САТИРАНЫҢ САЙЫПҚЫРАН САРДАРЫ
Ысқақҧлы Д.-ф.ғ.д., профессор
(Алматы қ., С.Демерел атындағы Қазақ-тҥрік университеті)
Темірбек Қожакеев (17.XII.1926-29. XII.2003) – қазақ әдебиетінің тҧтас бір
саласын – сатирасын бҥге-шігесіне дейін зерттеген зерделі ғалымдығымен бірге,
сан мыңдаған шәкірт даярлаған ҧлағатты ҧстаз, адамгершіліктің асыл
қҧндылықтары, ҧлттық намыс ҥшін қайтпай кҥресе білген қайсар азамат та. Ӛзінің
бҥкіл саналы ғҧмыры негізінен кеңестік кезеңде ӛткен ол тынымсыз ғылыми
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №5 2008.
123
ізденістерге толы қажырлы еңбегімен де, ҧлтжанды ҧрпақ тәрбиелеудегі ҧстаздық
ҧлағатымен де, жеке басының, одан қалды ҧлтының намысын қорғай білген
азаматтық болмысымен де ӛз замандастары арасында ерекше кӛзге тҥскен,
халқына адал қызмет еткен тҧғырлы тҧлға болатын.
Темірбектің сыншылдық қызметінің салмақты жағы қазақ сатирасы жайлы
білдірген
пікірлерінде
жатыр.
Ӛзі
де
кӛркем-публицистикалық
шығармашылықпен айналысып, фельетонды кӛп жазған ол, әсіресе, фельетон
жайлы теориялық, тәжірибелік жағынан кӛп ізденді. Қазақ фельетонының қыр-
сырларын әңгімелеген оның сын мақалалары 1955 жылдан ӛмірінің соңына дейін
қазақ баспасӛзі беттерінде ҥзбей жарияланып тҧрды.
«Фельетон жайында» («Коммунизм жолы», 26.VI.1955) атты мақаласынан
бастап, осы жанрдың ӛзіндік ерекшеліктерін зерделеген бірсыпыра материалдары
шықты. «Аудандық газеттегі фельетондар» («Сталиндік жол», 31.III.1956),
«С.Тӛлешевтің фельетондары» («Коммунизм таңы», 20.V.1956), «Тӛлешев –
фельетонист» («Жҧлдыз», 1957,№8), «Баспасӛз және қазақ совет фельетоны»
(«Лениншіл жас», 21.XII.1958), «Фельетон жанры жайында» («Жҧлдыз», 1958,
№4), «Фельетон осындай бола ма?» («Қазақ әдебиеті», 25.VII.1958), «Ілияс –
фельетонист»
(«Коммунизм
таңы»,
30.01.1958),
Ж.Тілепбергеновтің
фельетондары» («Қазақ әдебиеті», 16.01.1959), «Фельетон – жауынгер жанр»
(«Социалистік Қазақстан», 22.02.1962), «А.Тоқмағамбетовтің фельетондарының
ерекшеліктері» («Лениншіл жас», 26.XI.1960), «Фельетон жанрындағы
жаңалықтар» («Социалистік Қазақстан», 26.II.1970), «Жанр шарттары»
(«Лениншіл жас», 13.VI.1973), т.б. мақалаларында қазіргі қазақ фельетонының
жай-кҥйі кеңінен сараланған. Оның фельетон жайлы сын мақалалары ғылыми
ізденістерге ҧласып, осы мәселе бойынша ғылыми диссертация қорғады
(«Казахский советский фельетон». Автореферат диссертации на соискание ученой
степени кандидата филологических наук. Алма-Ата. АН КазССР, Институт языка
и литературы. 1961); «Фельетон мәселелері» (А.,1962) атты студенттерге арналған
оқу қҧралын шығарды; қазақ сатирасына арналған сҥйекті зерттеулерінің кӛлемді
тарауларына айналды.
Фельетоннан басталған ғылыми ізденістер жалпы сатираның хал-жағдайын
бағамдаған жҧмыстарға жалғасты. Қазақ сатирасының жай-кҥйін саралаған
Т.Қожакеевтің сын мақалалары елуінші жылдардың орта шенінен бастап,
баспасӛз бетінде жиі кӛрінді. «Облыстық газеттегі сықақ бҧрышы» («Социалистік
Қазақстан», 9.XII.1956), «Сатиралық поэзиядағы жаңа леп» («Социалистік
Қазақстан», 13.XII.1958), «Мысал ӛнері» («Қазақ әдебиеті», 8.V.1959), «Сатира
дәуір
тынысын
сезіндірсін»
(«Социалистік
Қазақстан»,
14.VI.1959),
І.Жансҥгіровтің сатиралық мҧрасы» («Советтік Қарағанды», 16.VI.1959),
Б.Майлиннің сатирасы» («Коммунизм жолы», 17.IV.1960), «Жанр сыры»
(«Лениншіл жас», 18.V.1961), «Сатира және баспасӛз» («Қазақстан коммунисі»,
1963, №11), «Кҥлкі кҥші» («Жҧлдыз», 1965,№5), «Пародия жайында» («Қазақ
әдебиеті», 3.XII.1965), «Сатиралық проза» («Қазақ әдебиеті», 22.Х.1965), «Сықақ
жанрының даму сатылары» («Жҧлдыз», 1967, №3), «Абай сатирасы» («Қазақстан
мектебі», 1968,№5), «Қадыр Тайшықов – сатирик» («Ленин жолы», 21.IX.1968),
«Соғыс жылдарындағы сатира» («Қазақстан коммунисі», 1968, №2), «Шайырлар
сатирасы» («Оңтҥстік Қазақстан», 13.IV.1968), «Қазіргі қазақ сатирасы»
(«Социалистік Қазақстан», 7.VII.1971), «Пародия, эпиграмма неге жоқ?» («Қазақ
әдебиеті»,15.X.1971), «Сатирадағы кӛркемдік тәсілдер» («Қазақ әдебиеті»,
9.02.1973), «Сатира да сапалы болсын» («Қазақ әдебиеті»,22.2.1974), «Сатира
туралы бірер сӛз» («Уақыт және қаламгер», А.,1974), «Сатира да сапқа тҧрды»
(«Жҧлдыз»,1975,№12), «Сатиралық термин жӛнінде бірер сӛз» («Қазақ әдебиеті»,
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008.
124
7.2.1975), «Адам. Қоғам. Сатира» («Социалистік Қазақстан», 24.11.1977), «Кҥле
берейік, беу, халайық» («Лениншіл жас»,1.04.1977), «Сатира туралы сырласу»
(«Қазақ әдебиеті»,18.01.1980), «Бағыт қалай, сатира» («Жҧлдыз»,1981,№12),
«Пародия туралы бірер сӛз» («Қазақ әдебиеті», 9.10.1981), «Памфлет – жалынды
жанр» («Қазақ әдебиеті», 5.12.1982), «Сатираға барар жол» («Қазақ әдебиеті,
18.11.1983), «Сатира және дәуір» («Қазақстан коммунисі», 1983, №11), «Сатира –
тәрбие қҧралы» («Мәдениет және тҧрмыс», 1984,№2), Сатира сынына серпіліс
қажет» («Лениншіл жас»,14.05.1985), «Сҥзеген сӛзге» сәлем хат» («Лениншіл
жас», 30.09.1988), «Сатира жайын сӛз етсек...» («Социалистік Қазақстан»,
20.09.1989), «Жоқтың бәрі сатирада. Неге?» («Сҧхбат», 1991, 16-31 шілде),
«Эпиграмма қалай жазылады?» («Сҥзеген сӛз», 12.11.1992), «Пародия қалай
жазылады?» («Жас алаш», 16.02.1993), «Поэзиялық сатира санатта жҥрсе...»
(«Қазақ әдебиеті», 16.07.1993), т.б. мақалалары оны қазақ сатирасының бас
сыншысына, бас сардарына айналдырды. Оның қазақ сатирасы жайлы жазған сын
мақалалары ғылыми негізділігімен, ой айқындығымен, пікір батылдығымен
ерекшеленеді.
Т.Қожакеевтің ғылымдағы жолы университет қабырғасында жҥрген кезде-ақ
басталған. М.Әуезовтің, Б.Кенжебаевтың сҥйікті шәкірттерінің бірі болып, дәрісін
тыңдап, білім-ғылым әлемінің тҧңғиығына тереңдей тҥскен Темірбек студенттік
кездің ӛзінде-ақ ғылымға бейімділігін байқатты. «Шоқанның публицистикалық
шығармаларынан» диплом жҧмысын ҥздік қорғаған ол университетке
қалдырылды. Темкеңе сатираны зерттеуге кеңес берген ҧстазы С.Тӛлешев, оны
Бейсекең (Кенжебаев) де жӛн кӛрген. Міне, сол университетті бітірген 1953
жылдан бастап, сатираны індете зерттеген Т.Қожакеев осы сала бойынша
жҥздеген мақала жазып, «Қазіргі қазақ сатирасы мен юморы» (1966), «Қазақтың
халықтық сатирасы» (1968), «Қазақ мысалы» (1969), «Қазақ сатирасы» (1970),
«Абай – сатирик» (1970), «ХХ ғасыр басындағы қазақ сатирасы» (1974), «Қазақ
совет сатириктері» (1975), «Сатира және дәуір» (1976), «Бҥгінгі қазақ
сатирасының проблемалары»(1978), «Адам. Қоғам. Сатира» (1980), «Сатиралық
жанрлар» (1983), «Сатира – тәрбие қҧралы» (1984), «Сатира – кҥштілер қаруы»
(1985), «Сатира негіздері» (1996), «Шалқу сӛздер мен шаншу сӛздер» (2002), т.б.
зерттеу кітаптарын шығарыпты. Бҧларда бҧрындары арнайы зерттелінбей келе
жатқан бҥкіл қазақ сатирасының тарихы, қазіргі тәжірибесі теориялық тҧрғыдан
сараланып, белгілі бір ғылыми жҥйеге тҥсті. Ғалым еңбектерінің аса қҧндылығы
да осы жағында жатыр.
Ғалымның сатира жайлы зерттеулерін оның тарихына және теориясына
арналған деп екіге жіктеуге болады. «Қазақтың халық сатирасы», «Абай –
сатирик», « «ХХ ғасыр басындағы қазақ сатирасы», «Сатира және дәуір», «Адам.
Қоғам. Сатира» сияқты еңбектері негізінен, қазақ сатирасының ӛткен жолдарын
зерттеуге арналған.
Т.Қожакеевтің пікірінше, адам бар жерде, қоғам бар жерде сатира да бар.
Сатиралық, юморлық – адамның бойында тумысынан бар қасиет. Сатира –
адамдардың ӛмірдегі кемшіліктерге қарсы кҥрес қҧралы ретінде есте жоқ ескі
замандардан бері бірге жасап келеді. Ғалым «Адам. Қоғам. Сатира» (1980) атты
еңбегінде осы мәселені анықтай келіп, ауыз әдебиетіндегі сатиралық сарынға
кеңінен тоқталады. Атап айтқанда, тойбастар, беташар, жар-жар, бәдік, шешендік
сӛз, мақал-мәтел, жҧмбақ, жаңылтпаш, ӛтірік ӛлең, аңыз әңгімелер, ертегі,
батырлар жыры, ғашықтық жыры, т.б. жанрлардағы сатираның кӛріністерін
саралаған.
Абайға дейінгі қазақ сатирасы дегенде, зерттеуші Бҧхар жыраудың, Шал
ақынның, Махамбет Ӛтемісҧлы мен Шернияз Жарылғасҧлының, Дулат
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №5 2008.
125
Бабатайҧлының, Сҥйінбай Аронҧлының, Шӛже Қаржаубайҧлының поэиясындағы
осы сарынды тарата келіп, тӛмендегіше ойлар тҥйеді.
«Біріншіден, ол ауыз әдебиеті стилімен, тек поэзия тҥрінде, оның ішінде,
кӛбінесе ӛмір-тіршіліктегі ҧнамсыз жайларға жасалған сатиралық шолу,
портреттік суреттеме, эпиграмма ретінде айтылды.
Екіншіден, бҧл тҧстағы қазақ сатирасының ӛрісі әлі тар, кӛп ақынның
айтары, мінейтіні - бір мін, бір сарындас дерт. Яғни, бәрінде де молда, байлардың
сараңдығы, ҧлық, сҧлтандардың зорлығы, парақорлығы сыналады. Жалпы
мораль–этика мәселелері, жеке адамдардың мінез-қҧлқындағы ҧнамсыз қылықтар
аз кӛтеріледі...
Ҥшіншіден, кӛптеген сын-сықақ әлі де нағыз сатира дәрежесіне кӛтеріле
алмаған. Сатирадан гӛрі жай сыншылдық, міншілдікке жақын. Олардың
біразынан сатираға тән элемент, әдістер табыла бермейді. Объектіні «ондайсың»,
«мҧндайсың» деп ҧрсу, жеку, сӛгу басым. Немесе, кемшілікті кекесінсіз,
келемежсіз хабарлау, айту ғана байқалады. Қалай дегенмен, мҧның бәрін қазақ
сатирасының сол тҧстағы кӛріністері деп білеміз» (Т.Қожакеев. Адам. Қоғам.
Сатира. А.,1980, 81-бет).
Абай дәуіріндегі қазақ сатирасы жайлы әңгімені «Дала уәлаятының
газетінде» жарияланған Асылқожа Қҧрманбаевтың «Қҧмырсқа мен шегіртке»
(«Стрекоза и муравей»,1894,№32,14 тамыз), «Аю мен жапан тҥзді мекен қылған
жалғыз
адамның
мәжілісі»
(«Пустынник
и
медведь»,1985,№49),
Ы.Алтынсариннің «Қарға мен тҥлкі» («Ворона и лисица», 1892, №51) сияқты
орыс мысалшысы И.А.Крыловтан жасалған аудармаларына, сондай-ақ
М.Ж.Кӛпеевтің, Ташмҧхаммет Сейфуллиннің, Отыншы Әлжановтың, «Орта
жҥздің», Бодаубек Райымбековтің, Жағыпар Аймановтың, Р.Дҥйсенбаевтың, тағы
да авторы кӛрсетілмей жарияланған бірнеше мысалдардан бастайды.
Ы.Алтынсариннің, А.Қҧнанбаевтың, Майлықожаның, Біржан салдың, Ақан
серінің, Әсет ақынның поэзиясындағы сатираға жан-жақты талдаулар жасайды.
Әсіресе, қазақтың ҧлы ақыны Абайдың сатирасына тереңірек ҥңіледі.
Зерттеуші Абайдың сатиралық ӛлеңдерін ҥш тҥрге – тҧрмыстық эпиграмма,
сықақ ӛлең, мысалдарға жіктеп қарастырып, ҧлы ақынның ҧлы поэзиясының
сатиралық сыр-сипатын аша тҥсуге кӛмектесерлік қызықты байқаулар жасай
алған. Ғалымның мына бір пікіріне назар аударалық: «Абай сатирасының ҥшінші
саласы – мысалдары. Рас, оның дені аударма. Бірақ сол аударма мысалдардың
ӛзін қазақ әдебиетінің тӛл туындысындай кӛруге хақымыз бар. Ӛйткені, олардың
мазмҧны, ой-пікірі Крыловтікі болғанмен, баяндау әдісі, қҧрылысы тыңнан
табылған. Қимылды кӛрініс, ауызекі диалог, қара сӛз әңгіме жаңа тҥр, жаңа сипат
табады.Ӛзіміздің тӛл шығармаға айналады.
И.А.Крылов мысалдарының Абай аудармасын тӛл туындымыз деуге екінші
негіз – олар қазақ ӛміріне бейімделіп, сахара тіршілігіне ҥйлестіріліп аударылған.
Қазақ тҧрмысына сай емес образдар, есімдер халқымызға тән бейнелермен
аударылған» (сонда, 106-бет). Осы ойын И.А. Крыловтың тҥпнҧсқасы мен
А.Қҧнанбаевтың мысалын салыстыра отырып, дәлелдейді. Ғалымның бҧл пікірі
Абай орыс әдебиетінен аудармалар жасап, олардан ҥйренді, соның арқасында ғана
барып кҥшті ақын болды деген орысшылдық, еуроорталыққа бас июшілік ҥстем
болып тҧрған кезде айтылғандығын еске сала кетудің артықтығы жоқ. Кейінгі
Абайтанушылар бҧл мысалдарды И.А.Крыловтан аударма деуден гӛрі мен
болсам, бҧл тақырыпты былайша жырлар едім деген ақынның тӛлтуындысы
ыңғайында қарастырып жҥр.
Абайдың сатирасы туралы ғалым тӛмендегіше ойлар тҥйеді: «Абай ӛз
дәуірінің қатал сыншысы, елдегі сорақылықтардың бітіспес міншісі болды. Ол
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008.
126
жалпы әдебиетті ғана емес, оның сатира, юмор саласын да жаңа белеске кӛтерді.
Бҧрынғы жыр, толғау, дидактикалық ӛлең, шешендік сӛз тҥрінде ғана келетін
сатираны, юморды жаңа тҥрмен, жаңа мазмҧнмен, жаңа санамен байытты» (сонда,
110-бет); «Бҧлардың ішінде қазақ сатирасын ерекше белеске кӛтерген – Абай. Ол
ӛзіне дейінгі әдебиетіміздің бар жақсы ҥлгі – дәстҥрін игере отырып, халқына
қажетті жаңа сапалы әдебиет жасаудың тың әдіс, соны соқпақтарын іздеді. Осы
ізденісте сыншыл реалистік тҧрғыдағы сатираны тапты. Әдебиетімізге ӛз
тҧсындағы әкімшілік бассыздықты, зорлықты, сайлаудағы ӛзара қырқысты, жҧрт
қараңғылығын, надандықты әшкерелеген тамаша сықақ шығармаларын әкелді.
Бҧларын ҧлы ақын, негізінен, ҧзақ ойланып, терең толғанып, жазба тҥрде туғызып
отырды.
Абай ӛз сатирасында небір ақымақ әкім, мансапқор, алаяқ, ӛсекшіл, ӛтірікші,
бӛспе, жалқау, надандардың образ, типін жасады. Солардың айналасында
қоғамның, ӛмір-тҧрмыстың кҥрделі мәселелерін, тың проблемаларын қозғады»
(сонда, 132-бет).
«Адам. Қоғам. Сатираның» тӛртінші тарауы ХХ ғасырдың басындағы қазақ
сатирасына арналған. Осы кездерде жарық кӛрген қазақ басылымдарында
сатиралық туындылардың жиі кӛріне бастағанын айта келіп, «Айқап» журналы
бетінде жарық кӛрген материалдарға кӛбірек назар аударады. Қазақ ақындарының
ішінен Сҧлтанмахмҧт пен Сәбит (Дӛнентаев) поэзиясындағы сатиралық
шығармаларға жан-жақты талдаулар жасалынған.
Ғалым ХХ ғасырдың басындағы қазақ сатирасы жайында «Ең алдымен,
оның тақырыптық, мазмҧндық сипаты ӛзгерді. Бҧл дәуір жҧртты ағарту,
тәрбиелеу проблемасын бірінші қатарға қойған еді»; «сатира енді ҥстем тапқа
ғана емес, жалпы жҧртқа сын кӛзімен қарайтын болды, оның жалпы халықтық
демократиялық сипаты айқынырақ кӛрінді»; «Қазақ сатирасы тҥр жағынан да
молықты»; «Дәуірдің ағарту, тәрбиелеу идеясына қарай бҧл тҧста мысал жанры,
әсіресе дидактикалық мысалдар бірінші қатарда тҧрды»; «Бҧл дәуірдегі қазақ
сатирасы кӛркемдік, ӛткірлік сапа жағынан да кӛп кӛтерілді»; «Қазақ сатирасы
аударма шығармалармен де байытылды»; «Абай қозғаған ой-пікірлер,
проблемалар дамытылып, жаңа дәуірде жаңа қырынан қойылып жатты.
Әлеуметтік-қоғамдық, моральдық-этикалық мәселелер кӛбірек қозғалып, оларды
тереңдей ашу байқалды» (сонда, 168-175-беттер) деген ыңғайда ойлар
топшылаған.
«Сатира және дәуір» (А.,1976) жиырмасыншы ғасырдың басына дейінгі,
яғни Қазан тӛңкерісіне дейінгі қазақ сатирасын қарастырған «Адам.
Қоғам.Сатираның» жалғасы іспеттес. Монографияда қазақ кеңес сатирасының
тарихы 1917 жылдан жетпісінші жылдарға дейін ғылыми тҧрғыдан шолынады.
Автор «қазақ сатирасының тарихын зерттеу – халқымыздың әр кездесі салт-
санасын білу, кҥрес жолын кӛру, оның ақыл, ой-парасатының кемелдену процесін
аңғару» («Сатира және дәуір», А.,1976, 4-бет) – деп біледі.
«Қалыптасу жолында» аталынған бірінші тарауда 1917 жылдан 1925 жылға
дейінгі кезеңдегі қазақ сатирасының қалыптасу жолдары әңгімеленеді. Таптық
кҥреске негізделген марксизм-ленинизм ілімін басшылыққа алған кеңес ӛкіметі
идеологиялық майданда ҧлттық, бай атаулыға қарсы ымырасыз кҥрес ашты. «Осы
кҥрес, тартыс, талас барысы, екі дҥние арпалысы – алғашқы қазақ совет
әдебиетінен ӛз кӛрінісін тапты, сатира жанрының кӛрінуіне негіз, себеп болды»
(сонда, 7-бет).
Автор сол кездерде шығып тҧрған қазақ баспасӛзі бетінде кӛрінген
сатиралық туындыларды тірнектеп жинап, ой сарасынан ӛткізген. Атап айтқанда,
1917-1920 жылдар аралығында шығып тҧрған «Кедей сӛзі», «Қызыл Қазақстан»,
«Ақ жол» сияқты басылымдарда жарияланған сықақ әңгімелер мен ӛлеңдерді,
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №5 2008.
127
алғашқы фельетондарды, «оқшау сӛздерді» талдайды. С.Сейфуллиннің,
С.Дӛнентаевтың,
А.Сегізбаевтың,
Е.Алдоңғаровтың
сатиралық
шығармашылықтарына арнайы тоқталған. Тӛңкеріске дейінгі дәуірде мысал
жанры кӛбірек кӛрініп, алға шықса, енді ол екінші қатарға кетіп, «ашық сатиралы,
сюжетті ӛлеңдер» алға шықты. Қаламгерлер «шартты сатиралық ӛлеңдер мен
фельетондар», «сатиралық әңгімелер» жазуға кӛбірек ойысты.
Ғалымның анықтауынша, 1925 жылдан 1938 жылға дейінгі кезеңде қазақ
сатирасы «дамудың гҥлдену, кемелдену дәуірін ӛткерді» (сонда, 40-бет). Осы
кездерде жарық кӛрген «Шаншар» (1925), «Жаршы» (1929), «Балға» (1932)
сияқты сатиралық журналдардың жарық кӛруі қазақ сатирасын биіктерге бастады.
«Еңбекші қазақ» газеті де сатиралық шығармаларды жиі жариялап тҧрды.
Монографияда осы кезеңде жарық кӛрген Б.Майлиннің, І.Жансҥгіровтің,
Қ.Тайшықовтың, Қ.Қуанышбаевтың, Ж.Тілепбергеновтің, Ж.Сәрсековтің, т.б.
сатиралық туындыларына жан-жақты талдаулар жасалынады. Бҧл «дәуірде қазақ
сатирасы тҥр жағынан дамыды. Бҧрынғы оқшау, фельетон, сықақ ӛлең, әңгіме
ҥстіне карикатура, этюд, кҥлкілі мақал, сықақ заметкалар, сатиралық сӛздік
кӛрінді. Бірсыпыра сықақтарда ауыз әдебиетінің айтыс, беташар, қоштасу, сыңсу,
жоқтау ҥлгілері пайдаланылды. Кейбір фельетондар, орыс әдебиетіндегідей,
бастан-аяқ кейіпкер монологіне қҧрылды» (сонда, 102-бет) – деп жазады автор.
Ҥшінші тарау «Бәсеңсу белінде» аталынған. Бҧл кезеңге 1938 жылдан 1952
жылдарға дейінгі кезең жатқызылған. Бҧл кездерде Сталиннің жеке басына
табынушылықтың салдарынан ҧлттық атаулыға кҥрестің барынша кҥшейіп,
мәдениетіміздің орны толмас олқылықтарға душар болғаны тарихтан мәлім. Оның
ҥстіне отызыншы жылдардың соңынан елуінші жылдардың басына дейін
әдебиетте «тартыссыздық теориясы» ҥстемдік қҧрды. Бҧл теория бойынша, біздің
елімізде антогонистік таптар жойылып, социализм жеңді; енді таптық тартыс жоқ,
кҥрес ескі мен жаңаның ғана арасында. Мҧның ӛзі белгілі бір дәрежеде уытты
сынға негізделген сатираның бәсеңдеуіне алып келді. Оның ҥстіне 1941 жылы
басталған Ҧлы Отан соғысы сатираның бағытын мҥлдем басқа бағытқа –
фашизмді барынша әшкерелеуге қарай бҧрып жіберді. Бар кҥш фашизмді жеңуге
жҧмылдырылып жатқан кезде оған уытты тілімен сатира да айтарлықтай ҥлес
қосты. Еңбекте осы кездегі сатираның жай-кҥйі кеңірек кӛрініс тапқан. Қазақ
сатирасының
дамуына
айтарлықтай
ҥлес
қосқан
С.Тӛлешев
пен
А.Тоқмағамбетовтің туындыларына кеңірек тоқталып, олардың шығармашылық
қырларын аша тҥскен. Әсіресе, С.Айтуаров, С.Шынаров, Т.Кҥреңше деген атпен
екі
жҥзге
тарта
фельетон
жазған
Сейділда
Рахатҧлы
Тӛлешевтің
шығармашылығына кеңірек тоқталған. С.Тӛлешев кейіннен университетте
болашақ журналистерге дәріс оқып, Т.Қожакеевтің де сатираның жолына тҥсуіне
тікелей ықпал еткен ҧлағатты ҧстаздардың бірі болды.
1952-ші жылдан кейінгі кезең «Қайта ӛрлеу биігінде» аталып, оған тӛртінші
тарау арналған. Бҧл кездегі сатираның дами тҥсуіне сол кезде билік басында
болған коммунистік партияның қоғамда орын алып отырған кейбір ҧнамсыз
қҧбылыстарды барынша сынап, оны жоюға бағытталған саясат жҥргізуінің
тікелей әсер еткендігіне айрықша мән береді. С.Мҧқанов, С.Бегалин,
А.Тоқмағамбетов сияқты аға буын жазушылармен бірге осы кезде дҥркіреп
шыққан С.Адамбеков, Ш.Смаханҧлы, О.Әубәкіров, М.Рәшев, Е.Домбаев,
Ж.Алтайбаев,
Қ.Мҧхамеджанов,
Б.Қыдырбекҧлы
сынды
сатириктердің
шығармалары жан-жақты талданылады. Сатирға енді араласа бастаған кӛптеген
жас қаламгерлердің туындылары да Темкеңнің назарынан тыс қалмаған. Бҧл
тараудың бір ерекшелігі барды бар, жоқты жоқ деп айтумен бірге сатиралық
туындыларға сыни кӛзбен қарап пікір айтушылық басым. Автор сол кездегі қазақ
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008.
128
сатирасындағы жетіспеушіліктерді сюжет, жағымды кейіпкер, «кең тынысты, кең
қҧлашты ҥлкен сатира» жасау жақтарынан кӛреді. Осы тҧрғыдан баспасӛз бетінде
кӛрініп жатқан кӛптеген шығармалар Т.Қожакеевтің аяусыз сынына ҧшыраған.
Кемшілікті айтқанның, ҧйқасқанның бәрі сатира емес деп білетін сыншы «тілге
ҥйірімсіз, сезімге әсерсіз сықақтарды О.Иманәлиевтен де кездестіреміз» (сонда,
162-бет), «осы сияқты, Т.Нҧрмҧхамедов «Дарынсыздық далбасасы» деген
ӛлеңінде «тырнайды, қырнайды, сырлайды, қорлайды» - деп, қиыннан «қисын»
тапқан» (сонда) – деген сияқты сындарды бірсыпыра қаламгерлердің
шығармаларына да айтқан. Сыншылық принципке барынша адал Темірбек кей
тҧстарда тіпті қатал кеткендей. Мысалы, Ғаббас Ӛкеевтің «Сиқымның әзіліндегі»
Әй, қатын,
Қандай жақсы қатын деген атақ!
Саныңды тыр-тыр қасымай,
Жақындашы қасыма-ай
Есіңде ме, сен алғаш тигенде,
Мен бетіңнен сҥйгенде,
Ибай деп, кҥлдің ғой.
Әй, қатын, сонда бірдеңені білдің ғой!
Бҧйыртса, Сиқаң байым болады,
Майым болады (?!),
Шәйім болады,
Ҥй де дайын болады, -
Деп қиялдадың, -
деген жолдарды «Бҧл – сатира емес, оспадар, сӛкет сӛздер жиынтығы. Онда
ешқандай мәнді идея, эстетикалық ләззат жоқ. «Жаманның барынан да жоғы
жақсы» дегендей, мҧндай сықақ ӛлеңдердің жазылмай-ақ, оны жҧрт оқымай-ақ
қойғаны қҧба-қҧп» (сонда, 163-бет) – деп сынайды. Кӛңіліне келіп қалар, тауы
шағылып қалар демей, турасынан мҧндай ӛлеңнің жазылмағаны, оны
оқырманның оқымағаны жақсы деп, тӛтесінен бір-ақ айтқан. Осы тарауда белгілі
ақын А.Тоқмағамбетовтің сатиралық туындыларын талдауға едәуір назар
аударған.
Соңғы кезеңдегі қазақ сатирасының ӛзіндік жаңалықтары дегенде,
бҧрындары «негізінен, фельетон, сықақ әңгіме, сықақ ӛлең, ара-тҧра сықақ
заметка, эпиграмма, этюд» кӛрініп келсе, «қазіргі қайта ӛрлеу дәуірінде ол тҥр
жағынан кӛп молықты. Бҧрынғы бар жанрлардың ҥстіне мысал, памфлет,
пародия, халықаралық фельетон, сатиралық повесть, роман келіп қосылды»
(сонда, 196-бет) – дейді. Сонымен бірге сатираның мәдениеті, тақырып аясы,
ойлылығы, проблемалығы арта тҥскендігі, алпысыншы жылдардың орта тҧсына
дейін поэзиялық сатира басым болып келсе, енді прозалық сатираға ойысу
байқалғандығы атап ӛтілген.
Т.Қожакеевтің «Қазіргі қазақ сатирасы мен юморы» (А.,1966) атты еңбегі де
сатираның бҥгінгі кҥнгі мәселелеріне арналған. Болашақ журналистерге кӛмекші
оқу қҧралы ретінде жазылған бҧл кітаптың әдістемелік сипатымен қатар қазіргі
қазақ сатирасына деген сыншылдық кӛзқараспен жазылғандығын атап айтқан
жӛн. Еңбекте алдымен сатира мен юморға сипаттама беріліп, оның жанрлары
анықталады. Мҧнда қазіргі сатираның жай-кҥйі жанрлық жҥйе бойынша
қарастырылған. Мысал, пародия, эпиграмма, шарж, сықақ ӛлеңдер, фельетон,
памфлет, сатиралық әңгіме, сатиралық повесть, сатиралық роман жанрлары
арнайы сӛз болады.
Ғалымның 1983 жылы шыққан «Сатиралық жанрлар» атты зерттеу кітабы
тҥгелдей қазақ сатирасындағы жанр проблемасына арналған. Автордың «Алғы
сӛзде» аңғартқанындай, «Жанр проблемасы – кҥні бҥгінге дейін сараланып,
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №5 2008.
129
шешіліп бітпеген проблема» («Сатиралық жанрлар», А.,1983, 5-бет).
В.Белинскийден бастап, орыс әдебиетінің теоретиктері, нақтылай айтсақ,
әдебиеттің теориясынан іргелі еңбектер жазған Б.Томашевский, Г.Л.Абрамович,
Л.Шепилова, Л.И.Тимофеевич, П.А.Николаев, Г.Н.Поспелов сияқты ғалымдардың
еңбектерінде әдебиеттің тегі мен тҥрі жайлы жақсы айтылып келеді де жанрға
келгенде кібіртіктейді. Қазақ әдебиеті бойынша әдебиеттің теориясынан оқулық
авторлары Қ.Жҧмалиев, Е.Ысмайылов, З.Қабдолов та орыс ғалымдарының ізімен
кеткен. Бҧларда жанрды әдебиеттің тегінің тҥрлері (лирикалық жанрлар,
эпикалық жанрлар, драмалық жанрлар), тҥрдің (видтің) тҥрлері (поэзиялық
жанрлар, прозалық жанрлар, драмалық жанрлар) деп жіктеуден арыға бара алмай
жҥр.
Т.Қожакеев біз сӛз етіп отырған еңбегінде жанр туралы бҧрыннан айтылып
келе жатқан пікірлерді тереңдете тҥсіп, аса қҧнды тҧжырымдар жасаған. Автор
«Жанр дегеніміз – белгілі бір шығарманың, газет, журнал материалының, радио,
телевизия хабарының кӛрініс табу формасы» (сонда, 6-бет) – деген анықтама
береді. Шығарманың «ӛзіне ғана тән, ӛзін ғана ерекшелендіріп тҧрған
қҧрылымдық-композициялық, тілдік, стильдік, тағы басқа белгілерінің жиынтығы
оның жанрын айқындайды» (сонда) – деп біледі. Ол жанр айқындауға
кӛмектесетін негізгі тӛрт тҥрлі белгіні атаған. Олар: 1) «Ең алдымен, олар да
сынайтын объектісімен ажыратылады»; 2) «...алға қойған нақты міндет,
мақсатымен, идеясымен ажыратылады»; 3) «...болмыс-қҧбылысты қамту
ауқымымен, соған орай қорытынды жасау, жинақтау ӛресімен айқындалады»; 4)
«...оқиға, фактілерді кӛрсетудегі қолданған әдеби-стилистикалық қҧралдарынан,
әдіс-тәсілдерінен танылады» (сонда, 7-бет). Автор «Жанр «таза қалыпта» кездесе
бермейді. Бір туындыда бірнеше жанр элементтері тоғысып жатады. Кейде олар
ӛмірді барлық кҥрделілігімен, кӛп қыртыстылығымен кӛрсету ҥшін,
творчестволық ой-ниетті әсерлі етіп беру ҥшін әдейі тоғыстырылады. Сонда қай
жанрдың белгілері мол болып, бірінші қатарда тҧрса, туынды сол жанрға
жатқызылады» (сонда, 8-бет) – деп жазады.
Еңбекте сатираның жанрлары поэзиялық және прозалық тҥрлерге
жіктелінген. Сатираның поэзиялық жанрларына мысал, эпиграмма, пародия,
сықақ ӛлең, шарж, карикатура, ал прозалыққа фельетон, памфлет, сатиралық
әңгіме, юморлық әңгіме, сатиралық повесть, сатиралық роман жатқызылған.
«Сатиралық жанрларда» осылардың әрқайсысының ӛзіндік ерекшеліктеріне, даму
жолдарына кеңінен тоқталған.
Ғалымның «Қазіргі қазақ сатирасы мен юморы» (1966) атты еңбегінде де
қазақ сатирасы жанрлар бойынша қарастырылған болатын. Ал, біз әңгіме етіп
отырған «Сатиралық жанрлары» да осы жҥйеде жазылған. Негізіне алғашқы
кітаптағы мәтін алынып, олар теориялық тҧрғыдан жетілдіріліп, қазақ
сатирасының нақтылы материалдарымен толықтырыла тҥскен. «Қазіргі қазақ
сатирасы мен юморында» қазақ сатирасының бҥгінгі жай-кҥйі әңгімеленсе,
«Сатиралық жанрларда» әр жанрдың қазақ әдебиетінде пайда бола бастаған
кезінен бастап, оның даму жолдары, қазіргі халі, жетістіктері мен кемшіліктері
біртҧтас тарихи даму ҥстіндегі ҥдеріс ретінде кеңінен қамтылған.
Еңбектің тағы бір қҧнды жағы деп, автор барды бар, жоқты жоқ деп қоя
салмайды, әр жанрдағы жағымды жаңалықтарға, кездескен кемшіліктерге, алда
тҧрған міндеттерге кеңінен тоқталып, ғылыми тҧрғыдан толымды топшылаулар
жасай білген. Бҥгінгі кҥннің сатирасын әңгімелегенде ҧстанымы мықты
Т.Қожакеевтің сыншылық қасиеті барынша жарқырай кӛрінеді.
1996 жылы шыққан «Сатира негіздері» Т.Қожакеевтің ҧзақ жылдар бойғы
қазақ сатирасын зерттеген ғылыми ізденістерінің қорытындысы іспеттес.
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008.
130
Ғалымның сатира саласында бҧрындары жарық кӛрген кітаптары мҧнда
толықтырылып, тереңдетіліп, белгілі бір жҥйеге тҥсіп, сатираның барлық
мәселесі қамтылған біртҧтас кҥрделі еңбекке айналған. Жоғары оқу орындарының
студенттеріне арналған оқулық ретінде шыққан бҧл кітапта қазақ сатирасы мен
юморының жалпы мәселелері, теориясы мен тәжірибесі, жанрлары, даму тарихы,
ӛзіндік ерекшеліктері жайлы мол мағлҧматтар бар.
«Сатира негіздері» кіріспесі мен қорытындысы бар негізгі ҥш бӛлімнен
тҧрады. Әр бӛлім іштей тағы да тӛрт-тӛрттен тарауларға бӛлінген. Кіріспеде
сатира мен юморға жалпы тҥсініктер берілген соң, бірінші бӛлімде оның ғылыми
негіздеріне тоқталады. Сатира мен юмордың негізі – комизм. Ал комизм дегеніміз
– «Қоғамдық жҥйе мен оның заң тәртібіндегі, ӛмір, тіршілік пен болмыс, жеке
заттар мен адамдар бойындағы, ӛнер туындылары мен оның әдіс-тәсіл, тіл,
стиліндегі кӛңілге қонбайтын, кісінің кҥлкісін келтіретін, кҥлуге негіз беретін,
себеп болатын жайттарды комизм дейміз» («Сатира негіздері». А.,1996, 34-бет).
Комизм кҥлкі тудырады. Ал «Кҥлкі – адамның ӛмір серігі». Ол арқылы
ӛзінің жан-дҥниесін, кӛңіл-кҥйін, белгілі бір болмыс-қҧбылысқа қатысын
аңғартады. Адамның ойы, сезімі, кҥйініші, қуанышы, не кӛз жасы ретінде, не
кҥлкі ретінде кӛрінеді. Кҥлмей жҥре алмаймыз, тҧра алмаймыз, кҥлмей еңбек ету,
ізгілік ҥшін кҥресу мҥмкін емес. Демек, ӛмір бар жерде кҥлкі бар» (сонда, 46-бет).
«Кҥлкі екі тҥрлі себептен пайда болады. Бір алуан кҥлкі қанағаттанғандықтан,
екінші бір кҥлкі ренжігендіктен туады. Бірінші жағдайда қуаныш кҥлкісі, екінші
жағдайда келемеж кҥлкісі кӛрініс табады» (сонда). Автор кҥлкінің келемеж кҥлкі
(«комизм объектісін тҧқыртатын, жәбірлейтін сын кҥлкісі»), сын кҥлкі
(«әлеуметтік кҥрес кҥлкісі, дертке қарсылық қҧралы»), қуаныш кҥлкі («бір
нәрседен ләззат алғандағы, риза болып, қанағат тапқандағы жан сезімнің дыбыс
болып
сыртқа
тебісі,
арман-аңсар,
тілек-ниетіміздің
орындалғанына
масаттанғанымыздың, шаттанғандығымыздың белгісі, сезімді селт еткізіп, жан
жадырататын жақсылыққа адамның жағымды жауабы»), қулық кҥлкі
(«зымияндықтан, аярлықтан туады. Ӛз пайдасы ҥшін біреуді алдаусыратып
отырып, шоққа отырғызып кету ниетінен туады»), жандалбаса кҥлкі («бір нәрсе
болып қалар ма екен деп сасқалақтаудың, жалтақтаудың белгісі»), сорлы кҥлкі
(«нашарлардың лауазымы, атақ-даңқы барларға жалпаң қағып, жалпақтаған
сәттерінде бой кӛрсетеді»), қылжақ кҥлкі («әлеуметтік мәнсіз кҥлкі. Ол
тапқырлықтан, ақылдылықтан тумайды, ойсыздықтан, парасатсыздықтан, себеп-
салдарсыз туады»), ақымақ кҥлкі («басқаны тҥсінбейтін эгоистің кҥлкісі»)
тҥрлерін анықтап, олардың әрқайсысына тҥсініктемелер берген. Демек, кҥлкінің
де кҥлкісі бар, тҥр-тҥрлісі бар екендігіне назар аударады. Сатира, ирония, юмор,
сарказм, шарж терминдерінің аражігін ажыратып, гипербола, гротеск, фантастика,
шарттылық амалдарының қолданылу ерекшеліктеріне тоқталады. Содан кейін
барып, жанр мәселесін нақтылай тҥскен.
Т.Қожакеев 1983 жылы шыққан «Сатиралық жанрларында» оны екі тҥрге –
поэзиялық жанрларға (мысал, эпиграмма, пародия, сықақ ӛлең, шарж, карикатура)
және прозалық жанрларға (фельетон, памфлет, сатиралық әңгіме, юморлық
әңгіме, сатиралық повесть, сатиралық роман) бӛліп қарастырған болса, одан он
ҥш жыл кейін шыққан «Сатира негіздерінде» оны ҥш тҥрлі салаға жіктепті: 1)
«сатираның
поэзиялық
шағын
жанрлары»;
2)
«сатираның
кӛркем-
публицистикалық жанрлары»; 3) «сатираның кӛркем прозалық жанрлары».
«Сатира негіздерінің» бірінші бӛлімін негізінен, ғалымның бҧрындары
жарық кӛрген «Сатиралық жанрлар» қҧраған. Ішінара аздаған ӛзгерістер,
толықтырулар бар. Мысалы, «Жалпы тҥсінік» аталған бірінші тарауға жалпы
сатира, комизм, кҥлкі, оның ӛзіндік ерекшеліктері туралы тҥсініктер қосылып,
содан кейін барып, бҧрынғыдай жанр мәселесін әңгімелейді.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №5 2008.
131
«Сатираның шағын жанрларына» арналған екінші тарауда мысал, пародия,
эпиграмма, шарж, сықақ ӛлеңдерге тоқталады. Бҧл жерде байқалатын бір нәрсе:
«Сатиралық жанрларда» карикатураны жеке тараушада қарастырса, біз әңгіме
етіп отырған еңбекте ол жеке жанр ретінде қарастырылмапты; оған екі-ақ
сӛйлеммен анықтама бере кетумен ғана шектеліпті.
Ҥшінші тарау «Сатираның кӛркем-публицистикалық жанрлары» аталып,
мҧнда фельетон, памфлет қарастырылған. Автор әсіресе фельетонның жанрлық
қыр-сырларын аша тҥскен. Фельетонды алдымен, публицистикалық, сосын
кӛркем әдеби тҥрлерге бӛледі. Публицистикалық фельетонды фельетон-
корреспонденция,
фельетон-мақала,
фельетон-шолу,
фельетон-рецензия,
фельетон-репортажға, ал әдеби фельетонды тағы да ҥшке – прозалық, поэзиялық,
драмалық деп бӛліп, оларды одан ары прозалықты фельетон-әңгіме, фельетон-
ертегі,
фельетон-очерк,
поэзиялықты
фельетон-ӛлең,
фельетон-баллада,
драмалықты фельетон-кӛрініс, фельетон-пъеса, фельетон-интермедия, фельетон-
скетч тҥрлеріне жіктейді. Ӛзінің бҧрыннан айтып келе жатқан пікірлерін замана
ыңғайына қарай, ғылымның жетістіктерін пайдалана отырып, жетілдіре,
толықтыра тҥскен. Автор фельетонға тереңдей тҥсіп, оның тағы да фельетон-хат,
фельетон-бҧйрық, фельетон-арыз, фельетон-баяндама, фельетон-мінездеме,
фельетон-қаулы, фельетон-кҥнделік, проблемалық, оперативтік, жағымды,
шенеуші, әшкерелеуші, нақтылы, шартты, фельетон орнына, кішкентай,
лирикалық, соттылық, халықаралық, әдеби сияқты формалық, тақырыптық
тҥрлерін анықтайды; осылардың әрқайсысының жанрлық ерекшеліктерін қазақ
сатирасының тәжірибелеріне сҥйене отырып, айқындайды.
«Сатираның кӛркем-прозалық жанрлары» аталынған тӛртінші тарауда
сатиралық әңгіме, юморлық әңгіме, сатиралық повесть, сатиралық роман
талданылады. Ғалым сатиралық жанрларды басқалардың жақсысынан ҥйрене
отырып, дәстҥрлі арнада эволюциялық даму ҥстіндегі ҥдеріс ретінде қарастырады.
Жанрдың қазіргі кезеңдегі жай-кҥйіне кӛңілді аударыңқырайды; ондағы
жақсылық нышандарын жарқырата кӛрсетіп, кемшіліктерін жоюға аяусыз кҥрес
ашады.
«Қазақ сатирасы мен юморы» аталған екінші бӛлімнің негізіне «Адам.
Қоғам. Сатира» (1980) алынған. Мҧнда қазақ сатирасының тарихы ауыз
әдебиетінен бастап, Абайға дейінгі, Абай дәуіріндегі және ХХ ғасырдың
басындағы кезеңдерге бӛлініп қарастырылған. Кітаптың бірінші бӛлімінде қазақ
сатирасының теориялық негіздері қарастырылса, екінші бӛлімде сан ғасырларға
созылған қалыптасу жолдары тарихи-типологиялық тәсілмен шолынады.
«Сатира негіздерінің» ҥшінші бӛлімінде кеңестік кезеңдегі қазақ
сатирасының дамуы сӛз болады. Бҧл бӛлімді ғалымның 1976 жылы жарық кӛрген
«Сатира және дәуір» монографиясы қҧраған. Монографияның «Қалыптасу
жолында», «Ӛрлеу ҥстінде», «Бәсеңсу белінде», «Қайта ӛрлеу ӛрінде» деп аталған
тараулары сол кҥйінде, еш ӛзгеріссіз «Сатира негіздерінде» де сақталынған.
Солай десек те, кеңестік кезеңде марксизм-ленинизм, социалистік реализм іліміне
сҥйеніп жазылған монография тәуелсіздік кезінде шыққан «Сатира негіздерінде»
әдіснамалық тҧрғыдан кӛп ӛзгерістерге ҧшырап, замана рухына, талабына сай
қайта жазылып шыққан. Негізгі қаңқа, дәуірлеу жҥйесі, зерттеу нысаны
сақталынғанымен де оны талдау, бағалау ӛлшемдері, мазмҧны кӛп ӛзгерістерге
ҧшыраған. Ғалым бҧрындары сатиралық шығармаларды негізінен таптық
принцип тҧрғысынан бағалаған болса, енді тәуелсіз елдің ҧлттық мҥддесі, оған
қайшы келетін қоғамдағы келеңсіз қҧбылыстарға қарсы, ҧлттық рухани
қҧндылықтарын сақтау жолындағы әдебиеттің кҥрескерлік қызметі тҧрғысынан
келгендігі байқалады.
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008.
132
Жинақтай айтқанда, Т.Қожакеевтің «Сатира негіздері» атты кӛлемді зерттеуі
оның осы сала бойынша жҥргізген зерттеулерінің, жазған жҥздеген мақалалары
мен шығарған бірнеше кітаптарының жинақталған сығындысы, қорытындысы
дерлік. Сонымен бҧл монографияны бҧрындары зерттелінбей келген бҥкіл қазақ
сатирасының теориясы мен тәжірибесі жинақталған, қазақ әдебиеті мен
публицистикасының тҥйіскен жеріндегі аса бір кҥрделі саласын қопара зерттеп,
аса қызықты байқаулар жасай алған, қҧнды пікірлер айта білген, ғылыми жағынан
да, практикалық жағынан да маңызды еңбек деп бағалаған жӛн.
Т.Қожакеевтің «Сатира – кҥштілер қаруы» (1985) атты еңбегі де қазақ
сатирасының жай-кҥйін саралауға арналған. Алты тараудан тҧратын кітаптың
«Сатира және юмор» атты бірінші тарауында осы мәселенің теориялық мән-жайы
әңгімеленген. «Сатира» терминінің шығу тӛркіні, ол әдебиеттің тегі ме, тҥрі ме,
жанры ма, әдіс-тәсілі ме деген сияқты сауалдар тӛңірегінде пікір жарыстырады.
Сатираның сан қырлы сипаттарына тоқтала келіп, «болмысқа эстетикалық
қатысының ӛзіндік ерекшеліктері бар, ӛмір қҧбылыстарын зерттеп, бағалауда,
кӛрсетуде дербес әдіс-қҧралдары, ӛзіне тән табиғаты, сыр-сипаты бар сатира –
ӛзінше әдебиет тегі («Сатира – кҥштілер қаруы.А.,1985,13-бет), «Сатира – кӛркем
шығармалардың бір тҥрі, сатиралық туындылардың жалпылағыш, жиынтық аты»
(сонда, 15-бет) – деген ӛз пікірлерін білдіреді.
«Сатираға барар жолда» осы мәселенің негізі комизм, кҥлкі, бейнелеу әдіс-
тәсілдері, шарттары кеңінен әңгімеленген. «Сатира – тәрбие қҧралы», «Қазіргі
қазақ сатирасы» аталынған ҥшінші, тӛртінші тарауларда бҥгінгі қазақ
сатирасының жай-кҥйі қозғалған. Сатира сыны, қазақтың сықақ журналдары жеке
тарауларда сӛз болған. Ғалымның ойынша, қоғамдық даму қайшылықтарсыз,
кемшіліктерсіз болмайды. Соларға қарсы кҥресте сатира маңызды роль атқарады.
Қазіргі таңда «бізге парасатты, ойлы сатира да қажет» (сонда, 283-бет).
«Сатира – кҥштілер қаруы» монография аталғанымен де оның ғылыми
сипатынан гӛрі сыншылық сипаты басым. Еңбек тҥгелдей қазақ сатирасының
бҥгінгі жай-кҥйін бажайлауға арналған. Мәселеге негізінен, заманның
кемшіліктерге қарсы кҥрес талабы тҧрғысынан келгендіктен де кітапта сол кездегі
биліктің әдебиетке қатысты нҧсқаулары басшылыққа алынып отырған. Кеңестер
Одағы Коммунистік партиясының бағдарламасынан, тҥрлі қаулыларынан,
шешімдерінен ҥзінділердің кездесіп отыратындығын сол кездегі қазақ
әдебиеттану ғылымының, әдеби сынының ӛзіндік бір ӛмір сҥру ерекшелігі деп
ҧққан жӛн.
ТҤЙІНДЕМЕ
Мақала қазақ әдебиетінің сатира жанрының дамуына елеулі ҥлес қосып,
сатираның ғылыми негіздерінін зерделеуде іргелі ізденістер жасаған кӛрнекті
ғалым Т.Қожекеевке арналған.
РЕЗЮМЕ
Статья посвящена видному ученому Т.Кожакееву, который внес
значительный вклад в развитие жанра сатиры казахской литературы.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №5 2008.
133
Т І Л Б І Л І М І Н І Ң М Ә С Е Л Е Л Е Р І
ӘОК
Достарыңызбен бөлісу: |