Казахский государственный женский педагогический



Pdf көрінісі
бет15/19
Дата17.01.2017
өлшемі1,41 Mb.
#2102
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
частью  получают  они  жизнь  под  деревянною  полуразвалившейся  кровлею 
хижины, живописно расположенной в Апеннинских горах, переименованных ими  
в monte Perpi.  Именительный темы - единица функциональная, единица системы 
речи.    Она  может  быть  представлена  различными  по  своей  природе 
лингвистическими  единицами:  от  номинативного  предложения  до  части 
предложения.  Промежуточное положение в этом ряду занимает сегмент темы  в 
конструкциях  типа:  Труд!    О  трудом  можно  сделать  все,    что  захочешь… 
(А.И.Куприн    «Поединок»).    Понятие  «именительный  темы»  шире  понятия 
«именительный  представления»  и  включает  его  как  свою  функциональную 
разновидность. 
В  контексте  того  или  иного  художника-писателя  существительные  со 
значением  действия,  сегментированные  конструкции  с  именительным  темы, 
предложения с именем действия получают то или иное структурное воплощение и 
наделяются  определенной  функциональной  значимостью,  что  способствует 
развитию различных языковых явлений в области семантики и синтаксиса. 
 
ЛИТЕРАТУРА 
 
1.
 
Золотова Г. А. Коммуникативные аспекты русского синтаксиса.- 
М., 1982.—С. 167. 
2. Пешковский А.М Русский   синтаксис   в   научном   освещении. – М.,      
1956. 
3.Шведова Н.Ю. – В кн. «Русская  грамматика».- М., 1980, Т. 2. 
Белошапкова В.А..  Современный  русский  язык.  Синтаксис.-     
М.,1977 
5. «Русская  грамматика», т. 11. М., 1980. 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  рассмотрены  особенности  и  специфика  использования 
отглагольных существительных в структуре предложения, которые  определяются 
сложной семантикой и синтаксическими функциями. 
 
ТҤЙІНДЕМЕ 
 
Мақалада  қазіргі  орыс  тілінде  кездесетін  қимыл  атау  мәніндегі  зат 
есімдердің синтаксистік қызметі қарастырылады  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №5 2008. 
 
143 
 
ФОНЕТИКАДАҒЫ ҤНЕМДЕУ ҚҦБЫЛЫСЫ 
 
Оданова С.А.- аға оқытушы (Алматы қ., Қазмемқызпу)  
 
Ҥнемдеу  –  ежелгі  дәуірден  келе  жатқан  қҧбылыс  екені  белгілі.  Мҧндай 
тілдік ӛзгерістерге ХІХ ғасырдың орта тҧсынан шетелдік лингвистер назар аудара 
бастады. Неміс, француз, швейцарлық тілшілердің кӛзқарастары – тіл біліміндегі 
бҧл қҧбылысты біршама тҥсініп, белгілі бір дәрежеде тҧжырым жасауымызға кӛп 
ықпал  еткені  сӛзсіз.  Әрине,  әр  кезеңдегі  лингвистердің  ҥнемдеу  қҧбылысына 
берген  бағасы  әр  тҥрлі.  Шетелдік  лингвистер  мен  отандық  тілшілеріміздің 
еңбектерін  саралай  келе,  ҥнемдеу  қҧбылысы  тіл  білімінің  бҥкіл  саласын  – 
фонетика,  лексика,  морфология,  сӛзжасам,  синтаксисті  де  қамтитынын  байқауға 
болады.  
   Бҥгінгі 
мақаламыздың  негізгі  қарастыратын  мәселесі  ықшамдау 
қҧбылысының зерттелу мәселесі  емес, тіліміздің фонетика саласындағы ҥнемдеу 
қҧбылысы.  
  Тіл  білімінің  фонетика  саласында  ҥнемдеу  немесе  ықшамдау  қҧбылысы 
деген мәселе арнайы қарастырылмаған. Мҧндай қҧбылысты «элизия», «апокопа», 
«редукция», «гаплология» деген терминдермен атап жҥрміз. 
  «Элизия»  (латынның  elision  –  ығысу,  ығыстыру)  –  сӛздің  соңғы  дыбысы 
дауысты  дыбысқа  аяқталып,  оған  бірігіп,  (не  тіркесіп)  айтылатын  сӛздің,  не 
жалғанатын  қосымшаның  басқа  дыбысы  дауысты  болған  жағдайда  қатар  тҧрған 
бір  дауысты  дыбыстың  тҥсіріліп  айтылуы.  Элизияға  беріліп  жҥрген  ережелерде 
алғашқы дауысты тҥседі деп тҥсіндіріліп жҥр. Қазақ тілінде ыңғайға қарай кейде 
алғашқысы, кейде соңғысы тҥсіріліп айтылады.  
Мысалы: бара алмады – бар(а) алмады, не ҥшін – не (ҥ)шҥн. 
Дауыстылардың  элизиясы  (тҥсіп  қалуы)  сӛз  тіркесінің  қҧрамындағы 
сӛздердің аралығында, сондай-ақ біріккен сӛздің қҧрамында да кездеседі.  
 Қара ат -  қар(а) ат 
 алты ай -  алт(ы) ай 
 қайын аға -  қай(ы)наға 
 келе алмады -  кел(е)алмады. 
Осы кӛрсетілген мысалдардағы а, е, ы  дыбыстары айтылуда тҥсіріледі. Егер 
бҧл  дыбыстарға  аяқталған  сӛздерге  дауыссыздан  басталатын  сӛздер  тіркескен 
жағдайда тҥсірілмейді. Мыс.,  
қара сиыр 
алты кӛл 
келе сала 
қайын жұт т.б. 
Қазіргі  қазақ  тіліндегі  дауыссыздан  тҧратын  қосымшалар  (-қ,  -к,  -с,  -п) 
дауысты  дыбысқа  біткен  сӛзге  жалғанғанда  элизия  жолымен  ықшамдалып 
жасалатынын да байқауға болады.  
Мысалы: ора+ық  - орақ 
                тара+ық – тарақ 
               күре+ік – күрек т.б. 
Сондай-ақ тҥбір тҧлғада тҧрған кейбір зат есімдерге тәуелділік жалғауының  
3-жағының қосымшасы (-ы, -і) жалғанаған жағдайда да осы қҧбылыс кӛрініс 
береді.  
Мойын+ы – мойны, 
 ауыл+ы – аулы т.б. 

Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008. 
 
144 
Бірақ барлық қатар келген дауыстылар осылайша тҥсе беруі шарт емес. Бір 
ритмикалық  топқа  енетін  тіркестердің  жігіндегі  екі  дауысты  қатар  сақталып  та 
айтылады. Мысалы:  ӛте арық (ӛт арық емес, ӛте рық емес),  аса аңқау (ас аңқау 
емес,  аса  ңқау  емес),    тұра  ұрысты  (тҧр  ҧрысты  емес,  тҧра  рысты  емес)  т.б. 
Мҧндағы қатар келген дауысты дыбыстардың айтылуына екеуінің де тҥсірілмей, 
бірақ  бірінші  сӛз  соңындағы  дауыстының  әлсіреп,  кӛмескілеу  айтылатындығын 
байқаймыз.  Ӛте,  аса  тҧра  сӛздерінің  айтылу  сазы  дауыстылардың  сақталуына 
себеп  болады.  Кейде  сӛз  бен  қосымша  жігінде  дауыстыларды  сақтау  ҥшін 
араларына дауыссыз «қыстырма дыбыс» қойып айту да бар.  
Мысалы:  зырылда  +  ық  -    зырылдақ  дегенде  Элизия  қҧбылысы  бар  да, 
зырылда+  у  +ық  –  зырылдауық    дегенде  у  дауыссызы  арқылы  екі  дауысты  да  а 
және ы   дыбыстары сақталады.  
Фонетика  саласындағы  ҥнемдеу,  яғни  ықшамдау  қҧбылысының  бір  тҥрі  -  
«Апокопа».  Сӛздің  акценттік  фонетикалық  процесінің  нәтижесінде  соңғы  бір 
немесе бірнеше дыбыстың тҥсіп қалған тҥрін «апакопа» деп қарастырып жҥрміз. 
Мҧндай қҧбылыс батыс тілдерінде де жиі кездеседі. Орыс тіліндегі уже, чтобы-
ның орнына  ужь, чтоб деу де осыған жатады.  
Қазақ тілінде бҧл қҧбылыс ӛте жиі кездеседі демейміз, аз да болса, апокопа 
қазақ тілінде де кездеседі.  
Мысалы:  бері  кел  деген  сӛз  тіркесінің  орнына  ауызекі  тілде  беркел  дейміз, 
керемет сӛзінің орнына керім деп қолданамыз. 
Сондай-ақ, 
1) Торығ - торы, 
(Торығ ат бініп тегд і- Торы атты мініп тиді (Ктб., 42)), 
2) Кічіг -  кіші 
 
(Түпүтке кічіг тегмедім -Тибетке кішкене жетпедім (КТм., 3 )) 
3) Улуг- ұлық, үлкен (кейін ұлы), 
(Улуг Іркін йағы болты -  Ұлық (үлкен) Іркен жау болды (КТб. 34,) 
4) Тіріг -  тірі, 
(Ӛлтечі  будуныг  тірігру  ігітім  -    Ӛлмеші  халықты  тіршілікке 
жеткіздім. (КТб.29)). 
Осы  кӛне  жазба  ескерткіш  тілінде  кездесетін  «Торығ,  кічіг,  ҧлығ, 
тіріг»  
т.б.сӛдерінің  соңындағы  «ғ  мен  г»  дыбыстары  тілдің  даму  барысында 
тҥсіріліп қолданылатын болған. 
  «Апокопа»  қҧбылысы,  яғни  сӛз  қҧрамындағы  дыбыстардың  тҥсіріліп 
айтылуы  ауызекі  сӛйлеу  тілінде    жиі  байқалады.  Мысалы:  «еш  нәрсе  қамады» 
деген тіркесте «қалмады» сӛзіндегі л дыбысы тҥсіріліп қолданылған. 
  Ҥнемдеу заңдылығының ерекше бір қасиеті ретінде сӛйлеушінің дыбыстау 
органдарына  кҥш  тҥсірмей  айтуын  жатқызсақ,  осының  салдарынан  дыбыстарды 
ғана  қысқартып  айтпай,  буындарды  да  тҥсіріп  айту  осы  қҧбылыстың  жемісі. 
Мҧндай фактілер ауызекі сӛйлеу тілімізде ерекше орын алады. Мысалы: болып – 
боп, алып  - ап, қалып – қап, келіп – кеп, барамын – барам, кӛремін –кӛрем т.б. 
  Тҥркі  тілдеріндегі  тҥсіп  қалу  қҧбылысы  тіл  дамуының  белгілі  бір 
заңдылықтарына негізделеді.  Сондай заңдылықтың білі «Редукция» қҧбылысы. 
  «Редукция»  (латынның  redustio  -  әлсіреу,  тҥсіп  қалу,  ықшамдалу)    -  буын 
тҥрлерінің  айтылу  сазына  қарай  дыбыстың  артикулярлық  және  акустикалық 
сипатының ӛзгеруі. Әдетте редукция қҧбылысы дауысты дыбыстарға байланысты 
болып келеді. Мысалы: Кісіне  сӛзін айтқанда  кісне  болып дыбысталады да, екі 
тҥрлі ӛзгеріс жҥзеге асады:  
1) алғашқы буындағы і дыбысы қысқа айтылады.  
2) Екінші буындағы і мҥлде тҥсіп қалады.  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №5 2008. 
 
145 
  Тҥркі  тіліндегі  бҧл  қҧбылыс  орыс  тіліндегі  ҥлгімен  екпінсіз  буындағы 
дауысты  дыбыстардың  әлсіреуі  немесе  тҥсірілуі  деп  тҥсіндіріліп  келді. 
Шындығында,  қазақ  (тҥркі)  тілінде  редукция  қҧбылысы  сӛз  қҧрамындағы  ашық, 
бітеу буындарының айтылу сазына байланысты. Экспериментальды фонетиканың 
зерттеу  нәтижесі  ашық  буындардың  созылыңқы,  бітеу  буындардың  қысқа 
айтылатынын анықтағаны белгілі. 
  Олай  болса,  кі  –  сі  –  не    деген  сӛздегі  ҥш  ашық  буынның  кісне  болып 
айтылғанда алғашқы буындағы і-нің терең қысқа естілуі жаңа пайда болған бітеу 
буында  тҧруына  байланысты  (кіс).  Ал  екінші  буындағы  і-нің  тҥсіріліп  айтылуы 
қатар келген ашық буындардың  сӛйлеушінің ӛз ойын әрі тез, әрі нақтылы жеткізу 
жолындағы психологиясына байланысты. Себебі, тіліміздегі қандай сӛзде болсын 
дауысты дыбыстың тҥсіріліп айтылуы тек қатар келген ашық буындарда ғана іске 
асады.  
  Сондай-  ақ  бәрімізге  әбден  сіңісті  болған  мына  мысалдардағы  ӛзгеріс  те 
осы  қҧбылысқа  тиесілі.  Мысалы:  орын,  ауыз  сӛздеріне  дауысты  дыбыстан 
басталған қосымша жалғанғанда екінші буындағы ы дыбысы тҥсіріліп айтылады.  
  а) о – ры – ны, ор – ны,    б)а – уы – зы, ау – зы 
  Мҧны  былайша  тҥсіндіруге  болады.  Мағынасы  әбден  тҧрақталып,  жиі 
қолданылатын сӛздерде қысаң  дауыстылардың тҥсіп қалуы  олардың мағынасына 
ешқандай  нҧқсан  келтіре  алмайды.  Сондықтан  тіл  табиғаты  мҧндай  ӛзгерістерге 
жол бере алады. Осыған қарағанда тҥркі тілдеріндегі қысаң дауыстыладың тҥсіп 
қалуы  тек  фонетикалық,  морфологиялық  жағдайларға  ғана  емес,  сонымен  бірге 
сӛздердің семантикалық жағына да байланысты екен.  
  Дауыстылардың 
редукциясына 
дауысты 
дыбыстан 
басталатын 
қосымшаның жалғануын шарт  деп есептеу  қате пікір.  Сӛзге дауыссыз дыбыстан 
басталатын  қосымша  жалғанғанда  да  қатар  айтылатын  ашық  буындар  келсе, 
тҥсіріліп айту бола береді.  
  Мысалы: ұры, тірі сӛзіне  - лық,  -лік қосымшасын жалғағанда ұры+ лық, 
ті+ рі +лік болып, екі ашық буындағы, ы,і дыбыстары тҥсіріліп ҧр+лық, тір+лік 
тҥрінде екі бітеу буыннан тҧратын вариант пайда болады.  
Сондықтан дауысты дыбыс редукциясының негізгі шарты – сӛздің буындық 
қҧрылымы ашық – ашық –бітеу (А+ВА+ВАВ) тҥрінде келуі керек. Кейде редукция 
ҥшінші буында да кездеседі. 
Мысалы:  жоғары  сӛзіне  –  ғы  қосымшасын  жалғағанда  жоғар–ғы  болып, 
ҥшінші  буындағы  ы  қысаң  дауыстының  тҥсіріліп  қолданылғанын  байқаймыз. 
Редукция  қҧбылысына  дауыссыз  дыбыстардың  тҥсіріліп  айтылуын  да  қосуға 
болады.  
Мысалы: бігіз – бі(г)із – біз 
                уқалау  – у(қ)алау  – уалау 
                құмған  – құм(ғ)ан – құман 
                кигіз – ки(г)із – киіз 
                шаңғарақ –шаң(ғ) арақ – шаңырақ.   
Кӛріп  отырғанымыздай  бҧл  мысалдарда  тек  дауысты  дыбыстар  ғана  емес, 
дауыссыздар  тҧрақсыздығы  да  айқын  аңғарылады.  Мҧндағы  дауыссыздардың 
тҥсіп  қалуы  уақытша  қҧбылыс  емес,  этималогиялық  талдау  барысында 
анықталатын тарихи қҧбылыс.  
Сонымен  белгілі  бір  дыбыстың,  немесе  буынның  мҥлдем  тҥсіп  қалып, 
тҧрақталып орнығуы, сӛз жоқ, қысқарып ықшамдалудың жемісі.  
П.Пассидің  «Тіл қашан да ӛзіне қажеттісін таңдап, іріктеп алады да, артық 
бастыларынан  қҧтылуға  әрекет  жасайды.  Сӛйтіп,  «ең  аз  кҥш  жҧмсау  заңы»  мен 

Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008. 
 
146 
экономия  принципін  басшылыққа  алып  отырады»  деген  пікіріне  толық 
қосыламыз. 
Фонетикалық  ӛзгерістерде  саралай  отырып  тҥсінгеніміз,  барлық  осы 
ӛзгерістердің 
негізінде 
айтылудың 
ыңғайлылығы 
мен 
қысқалығына 
ҧмтылатындығымыз,  басқаша  айтқанда  дыбыстық  ӛзгерістер  аз  әрекеттену 
принципіне немесе кҥшті ҥнемдеу принципіне саятындығына кӛз жеткіздік. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР  
 
1. Б. Сағындықҧлы «Тҥркі тілдері лексикасы дамуының фонологиялық 
заңдылықтары». А.,1994ж. 
2.  Б.  Сағындықҧлы  «Қазақ  тілі  лексикологиясы  дамуының  этимологиялық 
негіздері». А., 1994ж.  
3. А.Аханов «Тіл білімінің негіздері». А., 1993ж. 
4. С.Мырзабеков «Қазақ тілінің фонетикасы». А., 1999ж. 
5. М.Томанов «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» (фон., морф.) А., 
   1981ж. 
6. Ғ. Айдаров «Кҥлтегін ескерткіші» А., 1995ж. 
 
ТҤЙІНДЕМЕ 
 
Мақалада  қазақ  тілінің  фонетика  саласындағы  ҥнемдеу  қҧбылысы 
қарастырылады. 
РЕЗЮМЕ 
 
В статье рассматривается закон экономии в современном казахском языке, в 
частности в области фонетики.  
 
 
 
 
 
ЖАРАТУШЫ КҤШТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ТҦРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР 
 
Рысбаева Г.Қ.- ф.ғ.к., доцент (Алматы қ., Қазмемқызпу) 
 
 Тҥркі  халықтары  Айға,  Кҥнге,  Жҧлдыздарға,  Отқа  табынып,  сыйынумен 
қатар,  табиғаттан  тыс  бір  ғана  қҧдіретті  кҥш  ретінде  бейнеленетін  «құдай,  алла, 
тәңірі  және  жаратқан,  жаратушыға»  жалынып,  жалбарынған.  Олар  кӛзге 
кӛрінбейтін,  бҥкіл  әлемді  жаратушы,  жарылқаушы  ерекше  кҥштер.  Тҥркі 
тілдеріндегі  культтік  лексика-фразеологизмдердің  тілдік  кӛріністерін  4  топқа 
бӛліп  қарастырамыз.  Олар:  Жаратушы  кҥштер;  Жан-дҥние  кӛріністер;  Қияли 
персонаждар; Культтік наным-сенімдерге қатысты киелі сандар. 
Жаратушы күштер: «құдай», «алла», «тәңірі», және «жаппар, жаратқан, 
жаратушы,  жасаған,  жасаған  ие,  ие,  құдірет,  раббы,  хақ».  Олар  «бар  әлемді 
жасаушы  ҧлы  кҥш,  қҧдірет  иесі,  яғни  қҧдай,  алла,  тәңір,  жаратушы»  деген 
мағынада  жҧмсалады.  Сондықтан  адамдар  әр  уақытта  осы  кҥштерге  жалынып, 
жалбарынған.  Адамдар  ӛздерінің  бір-біріне  жасаған  жақсылық-жамандық 
әрекеттеріне  жауап  ретінде  осы  кҥштерге  байланысты  қалыптасқан  тҧрақты  сӛз 
тіркестерін қолданған. 
Қҧдіреті  кҥшті  «қҧдай»  сӛзі  «қҧда»  сӛзімен  ауыстырылып  айтылады.  Қҧда 
сӛзі  қҧдай  сӛзінің  қысқарған  тҥрі.  Құдайдың  құдіреті,  құданың  құдіреті  –  алла 
тағаланың  кереметі  деген  сӛз.  Мысалы,  Бір  кҥні  кемпір  қҧдайдың  қҧдіретімен 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №5 2008. 
 
147 
дым  сезбей  ауырыпты.  /Қазақ  ертегілері/.  Б.з.б.  ІІІ-ІІ  ғ.  Қҧдай  –  патшаларға 
арналған  қҧрылыстар  –  пирамидалар  мен  храмдар  негізінен  тастан  жасалады
«Құдіретті  құдай»  тіркесі  –  кейде  Пирамидалардың  орнына  қолданылатын, 
фарондардың  о  дҥниеге  барғанда  жанға  сая,  басқа  баспана  болатын  мәңгілік 
ғҧмырдағы ҥйлері. Пирамидалар перғауындар мен атақты адамдар ҥшін салынған. 
Ол «әлемнің жеті кереметі» аталған ӛнер туындыларының бірі саналады. Құдай 
сӛзінің  тағы  бір  синонимі  ақ  сӛзі.  Ақ  сӛзі  кейбір  тҥркі  тілдерінде  құдай  деген 
мағынаны білдіреді [1;16]. Ескі діни ҧғым бойынша ақ сӛзінен «киелі», «қасиетті» 
ҧғымының  нышаны  байқалады.  Ақ  сӛзіне  байланысты  мынадай  сӛз  тіркестері 
туындаған: ақ бата, ақ тілек, ақ ниет, ақ жауын, ақ сары бас құдайы немесе боз 
қасқа құдайы, құдайына ақ сары басын айту, т.б. Ақ сары бас құдайы – береке, 
бақыт ҥшін берілетін садақа, қҧрбандық. Мысалы, Мен Абайға кінә қойдым. Елде 
қатын-бала  сені  уайымдап  тҥн  ҧйқысын  тӛрт  бӛліп,  құдайына  ақ  сары  басын 
айтады... Сен болсаң, шалжиып жатқаның мынау, - деді /М.Әуезов/. 
Кейде,  қҧдай,  алла,  тәңір  сӛздерімен  «бір»  сан  есімі  немесе  «жалғыз»  сӛзі 
анықтауыштық  қызметтке  жҧмсалады.  Сан  есімді  тіркестердің  қҧрамындағы 
компоненттер  бір-бірімен  қабыса  байланысады.  Олар:  бір  құдайдың  атқаны,  бір 
құдай  білсін,  бір  құдайға  тапсырды,  бір  алла,  біраллаға  жазды,  бір  тәңірден 
тілеу, жаратқан алла бір құдай, жалғыздың жары құдай, т.б. Мысалы, Он беске 
келгенше  Шаманбайдың  қойын  бақтым,  бір  қҧдайдың  атқаны  /Ж.Аймауытов/. 
Жалпы  тіліміздегі  қҧдай  сӛзіне  қатысты  тҧрақты  тіркестер  алғыс,  қарғыс, 
бейтарап мағынада қолданылады.  
Жаратушы  кҥштердің  бірі  –  Алла.  Алла  –  тіршілік  дҥниені  және  қиямет-
қайымды  жаратушы  Қҧдай  есімі.  Ислам  дәуіріне  дейінгі  арабтардың  (негізінен 
Меккенің)  Қҧдай  ретінде  сыйынған  белгілі  адамдардың  қабірі.  Алла  исламда 
жалғыз  Қҧдай,  адамдарға  ӛзінің  елшіі  ретінде  Мҧхаммедті  жібереді.  Исламның 
қысқаша  сенім-ҧраны:  «Алла  мен  оның  елшісі  Мҧхаммедтен  басқа  ешқандай 
жаратушылар жоқ». Мҧсылмандардың нанымы бойынша Қҧран Алланың ӛз сӛзі. 
Алла  бҧл  сӛзін  Мҧхаммедке  тікелей  ӛзі  немесе  періште  арқылы  жеткізген  екен. 
Мҧсылмандардың қҧдайы – Алла  - ӛзінің жаратылысынан жалғыз, оның басқадай 
«серігі  жоқ».  «Алладан  басқа  құдай  жоқ»  дегенге  сену  ислам  дінінің  негізгі 
парызы  болып  саналады.  Қҧран  уағызының  негізгі  негізі  –  Алланы  дәріптеу 
болған.  Алла  ҧғымы  мҧсылмандар  арасында  әр  тҥрлі  болғанымен,  Мекке  мен 
Мединедегі кезеңінің қҧрандағы тҥсініктемесінде айырмашылығы жоқ. Қҧранның 
мазмҧны да, тақырыбы да бір ғана Аллаға сену болғандықтан, кӛп қҧдайлы пҧтқа 
табынушылыққа  қарсы  тҧрған.  Алла  –  жалғыз,  оның  ешқандай  «теңдесі»  жоқ. 
«Алла жалғыз, Алла мәңгілік, ол тумайды, оны ешкім туған жоқ, оған тең келер 
ешкім жоқ». 
Қҧранда  Алланың  қҧдіреттілігі,  ҧлылығы  туралы  айтылады.  18  мың 
ғаламның  барлығы  Аллаға  бағынғандықтан  дҥниеде  оның  әмірінсіз  ештеңе 
істелмейді,  тіршіліктің  дамуы  оның  әмірі  негізінде  ғана  жҥреді.  Қҧран  дҧғасы 
осыны дәлелдейді. Сондықтан Алла ӛзі жаратқан дҥниеге әмірін жҥргізеді, демек 
тіршілікті  дамытады, ӛзгертеді,  барлық  қҧбылысты ӛзі  жасайды. Алла адамзатқа 
ӛте қайырымды, себебі ол адамның санасына сенеді, адамға кешірімді. Адам Алла 
қҧдіретіне  сенгендіктен,  ӛзін  Қҧдайдың  «қҧлымын»  деп  тҥсінгендіктен,  дін 
жолына  тҥсіп,  Қҧдайға  қҧлшылық  етеді.  Қҧдайға  қҧлшылық  етуші  мҧсылман 
қауым, тіршіліктегі  барлық  қҧбылысты Алла ісі деп тҥсінеді  [2;9]. Қҧранда алла 
«қайырымды», «ақылды», «дана», «жасаған дҥниенің билігін қолында ҧстаған» [3] 
деген  эпитеттермен  суреттеледі.  Әрбір  мҧсылманның  негізгі  борышы  –  Алланың 
құлы  екендігін  мойындау,  басқа  қҧдай  бар  дегенге  сену  кешірілмес  кҥнә  деп 
саналады.  Қҧран  бойынша,  Алла  -  «жаратушы,  жоқтан  бар  етуші,  бір  нәрсені 

Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008. 
 
148 
кейіптеуші  /мҥсіндеуші/,  ол  ең  сҥйікті  есімдер  иесі.  Жер-кӛктегі  жаратылыстың 
бәрі оны дәріптейді. Ол – ҥстем /жеңімпаз/, әрі данышпан» /Хашр сҥресі/. Алла - 
«ғарыштың  иесі,  ҧлының  ҧлысы.  Ол  қалғанын  істейді»  /Бҧрҧж  сҥресі/,  Абай 
«Қара сӛздерінде» және ӛлеңдерінде дін мен мораль, тәрбие жайларын қозғайды. 
Олар:  оныншы,  он  екінші,  он  ҥшінші,  жиырма  жетінші,  отыз  бесінші,  отыз 
алтыншы, отыз жетінші,  отыз сегізінші  және қырық бесінші  сӛздерінде [4]. Осы 
сӛздердің  кейбірінде  Абай  қҧдайға  қҧлшылық  етудің  мәнін  айтып,  иман  жайын 
сӛз  етеді  /он  екінші,  он  ҥшінші,  отыз  сегізінші,  қырық  бесінші  сӛздер/.  Абай 
мҧсылманшылықтың  діндік  ҥгітін  айта  отырып,  ӛз  оқушысына  жеткізбегі  – 
адамгершілік  қасиеттері.  Сол  адамгершілік  қасиетті,  адам  ӛзінің  қасиеттерін 
жаратылыс сырымен қоса бағалап, тҥсінсін деп ойлайды. Сондай тҥсінік адамды 
адамгершілік биік сатыға кӛтереді. Алланың 99 «Кӛркем есімдері» мен оның тҥрлі 
фонетикалық  варианттары  бар.  Араб  тіліндегі  «Асмаул-Хусна»  деген  ҧғым  «Ең 
жақсы есімдер» немесе «Кӛркем есімдер» деген мағына береді. 
Біз Алланың «Кӛркем есімдерінің» тілімізге кісі есімі ретінде жиі қолданып 
жҥргеніне кӛп мән бере бермейміз. Алланың тоқсан тоғыз есімінің ең қҧдіреттісі – 
ар-Рахману,  ар-Рахиму  атты  есімдер.  Рахман  Алланың  шексіз  мейірім,  шапағат 
иесі  екенін  білдірсе,  Рахим  іс  жҥзінде  кӛмек,  рақым  жасаушы  екенін  кӛрсетеді. 
Қысқасы,  Рахман  –  мейірімді:  Рахман/Рақым,  Рақманқҧл;  әр-Рахим  рақымды: 
Рақым/Рахым, Рахима (әйел есімі); әл-Малик – бҥкіл жаратылыстың иесі: Мәлік, 
Мәлікбай; әл-Халиқ – жаратушы: Халық, Әбдіхалық; әл-Қадир – қҧдіретті: Қадыр, 
Қадыржан, т.б. есімдері кездеседі. 
             Алла тағаланың ҧлық деген 99 (тоқсан тоғыз) аты тӛмендегідей: 
1.
 
Аллаһу                                             51. аш-Шааһиду 
2.
 
ар-Рахману                                      52. ал-Хаққу 
3.
 
ар-Рахиму                                        53. ал-Вакиилу 
4.
 
ал-Малику                                       54. ал-Қауиийу 
5.
 
ал-Қуддусу                                      55. ал-Матиину 
6.
 
ас-Салааму                                      56. ал-Уалиийу 
7.
 
ал-Му' мину                                    57. ал-Хамииду 
8.
 
ал-Муһаймину                                58. ал-Мухсий 
9.
 
ал-  'Азизу                                        59. ал-Мубдиийу 
10.
 
 ал-Жаббаару                                   60. ал-Му ' ииду 
11.
 
 ал-Мутакаббиру                             61. ал-Мухиий 
12.
 
 ал-Хаалиқу                                     62. ал-Мумииту 
13.
 
 ал-Баарии 'у                                    63. ал-Хаййу 
14.
 
 ал-Мусаууиру                                 64. ал-Қаййуму 
15.
 
 ал-Ғаффаару                                   65. ал-Уаажиду 
16.
 
 ал-Қаһһару                                      66. ал-Мажииду 
17.
 
 ал-Уаһһаабу                                    67. ал-Ахаду 
18.
 
 ар-Раззаақу                                      68. ас-Самаду 
19.
 
 ал-Фаттааһу                                     69. ал-Қаадиру 
20.
 
 ал- ' Аалиму                                     70. ал-Муқтадиру 
21.
 
 ал-Қаабизу                                       71. ал-Муқаддиму 
22.
 
 ал-Бааситу                                        72. ал-Му ' аххиру 
23.
 
 ал-Хаафизу                                       73. ал- Аууалу 
24.
 
 ар-Раафи' у                                       74. Ал-Ахиру 
25.
 
 ал-Му ' иззу                                      75. аз-Зааһиру 
26.
 
 ал-Музиллу                                       76. ал-Баатину 
27.
 
 ас-Саами' у                                        77. ал-Уаалий 
28.
 
 ал – Баасиру                                      78. ал- Мута ' аалий 
29.
 
 ал –Хакаму                                        79. ал-Баару 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №5 2008. 
 
149 
30.
 
 ал-' Адлу                                            80. ал-Таууабу 
31.
 
 ал- Латиифу                                       81. ал-Мунтақиму  
32.
 
 ал-Хабииру                                        82. ал- ' Афууу 
33.
 
 ал-Халииму                                        83. ар- Ра ' ууфу 
34.
 
 ал- ' Азииму                                       84. Малику л-мулку 
35.
 
 ал-Ғафууру                                        85. зу-л Жалаал уа-л Икрам 
36.
 
 аш-Шакууру                                      86. ал-Муқситу 
37.
 
 ал- ' Алиийу                                       87. ал-Жаами ' у 
38.
 
 ал-Хафиизу                                        88. ал-Ғаниййу 
39.
 
 ал-Муқииту                                        89. ал-Муғний 
40.
 
 ал-Хаабису                                         90. ал-Мани ' у 
41.
 
 ал-Жалиилу                                        91. аз-Заарру 
42.
 
 ал-Карииму                                        92. ан-Наафи ' у 
43.
 
 ар-Раақибу                                         93. ан-Нууру 
44.
 
 ал-Мужиибу                                      94. ал-һадиийу 
45.
 
 ал-Уааси' у                                         95. ал-Бадии ' у 
46.
 
 ал-Хакииму                                       96. ал-Бакийу 
47.
 
 ал-Уадууду                                        97. ал-Уаарису 
48.
 
 ал-Маажиду                                       98. ар-Рашииду 
49.
 
 ал-Ба ' ису                                          99. ас-Сабууру 
Алла  сӛзіне  байланысты  мынадай  сӛз  тіркестері  туындаған:  аллаға  жазу, 
аллаға  шүкіршілік  қылу,  алланың  сүйген  құлы,  алла  оңдасын,  алла  оңғарды,  алла 
атымен,  алла  қосса,  алланың  аманатын  берді,  алла  бағын  ашты,  алла  мақұл 
болсын,  алладан  пәрмен  тіледі,  алла  жар  болсын,  алла  жарылқасын,  алла  несіп 
етті,  алла  сақтады,  алланың  салғаны,  алланың  жазғаны  болар,  алла  тізгін 
оңдаса,  алла  кіріптар  қылды,  аллаға  жеткен  даты  бар,  алла  жәрдем  берсін, 
алланың құдіреті, алланың құлағына шалынсын, алланың нұры жаусын, алланың 
салғанына  кӛну,  алланың  салған  қорлығы,  алланың  сызығы,  аллаға  тапсыру, 
аллаға тілім жазықты, алла шешеді, алла ісі, т.с.с. 
«Тәңірі»  сӛзінің  ежелден  тҥркі  тілдеріне  меншікті  сӛз  екендігін  тҥркі 
халықтарының  мәдениетінің  ғана  емес,  сонымен  бірге  бҥкіл  дҥние  жҥзі 
мәдениетінің  тарихында  елеулі  орын  алатын,  бҥкіл  әлемге  әйгілі  болған  Орхон 
ескерткіштеріне  (VIII  ғ.)  арналған  қҧлыптастағы  жазулардан  кӛруге  болады. 
Дания  ғалымы,  Копенгаген  университетінің  профессоры  Вильгельм  Томсен 
Орхон жазуының «кілтін» тауын, сырын ашқан. Орхон ӛзені бойындағы табылған 
ҥлкен тастағы жазудың ішінен тҥрік тәңірі деген сӛздерді оқиды. В.Томсон ашқан 
алфавитті  қолданып,  академик  В.В.Радлов  1894  жылы  Орхон  ескерткіштерін 
тҧңғыш рет орыс тіліне аударып, мәтіннің нҧсқасын латын әліппесімен береді. 
      Мәселен, «Кҥлтегін», «Тоныкӛк» ескерткіштеріндегі: 
      Күлтегіннің кіші жазуында:                    Аудармасы: 
      Теңрі тег, теңріде болмыш                      Тәңірдей тәңірі жаратқан 
      Тҥрк Білге қаған,                                       Тҥрік Білге қаған, 
      Бҧ ӛдке олуртым.                                       Бҧл шақта отырдым. 
 
      Тоныкӛк жазуында:                                   Аудармасы:   
      Теңрі йарулқазу!                                        Тәңірі жарылқады! 
      Бікҥл тҥрк будунқа                                     Бҥкіл тҥркі халқына 
      Йаруғлуғ йағуғ келтҥрмедім                     қарулы жау келтірмедім, 
  Тӛгҥнлік атуғ йҥртмедім.                                Атты әскер жолатпадым.-  
деген  жазулар  соған  дәлел.  Демек,  «Тәңір»  -  байырғы  тҥркілердің  табынатын, 
жаратушы  жалғыз  қҧдайы».  Тҥркілердің  мына  мақалы  да  осының  дәлелі:  «Тҥн 
кҥн  тапҧн  Тәңірге  бойнамағыл,  Қорқҧп  аңар  еимену  ойнамағыл  –  Бой  тартпа, 

Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008. 
 
150 
Тәңірге  кҥн-тҥн  табын,  тҥзу  жолдан  шығып  кетпе,  бас  тартпа;  Ҧлы  Тәңірден 
именіп, ҧял, қорық, ойнама». 
Тәңір  сӛзі  «ием»  және  «құдірет»  сӛздерімен  тіркесіп,  «Тәңір  ием»,  «Тәңір 
құдіреті»  сӛз  тіркестерін  жасайды.  «Тәңір  ием»,  «Тәңір  құдіреті»  сӛз  тіркестері 
«құдайдың  құдіреті»,  тәңірдің  күші»  сияқты  діни  ҧғымды  білдіреді.  Мысалы, 
Сол  себепті  тәңір  ием  әр  дертін  жіберумен  бірге  шипасын  да  жаратқан 
/М.Әуезов/.  Ең  алғаш,  17  жаста  Абай  әке  болды.  Ҥйленудің  ӛзі  бір  тәңір 
қҧдіретіндей амалсыздық кҥні еді /М.Әуезов/. 
Құдірет сӛзі «әмір», «алла» және «құда», «құдай» сӛздерімен тіркесіп «әмір 
қҧдірет», «қҧдірет, алла», т.б. тіркестер жасалады. 
Жаппар  сӛзі  «жалғыз»,  «алла»,  «құда»,  «құдай»,  «ием»,  «хақ»  сияқты 
культтік  сӛздерімен  тірксіп  келіп,  «жалғыз  жаппар»,  «жаппар  алла»,  «жаппар 
құда»,  «жаппар  хақ»  деген  тіркестер  жасауға  қатысады.  Осы  тіркестердің 
мағынасы  «жаратушы  жасаған,  қҧдай,  тәңір»  мағынасын  береді.  Мысалы:  Жат 
қылып жалғыз жаппарды, баланың жанын сҧрайды /Батырлар жыры/. Жаппар ием 
жар  болсын!  Жаппра  ием  жарылқасын!  –  тілек  мәнде  жҧмсалатын 
фразеологизмдер.  Мысалы,  Балам  алыс  сапарға  кетіп  барады.  Жаппар  қҧдай 
жарылқа!/Қазақ ертегілері/. Кӛбінесе жаппар ием жаратқан, жаппарға аманат, 
жаппар  құдай  жар  болса,  жаппар  құдайға  сыйынды,  т.б.  сияқты 
фразеологизмдер  эпостық  жырларда  кӛп  кездеседі.  Мысалы,  Жаппар  ием 
жаратқан,  пендең  емес  пе  едім  мен,  шынымен  нәсіп  қылдың  ба,  нәсілі  жаман 
қалмаққа  /Қыз  Жібек/.  Қҧдайға  тапсырды.  Тілді  алсаң,  азамат,  жаппарға  жан 
аманат,  қараспан  тауын  жайлаған  қалың  қыпшақ  елі  бар,  Қобыланды  деген  ері 
бар /Батырлар жыры/. 
Жаратқан  сӛзі  «жалғыз»,  «алла»,  «құдай»,  «бір  құдай»,  «жаппар»,  «ием», 
«тәңір»  сияқты  культтік  сӛздерімен  тіркесіп  келіп,  «жаратқан  алла», 
«жаратқан жалғыз алла», «жаратқан құдай», «жаратқан ием»деген тіркестер 
жасауға  қатысады.  Осындай  тіркестердің  мағынасы    «жаратушы  қҧдай,  тәңір, 
аллатағалажасаған  ие»  деген  мағынада  жҧмсалады.  Жаратқан  сӛзінен  бірнеше 
сӛз  тіркестері  туындаған:  жаратқан  алла  жар  болсын,  жаратқанға  жалынды, 
жаратқан  жаппар  құдай,  жаратқанға  тапсырды,  жаратушы  жалғыз, 
жаратушы бір құдай т.б. 
 Жаратушы  кҥштердің  бірі  –  Хақ.  Хақ  культтік  сӛзі  «тағала»,  «жаратқан 
қҧдай»,  «жаратқан  тағала»  сӛздерімен  тіркесіп,  «Хақ  жаратқан  қҧдай»  деген 
фразалар  жасап,  «қҧдай,  алла,  тәңірі,  жаратушы  ием»  деген  мағына  білдіреді. 
Әуелі  алла  анайым,  Хақ  жаратқан  қҧдайым    /Батырлар  жыры/.  Хақтың  жазуы, 
хақ  дидарын  кӛрді,  хақ  жаратты,  хақ  жаратқан  құдай,  хақ  салған  жол,  хаққа 
тапсырды,  хақтың  үйі,  хақтың  ісі,  т.б.  сияқты  тҧрақты  тіркестер  кӛбінесе 
эпостық жырларда кездеседі. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.Махмутов  А.  Архаизмы  и  историзмы  в  казахском  языке.  Автореф.дисс.  ... 
канд.филол.наук. –Алматы, 19663. 
2. Энциклопедия 
«Ислам»  /Бас  ред.  Р.Нҧрғалиев.  –  Алматы:  «Қазақ 
энциклопедиясы Бас редакциясы, 1995. -287 бет. 
3.Қҧран Кәрім. /Ауд. Р.Нысанбайҧлы, У.Қыдырханҧлы. – Алматы: жазушы, 1991. 
Қазақшасы -578 б.  
4.Абай Қҧнанбаев. Шығармалардың екі томдық толық жинағы. ІІ том. – Алматы: 
Ғылым, 1977. -312 б. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №5 2008. 
 
151 
ТҤЙІНДЕМЕ 
Қазақ  тіліндегі  жаратушы  кҥштерге  қатысты  тҧрақты  тіркестер  туралы 
айтылады. Жаратушы кҥштер: «қҧдай», «алла», «тәңірі», және «жаппар, жаратқан, 
жаратушы, жасаған, жасаған ие, ие, қҧдірет, раббы, хақ». 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет