Казахский национальный


МЕТАФОРАЛЫҚ ДҮНИЕ БЕЙНЕСІНІҢ ҰЛТТЫҚ СИПАТЫ



Pdf көрінісі
бет16/52
Дата03.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#5592
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   52

 
МЕТАФОРАЛЫҚ ДҮНИЕ БЕЙНЕСІНІҢ ҰЛТТЫҚ СИПАТЫ 
 
 
Метафора  адамның  вербальдық  жəне  се- 
зімдік – образдық жүйелерін бір – бірімен тығыз 
ұштастыра  отырып,  дүние  бейнесін  қалыптас- 
тыруға ықпал етеді.  
Ұлт  өкілдерінің  айнала  қоршаған  дүниені 
тануында,  оны  тіл  арқылы  бейнелеуінде  мета- 
фораның  атқаратын  қызметі  ерекше.  Ақиқат 
дүниеде  орын  тепкен  мəлім  заттар  мен  құбы- 
лыстардың  атауларын,  ерекшеліктерін,  қасиет- 
терін  беймəлім  заттар  мен  құбылыстарға 
ауыстырып  қолданудың  лингвистикалық  тəсілі 
саналатын  метафора  кез    келген  тіл  мен 
мəдениеттің  семиотикалық  кеңістігінде  өмір 
сүре  алады.  Алғашында  тілдің  ажырамас  бөлігі 
саналған  метафора,  когнитивтік  тіл  білімінің 
пайда  болып  дамуына  байланысты,  сананың  
да  ажырамас  бөлігі  ретінде  қарастырылатын 
болды.  Қазіргі  тіл  білімінде  метафораға  деген 
қызығушылықтың  күрт  артқанын  дүниенің  тіл- 
дік  бейнесін  танып  білу  мен  оны  түсіндірудегі 
жаңа  көзқарас,  тың  ойлардың  белең  алуымен 
байланыстыруға болады.  
Байлық – кедейлік,  жастық – кəрілік, 
қуаныш – қайғы,  өмір – өлім  сияқты  тірек  кон- 
цептілердің  мазмұнын  айқындау  үшін  тілдік 
репрезенттермен  қатар,  ментальдық  репрезент- 
терге  де  иек  артуға  тура  келеді.  Мұндай 
репрезенттер  метафоралық  қолданыстар  төңі- 
регінен табылады.  
М.М.  Маковский,  метафораны  түрлі  мəде- 
ниет  өкілдерінің  санасында  өзінше  көрініс 
тапқан,  нақты  мəдени  қауымдастық  өкілдерінің 
санасында  түрлі  кезеңдерде  өзгеріске  ұшырап 
отыратын, дүниенің өзгеше бір бейнесі санайды 
(1,9). Бұл оймен толық келісуге болады.   
 
 
Аталған  концептер  төңірегіне  топтасқан 
метафоралық  үлгілерде  ұлттық  дүние  туралы 
білімдердің  жинақталғанын  көреміз.  Олар  көбі- 
не, перцепивтік, танымдық, аффективтік процес- 
терге  негізделген.  Бұл  жердегі  метафора- 
лық  қолданыстардың  қызметінің  ең  алдымен, 
ақиқат дүниедегі заттар мен құбылыстар жайлы 
білімдерді  тілдік  мазмұнға  көшірумен  айқын- 
далатынын атап өту керек. 
Кедейлердің  образы  ретінде  байдың  көш- 
кенде  жұртына  тастап  кететін  ескі  ыңыр- 
шық,  тозған  қауға,  жыртық  жабуларының 
алынуын ұлт өкілдерінің санасындағы мəдени – 
ұлттық семантиканың вербальдануы деп білеміз: 
"Жаңағы  Құнанбай,  Бөжей,  Байсал,  Сүйіндік, 
Қаратайлардың  көшіне  ере  алмай,  керегіне 
жарамай  қапты.  Солардың  жұртына  тастап 
кететін ескі ыңыршық, тозған қауға, жыртық 
жабулары болмаушы ма еді? – деп, үлкен əжуа 
жасап күлді" (М. Əуезов). Мəтінде қолданылған 
метафоралардың  коннотациясында  мүгедек, 
қауқарсыз, науқас, қартайған сияқты мағыналар 
жатыр.  Олар  ассоциациялық  білімдер    негізінде 
пайда  болған,  персонификацияланған  заттық 
бейнелер.  Ыңыршық,  қауға,  жабу  қазақтардың 
тұрмыс – тіршілігіне  тəн  заттық  мəдениет 
атаулары.  Уақыт  өте  келе  дүние  бейнесінде 
пайда  болған  өзгерістердің  əсерінен  олардың 
ұлт  өкілдерінің  күнделікті  қолданысынан 
шығып  қалғаны  мəлім.  Сондықтан,  олардың 
кейбірінің,  мəселен  ыңыршықтың  (ыңыршақ) 
бүгінгі  ұрпаққа  түсініксіз  болуы  мүмкін.  Оған 
берілген  Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігіндегі 
мағынаға үңілсек, өгізге жүк арту не міну үшін 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010 
 
107
салатын,  ағаштан  жасалған  биік  ер  деген 
интерпретацияға кезігеміз (2,945). 
Метафоралық  қолданыстағы  ассоциативтік 
байланыстар  көбіне  жалпы  ұлттың  когнитивтік 
санасында  қалыптасқан  сипатта  кездеседі 
немесе  автордың  жеке  көзқарасына  негізделіп 
жасалады.  Оған  дəлел  ретінде  "Күлдіреуіш 
арасынан құндақтаулы балалардың кішкене қара 
көздері  жылтырайды" (Ғ.  Мүсірепов);  "Андрей 
ол  қамытты  əкесі  өлгеннен  кейін  киді". "Есін 
білгелі  киген  нəлет  қамыт  ол  бейшараның  да 
мойнынан  түскен  жоқ.  Ол  да  осы  бейнетпен 
өтеді  енді,  дүниеден" (С.  Мұқанов); "Дала 
байларының  ат  майы  мен  сауыны,  несиесі  мен 
қарызы  көп  адамдарды  əлденеше  жылға  ар- 
қандап  қоятынын  Ушаков  əзір  жете  түсінбеген 
еді" (Ғ.  Мүсірепов)  т.б.  мəтіндерді  келтіруге 
болады. Автордың арқандау мен қамыт арқылы 
кедейлердің  өмірінің  адам  төзгісіз  ауыр  екенін 
меңзеп,  оларды  малмен  теңестіріп  тұрғанын 
аңғарамыз.  Келтірілген  мəтіндерден  кедейлік 
концептісінің  индивидтің  санасында  қайғы 
концептісімен  ұштасатынын  имплицитті  түрде 
байқаймыз.  
Бұл  жерде  өзіндік  бояуымен  ерекшеленіп, 
кедейлік  концептісінің  шеңберіне  кіретін  мета- 
форалық  қолданыстағы  құлдықты  –  қамытпен, 
арқандаумен,  кедейлікті  –  күлдіреуішпен    ассо- 
циациалап тұрған бірліктер дүние бейнесінің бір 
орында  тұрып  қалмаған,  табиғаты  жағынан 
үнемі  өзгерісте,  даму  үстінде  болатын  құбылыс 
екендігін  дəлелдей  түседі.  Қамыт  пен  күл- 
діреуішті  қазіргі  таңда  күнделікті  өмірде  жиі 
қолданылмайтын  лексемалар  қатарына  жат- 
қызуға  болады.  Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөзді- 
гінде  қамытқа  аттың  мойнына  кигізілетін, 
имектеу  келген  ағаш  жақтаулары  бар  арба 
шана  əбзелі  (2,469)  деген  сипаттама  берілсе, 
күлдіреуіш  шаңырақ  тоғынының  үстінен  түн- 
дікті  көтеріп  тұратын,  түтін  шығып,  жарық 
түсіру үшін айқастыра бекітілген ағаш, шаңы- 
рақтың  керегекөз  боп  түйісетін  шыбықтары 
(2,427) ретінде интерпретацияланған.         
 Кедейлердің образы қазақтардың санасында 
затсыз,  тексіз  құлдар  ретінде  сипатталады. 
Мысалы: "Жерлерге қабырғалы би баратын, Бұл 
күнде затсыз, тексіз құлдар барды" (С. Мұқанов). 
Затсыз,  тексіз  құлдардың  коннотациялық 
мазмұны шықққан тегі белгісіз немесе шықққан 
тегі  төмен  тəрізді  мағыналарды  айқындайды. 
Кедейді  адам  санатына  қоспау,  менсінбеушілік 
қазақтардың  дүние  бейнесінде  балақтағы 
биттің  образы  арқылы  нақтылады.  Ал,  оның 
балақтан  басқа  секіруі,  əрине,  уақыт  өте  келе 
қоғамда  орын  алған  əлеуметтік  өзгерістердің 
сипатын  білдіреді.  Бұл  аталған  метафораның 
танымдық  мазмұнына  жатады.  Мысалы: "Ақы- 
рында көресімді балақтағы басқа секірген бит- 
тен,  жалшым  Еркіннен  көрдім" (С.  Мұқанов). 
Бит зоонимдік метафорасы адамның қоғамдағы 
əлеуметтік орнының өте төмен екенін аңғартып, 
арамтамақ, қажетсіз дегенге саяды.  
Иелеріне  қуаныш  нұрын  шашқан  бай- 
лықтың  танымдық  құрылымында  қоғамдағы 
төңкеріске орай қайғының да орын алатындығын 
мына  мəтін  аңғартады: "Өткен  күнде  талайды 
зарлатқан,  талайды  қуантқан,  талайды  күңі- 
ренткен  ақ  орданың  иығы  түсіп,  бұрынғы 
аруағы  кетіп,  елсіздегі  моланың  қабырғасынан 
жел гуілдегендей боп, бүгін өзі күңіренедіКүзгі 
қарасуық  кəрлі  жел,  өз  обалың  өзіңе  дегендей 
болып,  екпіндеп – екпіндеп  соғып  ақ  орданы 
құлата  жаздап,  солқылдатады"  (Е.  Бекенов). 
Бұл  жерде  байлықтың  иығы  түсіп,  аруағы 
кетіп,  елсіздегі  моланың  қабырғасынан  жел 
гуілдегендей,  күңіренген  адамзат  баласы  тəрізді 
суреттелсе,  кедейліктің  де  антропоцентристік 
бағыттағы  тəсілмен  сипатталғанын  байқаймыз. 
Онда  қоғамдағы  əлеуметтік,  саяси  өзгерістің, 
атап  айтқанда  Қазан  төңкерісінің  əсерінен 
кедейліктің  образы  сипатында  екпіндеп – екпін- 
деп  соғып,  ақ  орданы  құлата  жаздап,  солқыл- 
дататын  күзгі  қарасуық  кəрлі  жел  алынып 
тұрғанын  көреміз.  Келтірілген  мысалдар  қоғам- 
дағы  əлеуметтік,  саяси,  таптық  өзгерістерге 
орай,  байлық  пен  кедейліктің  де  прототиптік 
образдарының  ұлт  санасындағы  стереотиптері- 
нің бұзылғанын дəлелдейді. Бұл жердегі гуілдеу, 
солқылдату, күңірену, т.б. етістіктерінің көмегі- 
мен  сипатталып  отырған  нысандарды  ұлт 
өкілдерінің  соносферасынан  хабар  беретін 
дыбыстық бейнелер ретінде қабылдаймыз. 
Жастық  пен  кəріліктің  образдарын  сом- 
дағанда ұлт өкілдерінің санасында бүкіл адамзат 
баласына  ортақ,  яғни  əмбебап  болып  келетін 
энциклопедиялық  білімдермен  қатар,  өздерінің 
дербес  немесе  ұлттық  білімдерінің  қатар 
жүретіндігі байқалады: "  Өмір шіркін жасыңда 
қырдың  қызыл  түлкісі  секілденгенмен,  қартай- 
ғаныңда бір сиқы кеткен кəрі қотыр қой тəрізді 
көрінеді  екен,    деді  Сары  əңгімелері  аяқталып 
келе  жатқан  кезде  бір  күрсініп" (І.  Есенберлин) 
деген  мысал  айтылған  ойды  дамыта  түседі.  Бұл 
жердегі қырдың қызыл түлкісі, сиқы кеткен кəрі 
қотыр  қой  зоонимдерінің  коннотациялық  маз- 
мұнына үңілсек, жастықпен астарласқан қызыл 
түлкінің  ең  алдымен,  қызықпен,  қуанышпен, 
сұлулықпен  ассоциацияланатынын  байқаймыз. 
Ал,  сиқы  кеткен  кəрі  қотыр  қойдың  коннота- 
циясы,  əрине  керексіз,  қажетсіз,  көріксіз, 

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010 
 
108
дімкəс,  қызықсыз  дегенге  саяды.  Келтірілген 
метафоралық  қолданыстардың  төркінінде  эмо- 
ционалдық  белгілер  басым,  сондықтан  оларды 
экспрессоид  сөздер  ретінде  танимыз.  Кəрілікті 
сипаттаушы  образдың  бағалаушылық  тұрғыдан 
алғанда жағымсыздықпен астарласатынын көре- 
міз.  Бұл  мысалдан  адам  ағзасындағы  кəріліктің 
физиологиялық  өзгерістерінің  пайда  болуының 
қайғымен  байланыстырылғанын  байқаймыз.  Ол 
кəріліктің  мазмұнының  ұлттың  когнитивтік 
санасында  қайғымен  ұштасатынын  дəлелдейді. 
Сондай  −  ақ,  кəрілік  концептісінің  мазмұнын- 
дағы  зоонимдердің  көмегімен  жасалған  мета- 
форалық  қолданыстардың  көбіне  жағымсыз 
коннотациямен  сипатталатынын  айта  кеткен 
жөн.  Прагматикалық  əсерді  күшейту  мақ- 
сатында  автор  жастық  пен  кəрілікті  бір  − 
біріне қарама − қарсы қойып портреттеп тұр.  
"Бұрынғы  əжім  дегендері  енді  көп  киілген 
кенеп  шалбардың  тақымдығындай  қатпар  – 
қатпар" (Ғ.  Мүсірепов)  т.б.  тəрізді  мысал  көр- 
кем  шығармаларда  қолданылатын  метафоралық 
номинациялардың  көбіне  референттің  тұлға- 
сының  сыртқы  белгілеріне  қарап  жасалатынын 
көрсетеді.  Бұл  жерде  автордың  назарының 
кəрілікті  суреттеуге  пайдаланып  тұрған  рефе- 
ренті  кенеп  шалбардың  бір  бөлігі –   тақым- 
дықтың    жиырылған  аумағына  ауып  тұрғанын 
байқаймыз.  Келтірілген  мəтіндегі  метафоралық 
қолданысты  автордың  ұлттық  дүниесінің  тілдік 
бейнесі  ретінде  қарастыруға  болады.  Ұлттық 
дүниенің дербес тілдік бейнесін, ақиқат дүниені 
жеке  адамның,  басқаша  айтқанда,  нақты  ұлт 
өкілінің  тілдік  санасының  көмегімен  сипаттау- 
дың  нəтижесі  ретінде  қабылдар  болсақ,  кəрі- 
ліктің  айнымас  компонентінің  бірі  терінің  тозу 
əрекеті,  яғни  əжімнің  образы  ретінде  кенеп 
шалбар тақымдығының жиырылған аумағының 
алынғанын  көреміз.  Кəрілік  концептісінің  маз- 
мұнын  кеңейткен  бұл  қолданыстың,  автордың 
санасындағы  кəрілік  туралы  ментальдық  ре- 
презенттерінің  вербальдануының  нəтижесінде 
пайда болғанын аңғартады.  
Сондай-ақ,  ұлттық  діни  мейрам  саналатын 
айт күні мен түңлік лингвокультуремаларының 
да  қуаныштың  ұлттық  мазмұнын  айқындай 
алатынын  мына  мəтін  кеңістігінен  көреміз: 
"Қатын  −  балаға  шейін  айт  күніндей  сергек, 
дырдулы,  шулы,  күлкілі,  нөсерлі,  дауыл  алдын- 
дағы  құйындаған  жел  лебімен  желпілдеген 
түңліктей,  жайлау  −  жайлаудың  бəріндегі  кəрі 
−  жас,  еркек  −  ұрғашы,  бой  сергітіп  сілкінген- 
дей,  құлшынғандай  болды" (С.  Мұқанов).  Бұл 
жерде  қуаныштың  бейнесі  ретінде  нөсерлі, 
дауыл алдындағы құйындаған жел лебімен жел- 
пілдеген түңлік алынып тұр.  
Қайғының  образы  болып  иесіз  қалған  мола- 
ның алына алатынын келесі мəтін көрсетеді: "Ақ 
орданың оң жағындағы ақ отау əлі сол орнында, 
бірақ  азырақ  күңгірт  тартқан  сияқты,  бұрын- 
ғыдай отауға топырлап қыз − келіншек, бозбала, 
саяқ  қатындардың  көбі  кірмейді.  Иесіз  қалған 
мола сияқты болады да тұрады" (Е. Бекенов). 
"Есіл ер осылай қырық сегіз жасында бірте 
  бірте  сөнген  майы  таусылған  шамдай  дүние 
салады, деді Күнтуарға Жақыптың өлімін айтқан 
жігіт" (І.  Есенберлин),  тəрізді  мысалдан  адам- 
ның өмірінің аяқталуының бірте – бірте сөнген 
майы  таусылған  шамға  теңеліп  тұрғанын 
көреміз.  Көшпенді  халықтың  айнымас  серігі 
болған май шам ұлт санасында сақталып қалған 
тұрмыс  қажеттілігінің  бірі.  Оның  коннотация- 
сында наны таусылып, тіршілікпен қош айтысу 
деген  терең  мазмұн  жатыр.  Өлімнің  бейнесі 
ретінде  майы  таусылып,  бірте  –  бірте  сөнген 
шамның  образының  алынуында  да  ұлттық 
танымның  өзіне  тəн  мазмұны  жатыр.  Осы 
тəріздес  метафоралық  қолданыстар  жазушы 
танымында  ассоциативтік  білім  көздерінің 
бейнелі  түрде  көрініс  таба  алатынын  тағы  бір 
дəлелдейді.        
Ақиқат дүниедегі заттар мен құбылыстарды 
бейнелеу мен оларды ұлттық тұрғыдан түсіндіру 
қызметін  атқаратын  концептердің  мазмұнын- 
дағы  бірліктердің  уақыт  өте  келе  көнеріп  не 
өзгерістерге  ұшырап,  даму  үстінде  болатынына 
мына  мəтін  дəлел  бола  алады: "Кезінде  тиісті 
шара қолданбасаң қайғы – қасірет симфониясы 
басталады" (І.  Есенберлин).  Бұл  жерде  музы- 
калық  термин  саналатын  симфония  лексемасы 
қайғыны  сипаттауға  қатысып  тұр.  Келтірілген 
метафоралық  қолданысты  жаңа  заманға  бай- 
ланысты  туған  метафоралар  қатарына  жат- 
қызып,  əуеннің,  яғни  дыбыстың  көмегімен 
болған образ ретінде қабылдаймыз.   
Аталған  концептердің  мазмұны  белгілі  бір 
деңгейде,  ұлт  өкілдерінің  қоршаған  ортадағы 
физикалық нысандарды, табиғат құбылыстарын, 
адамдар  мен  жануарлар  тіршілігін,  өсімдіктер 
əлемін  тану,  көру,  сезіну  нəтижесінде  пайда 
болған  білімдеріне  негізделген  концептуалдық 
метафоралармен  айқындалады.  Метафоралар 
концептердің  танымдық,  семантикалық,  образ- 
дық  құрылымдарын  қалыптастыратын  антропо- 
морфтық,  зооморфтық,  фитоморфтық,  заттық 
модельдердің шеңберіне топтасады. 
Тірек  концептілердің  əрқайсысының  төңі- 
регіне  адамның  санасындағы  ақиқат  дүние  
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010 
 
109
жайлы  білімдер  мен  көзқарастардың  белгілі  бір 
жүйеге  келтірілген  образдары  жинақталатынын 
байқадық.  Олардың  басым  көпшілігі  генети- 
калық тұрғыдан, яғни, салт   дəстүрмен, тұрмыс 
–  тіршілікпен  адамның  санасына  сіңісіп,  əбден 
кірігіп кеткен образдар. 
Түрлі  мəтін  кеңістігіне  жасалған  талдау 
метафоралардың  образдық,  танымдық  жəне  
атауыштық  қызметтерінің  аталған  концептер 
төңірегінде когнитивтік құрылымдардың ұлттық 
үлгісі  мен  дербес  үлгісін  жасауға  бағыттала- 
тынын көрсетеді.  
____________________ 
1.  Маковский  М.М.  У  истоков  человеческого  языка.  
– М.: Высшая школа, 1995. –  159 с. 
 
 
 
 
 
 
2. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі / Жалпы редакция- 
сын  басқарған  Т.  Жанұзақов.  −  Алматы:  Дайк  −  Пресс, 
2008. − 968 б. 
* * * 
В  данной  статье  авторская  картина  мира  рассматри- 
вается  как  образ  мира,  смоделированный  сквозь  призму 
сознания  художника  как  результат  его  духовной  актив- 
ности.  Анализ  авторских  метафор  позволяет  выявить 
своеобразие  его  языковой  картины  мира  и  вместе  с  тем 
выявить  влияние  национальной  картины  мира  на  индии- 
видуальную картину мира писателя. 
* * * 
In the given article the author's picture of the world is 
examined as the image of the world formed via the prism of an 
artist consciousness as a result of its spiritual activity. The 
analysis of author's metaphor gives an opportunity to reveal the 
peculiarity of its linguistic picture of the world and also reveals 
the influence of national picture of the world upon the writer's 
individual picture of the world.           
 
 
 
 
 
С. Қ. Суатай 
 
КҮРДЕЛІ ЖЕР-CУ АТАУЛАРЫНЫҢ ЭТНОМƏДЕНИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
 
Əр  халықтың  басынан  кешкен  үлкенді-
кішілі  оқиғалары,  сүрлеу  соқпағы  мен  даңғылы 
аралас  таусылмас  жолы  оның  ұлттық  тарихын 
құрайды.  Сол  ұзын-сонар  өмірде  қалыптастыр- 
ған  дəстүрі  мен  салты,  əдет-ғұрпы  ұлттың 
дүниетанымдық  ерекшелігін,  айрықша  мəдени 
келбет-бейнесін  жасайды.  Ұлттық    мəдениет, 
ұлттық  болмыс  бейнесінде  халық  жүріп  өткен 
жолдардың із-таңбасы, белгісі болады.  
Ақиқат  өмірдегі  заттар  мен  құбылыстарды 
таңбалау,  ат  қойып,  айдар  тағу – адам  баласы- 
мен  бірге  тұрақты  да  ұдайы  жүріп  отыратын 
адамның  қоршаған  ортаны  тануы,  категориял- 
дық  аймақтарға  бөлшектеуі  барысында  өтетін 
тұрақты əрі үздіксіз үдіріс. 
Адам танымы арқылы белгілі нысандар мен 
олардың  белгілері,  қасиеттері  айқындалып, 
санада  белгілі  бір  ұғымды  қалыптастырады [1, 
21].  Адам  танымы  терең  де  шексіз,  сондықтан 
тілдегі  негізгі  атауларды  дүниетанымдық  ақ- 
парат  айқын  да  мол  жинақталып  беріледі. 
Қоршаған  ортаны  тану  үстінде  адам  оны  жеке 
бөліктерге  бөліп,  сол  жеке  бөліктерді  атайды. 
Алдымен  жалпы  есімдерге  топтастырады, 
солардың  ішінен  жеке  дара  ат  бере  отырып, 
жалқы есімдерді даралайды.  
Жер-су  атауларының  жасалуы – олардың 
уəждік  ұстанымдарына  байланысты  болып  
 
 
 
келеді.  Уəжділік  ұстанымдары  тіл  иесінің  өзін  
қоршаған  ортаны  тану,  қабылдау,  игеру  қабі- 
летіне, солардан туатын əрекеттерге негізделеді. 
Оның  бəрі  тіл  иесінің  дүниетаным,  танымдық 
қасиеттерімен  өрнектеліп,  ұлттың  мəдениетін, 
менталитетін  қалыптастырады.  Сондықтан  да 
жер-су  атауларында  нысанның  қасиетін,  ай- 
рықша белгісін айғақтайтын ақпарат болады, ол 
тіл  иесінің  тұрмыс-тіршілігінің,  қоршаған 
ортасының  көріністері  болып  келеді.  Мысалы, 
Алматы  облысында  Ойрантөбе  деген  ойконим 
бар.  Бұл – қазақтың  атақты  қолбасшысы, 
ержүрек 
Райымбек 
батырға 
байланысты 
қойылған  атау.  Сол  кездегі  ұрыстың  дəстүрі 
бойынша,  қалмақ  батырымен  жекпе-жекке 
түскен  Райымбек  жеңіске жетеді, қолбасшының 
жекпе-жегінен қуат алған қазақ қолы жауды тас-
талқан  етіп  жеңеді.  Осы  Жеңістің  құрметіне 
ұрыс  өткен  мекен  Ойрантөбе  аталады, «жауды 
қарата,  ойран  салып  жеңген  төбе»  мағынасын 
білдіреді.  Сөздің  бірінші  сыңары  «тас-талқан, 
бүліншілік»  мағынасында  қолданылады.  Бұдан 
көптеген  тұрақты  қолданыс  тарайды:  ойран 
болды,  ойран  етті  т.б  [ҚТТС, 7-т. 1983] Осы 
«тас-талқан,  күл-талқан  ету,  тас-талқанын  шы- 
ғару»  мағынасы  оқиға  өткен  жермен  байланыс- 
тырыла,  соның  анықтауышы  ретінде  жұмсала 
келе  тұтас  атауға  айналған.  Төбе  индикатор –  
 

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010 
 
110
термин  қызметін  атқарады  да,  қазақ  топоним- 
дері арасында жиі кездеседі (Көктөбе, Үштөбе, 
Күлтөбе, Майтөбе т.б).  
Жер-су  атауы – лингвистикалық  бірлік, 
сондықтан  оның  атқаратын  қызметі  де  тілдік 
қызмет.  Жер-су  атауы  алдымен  қарым-қатынас 
қажеттілігіне  байланысты  пайда  болады.  Ал  ол 
тілдің  негізгі  қызметі  айнала  қоршаған  дүние- 
дегі  заттар  мен  құбылыстарды  сөзбен  таң- 
балаудан, белгілеуден басталады. Басқа да тілдік 
бірліктер сияқты жер-су атаулары – тарихи ұзақ 
кезеңді  қамтитын  объективті  жəне  рухани 
дүниедегі заттарды, құбылыс, ұғым түсініктерді 
номинациялау  процесінің  жемісі,  нəтижесі. 
Соның  ішінде  күрделі  атаулар  да  дара  лексема 
тəрізді тілдік атау (атауыш) қызметін атқарады, 
туынды  лексема  ретінде  қалыптасқан.  Алайда 
оның    жалпы  дара  аталымнан  айырмашылығы 
бар.  
Күрделі атаулар екінші номинация қатарына 
жатады,  өйткені  халық  жер-суға  ат  беруде  сол 
жердің  қадір-қасиетін,  белгісін,  онымен  бай- 
ланысты  жағдаяттарды  тануға  кілт  болатын 
тілдік  қорда  бар  аталымдарды  алады.  Яғни, 
атауға  ие  болушы  нысан  (таңбаланушы) 
лексикада бұрыннан бар атаулар арқылы таңбаға 
ие  болады.  Сонымен  қатар  жиналған  ақпаратты 
бағалау  тұрғысынан  өңдейді.  Қазақ  жерінде 
кездесетін Айтағы, Тарақтас (Қарағанды облы- 
сындағы  тау),  Ақдомбақ,  Екібастұз  (Павлодар 
облысындағы  елді  мекен),  Қостанай  (Тобыл 
өзені  бойындағы  қала),  Үшарал  (Алматы 
облысындағы  елді  мекен),  Қаратал  (Алматы 
облысындағы  өзен)  тағы  басқа  күрделі  жер-су 
атаулары соның айғағы.  
Сөздің атауы болып қалыптасуына не себеп, 
негіз,  уəж  болатын  белгілері,  ерекшеліктері 
жинақталып  ескеріледі [2,92]. Зат  пен  құбы- 
лысқа  ат  қоюда  өмір  шындығы, нақты  деректер 
тіл  бірліктеріне,  атауға  айналады.  Ойрантөбе 
атауының  пайда  болуының  нақты  себебі – 
тарихи  оқиға,  Райымбек  батыр  бастаған  қазақ 
халқының  жеңісі.  Осы  Ұлы  Жеңісті  дəріптеу, 
аңызға  айналдыру – атаудың  пайда  болу  уəжі. 
Бастапқыда  бұл  еркін  тіркес  түрінде  жұмсалды 
деп  болжауға  болады,  себебі  халық  сол  жерде 
болған  уақиғаны  ауыздан-ауызға,  елден-елге 
мақтанышпен,  үлкен  патриоттық  рухпен  жет- 
кізді,  ұрпақтан-ұрпаққа  үлгі  етіп  таратты. 
Мұндай  атаулар  арқылы  тілдің  кумулятивтік 
қызметінің мəні жоғарылайды. Атау бастапқыда 
Жоңғарларды  ойран  етіп  жеңген  жер/төбе 
түрінде  айтылған.  Мұндағы  басты  уəж – ойран, 
бұл  денотат  қызметін  атқарады.  Қолданыла 
келе,  ықшамдалу  үдерісінен  өтеді,  яғни  кейбір 
элементтер  мəнсізденеді,  ойран  етіп  жеңген 
жер/төбе > ойран  болған  жер/төбе > ой- 
рантөбе > Ойрантөбе.  Қазіргі  күні  аталым 
құрамында  компонент  саны – екеу,  ортақ 
денотат  ақиқат  көрінісі  біреу,  географиялық 
атау. 
Алғашқыда  тіл  иелерінің  когнитивтік 
санасында  ақиқат  дүниенің  үзігі  пайда  болады. 
Ол,  мысалы,  төбе,  жоңғар  (жау)  жеңу;  тұз, 
бас,  екі  т.б.  түрдегі  бөліктер  бойынша 
бейнеленеді.  Бұл  шындық  дүниедегі  нысанның 
ойсуреті.  Ойсурет  –  тілдік  қауымдастықтың 
ақиқат  дүние  фрагменті  (үздігі)  жөнінде  ұжым- 
дық  санасында  орын  тепкен  білімі.  Осы 
ақпараттар  ұжымдық  санада  жинақталып  вер- 
балданған  білімге  айналады.  Бұл  білімнің 
немесе  ақпараттың  осы  күйінде  жаңғыртылуы 
да,  практикалық  қажеттілікке  сай  əрі  қарай 
өңделе  түсуі  де  мүмкін.  Бұл  мəселе  жөнінде 
Н.Уəлиев  Қойқора  күрделі  таңбасына  қатысты: 
«Өңдеу барысында басы артық элементтер, яғни 
пəлендей  «жаңалығы»  жоқ  ақпараттық  эле- 
менттер  беймəнделіп,  редукцияланады:  қой[ды] 
[қамайтын]  қора > қой[дың]  қора[сы]   қо- 
ра[сы]  > қойқора. Осылайша құрылымдық жақ- 
тан 
редукцияланудың 
нəтижесінде 
тілдік 
бірліктерден  тек  қой  жəне  қора  деген  лексема 
қалғанын  байқаймыз» [3,150], - дейді.  Мұндағы 
ой бір ғана таңбаланушы туралы, ортақ денотат 
маңызды  элементке  айналған.  Мəселе  қойды 
қамауда  емес,  оны  жыртқыштан,  ұры-қарыдан 
қорғауда,  сондықтан  қора  компоненті  мəнді 
элементке  айналады.  Ойрантөбе  аталымында 
«жеңу,  жаудан  құтылу»  компонентінің  мəні 
артады.  Бұдан  төбе    компонентінің  мəні  кемі- 
мейді,  керісінше  ол  сигнификаттық  қызметін 
кеңейтеді.  Екі  лексеманың  ортақ  денотатының 
болуы  (қора,  төбе) «біріккендіктің»  белгісі 
сөзжасам үдерісінің аяқталуы саналады. Күрделі 
таңба  мазмұнындағы  өзгеріс  жеке  форма  ар- 
қылы  тиянақталып,  бір  екпінге  бағынған. 
Аталған  мысалдардағы  қой,  ойран  т.б  көптеген 
күрделі аталым құрамындағы сыңарлардың жеке 
екпінін  жоғалтуы  оның  материалдық  дербесті- 
гіне  де  əсер  етуі,  сол  себепті  екі  лексема 
арасында  босарлық  жоқ:  [Ойрантөб[е], [Ес- 
келд[і],  Талдықорған > Талды[ғ]орған  т.б.  Бұл 
бос  орындарда  екпін  ғана  емес,  белгілі  се- 
мантика  бар,  екпін  соның  көрінісі,  оны  кей 
атауларда ассмиляция анық байқатады.  
Кең-байтақ  қазақ  даласының  түкпір-түк- 
пірінде  жоғарыда  аталған  күрделі  атаулар 
тəрізді  тарих  құпиясын  бойына  жинап,  сақтар 
тұрған  тау,  тас,  төбе,  өзен,  көл,  елді  мекендер, 
олардың атаулары қаншама. Бұлардың біразы əр 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010 
 
111
аймақта  қайталанып  келіп  те  жатады,  дегенмен 
өзінше  даралық  жалқылық  сипатқа  ие  бола- 
тындары  да  мол  (Талдықорған,  Келіншектау, 
Алатау,  Есекқырған,  Нарынқол,  Маңғыстау, 
Алакөл, Ескелді т.б).  
Күрделі  атаулардың  күрделілігі  олардың 
құрамындағы  компонент  санында  ғана  емес, 
қолданылу  барысында  сол  компоненттердің 
бойында жүретін өзгерісте.  
Күрделі  атаулар  қазақ  тілінің  сөзжасам 
жүйесіндегі  маңызды  мəселе  қатарына  жатады, 
өйткені  «күрделі  сөз – сөз  атаулының  ең 
жоғары, дамыған түрі» [4,7]. Күрделі сөз болып 
құралудың  жолы  ұзақ.  Күрделі  атаулар  туралы 
алғашқы  мəліметті  жазба  деректерден  аламыз, 
сондықтан  күрделі  сөздер  тарихи  даму 
нəтижесінде  пайда  болған  тіл  бірліктері  деуге 
болады.  Осы  даму  нəтжесінде  олардың  сөзжа- 
самдық моделі (қалыбы, үлгісі) қалыптасты.  
Қазақ  тілінде,  жалпы,  түркі  тілдерінде 
күрделі  сөз  мəселесі  сөз  тіркесі,  күрделі  грам- 
матикалық  құрылым,  олардың  ішкі  байла- 
нысына  қатысты  көп  жағдайда  морфология, 
синтаксис  төңірегінде  сөз  болып  келеді.  Осы 
мəселе туралы көзқарас, пікірлердің бастауында 
И.Гиганов, А.Казембек, В.В.Радлов, Н.К.Дмитриев, 
А.Н.Кононов,  Н.А.Баскаков,  А.А.Юлдашев, 
Б.Орузбаева,  Ф.А.Ганиев  т.б.  түркітанушы 
ғалымдармен  қатар  Ə,Қайдар,  А.Ысқақов, 
К.Аханов,  Н.Оралбаева,  С.Исаев,  Ə.Аблаков, 
Е.Ағманов,  Б.Қасым  тəрізді  қазақ  ғалым- 
дарының да бары белгілі.  
Күрделі  сөз,  оның  табиғаты,  түрі,  қалып- 
тасу,  жасалу  жолы  туралы  қазақ  тіліндегі, 
түркологиядағы  тұжырымдарды  түйіндей  келе, 
Б.Қасым: «Күрделі  сөз – күрделі  лексикалық 
бірлік ретінде кем дегенде екі сөзден жасалатын 
туынды сөздер, құрамы тұрақты, жаңа мағынаға 
ие  болған,  семантикалық  бірлікте  жұмсалатын 
дербес  ұғымды  білдіретін лексемалар» [4, 24], - 
деп тұжырымдайды. Бұдан байқалатыны – қазақ 
тілінде  күрделі  сөз  (аталым)  мəселесі  жаңа 
бағытқа қарай бе бұрып бара жатқаны.  
Күрделі  сөз  өзара  байланысқа  түскен  сөз- 
дердің  ішкі  дамуы  негізінде  атау  қажеттілігіне 
байланысты  пайда  болады.  Өзара  байланысқа 
түскен  сөздер  мағыналық  жағынан  тұтасып  бір 
ұғымды,  нысанды  таңбалау  деңгейіне  жетеді. 
Олай  болса,  осы  дəрежеге  жету  жолында  өзара 
байланысқан  сөздер  алуан  түрлі  факторлардың 
əсеріне  ұшырайды.  Осы  əсерлер  олардың  бір 
ұғым  атауы  ретінде  қолданылуына  жеткізеді. 
Күрделі  сөздердің  бастауы – еркін  тіркестер. 
Жаңадан  пайда  болған  атау  құрылымдық  (Ақсу, 
Көктөбе,  Қаратұрық,  Көкшетау,  Оқжетпес
жағынан  ғана  күрделеніп  қоймайды,  олардың 
құрамындағы  сыңарлардың  семантикасынан 
құралатын  туынды  мағына  да  күрделене  түседі. 
Осы  күрделену  арқылы  жаңа  ұғым  атауына 
айналады да, мағыналық тұтастық, құрылымдық 
тұтастық,  синтаксистік  тұтастық  аталатын 
күрделі  сөзге  тəн  белгі,  қасиеттерге  ие  болады. 
Аталған  белгі,  қасиеттерге  ие  болу  жолы 
лексикалану  жəне  делексикалану  үдірістері 
арқылы  жүзеге  асады  да,  синхронды  жəне 
диахронды  тұрғыда  зерттеудің  өзегі  болып 
табылады.  Өйткені  лексикаланған  немесе 
делексикаланған сөздердің құрамындағы компо- 
ненттерді  синхрондық  жағынан  қарастырып 
түсіну əр кез мүмкін бола бермейді.  
Лексикалану – тілдердің  қайсысында  болса 
да,  баяу  жүретін  құбылыс.  Ол  көбіне  белгілі 
қоғамдық-тарихи 
оқиғаларға 
байланысты 
туындайды,  сондықтан  тіл  бірліктерінің  бір 
бүтін  атауға  айналуының  жеке  тілдік,  ұлттық 
сипаты  болады.  Тіл  бірліктерінің  көпшілігінің 
бойындағы  лексикалану  үрдісінің  ізін,  бары- 
сын  байқау,  реконструкциялау  қиын.  Осындай 
ұлттық  сипатқа  ие  болу  жағдайы  туралы 
С.Исаевтің  Қарпатай  қоғыры  атауының  қалып- 
тасуына  байланысты  тұжырымдарына  көңіл 
аударған  жөн.  Бұл  ойларын  С.Исаев  Ы.Мама- 
новтың  Байжан  көл  атауының  даму  тарихына 
орай айтқандарын негіз етеді. Яғни Ы.Маманов- 
тың айтуынша, Байжан бай осы көлді жайлайды 
екен.  Оны  меншігіне  айналдырып,  жағасына 
жан  қондырмайды.  Содан  көл  Байжанның  көлі 
аталған.  Айтыла  келе  Байжанның  көлі,  содан 
кейін  меншіктілік  қатынас,  мағына  ұмытылып, 
тек атауыштық, номинативтік мағынаға ауысып, 
қазір  тек  Байжанкөл  болып  аталады  екен. 
С.Исаев  осындай  деректі  Қарпатай    қоғыр 
атауынан  да  іздейді.  Атау  Қарпатай  атты  кісіге 
қатысты  туған.  Ол  ауылдың  маңындағы  қоғыр- 
дан  бірнеше  жыл  қатарынан  шөп  шабады,  сол 
арқылы  аты  жоқ  қоғырды  (жер)  жұрт  Қар- 
патайға  меншіктеп,  Қарпатайдың  қоғыры  деп 
атап  кетеді.  Жүре  келе  Қарпатай  қоғыры  ата- 
лады  да,  меншіктік  мағына  жойылып,  тіркес 
атауыштық  мəнге  ауысып,  Қарпатай  қоғыр 
түріне  келеді [5, 170-171]. С.Исаев  бұны 
изафеттік дамуымен байланыстыра қарайды.  
Сөйтіп  лексикалану  үрдісі  баяу  жүретін, 
көбіне  белгілі  қоғамдық  тарихи  оқиғаларға, 
күнделікті  қарым-қатынастағы  ұғымдарды  қо- 
лайлы  қолдану  мақсатына  байланысты  туын- 
дайды,  сондықтан  тіл  бірліктерінің  бір  ұғым 
атауына  бірбүтін  атауға  айналуының  жеке 
тілдік,  ұлттық  сипаты  болады.  Мұндай  ұлттық 
когнитивтік  базаның  өзегі  болып  саналатын 

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010 
 
112
жер-су  атауларының  біразы  прецеденттік  атау- 
лар  жүйесін  құрайды.  Бұларда  ұлттық-мəдени 
қауым  өкілдеріне  жақсы  таныс  ықшамдалған, 
феномендік  сипаттағы  білімдер  жиынтығы  бо- 
лады.  
Қазақ  халқының  басынан  өткен  сан  қырлы 
тарихы прецеденттік атаулардың да сан алуанын 
қалыптастырған.  Мысалы:  Қазығұрт,  Жетісу, 
Сарыарқа,  Оқжетпес,  Бурабай,  Көктөбе, 
Отырар, Түркістан, Баянауыл, Жасыбай т.б. 
Прецеденттік  атаулар  қатарына  прецедент- 
тік топонимдер де жатады жəне олардың басым 
бөлігін антропонимдер, поэтопонимдер, ароним- 
дер  құрайды [6,50] – деп,  Қ.Рысбергенова 
оларды төрт топқа бөліп қарастырады. Сонымен 
қатар  бұл  мəселе  Т.Жанұзақов,  Г.Мадиева  т.б. 
еңбектерінде  лингвокогнитивтік,  лингвомəдени 
табиғаты  жағынан  сөз  болып  жүр.  Прецедент- 
тік  атау  белгілі  халық  тарихында  үлкен  орын 
алатын,  өнеге  үлгі  болатын  оқиға  негізінде 
жасалады  да,  халық  жадында  ұзақ,  шексіз 
сақталады.  Олардың  бойындағы  танымдық, 
ұлттық  мəдени  ақпарат  өзекті  болғандықтан, 
қолданыста  қайталанып,  жаңғырып  отырады. 
Мысалы,  ...  Баянауыл  жері – Павлодар 
облысының  тең  жартысы.  Найзатастың  сол 
жағында  шілікті  өзек  бар-ды.  Нұрқат  атына 
мініп  қуғанша  Керегетастың  арасына  сіңді  де 
кетті. Не Ақбеттаудан, не Сабандыкөлден бір 
леп,  не  ызың  сезілмейді:  Сабандыкөл  түбіндегі 
Найзатас  пен  Жасыбай  көлінің  маңындағы 
Керегетасты  орнатып  көрші.  (З.Шашкин)  Бұл 
атаулардың  əрқайсысының  пайда  болу  жолы, 
себебі  бар,  ол  белгілі  жағдаят,  оқиға  болуы  да, 
соның  негізінде  айтылым-мəтін  құралуы  да 
мүмкін.  Сонда  атау  номинация  нəтиже  болып 
табылады. Атау арқылы жағдаяттан туған мəтін 
жаңғырады,  өйткені  халықтың  когнетивтік 
санасында сол ақпарат-бейне сақталады. Қазіргі 
күні кей атаулардың формасы өзгеруі де мүмкін. 
Ол  күрделенудің  өту  үрдісіне  байланысты 
болады.  Мысалы:  Біздер  Екібастұз  қаласынан 
оңтүстік  шығысқа  қарай 90 шақырымдай 
Жаңажол  елді  мекеніне  қарасты  əйгілі  ақын, 
жиһанкез-саяхатшы,  фольклор  жинақтаушы, 
дала  данасы,  көріпкел,  болжампаз,  шежіреші, 
ғұлама  Мəшһүр  Жүсіп  Көпеевтің  Ескелдідегі 
бұлағына  таяқ  тастам  жердегі  қонысына  ат 
басын  тіредік («ҚƏ,  №636 /2874, 10.04.2009). 
Бұл  мəтінде  бірнеше  жер-су  атауы  бар. 
Солардың  ішінде  Ескелді  топонимиялық  атауы 
ғалым  С.Негимовтің  түсіндіруінше,  халықтың 
«иесі келді» деген қуанышты хабарынана туған. 
Бұл  Мəшһүр  Жүсіптің  əулие  танылған,  атағы 
дүрілдеп  тұрған  кезі,  сондықтан  елінің 
ризашылық,  тəубашылық  эмоциясы  ие  болған. 
Халық оны ес тұтқан, ие санаған, тірек, сүйеніш 
еткен. Ассоциация өзегі – осы. «Ескелді» атауы 
басқа жерлерде де, далаларда кездеседі, олардың 
да  осындай  ұлттық  танымға  негізделген  уəжі 
болуы  сөзсіз.  Ескелді  атауының  формалық 
өзгерісін  күрделену  үрдісінің  өтуімен  байла- 
ныстыруға болады.  
Прецеденттік атаулар феномендік сипаттағы 
ментальдік  құрылымдар – ментафактілер  ар- 
қылы көрініс табады [6,44].  
Қазақ жер-су атауларына зер сала қарағанда, 
оларды  жасауға  белсене  қатысатын,  атауыштық 
қызмет  уəжін  нақтылай  түсетін  компоненттер 
қатарына:  тау,  тас,  көл,  қыр,  сай,  төбе,  адыр, 
бұлақ, арқа т.б. жататынын көруге болады. Жер-
суды  атаудың  өзіндік  ерекшелігі  бар.  А.Арыс- 
баевтың  пайымдауынша,  орфографиялық  ныса- 
наларды  атаудың  ерекшелігі,  алдымен,  жер 
бедерінің ең ұсақ нысаналарына дейін атауға ие 
болуында, екіншіден, əр орфографиялық нысан- 
ның түрі немесе тегі əр қырынан сипатталуында 
[7,16].  Əр  түрлі  қырларына  түр-түс,  тұрпат, 
мөлшер,  пайдалы,  ерекше  қасиеттері  т.б.  жат- 
қызылады.  Осы  қатарға  əр  алуан  оқиға, 
жағдаяттарды  да  қосуға  болады  (Оқжетпес, 
Қалмаққырған,  Əушекөл  т.б).  Сол  себепті  тіл 
білімінде 
прецеденттік 
атаулар 
қатарына 
прецеденттік  есім,  прецеденттік  жағдаят, 
прецеденттік  мəтін,  прецеденттік  айтылым 
енеді [8,17].  
Жер-су  атауларының  бəрі  бірдей  преце- 
денттік  феномин деңгейіне жете  бермейді. Пре- 
цеденттік дəрежесіне жету сол таңба бойындағы 
ақпарат  мазмұнының  мəнділігіне  байланысты. 
Прецеденттік  атаудың  мазмұнына  сыйғызылған 
ақпараттан оның ұлттық мəдени мəнінен туады. 
Олай  болса  жер-су  атаулары  қатарындағы  пре- 
цеденттік  феномендердің  жасалуында  мазмұн 
басты орын алады деуге болады.  
«Жер-судың аты – тарихтың хаты» демекші, 
бойына  тарихтың  қатпар-қатпар  қойнауынан 
сыр  сақтап  жатқан  көнекөз  атаулар  қазақ 
жерінде  көптеп  саналады.  Солардың  ішінде 
күрделену  арқылы  жасалғандарының  жөні 
басқашалау. Бұлардың прецеденттік феномендер 
қатарын  құрайтындары  күрделі  атаулардың 
ерекшелігінің бір қыры болып табылады.  
___________________ 
1.  Салқынбай  А.  Тіл.  Таным.  Білім. – Алматы: 
Эверо, 2008. – 140б. 
2.  Қасым  Б.  Сөзжасам:  семантика,  уəждеме. – Ал- 
маты,  2003. – 167б.  
3.  Уəлиев  Н.  Қазақ  сөз  мəдениетінің  теориялық  не- 
гіздері: Филол. ғыл. докт. дəрежесін алу үшін дайындалған 
диссертация.Алматы, 2007. – 329б. 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010 
 
113
4.  Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер: уəждеме 
жəне аталым. – Алматы, 2001. – 183 б. 
5.  Исаев  С.  Қазақ  əдеби  тілінің  Совет  дəуірінде 
дамуы. – Алматы: Мектеп, 1973. – 195б. 
6.  Рысберген  Қ.Қ.  Қазақ  топонимиясының  лингво- 
когнетивтік  жəне  этномəдени  негіздері.  Филол.  ғыл.  докт. 
дəрежесін  алу  үшін  дайындалған  диссертация. – Алматы, 
2010. – 255б. 
 
 
 
 
 
 
7.  Арысбаев  А.  Қазақ  топонимдерінің  кумулятивтік 
қызметі.  Филол.  ғыл.  канд.  дəрежесін  алу  үшін  дайын- 
далған диссертация. – Алматы, 2005. – 111б. 
8.  Керимбаев  А.Е.  Названия  сакральных  географи- 
ческих объектов // Тілтаным, 2003. №4. стр. 89-91. 
9.  Манкеева  Ж.  Қазақ  тіліндегі  этномəдени  атау- 
лардың  танымдық  негіздері. – Алматы:  Жібек  жолы,  
2003.                                

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет