Казахский национальный



Pdf көрінісі
бет17/52
Дата03.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#5592
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   52

 
 
 
 
С. Қ. Суатай 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ФУЗИЯ ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒАТЫ ЖАЙЫНДА 
 
 
Қазіргі  күні  тілдердің  грамматикалық 
құрылысына,  əсіресе  агглютинацияға  соғатын 
жағдайларда  көнерген,  көбіне  қате  көзқарастар 
түпкілікті  ұстанымға  айналмауы  басты  мəселе 
саналуы  керек.  Агглютинация  мəселесі  оның 
синхронды қалпы О.П.Суниктің пайымдауынша, 
бірқатар 
дəстүрлі 
түсінік 
пен 
олардың 
анықтамаларын  байыппен  қайта  қарау  арқылы 
шешілуі тиіс. Жаңа ұғым – түсінік пен олардың 
анықтамаларын,  сипаттамаларын  қалыптастыру 
қазіргі  ғылыми  əдіс-тəсілдер  тұрғысында  терең 
талданған тілдік деректер негізінде жүзеге аспақ 
[1,10].  Б.Сағындықұлы  «жалын»  сөзінің  бойын- 
дағы  өзгерісті  үнемдеу  заңдылығын  жүзеге 
асыратын  құбылыстардан  іздейді,  яғни  «Қазіргі 
түркі  тілдерінде  сөз  ортасында,  сөз  аяғында 
дыбыстардың түсіп қалуы көбірек байқалса, аса 
ежелгі дəуірде, керісінше, сөз басында үнемделу 
едəуір  шамада  болғандығы  аңғарылады [2,80], 
дейді.  Ғалымның  ойына  қарағанда, «жалын» 
сөзінің  фонетикалық,  семантикалық  өзгерістері 
сөз  басындағы  «ж»  дыбысының  элизияға  ұшы- 
рауынан  ұштасып  жатыр.  Жалын – «жанған 
оттың  лапылы,  ыстық  қызуы»,  жалау,  жалаула 
осы  түбірден  тарайды. «Ж»  дыбысы  түсіп 
қалған алау – «лаулап  жанған  от»,  алас – «отқа 
табынумен  шыққан  от  деген  ұғымның  атауы», 
аласта – «ауруды  отпен  ұшықтап  емдеу», 
аласұр – «жанталасып  қиналу,  арпалысу»,  ал – 
«қызыл, ашық қызыл», ал қызыл –«ашық қызыл 
түс».  Осыдан  «Бөлініп  алынған  лексика-
семантикалық  топтың  ортақ  түбірі  жал  түрінде 
қалпына келетіндігі, мұның өзі «оттың жалыны» 
деген  ұғымды  білдіретіндігі  аса  зер  сала 
қарағанда  аңғарылады.  Бұл – алау,  алас,  ал 
сөздерінен  «ж»  дыбысы  элизияға  ұшырап  түсіп 
қалған деген сөз» [2,80], деп түйіндейді.  
 
 
 
...Түнгі  дала  ұйқыдан  шошып  оянғандай
Болат  мұнарға  сел  арасынан  қорғасын  бы- 
тырадай  сырт-сырт  соққан  əлденелер  жылт-
жылт  ұшқын  шашыратқандай  еді,  ізінше 
моторлы  будка  жақтан  қып-қызыл  от  жар- 
қылдап, күп-күрең жалын сүйреңдей бастады.  
Оқ тіліде, от тілі де шолақ. Күрең жалын 
қас  пен  көздің  арасында  тұтаса  алаулап
мұнараға  бір-ақ  лап  берді.  Өрт  түрі  əрі  жан 
шошырлық  қатерлі,  əрі  ертегідей  ғажайып 
сұлу.  Сүйреңдеген  ал  қызыл  жалын  арасында 
тулап  аққан  қара  көк  толқын  бар.  Өрт  əлі 
алаулап  жатыр.  Қабен,  Жанар,  Азамат – бəрі 
соған, ал қызыл жалынға қарады. Қабен аспан 
мен жердің арасын тұтастыра лаулаған күрең 
жалынға  құмарта  көз  тікті  (З.Қабдолов 
«Жалын»).  Бұл  үзіндіден  «жалын»  ұғымына 
қатысты  басқа  да  сөздерді  көреміз.  Синхронды 
жағдайда  жалау – қалыпты  түсті  матадан 
істеліп, сап бекітілген ту [ҚТТС, 1978, 3-т,564б] 
мағынасын  білдіреді  де,  одан  жалаулы,  жа- 
лаудай,  жалаула,  жалаулат  т.б.  сөздер  туын- 
дайды.  Б.Сағындықұлы  жалау  сөзінің  пайда 
болу ізін ежелгі дəуірдегі адамдардың өмір сүру 
жағдайындағы  салтынан  таратады.  Олар  түнгі 
жорықтарда  бірін-бірі  көру  үшін  от  жағып 
жүретін  болған.  Ағаш  сапқа  байланған  мата 
жалау сол от жалаудың символы болуы мүмкін, 
жалау  (ту)  ұғымды  емес,  дыбыстық  құрамды 
сақтап  қалған,  сөздің  толық  формасы  жалағу, 
алайда  ол  оттың  атауы  емес,  лапылдап  тұрған 
бөлігі – алаудың  аты  деп  есептейді.  Бұдан  əрі 
Б.Сағындықұлы оттың ескі атауы – «та(м)», «от» 
сөзі  де, «жалын»  сөзі  де  «та»(там)  формасынан 
туындаған деп түсіндіреді [2,80]. 
Тамызық  –  қазіргі  күні  «от  тұтататын 
кепкен,  қураған  отын» (ҚТТС,8,179,180)  мағы- 
 

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010 
 
114 
насында,  түбірі – тамыз  саналады,  бұл  түбір 
етістік  ретінде  оның  грамматикалық  катего- 
рияларымен,  етіс  жұрнақтарымен  түрленіп 
жұмсалады.  Ал  тамызық  зат  есімінен  тағы 
тамызықта,  тамызықтық  сөздері  туындайды. 
Б.Сағындықұлы  мұндағы  –ық  жұрнағын  көне  –
уғ/уқ тұлғасының қысаңдаған формасы санайды. 
Алғашқыда  «тамызық  отын»  тіркесі  түрінде 
жұмсалып,  кейін  конверсияланып,  зат  есімге 
айналған. «Тұтандыру, жандыру» семантикасы 
ыз жұрнағында, оны көне жазбалардағы тамдур 
(зажигать, разжигать) (ДТС,530) етістігі арқылы 
анықтауға  болады  деп  есептейді.  Б.Сағындық- 
ұлының  пайымдауынша, «аса  ежелгі  –ур~урз 
семантикаға  бай,  -ыз  жəне  –ур – осы  урз  фор- 
масының  варианттары.  Бұлар  «тұтану,  жан- 
дыру»  мағынасын  бере  алады.  Сонда  «от» 
ұғымы  «там»  түбірінде  болып  шығады» [2,150] 
да,  тамға  сөзінің  ариесемасында  «күйдіру, 
шыжғыру» əрекетінің ізі тұрады.  
«Көне  түркі  сөздігінде»  тамға  сөзінің 
«печать,  отпечаток»  мағынасы  да  осы  от 
ұғымымен байланысты,  өйткені ежелгі түркілер 
малдарына  т.б.  таңбаны  темірді  отқа  қыздырып 
басатыны  белгілі.  Қазақ  жүздерінің,  руларының 
өзіндік  таңбалары  бар [3,8-20]. Н.Аристовтың 
ойынша, орхон жазуларындағы 38 таңбаның 29-
ы  түркілердің  таңбалық  белгілеріне  ұқсас, 
оларды  таратушылар  наймандар  мен  керейлер 
болған.  Түркілердің  таңбаларының  шығуын 
Н.Аристов  мифтік  хан  оғыздың  баласының 
əрекеттері  туралы  аңыздар  таратады.  Яғни  Күн 
хан  түркі  руларының  арасында  əр  түрлі  дау-
жанжал, қақтығыс болмас үшін олардың табын- 
дары мен үйірлеріне белгі салып берген. Осыған 
байланысты  түркі  халықтарына  тамға  мен 
ұранды  Шыңғыс  хан  белгілеп  берді,  Шыңғыс 
хан заманында пайда болды дейтін пікірді жоққа 
шығарады [4,410]. Сонымен  қатар  Махмұд 
Қашқари «Түркі тайпаларының бірі оғыздардың 
жиырма  екі  ұлық;  əрбірінің  айырым  белгілері 
мен малға басатын таңбалары бар. Руларды, бір-
бірлерінің малын сол таңбаларға қарап таниды» 
(МҚ,1,85-87), - деп, жиырма екі рудың малдары- 
ның таңбасына сипаттама береді. 
Ғ.Қалиев  кереге,  босаға,  дəдеге  тəрізді  үй 
құрылысы атауларындағы –ға, -ге жұрнағын сөз 
тудырушы  типтердің  жабық  жүйесіне  жатқы- 
зады, өйткені бұл жұрнақтардың көмегімен осы 
типтес  негіздерден  қазіргі  күні  сөз  жасалмайды 
[5,26].  Э.В.Севортян  оны  –ғы  жұрнағымен 
біртектесс деп қарайды жəне де есім негіздерден 
етістік  тудырушылар  қатарына  жатқызады. 
Ғалымның  тұжырымы  бойынша,  -ға  өзінің 
сөзжасамдағы  өнімділігін  түркі  жазбалары 
кезінде жоғалтқан, ал мүлдем өлі түбірге айнал- 
ғандығы  туралы  дерек  аз,  керісінше  забырка 
(қырғ.),  іска,  бұлға,  толға,  қарғы,  шайқа,  қозға, 
тарқа  тəрізді  сөздердің  есім  мен  етістік 
негізділігі түркі тілдері дамуының орта кезеңіне 
тəн [6,238-243].   
Көне  түркі  жазба  ескерткіштерінде  тамду, 
тамдук  тұлғалары  «от,  жалын»  мағынасында 
берілген,  ал  тамға  (печать,  отпечаток),  таму, 
тамуғ ~ тамуқ  (ад,  преисподняя) (ДТС,530-
531). Осы мағыналарына қарап, Б.Сағындықұлы 
олардың  көне  заманда  «от»  ұғымын  бергенін 
анықтайды. Сол кездің өзінде та+м болып түбір 
мен  морфемаға  бөліне  алған  деп  есептейді. 
«Жақ», «жан», «жалын»  лексемалары  «там» 
дыбыстық комплексімен түбірлес, одан жа ~ та 
параллелі  пайда  болады,  бұлардың  силлабо- 
фонема  екендігі  даусыз  санайды. «Мұның 
ұштығы  флексиялық  құрылым  өмір  сүріп  тұр- 
ған  дəуірге  барып  тіреледі.  От  сөзіндегі  т 
дыбысы  лексикалық  мағына  арқалап  тұр  десек
от~та~жа  тұлғаларындағы  а  мен  о  дауысты- 
лары  флексия  элементтері» - дейді [2,150]. Ал 
өрт  сөзінің  мағынасын  ірі  сын  есімінің  «үлкен, 
майда 
емес» 
мағынасымен 
салыстырады, 
өйткені  «өрт – қаулай  жанған  жалынды  от;  өр 
түбірі  өрші  (үдей  түсу,  күшею)  етістігінің 
құрамындағы  өр  формасы  болуы  мүмкін  деген 
де  болжам  айтылады.  Сонымен  қатар,  ірі  сын 
есімі  құрамындағы  ір  морфемасы  да  мағына 
жағынан өр морфемасымен үйлесе алатындығын 
ескеріп,  ежелгі  өрт  сөзіндегі  ұғым – «өршіп 
жанған от, көлемі үлкен от» деп болжайды. 
Өрт – сөзі  М.Қашқарида  «жанған,  өрт», 
өртенді  – «жанды»  мағыналарында  ашылған. 
Өrtendi пең  - нəрсе өртенді, өртепүр, өртенмек 
тұлғаларында  кездеседі.  Күн  батқаннан  кейін 
бұлт  қызарса – «Bulut  өrtendi:  Бұлт  өртенді» - 
дейді. 
Түріктер  мұны  жақсылыққа  жориды,  ал 
«Тaңda bulut өrtense evde jaғы kirmiшше bolur» 
Таңда  бұлт  өртенсе,  үйге  жауы  кіргендей 
болар»  дейді  де  оны  жақсылыққа  жорымайды. 
Ежелгі  түркі  танымында  қызыл  –  оттың  түсі 
екені,  оның  атқан  таң,  батқан  күнмен  ассо- 
циациясы  көрінеді.  Осыдан  «кешқұрымда  бұлт 
өртенсе (қызарса), қатыны ұл тапқандай болады, 
Таңда  бұлт  қызарса,  үйіне  жау  шапқандай 
болады» деген мақал туған (МҚ, 1,384-385).      
А.Салқынбай  «та»  этимон  түбірі  «ат» 
тұлғасының  флексиясы  нəтижесінде  дами  келе, 
«ТА-ДА»  тұлғаларына  жіктеліп  жеке  ұғымдық 
мағына  беретін  түбірлер  жасалады» [7,119], - 
деп,  оның  тұлғалық,  мағыналық  даму  жолын 
көрсетеді. «Та»  сөзімен  төркіндес  там  лексе- 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010 
 
