛркем шығармадан да автор жҥрегінің дҥрсілі естіледі. Сол
дҥрсіл әлде айлакерліктен, әлде қымсынудан жаралған жасандылық па, әлде
ішкі әлемнің тҧнығынан таралған табиғилық па, мҧның барлығы – бӛлек
зерттеудің ӛзегі… Анығы – жарық дҥниеге келген туынды – субъективті
сезімнің аршылуы, объективті болмысқа кӛріну ҥшін шығуы, басқаша
айтқанда, автордың ӛз сырын ӛзгеге жеткізуі.
Ал, кӛркемдік мазмҧн ерекшелігі қандай сипатта айрықшаланса да,
сырын – шынын ортаға салғаны болып шығады. Ендеше әдебиет туындысы
авторларының барлығын да белгілі бір дәрежеде сыршыл деп айтуымызға негіз
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008.
120
бар.
С.Мәуленов ӛлеңдерінің сыршылдығы – ой-толғаныстарының қашанда
айқындығында, бейнелеп жеткізу шеберлігінде. Оның бейнелеу әлемінің
мозаикасы мен сала-сала кӛркемдік логикасы қалай ҧғынуға да, қалай жоруға
да қолайлы ―мҥмкіндік‖ береді. Кӛңіл райы тҥсініксіздеу, бҧлыңғырлау,
буалдырлау, нысанасы кӛмескі сәттер жоқ дерлік. Ақын жаны қашанда
айқындыққа, шындық пен нақты образдылық дҥниесіне қҧштар. Сондықтан да
анық шындық әлемі – мейлі кӛңіл-кҥйі болсын, мейлі қоршаған орта – болмыс
қҧбылыстары болсын, барлығы да айқындығымен жанға жақын сезіліп, сҧлу
кӛрінеді.
Бҧл ерекшіліктің тҥзілуін әсер еткен негізгі екі себеп бар. Соғыс
жылдарында мегзеп, ―шҧбатылып‖ жатуға уақыт тар болды. Қырқыншы-
елуінші жылдардағы Кеңес елінде идеяның ―тҥзулігі‖ мен тҥсініктілігіне баса
мән беріліп, барлық қаламгердің ―буржуазиялық бҧлдырлыққа‖ ҧрынбауы
қатты қадағаланды.
Екіншісі – бәлкім, ӛмірлік-азаматтық тҧғыры айқын, соған орай
адамгершілік-эстетикалық мҧраты болмыстың нақты шындығымен ҥйлесіп
жататын, соған саналы тҥрде ден қойған ақынның ―әрі-сәрілікті‖ іштей
қаламауы… Бҧған дәлел ретінде оның кез-келген ӛлеңін мысал етуге болады.
С.Мәуленов ӛлеңдерін оқығанда, шығармашылықтың ең оңайы – ӛлең
жазу сияқты әсер қалдыруы ғажап емес. Ӛйткені, мойын бҧрып қараса-ақ бітті,
кӛл де, шӛл де, жапырақ та, топырақ та, аспан да, тастар да – бәрі-бәрі ӛзінен-
ӛзі ӛлеңге айналып жҥре беретіндей. Мәселен, жол, батпақ, орман, қҧстар,
оңтҥстік, адам деген сӛздер – жеке тҧрғанда, әрқайсысы ӛзінше бір дҥние,
бӛлек-бӛлек тҧрған ҧстын – ҧғымдар. Осының бәрі ӛлеңге ӛзек болуы ҥшін
ӛздері ―сҧранып‖ тілек білдіргендей…
Жолдар ойланады
Батпақты қалай оралып ӛтемін деп,
Ормандар ойланады
Жазды қалай қиып кетемін деп.
Қҧстар ойланады
Оңтҥстікке қалай жетемін деп.
Ойлап-ойлап осылай кҥн кешеді,
Ҥнсіз сӛйлеп адаммен тілдеседі…/1/
Бҧл ӛлең елуінші жылдардың тоңы жібіп, ―жылымық‖ келгеннен біраз
кейін, ақындардың арқасы кеңігенде, дҥниеге келген. Автор қай жағына қараса
да, тӛгіліп, тамылжып тҧрған поэзияны тамашалайды, барша дҥниені жанды,
жарасымды қозғалыс, қимыл ҥстінде немесе ӛзіндік кейпімен назар аударатын
процесс ҥлгісінде кӛреді.
Бір қарағанда, келтірілген мысалда образдық айқындық кестеленгенімен,
мағыналық әлемі алуан қиялға шақыратындай. Алайда әр қияға шарықтаған
қиялдардың қалықтап барып, қайрылып соғар бәйтерегі – тіршілік
философиясы. С.Мәуленов ӛте жиі, аса шебер қолданатын кейіптеу тәсілі
арқылы қарапайым сӛздерді қадау-қадау образдылық ҧстындары дәрежесіне
биіктетеді. Кӛркемдік қиял арқылы жасалған табиғат пен адам арасындағы әрі
кӛркемдік-логикалық, әрі образдылық параллелизмі адам ҥшін қажет,
сондықтан адам жанына жақын тіршілік философиясына бойлатады.
Аталған тәсіл арқылы жасалған бейнелік алуандылықтың қайран
қаларлықтай молдығы – С.Мәуленов поэзиясының ерекшелігі. Ақын
ӛлеңдерінің поэтикасын зерттегенде, таным мен талғамның, шеберліктің
дәлеліне айналған осындай образдылыққа, кӛрнектілікке ерекше мән берген
жӛн. Қазақ ӛлеңін С.Мәуленов жырлары осындай сыр-сымбаттарымен
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №5 2008.
121
байытты.
Ақын шығармаларының ерекшелігі ретінде айтылатын қысқалық пен
нҧсқалық расында анық кӛрінеді. Бҧл ретте, нақтылап айтатын болсақ,
қысқалық дегенде, ӛлеңнің шағындығы емес, тармақтардың қысқалығы, соған
сәйкес ырғақтың ықшамдығы. Санаулы бунақ, ширақ ырғақ қазақ
лирикасының майталманы Ғ.Орманов ӛлеңдеріне де тән. Осы дәстҥрді одан әрі
дамытқан, жалғастырған – Сырбай Мәуленов. Буын саны шектеліп, ширатылу
нәтижесінде тармақтың шҧбатылмай, қысқа қайрылуы кӛп жағдайда ойдың,
сезімнің ―нақтырақ‖ айтылуына, айқындығына әсер етеді. Ӛйткені алуан
тәсілдерді асықпай қолданып, кешенді кӛріністі немесе толқынысты толғап
жатуға орын тар, уақыт қат. Мҧны ақынның ойлау, сезіну және суреттеу
ерекшелігі деп тҧжырудың да қисыны бар.
С.Мәуленов жырларын жалпы қазақ поэзиясының контексінде алып
қарағанда, бӛлекше сараланатын сипат – 40-жылдардың соңында белгі беріп,
50-жылдары екпіндей бастаған, 60-жылдары ағыл-тегіл ақтарылған бейнелілік.
Ақын шығармашылығына тән ӛзіндік сипаттар сол кӛркемдік байлықты тҥрлі
тҧрғыдан, алуан қырынан танытады. Қазақ поэзиясында бҧған дейін
қолданылмаған теңеулер, баламалар, т.т. есепсіз мол. Ақын образ іздеп,
образдылық іздеп, ӛзін ӛзі қинап, қиналып, әуре-сарсаңға тҥспейді. Кӛркемдік
олжаның бәрі кӛз алдында, қол созымда. Кҥллі табиғат қҧбылыстары ақын
ӛлеңінде ӛңі ӛзгеше қызық, тартымды ӛрнекке айналып жҥре береді. Кӛзін
ашса болғаны, айнала болмыстан кілең поэзия мысалдарын кӛреді. Есепсіз,
кӛл-кӛсір қазынаны кәдеге жарататын бейнелеу тәсілдері де сан алуан. Қиял
ҧшқырлығы мен кеңдігі – С.Мәуленовтің субъективті рухани әлемінің ана
сҥтімен дарыған ерекшелігі, оның ӛзі ӛскен ортадағы кӛркемдік дәстҥрлердің
демеуімен одан әрі ӛрлеп, ақын поэзиясындағы бейнелілік байлыққа қыруар
ҥлес боп қосылады. Арғы-бергі қазақ поэзиясын шолғанда, кӛркемдік
әлеміндегі образ, образдылық байлықтың кӛркемдік ӛрнек-жасау тәсілдерінің
алуандылығы жағынан С.Мәуленовке пара-пар ақын табу қиын. Идеяға қысым
жасалған, әйтсе де бейнелік ізденіске тыйым сала алмаған, оның есесіне
материалдық қолдау айтарлықтай болған Кеңес дәуіріндегі шығармашылық
мол мҥмкіндікті ақын тиімді пайдаланып, қазақ ӛлеңінің ӛрісіне ӛзгеше ӛң,
сансыз ӛрнектер сыйлап, халқымыздың рухани-кӛркемдік дамуында айрықша
із қалдырды. Осындай мехнаты мол, мерейі биік шығармашылығы арқылы
С.Мәуленов қазақтың классик ақындарының қатарына қосылды.
С.Мәуленов жырлары не еске алу арқылы немесе ―тікелей‖ кӛру, толғану
арқылы ӛмір шындығымен, табиғат әлемімен сабақтасып жатады. Дерексіз
әлемдегі дәйексіз ажар, кескіндерді індетіп іздеуге, талпынып таңбалауға
қҧшырлана қоймайды. 33 жасында-ақ ӛз қуатын сезінгендей ―Келешекке
барармын, кемесімен ӛлеңнің!‖ деп толғанған ақын азаматтық-шығармашылық
зор жауапкершілікті мойындап:
Ӛлеңім – ӛмірбаяным,
Ӛткен кҥнім бар мҧнда.
Қолымды ашық қоямын,
Халықтың бҥкіл алдында!,/1/ –
дейді келешек кҥннің де биік талабын ескеріп.
Расында да алпыс жылға жуық созылған ҧзақ шығармашылық жолында
дҥниеге келген туындыларын толайым шолғанда, Кеңес елінің ӛміріндегі ең
іргелі, бҥкілхалықтық, жалпымемлекеттік мән-маңызы алабӛтен ӛзгерістердің
кӛпшілігін кӛру қиын емес. 18 жасында әскерге алынған, жастық шағын отқа
ораған соғыс жылдары, содан кейінгі бейбіт елдегі ала-қҧла ахуал, тың игеру
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008.
122
жылдары, ӛмірдегі қҧбылыстар, бейбітшілікке ҥндеу, соғыс зардабын еске
алу… т.т. тарихи жаңғырулардың барлығы да кезең-кезеңімен таразыланады.
Ӛмір мен ӛлім бетпе-бет келіп, бітіспес айқаста арпалысып жатқанда, ақынның
ӛзі айтқандай, ―не ӛліп, не ӛлтіретін соғыстың бір-ақ заңына‖ бағынбау мҥмкін
емес. Осы заң ҥстемдік қҧрған шақта от дариясын кешіп жҥрген С.Мәуленов
шығармаларында майдан ӛмірі ӛрнектелуі, әрине, заңды.
Кҥлге айналған кӛк ормандар,
Оққа ҧшып ӛлген жандар,
Жау бомбасы кӛмген жолдар,
Бейуақытта сӛнген шамдар.
Жанған отта жас сәбилер,
Тҧтқын болған сҧлу қыздар.
Қалған тҧнып ән мен кҥйлер,
Ерте сынған сыбызғылар.
Бәрін білем, бәрін білем,
Бәрі де айқын тҧр есімде.
Жалау еттім жанымды мен
Соғыспенен кҥресуге,/2,183/ –
деп, тебіренген ақын ―сҧрапыл соғыс, сҧр аспан, сол кҥндер әлі ойында‖ екенін
қашанда қайталаудан бір танған емес. Сондықтан да оның әу бастағы туған
жер, жастық толғауларының ізін ала ҥздіксіз лекіген, майдан ӛмірі туралы
толассыз толқындаған жырлары сҧрапыл трагедияларды қамтыған, сҧмдық
шындықты қаусырған ӛзіндік кӛркемдік әлемге айналды.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Мәуленов С. Ҥш томдық шығармалар жинағы. 2-том. Алматы, Жазушы. 1983,
207-бет.
2.Мәуленов С. Жанерке. Ӛлеңдер. Алматы, 1956. 69-бет.
3.Мәуленов С. Ҥш томдық шығармалар жинағы. 1-том. Алматы, Жазушы. 1983.
91-бет.
ТҤЙІНДЕМЕ
Мақалада Сырбай Мәуленов шығармаларының кӛркемдік қырлары
қарастырылған. Қаламгер ӛлеңдерінің сыршылдығы, ой-толғаныстарының
ерекшеліктері, бейнелеп жеткізу шеберлігі ӛлеңдерін талдау барысында
айқындалған.
РЕЗЮМЕ
Статья посвящена рассмотрению художественного мира Сырбая Мауленова.
Достарыңызбен бөлісу: |