115
масы  туралы  диалектілік  лексикаға  байланысты 
М.С.Атабаева  оның  жалпытүркілік  қабатқа  тəн 
екендігін  қолданылуына  қарай  қазақ  сөйленіс- 
терін  екіге  бөлетінін  айтады:  бірінші – үй, 
баспана, екінші – мола, бейіт. «Сөздің бірнеше 
мағынада əр аймақта көрінуі оның көнелігінің о 
баста  ортақ  негізі  болғандығының  көрінісі» 
[8,28] деп есептейді.  
Көне түркі ескерткіштерінде там – қабырға 
(ДТС,524),  Махмұд  Қашқари  сөздігінде: 1)есік 
тіреуіш; 2)қабырға; 3)үйдің  төбесі,  шатыры; 
4)үй  (МҚ,3,218).  Сөйленістерде  там  жалпы  үй 
атауы  емес,  оның  дымқыл  топырақтан  соғып 
жасалған  түрі,  балшықтан  салынған  үй 
(ҚТАС,644),  тоқал  там  тіркесі  «Тауық  құсқа 
ұшу  жоқ,  там  үйлерге  көшу  жоқ»  мақалы 
(Алм.Жамб.) да қолданылады. Ал «бейіт, зират» 
мағынасы  оның  формасына  қарай  төрт  құлақ- 
ты там, шошақ там тұлғаларында ұшырасады. 
(Қост.Жанг.).  Ресейдің  Орынбор  жағында  мола 
сыртындағы қорған да там аталады. (Бұл жерде 
тамды көбіне тастан салады (Орын.Бөр.).  
Там  ағашы – үй  төбесіне  салатын  ағаш 
мағынасында  Ауғанстан,  Иран  оралмандары 
қолданады. Сөйтіп ежелгі түбір там синхронды 
сипатта  бірнеше  ұғым  атауын  жəне  бірқатар 
сөздерде  этимон  түбір  қызметін  атқарып  жүр- 
гені  айқындалады.  Осындай  тілдік  құбылыстар 
туралы  Б.Сағындықұлы: «Қарапайым  сөзбен 
айтқанда,  форманы  тақтаға,  ал  мағынаны 
тақтаға  бормен  жазылған  жазуға  ұқсатуға 
болады. Тақтадан жазуды өшіріп, басқа бір жазу 
жазуға  болады.  Түбір  форма  да  дəл  осы  тақта 
сияқты  қызмет  атқарады:  бір  заманда  бір 
ұғымды, екінші заманда оған ұқсамайтын екінші 
бір  ұғымды  білдіре  береді.  Демек,  белгілі  бір 
дыбыстық  комплекстің  жүктеп  тұрған  лекси- 
калық  мағынасы  шартты.  Мұндай  шарттылық 
грамматикалық  тұлғаларға  да  тəн.  Тұлғасын 
өзгертпей-ақ  олар  да  əр  түрлі  грамматикалық 
қызметті атқара алады» [2,104], - дейді.  
А.Салқынбай  «там»  сөзінің  М.Қашқари 
көрсеткен  қабырға  мағынасы  қазір  кездеспейді 
деп  көрсеткен  екен,  бұл  мағына  сөйленістерде 
бар,  сақталған  «тамда  ілулі  тұр;  үйдің  тамын 
тұрғыздық» 
тəрізді 
тіркестер 
мағынаның 
жоғарыда  айтылғандай  түркі  тілдері  дамуының 
жалпытүркілік  кезеңінен  бастау  алатынын 
дəлелдейді.  Сонымен  қатар,  А.Салқынбай 
«тамтық,  тамұқ,  тамам»  сөздерінің  мағына- 
ларын  семантика-генетикалық  жағынан  «ТА» 
этимонымен ұштастырады. Осы ұштастық «күн» 
мағынасын  сақтаған – таң  сөзінен  көрінеді:  
1)  рассвет,  заря; 2) чудо,  удивмтельное  не- 
обычное  (ДТС,582). «Таң  лексемасынан  туын- 
дайтын  таңсəрі,  таңертең,  таң  саз  берді 
т.б.[7,122] қазіргі тілде кең қолданыста.  
Осы  сөздердің  қатарында  көңіл  аударатын 
тағы  бір  сөз – қыз,  қызар,  қызыл. «Қыз» (giz) 
түбірінің  түркі  тілдеріне  ортақ  мағынасы  «быть 
горячим,  раскаленным,  накаливаться,  раскали- 
ваться,  краснеть,  пламенеть,  багроветь»  ауыс- 
палы  мағынада  «разярятся,  сердиться,  возбуж- 
даться, горячиться (ДТС,450)  
Қазақ  тілінде  қыз  омоним  түбір.  Оның 
етістік  (жылыну,  ысу)  мағынасынан: 1) қызар, 
қызарақта,  қызараңда,  қызбалан  т.б.  етістік 
тұлғалары; 2) қызба,  қызарыңқы  т.б.  сын  есім;  
3)  қызғалдақ,  қызамық  т.б.  зат  есім  тұлғалары 
туындайды. Бұлардың бəріне ортақ негіз ретінде 
қыпшақ  тілдеріне  тəн  қыз  түбірін  көрсетуге 
болады  (Севортян, 1962,378). Э.В.Севортян 
қызық  тұлғасының  түрікмен,  өзбек,  қырғыз, 
қазақ  тілдерінде  «интересоваться,  увлекаться, 
любоваться»  мағыналарында  жұмсалуымен  қа- 
тар  қыз  етістігі  өзінің («нагреваться,  увле- 
каться») негізгі мағыналарына қоса метафоралы 
(раздражаться,  возбуждаться,  сердиться)  қолда- 
нысқа  ие  болатыны  жайлы  да  айтылады.  Бұл 
мағыналары  азербайжан,  түрік,  татар,  қазақ  т.б. 
түркі  тілдерінде  кездеседі.  Қызық  (гызық
«интерес», «увлечение»,  өзбек  тілінде  бұған 
қоса «забава шут, клоун, интересный, забавный» 
мағыналарында  жұмсалатыны,  бұл  мағыналар- 
дың  қазақ,  қырғыз,  татар  тілдерінде  де  қол- 
данылатыны белгілі.  
Ə.Т.Қайдар  бір  буынды  қыз  түбірінің  төрт 
мағынасын  көрсетеді,  оның  үшеуі  жоғарыда 
аталған  мағыналарға  жақын,  қыз (giz) II: 
қызыл<қыз+ыл, 
қызар<қыз+ар, 
қызғылт 
<қыз+ғыл+т.  Мұндағы  қырмызы  мағынасын 
қыр>қырмызы  көне  түркілік  тұлғадан  алады,  
giz – краснеть, пламенеть, багроветь». Қызған < 
қыз+ған – ревновать,  завидовать;  қызық 
<қыз+ық  синкретті  деп  есептейді,  қызба 
<қыз+ба  сөзін  қыз+ба  бөлшектеріне  бөлген 
[9,231]  бұдан  ой, -ба  сын  есім  тудырушы  жұр- 
нағы туралы екені аңғарылады.  
Махмұд Қашқари сөздігінде қыз – алдымен, 
адам  (менің  қызым),  ev  қыzы – үй  қызы;  үйде 
отырған  қыз;  jinке  кыz – бойжеткен  қыз 
мағыналарын білдіреді. Бұл сөз қолға түскен күң 
қыздарға  да  қолданылған,  қыз  қырқын – 
«күңдер»  деген  мағынада.  Сонымен  қатар,  қыz 
кіші – сараң,  қытымыр  кісі  мағынасы  да  бар 
(МҚ, 1,384-385). Қыz  кіші sovы jorығlы bolmas 
мақалы – «Сараң  кісінің  аты  (атақ-даңқы) 
шықпас»  деп  аударылған.  Сөздікте  қыzыl 
(қызыл) – бір  нəрсенің  қызылы,  яғни  түс 
мағынасы  мақалда  қызыл  қырмызы  жібек 

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010 
 
116 
тіркесінде  жарасымды  қылық,  əдемілік  ұғымын 
сипаттау үшін қолданылған.  
Б.Сағындықұлының  пікірінше,  силлабо- 
фонема
 
болғандықтан  от~та~жа  тұлғалары 
жарық, жарын, ертең, ерте, таңертең, таң тəрізді 
бірқатар  сөздердің  жасалуына  негіз  болған. 
Мұндағы  [а], [о]  дауыстылары  флексия 
элементтері. Дауыстылардың мүлдем өшіп кетуі 
де  флексиялық  құрылымның  бір  ерекшелігі 
[2,150].  
Аталған  деректер  түркі  тілдерінде  «аффик- 
сацияға  дейінгі  кезең»  ұғымын  орнықтырады. 
Яғни  аффиксацияға  дейін  түркі  тілдері  флексия 
құбылысын бастан кешкен, оның нақты көрінісі 
–  қазіргі  бөлініп  жарылмайтын  фузияланған 
түбірлер. «Явление 
полифункциональности 
корней  в  тюркских  языках – рефлекс  доаффик- 
сальной  стадии  пратюркского  словообразова- 
ния,  восходящий  к  более  ранним  эпохам  до- 
писменного  функционирования» [10,243], деп 
жазады бұл жөнінде Е.Қажыбеков.  
Осы  фузияланған  түбірлерді  қалпына 
келтіру  арқылы  үнемдеу  заңдылығының  (ық- 
шамдау)  сырын  ашуға  болады.  Көне  фор- 
малардың қазіргі əбден абстракцияланып кеткен 
жаңа 
формалардан 
айырмашылығы 
бары 
байқалады.  Көне  формалар  заттың,  нəрсенің, 
қимылдың,  процестің о бастағы сапасын, күйін, 
белгісін нақты көрсете алады [2,81].  
Сөздерді  қалпына  келтіру,  яғни  жаңғырту 
үнемдеу ықшамдау үдерісінің өту күйін, қалпын 
білу үшін ғана қажет емес, есте жоқ ескі заманда  
қалыптасқан  сөздердің  мағынасы  арқылы  тіл  
 
 
 
 
 
 
иелерінің  арғы  тегі  өзін  қоршаған  ортамен 
қандай қатынаста болды, оны қалай танып білді, 
тұрмыс-тіршілігінің  өзегін  не  құрады  деген 
көптеген  сұрақтарға  жауап  табуға,  ата-баба- 
лардан  қалған  құндылықтардың  қадір-қасиетін 
түсініп,  қастерлеуге  болады.  Бұл  сөздердің 
(атаулардың)  түп  төркініде  тіл  дамуына  негіз 
болар ақпарат жатыр. 
_________________ 
1.  Суник  О.П.  Проблема  агглютинации  в  алтайских 
языках// XXY Международный  конгресс  востоковедов. 
Доклады  делегации  СССР. – М.  Восточная  литература, 
1960. – 11с. 
2.  Сағындықұлы  Б.  Қазақ  тілі  дамуының  этимоло- 
гиялық  негіздері//  Таңдамалы  туындылар. – Алматы:  Үш 
қиян, 2009. – 11-163 бб.    
 3.  Аманжолов  С.  Вопросы  диалектологии  и  истории 
казахского языка. – Алматы, 1959. – 452 с. .  
4.  Аристов  Н.  Опыт  выяснения  этническго  состава 
киргиз-казахов  Большой  орды  и  кара-киргизов  на  осно- 
вании  родословных  сказаний  и  сведений  о  существующих 
родовых делениях и родовых тамгах, а также исторических 
данных и начинающихся антропологических исследований 
// Живая страна, вып. III – IY, Спб, 1894 
5.  Қалиев  Ғ.  Қазақ  тіліндегі  сөзжасам  мəселелері. – 
Алматы: Ғылым, 2002. – 190 б.  
6.  Севортян  Э.В.  Аффиксы  глаголообразования  в 
азербайжанском языке. – М: Восточная литература, 1966. – 
643с. 
7.  Салқынбай  А.  Тарихи  сөзжасам.  Семантикалық 
аспект. Алматы: Қазақ университеті. 1999-309 б. 
8.  Атабаева  М.С.  Қазақ  тілі  диалектілік  лексика- 
сының этнолингвистикалық негізі. – Алматы: Білім, 2006. – 
208 б. 
9.  Кайдар  А.Т.  Структура  односложных  корней  и 
основ в казахском языке. – Алматы: Арыс, 2005. – 307с. 
10.  Кажибеков  Е.З.  Глагольно-именная  корреляция 
гомогенных  корней  в  тюркских  языках. – Алматы:  наука, 
1986. – 272 с. 
 
 
 
 
 
А. Қ. Таусоғарова 
 
ТІЛДІК ТҰЛҒА СƏЙКЕСТІГІНІҢ ПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЖАҚТАРЫ 
 
 
Тілдік тұлға сəйкестігі өлшемінің бірі болып 
табылатын  ұлттық  сəйкестікте  түпкі  негізді 
танытатын  лексикалық  қордың  түрлі  дəуірлер 
бойындағы тілдік санадан жаппай көрініс табуы 
маңызды  деп  ойлаймыз.  Мұнда  түпкі  негізді 
танытатын лексикалық қормен бірге, этникалық 
тұтастыққа,  этникалық  сəйкестікке  қызмет  ететін 
ұлттық-мəдени
  реалийлерді,
  рухани  ұғым-
түсініктерді  білдіретін  лексикалық  бірліктердің    
түрлі  дəуірлер  бойында  тасымалдана  келіп, 
қазіргі  тілдік  санадан  көрініс  алу  деңгейінің  
 
 
анықталуы  тілдік  тұлға  жəне  оның  ұлттық 
сəйкестігі бойынша мəселелердің шешіміне үлес 
қосады. 
Негізгі сөздік қор я түпкі негізді танытатын 
лексикалық  қор  туралы  мəселеге  келгенде, 
антропологиялық  лингвистика  бағытында  қол- 
данылған  глоттохронология  жəне  лексикоста- 
тистика  əдістері  негізінде  қол  жеткізілген 
мəліметтер  тұрғысында  ойлануға  тура  келеді. 
Барлық  тілдердегі  сөздік  қордың  тұрақты 
жылдамдықпен  (шамамен 1 000 жылда)  өзгеріп 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010 
 
117
жаңаратын  негізгі  бөлігі  осы  глоттохронология 
əдісінің  көмегімен  анықталып,  шағын  тəжіри- 
белік  тізім  түрінде  танытылатыны  Г.  Хойер 
тарапынан  көрсетілген.  Негізгі  лексикалық 
өзекті  əмбебап  мағыналарға  ие,  тарихи  өзге- 
рістерге  жəне  кірме  сөздерге  қатынасында 
тұрақтылығымен  сипатталатын  жəне  мейлінше 
жоғары  жиілікте  кездесетін  сөздер  мен  морфе- 
малар  құрайды.  Мұндай  сипаттағы  бірліктердің 
көлемі,  шамамен, 200 лексема.  Он  үш  тілге 
жүргізілген  Г.  Хойердің  талдауы  бұл  лексема- 
лардың  сақталу  коэффициенті 81 – 86 %-ға  тең 
екенін  көрсетеді [1: 51]. Осы  көрсеткіштерге 
сүйене  отырып,  В.В.  Наумов  тұтастай  барлық 
индивидтердің ана тілі бойынша сөздік қорының 
негізін  осы  лексикалық  өзек  құрайды  деген 
болжам жасайды жəне «лексикалық өзек – ойлау 
жүйесінің  материалдануы  деп  қорытады.  Өз 
ойын,  яғни  лексикалық  өзек  пен  ойлау  ядросы- 
ның  тығыз  байланысын  Т.Л.  Калентьеваның 
пікірі  негізінде  дəйектей  түседі: «қандай-да 
болсын  барлық  түрленушілік  өзгерушілік 
жағдайында,  ойдың  қалыптасуы  мен  рəсімделуі 
(формаға  түсірілуінің)  амалдарында  қайбір  өзек 
бар,  ол  мезгілдік  жағынан  жəне  түрлі  əрекет-
қызмет жағдайында да сақаталып, сөйлеу тіліне 
қайталанбайтын  индивидуалдық  сипат  береді» 
[2: 30]. Лексикалық  өзекті  анықтау  тұрғысында 
жасалған бұл эксперимент нəтижелері тұлғаның 
тілдік  сəйкестігін  анықтау  мақсатында  қол- 
данылғанын аңғарамыз: егер лексикалық өзектің 
сыналушы  тұлға  тарапынан  қолданылмауы 
«Мен» – креативтілік  көрінісі  ретінде  қабылда- 
нады,  я  бұл  тілдің  сыналушы  тұлғаның  ана  тілі 
болып табылмайтынын көрсетеді. 
«Тұлғаның  қандай-да  бір  тілде  жүгірте 
сөйлеу  қабілеті  оның  осы  тіл  бойынша  лин- 
гвистикалық  білімі,  яғни  оның  негізгі  ерекше- 
ліктерін,  жүйесін,  онда  ұдайы  түрде  болып 
жатқан  үдерістер  тұрғысындағы  білімінен 
мəлімет  бермейді» [3: 96]. Біздің  ойымызша, 
тұлғаның  тілдік  сəйкестігін  анықтауда  бұл 
өлшемді  қолдану  субординативті  билингвтерге 
қатынасында  қолдануға  болғанымен,  координа- 
тивті  билингвтерге  қатысты  қолдану  аса 
нəтижелі болмауы мүмкін. Сондықтан  бұл пікір 
əлі де дəйектей түсуді керек етеді деп ойлаймыз. 
Себебі, екі тілді, яғни өз ана тілін жəне онымен 
бірге  тағы  бір  немесе  бірнеше  тілді  жүгірте 
сөйлеу  тұрғысынан  ғана  емес,  сол  тілдердің 
«негізгі  ерекшеліктерін,  жүйесін,  онда  ұдайы 
түрде  болып  жатқан  үдерістер»  тұрғысында  да 
терең  меңгерген  лингвистикалық  тұлғаларды 
жоққа шығара алмаймыз.  
«Өзге  тілдегі  спонтанды  сөйлеу  əрекеті 
психикаойлау  үдерісінің  тілдің  жүйелік  жəне 
нормативтік  талаптарымен  абсолютті  үйлесімін 
(гармония) талап етеді. Ал бұған үйрену мүмкін 
емес, өйткені тіл ерте ме, кеш пе, бөтен тұлғаны 
–  сол  тілдің  иеленушісі  емес  жанды  аңғарады» 
[2: 32].  
Біздің  ойымызша,  ғалымның  психикаойлау 
үдерісінің  тілмен  байланыстылығы  тұрғысын- 
дағы  пікірін  негізсіз  деуге  болмайтын  сияқты. 
Себебі  өзге  тілді  еркін  меңгерген  тілдік  тұлға 
сол тілдің өзі өмір сүріп отырған кезеңіне сəйкес 
қалпында  толық  меңгеруі  мүмкін.  Алайда  ол 
тілдің өткен ғасырлардан бүгінге жетпей қалған 
ерекшеліктерінен  басқа,  В.фон  Гумбольдттың 
сөзімен  айтқанда,  сол  тілде  көрініс  табатын 
«ұлттық тілді иеленушілердің барлығына бірдей 
тəн  ойлау  жəне  психикалық  қызметін»  түйсіне 
алмауы мүмкін. Құмарынан шығу, құмары қану, 
аңсары  ауу,  əуестігі  ұстау  сияқты  тілдік  бір- 
ліктер терең семантикалық қабаттарында қайбір 
эмоционалдық  күйді  я  жағдаятты  сипаттаудағы 
ойлау  механизмдерінің  ерекшеліктерін,  тұтас 
бір  үдерісті  көз  алдына  елестете  алу  түйсігімен 
орайлас жатыр.  
Мұндай  бейвербалды  ойлау  кезеңі  туралы 
мынандай  дəйектер  келтіріледі: «Тілдегі  сөздер 
менің  ойлау  механизмімде,  менің  ойымша, 
өздері  жазылатын  я  айтылатын  формада  еш- 
қандай  рөл  атқармайды.  Психикалық  мəністер, 
байқауымша,  ойлаудағы  элементтер  ретінде 
қызмет  етеді,  психикалық  мəністер  қайбір  белгі 
немесе  азды-көпті  түрде  бейнелер  болып  табы- 
лады  да, «өз  еркінше»  жаңғыртылып,  қиюла- 
сады» [4
: 35]. Біздің  ойымызша,  өзге  тілде  сол 
тілдің  иеленушісі  сияқты  сөйлеп,  оны  терең 
меңгеруге болғанымен, бұл сияқты 
қайбір белгі, 
бейне  түрінде  ойлауда  қызмет  ететін  психика- 
лық  мəністерді  меңгеруге  болмайтын  сияқты. 
Бұл  қасиет  тұлға  жаратылысына  оның  ұлттық 
түп  негізі  арқылы  берілетін  болуы  керек. 
Төмендегі  мысалдарда  құмары  қану  тіркесінің 
қолданылуы  кейбір  ұлттық  ерекшеліктермен 
тығыз  байланысты  жатыр.  Батырлық  қанын 
ішкен  бұлағынан,  Қайратың  көк  құрыштай 
суарылған.  Жай  күнде  жас  баладай  жан 
екенсің,  Көргенде  шықтым  сені  құмарымнан  
(С.  Мəуленов)  немесе  Сілке  киіп  тымақты, 
насыбайды  Бір  атасың  көңілің  жайланғанда. 
Таудан  жиде  тергендей  ала  берсе,  Бір  жасай- 
сың құмарың əр қанғанда (Абай).  
Сондықтан  қайбір  белгі,  бейне  түрінде 
ойлауда  қызмет  ететін  психикалық  мəнісі  бар 
тілдік бірліктердің тұлға сөзінде түрлі ситуация- 
 

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010 
 
118
ларды  сипаттауда  немесе  сол  жағдаятқа  сəйкес 
орынды  үйлестіріле  қолданылуы  маңызды. 
Əрине,  мұнда  сол  тілдің  өз  иеленушісінің  де  өз 
тілін  қатпар-қатпарымен  терең  меңгермеуі 
мүмкін.  Бірақ  бұл  жағдайда  оның  психикалық 
түйсіктік  сезінулері,  яғни  тілден  тыс  фактор- 
лардың  оның  сыртқы  іс-əрекетінен,  бейнесінен 
көрініс  беруі  мүмкін:  Қаланың  у-шуына  əбден 
көндіккен  жуас  жылқы  малының  басындағы 
жүген  мен  шылбырының  қалай  аталатынын 
білмейтін,  жеңіл  автомашина  сияқты  «айдап 
кеткісі» келетін Мақсаттың бойындағы бөлекше 
құлшынысты,  жанарында  пайда  болған  нұрды 
байқаған қарт өз-өзіне риза кейіпте тұр. Бəлкім, 
қарттың күткені де немересінің қуанған осы бір 
бақытты  шағы  болар!? [5: 16]. Мұнда  немересі 
мен  атасының  психикаойлау  үдерісінің  ұлттық 
түп-текпен  тамырлас  жатқаны  түсінікті  болып 
тұр.  Жылқы  малының  қасиеті,  ұлттық  таным- 
дағы  орнын  терең  сезінетін  қарттың  да,  жылқы 
малы  жəне  оның  əбзелдері  туралы  бəлендей 
түсінігі  жоқ  баланың  да  осы  жануарға  байла- 
нысты  ерекше  ықылас,  қатынастарын  психика- 
лық  түйсіктік  сезінулер  негізінде  түсіндіруге 
болады.  Жалпы  психикалық  түйсіктік  сезіну- 
лердің  де  тұлғаның  ұлттық-этникалық  сəйкес- 
тілігі  үшін  маңыздылығын  халық  ертеден 
аңғарған. Сондықтан болса керек тілде «бойын- 
да  қазақтың  қаны  бар»  сияқты  тіркестер, 
«бөрінің  бөлтірігін  қанша  асырасаң  да,  орманға 
қарап  ұлиды»  түріндегі  мақал-мəтелдер  орын 
алып, жəне олар тұлғаның тектік сəйкестігі үшін 
қолданылған.  Мысалы:  Төрт  түлік  малдың 
қадір-қасиеті  төмендеп  тұрған  мына  қым-
қуыт  заманда  бойында  қазақтың  қаны  бар 
бүлдіршін  балалардың  жылқыға  қызығушылық 
танытуы  немесе ...Жұрт  амалсыз  тарауға 
айналды.  Осы  кезде  Қазақстанның  өнер 
қайраткері,  белгілі  жыршы,  термеші  «Қаны 
бар қазақтар қалыңдар, үгітке ергендерің кете 
беріңдер», - деп  жұртты  тоқтатып,  ғарыш- 
керді  қолдауға  шақырды  деген  газет  мақала- 
ларынан  алынған  үзінділерде  тұлғалардың 
ұлттық-этникалық  сəйкестігінде  өз  ана  тілін 
терең мегеруі / меңгермеуі немесе тұлғаның қай 
тілдің  иеленушісі  тұрғысындағы  өлшемді  емес, 
ұлтқа  қатыстылығы  жағынан  психикалық 
түйсіктік  сезінуді  өлшем  етіп,  соны  нұқсап 
тұрғанын  білдіреді.  Яғни  осы  сөздерді  айтушы 
тұлғаның сөйлеу əрекетінен, сөзінен оның ойлау 
жүйесінің психикалық механизмдерін танимыз.  
Бұл  тұрғыда  психология  мен  тілдің  ара- 
қатынасын  бағалауда  туралы  тіл  біліміндегі 
ғылыми тұжырымдамаларды сараптау аса қажет 
болып  табылады.  В.П.  Даниленко  психолин- 
гвистикалық бағыт өкілдерінің бірі М. Лацарус- 
тың  «Халық  психологиясы  халық  рухы  туралы 
ғылым  ретінде,  яғни  халықтың  рухани  өмірінің 
элементтері  мен  заңдылықтары  туралы  ғылым 
ретінде  негізделуі  тиіс.  Ол  өмірде,  өнерде, 
ғылымда  көрініс  беретін  ішкі  халық  рухы 
мəнісінің  жəне  қызметінің  қайнар  көзі  болып 
табылатын  заңдылықтарды  ашуы  керек.  Тіл – 
рухтың  жарыққа  шығуын,  танылуын,  анық- 
талуын  қамтамасыз  ететін  мүше,  оның  қанат 
жайып, өрістеуіндегі тетік. Егер индивидтің тілі 
оның  индивидуалдық  рухының  көрінісі  əрі 
өлшемі  болса,  ал  халық  тілі  халық  рухының 
көрінісі  əрі  өлшемі»  деген  пікіріне  талдау 
жасайды,  жəне  Г.  Штайнталь  мен  М.  Лацарус- 
тың  тілді  тек  тұтас  халықтың  психикалық 
ерекшеліктерін  зерттеу  үшін  қажет  материал 
ретінде ғана қарастырғанын атап өтеді [4
: 35].  
Ішкі  рухтың,  психиканың  тілде  жекелеген 
тілдік  бірліктер  негізінде  анықталуынан  гөрі, 
тұтас сөйленістен я контекстен көрініс беретінін 
байқауға  болады: 
–  Немерем,  кешелі  бері  «Ата, 
атқа  мінгім  келеді!»  деп  мазамды  алып  бітті. 
Өзінің  əке-шешесіне  айтпайды,  маған  келіп 
қыңқылдай  береді.  Теледидардан  атқа  мініп, 
шауып  жүргендерді  көріп  аңсары  əбден  ауды 
ғой  деймін.  Жазда  ауылға  өзіммен  бірге  алып 
кетіп,  атқа  мінгізіп  құмарынан  бір  шығармасам 
ба? – деді қарт кісі. Мұнда баланың атқа мінгісі 
келетіні  туралы  өз  əке-шешесіне  айтпай,  атасы- 
на  айтуынан  оның  индивидуалдық 
психикалық 
түйсіктік  сезінулері  көрінеді.  Бала  өзінің  бұл 
қалауын 
əке-шешесіне  қарағанда,  атасының 
құптайтынын түйсінген болса керек. Осы мақала 
авторының «Ата, атқа мінгім келеді!» деген бала 
сөзін  мақаланың  өзегі  ретінде  ерекшелеп,  оны 
ірі  əрі  майлы  қəріптермен  беруінде  де,  өзінің, 
мақала  кейіпкерлері  болып  отырған – қарт  кісі 
мен  оның  немересінің  ұлттық-этникалық  сəй- 
кестікке  қатысты 
психикалық  түйсіктік  сезіну- 
лерін нақты жағдаят негізінде көрсету мақсатын 
жүзеге асыру көзделген деп ойлаймыз.        
В.фон Гумбольдт тілдің құрылымын ұлттың 
ойлау  жəне  менталдық  ерекшелігімен  байла- 
нысты түсіндірді. Ол: «Тілге ішкі сезімдік көңіл-
күй (көңіл бұрушылық) ерекше ықпал етеді. Ол 
қадала  ойға  шомуда  оңашалану  жолын  тəуір 
көретін  халықта  жəне  тілдің  делдалдығын  өз- 
дерінің сыртқы əрекетінде өзара түсіністікке қол 
жеткізу  үшін  керек  ететін  ұлтта  түрліше  орын 
алады»  деп  көрсетеді [6: 61]. Оның  бұл  тұр- 
ғыдағы  ойларын  В.В.  Наумов  келесі  түрде 
талқылайды: «Ұлы  немістің  пікірінше,  құры- 
лымы бойынша «қадала ойға шомуда оңашалану 
жолына»  сəйкес  келетін  флективті  тілдер 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010 
 
119
жағына  тартқан,  бір  кездері  Гумбольдтты 
ұлтшылдық  тұрғысынан  сынап,  айыптауға 
түрткі  болған  оның  атақты  реверансы,  шын- 
дығында,  тілдің  жеткізу  өресіндегі  өзіндік 
ұлттық авторлығын ғана көрсетті», сондай-ақ ол 
«Гумбольдттың  «Тіл – бұл  халықтың  рухы» 
деген  жалпыға  мəлім  тұжырымы  ұлттық  тілді 
иеленушілердің  барлығына  бірдей  тəн  ойлау 
жəне  психикалық  қызметінің  дыбыстық  мате- 
риалдануындағы ерекше формасын айтып отыр. 
Ұлттық  тілді  танытатын  рух  (яғни,  индивидтің 
ішкі  табиғаты)  жаңа  тілдік  құрылымдар  мен 
формаларды  тудыруы,  жаңғыртуы  мүмкін. 
Олардың  тілдік  жаңашылдықтың  маңыздылы- 
ғымен  байланысты  анықталатын  узуста  та- 
ралуына  қарай,  олардың  тілдік  жүйенің  мүм- 
кіндіктері  мен  нормативтік  шектеулеріне  сəй- 
кестігіне  қарай  тілдік  ұжымның  тұтастай  жəне, 
оның  ішінде,  нақты  индивидтердің  тілдің 
жаңаша  білдіру  формаларына  қатынасы  орны- 
ғады.  Бірақ  кез  келген  жағдайда  тілдің 
индивидуалды  интерпретациясы  ұлттық  санада 
қалыптасқан  (орын  алған)  тілдік  стереотип- 
термен  негізделген    дей  келіп,  тілдің  инди- 
видуалдық  сипатының  ұлттық  негізін  мына 
түрде  дəйектейді: «тіл  иеленушісі  сөйлеу 
үстінде  қолданылатын  тілдік  бірліктердің 
нормаға  сəйкестілігін  (немесе  сəйкессіздігін) 
түйсікпен  (интуитивно)  сезінеді.  Оның  нақты 
формаларды  я  олардың  жүзеге  асырылу  тəсіл- 
дерін  білмеуі  де  мүмкін,  алайда  оның  бұл 
біліксіздігі  əр  ұлттың  өз  ережелері  бойынша 
жасалатын тілдік санасымен орнына келтіріледі, 
толықтырылады»  деген  тұрғыда  пікір  білдіреді 
[2: 78]. 
Тұлғаның  ұлттық-этникалық  сəйкестігінде 
белгілі тарихи тұлғалардың, қоғам, ғылым, өнер, 
мəдениет  қайраткерлерінің  орны  ерекше.  Мына 
үзінді  мазмұнынан  (пропозициясынан)  түрлі 
тұлғаларды  ұлттық,  халықтарға  қатыстылығы 
жағынан  сəйкестендірудің  нақты  индивидке 
байланысты  жүзеге  асырылуы  көрініс  тапқан: 
...Əлгі  тілшінің  ойсыздығына,  күллі  түркі 
халқының,  исі  мұсылманның  мақтанышына 
айналған  асыл  азаматты  кеудеге  итерген 
келеңсіздігіне  налыдық.  Мұнда  сөз  болып 
отырған  асыл  азамат – ғарышкер  Тоқтар 
Əубəкіров.  Мысалға  келтіріліп  отырған  осы 
сөздің  авторы  ғарышкер  Тоқтар  Əубəкіров 
арқылы  күллі  түркі  халқын,  исі  мұсылман 
халықтардың  барлығын  өзара,  сонымен  бірге 
ғарышкерді  түркі,  мұсылман  халықтарымен 
сəйкестендіреді. Ал оның өзін өзі сəйкестендіруі 
бұл  контексте  эксплицитті  түрде  орын  ал- 
мағанымен,  оның  тарапынан  айтылған  осы 
сөйленіс  мазмұынына,  экспрессивтік-эмоцио- 
налдық  реңкіне  қарап  өзін  түркі,  мұсылман 
халықтарымен 
сəйкестендіруі 
тұрғысынан 
болжам  жасауға  болар  еді.  Мұнда  ғарышкер 
тұлғаның  ұлттық-этникалық  сəйкестігіне  бай- 
ланысты индивид санасының шындығы, түсінігі 
бейнеленсе,  келесі  контексте  əлеуметтік-ай- 
мақтық  сəйкестіліктің    тұрғысындағы  жайттар- 
ды аңғарылады:  
...Алайда Тоқтарға залдағы белгісіз біреуден 
«Сіз  бұл  жаққа  неге  келдіңіз,  неге  сайлауға 
түстіңіз?»-  деген  жазбаша  сұрақ  түскенін 
естігенде  айран-асыр  қалдық.  Кездесуде  сөз 
сұрап  мінбеге  шыққан  Қазақстанның  еңбек 
сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері, белгілі 
су  маманы  Меделхан  Нəлібаев  жиналған  халық 
атынан  ғарышкерден  əлгі  сұрақ  үшін  кешірім 
сұрады, «балалардың  білместігін»  көңіліне 
алмауын  өтінді.  Алғашқы  сөйлем  сайлауға 
түсуші тұлға сəйкестігінде өзіндік рөл ойнайды, 
оның  мазмұнынан  сайлауға  түсуші  тұлға  бұл 
жақты емес екені түсінікті болады.  
Сайлауға  түсуші  тұлғамен  кездесуді  баян- 
дауға  құрылған  мақаланың  бұл  үзіндісі  келесі 
түрде  жалғасын  табады:  ...Алайда  сорақысы 
соңында  болды – бұл  сөйленіс  баяндалатын 
оқиғаны  бағалау  мəнін  қамтыған  мəлімет 
ретінде  рөл  атқарады.  Ал  «Сөз  сұрап  мінбеге 
шыққан халықаралық «Қазақстан-Заман» газеті- 
нің  облыстағы  тілшісі  Бейбітбек  Бүркітбаев: 
«Сіз  бұл  жақтан  неге  түстіңіз,  неге  келдіңіз? 
Біздің  мүддемізді  жергілікті  азамат,  қаланың 
бұрынғы əкімі Қожахмет Баймаханов қорғайды. 
Сол кісіге дауыс береміз. Еліңізге қайтыңыз»,  - 
деп  ежірейді» [7] деген  контексте  оқиға  туралы 
мəліметпен  бірге  авторлық  теріс  эмоционалды 
реакция  да,  субьективтік  пайым  да  «ежірейді» 
етістігі  арқылы  беріледі,  яғни  автордың  ай- 
тылған  ойды  қолдамағаны,  жақтырмағаны 
жанама  түрде  жеткізіледі.  Бұл  мақала  авторын 
сайлауға  түсушіні  қолдаушы  тұлға  ретінде 
сəйкестендіруге  мүмкіндік  берумен  қатар, 
сайлауға  түсуші  тұлғаның  өзін  бұл  аймақпен 
біреулердің  сəйкестендірмейтінін,  аймақтық 
жағынан  жергілікті  азаматтарды  сəйкестенді- 
ретінін  танытады.  Яғни,  тұлға  сəйкестігінде 
ауызша  немесе  жазбаша  тұлғаның  сөзі  ерекше 
орын алады деуге болады.   
Ұлттық  жəне  əлеуметтік  өлшемдердің 
əрқайсысының  тұлға  сəйкестігіндегі  орнын 
анықтау  мəселесінде  Бодуэн  де  Куртенэнің 
кейбір  ойларын  басшылыққа  алуға  болады  деп 
есептейміз.  Ол  ұлттық  тілдің  тек  идеяда  өмір 
сүретінін  тұжырымдай  отырып,  индивидтің 
тілдік  тұрғыдан  тек  басқа  индивидтермен  өзара 

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010 
 
120
ықпалдастығында  ғана  дамитынын  алға  тар- 
тады,  сондықтан  индивидуалдық  тілдің  əлеу- 
меттік сипатына көңіл бөлуді ұсынады [8: 71]. 
Тілдік  тұлға  белгілі  бір  тілдің  иеленушісі 
ретінде өзінің ұлттық сəйкестілігін танытса, сол 
тілдің  құрылымы  мен  нормаларының  үдесінен 
шықпай  отырып  сөйлеуі  кезінде  немесе  ойын 
жеткізуде қайбір жағдаятты саралаудағы өзіндік 
ойлау  жүйесінің  ерекшеліктері  арқылы  инди- 
видуалдық  сəйкестігін  көрсетеді.  Мысалы, 
анықталған  контексте  айтылған  «Олар  қазақша 
дұрыс  түсінбейді  немесе  қазақша  білмейді» 
сөйленісін    бір  тұлға  қарым-қатынас  орнату 
үшін  қиындық  туғызатыны  тұрғысынан  ай- 
тылды  деп  түсінсе,  екінші  бір  тұлға  олардың 
тілді  білмеуіне  орай  айтылған  кемсітушілк  деп 
түсінеді.  Жалпы  бұл  сипатта,  яғни  тұлғалардың 
қайбір  жағдаятты  саралаудағы  əрқайсысының 
өзіне тəн ойлау жүйесі олардың индивидуалдық 
сəйкестіліктеріне  негіз  болады.  Бұл  тұрғыда 
мына  пікір  орынды  деп  есептейміз: «Тіл  өз 
иеленушілерінің  психикалық  жəне  ойлау  ерек- 
шеліктерінің  барлық  көріністерін  тіркейді» [2: 
81]. 
Тұлғалардың  қайбір  жағдаятты  өзінше  
 
 
 
 
саралауы  ғана  емес,  сонымен  бірге  орын  алған 
жағдаятқа тітіркеніс (реакция) білдірулерінде де 
өзіндік  дағдылары  қалыптасқан.  Мұнда  тітір- 
кеніс  білдірудің  əрекет  түрінде  ғана  емес  сөз 
арқылы  да  жеткізілетіні  біздің  назарымызды 
əсіресе аударады.  
__________________ 
1.  Хойер  Г.  Антропологическая  лингвистика // За- 
рубежная лингвистика. М., 1999. Т.2. с. 44 – 67. 
2.  Наумов  В.В.  Лингвистическая  идентификация 
личности. – М.: КомКнига, 2006. – 240 с. 
3.  Уорф Б. Отношение норм поведения и мышления 
к языку // Зарубежная лингвистика. М., 1999. Т.1. с. 58 – 106 
4. 
Даниленко  В.  П.  Общее  языкознание.  Курс  лек- 
ций. 2-е изд. – Иркутск, 20037
 
5.  Өтеш  Қырғызбай.  Ерде  отырған  баланың  көзін- 
дегі  нұрды  көрдім // Алматы  ақшамы  газеті, 21 наурыз, 
2010 №33-34 (4125). 
6.  Гумбольдт  В.фон.  Избранные  труды  по  языко- 
знанию. 2-ое изд. М., 2001 
7.  А.Əбсадықов.  Əкімге  еріп  ғарышкерді  «ғайбат- 
тады» // Жас алаш, №106,4.ІХ.2004. 
8.  Бодуэн  де  Куртенэ  И.А.  Избранные  труды  по 
общему языкознанию. М., 1963. T. 1-2. T.2 
* * * 
В  статье  рассматриваются  психологические  осо- 
бенности  носителя  языка  в  процессе  его  речевой  дея- 
тельности  и  их  роль  в  определении  национальной  при- 
надлежности языковой личности.     

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет