«Қиын»балаларменжҧмыстыҧйымдастырудышарттытҥрдекелесі жолмен ҧйымдастыруға болады: -Жасӛспірім ӛсіп жатқан отбасын мұқият зерттеу. Осы жағдайға қалай түскендігі және жағдайдың тууына себеп болған жағдайларды анықтау;
-Отбасымен, сонымен бірге жасӛспіріммен сенімділік аясында ӛзара жағымды қарым –қатынас орнатып, түзелуге мүмкіндік беру және олардың арына, намысына тимеу;
-Стереотиптердің кҥресу уақыты. Бір жағынан дұрыс кӛзқарас қалыптасып, жақсыға ұмтылу пайда болады, ал екінші жағынан қалыптасып қалған санадағы ӛзгертуі қиын «ештеңе істемеушілік» сезімі бас кӛтеріп тұрады. Сондықтан да жақсылыққа ұмтылу қасиеті , қалыпты тәртіп ережелерін сақтау адамның ӛзінің ішкі қажеттілігінен туу қажет екендігін ескерсек, осы бағытта да жұмысты ұйымдастыру ауадай қажет. Әдетте,
жасӛспірім мен оның ата-анасының санасына әсер ету арқылы олардың іс- әрекетін, белсенділігін дұрыс жолға бағыттаған жағдайда бұл жұмыс табысты болады;
-Бекіту кезеңі. Бұл кезеңде «қиын» оқушының іс-әрекетінде жағымды динамикалық ӛзгерістердің болуы, ӛзге құрбы- құрдастарымен толық қарым- қатынас орнатуы айтарлықтай кӛзге түседі, яғни, байқалады.
«Қиын» балалардың шын мәнінде ӛзге сыртқы әсерлерге тез еліктеп кететін әлсіз тұлғалар екенін ескерсек, олармен қарым- қатынас орнатуды алдымен оның айналасындағылармен танысудан бастаған жӛн. Осылай сіз оның қызығушылықтарын, кейбір әдеттерін біле аласыз, әрі жасӛспірімді сол оған кері әсер ететін ортадан алып шығу үшін нақты қадамдар жасай аласыз. Сонымен бірге құрбы-құрдастары, ӛзінен үлкен оқушылардан, ата-аналары тарапынан келетін жағымсыз ықпалдарға тәуелді, яғни, ықпалдар алдында әлсіз басқа да жасӛспірімдерді байқайсыз.
Осы міндеттерді шешуде, дер кезінде тӛніп келе жатқан
қақтығыстықжағдайболмасҥшінкелесішаралардыӛткізуқажет: а) отбасындағы микроортаны зерттеу (отбасы мүшелері арасындағы ӛзара қарым-қатынас деңгейі, жасӛспірімге кері әсер етуші тұрмыстық, материалдық жағдайларды анықтау);
-аулада, кӛшеде (кӛшедегі достарының әсер етуі, бейресми топтарға қатысу)
-сыныпта, мектепте (сыныптастарының арасында тұлғалық алатын орны, беделі);
б) педагогикалық консилиум ӛткізу, жасӛспірімнің пәндерге қызығушылығын білу, бағдарлама бӛлімдері бойынша білім, білік, дағдыларын анықтау, психикасының, мінез-құлқының ерекшеліктерін білу, бейімдері мен әдеттерін білу, зиянды әдеттерге бейімділігі туралы және денсаулығы туралы ақпаратты білу;
в) зиянды әсерлерді жоюдың мүмкіндіктері туралы, қоғамға жат іс- әрекеттердің алдын алу, жағымсыз мінез-құлықты жӛндеу, ӛзгерту, жағымды, дұрыс тәртіптерді, іс-әрекеттерді қалыптастыру туралы нақты шешімдер шығару.
Екіншіден, белгілі бір уақытта шешілуге тиісті оқушымен жүргізілетін жеке жұмыстың нақты міндеттерін анықтау. Қойылған міндеттерді жүзеге асыруда келесі әдістемелік нұсқауларды басшылыққа алу қажет:
-үнемі сабаққа қатысуын бақылап отыру және ата-анасына хабарлау;
-жасӛспірімді үнемі қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатыстыру, мектептің қоғамдық жұмыстарымен айналысуға міндеттеу;
-нақты оқушылардың ақпаратты қабылдауына негізделген сынып сағаттарын, жиналыстар ӛткізу;
алдын –ала ойластырылған тақырыптар аясында жасӛспірімдермен жүйелі түрде жеке әңгімелер жүргізу, жағымды, ӛзара түсіністікпен әңгімені қалыптастыру үшін және сол уақыттағы жасӛспірімнің психологиялық жағдайын ескере отырып, оның назарын аудару мақсатында әңгіме ұйымдастыра білу;
жасӛспірімді сыныптан тыс, мектептен тыс тәрбиелік шараларға кірістіру, оның осы сабақтарға, үйірмелерге, секцияларға қатысуына назар аударып отыру;
жасӛспірімдерді мақтау, мадақтау арқылы жағымды эмоцияларды қалыптастыру (алғыс білдіру, туған күнімен құттықтау);
отбасындағы ахуалды үнемі бақылап отыру және ата-анаға әсер етудің барлық әдіс-тәсілдерін қолдану;
-жалпы оқу қоры есебінен материалдық кӛмек кӛрсету ( қажет болған жағдайда), сонымен бірге басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік құрылымдар есебінен де кӛмек кӛрсету;
-оқушының тәрбиесімен айналысушы барлық тұлғалармен, барлық педагогтермен, тәлімгерлермен үнемі байланыс жасап, ақпарат алмасып отыру;
Егер оқушы ІІБ есепте тұрған жағдайда бұл жұмысқа жүйелі түрде жасӛспірімдер ісі бойынша инспекторлар да тартылады.
«Қиын» жасӛспірімдермен жұмысты ұйымдастыруда мектеп директорының оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасарлары да үнемі жеке кӛмек кӛрсетеді. Бұл шараларға сыныптың, мектептің оқушылар ұжымы, жастардың қоғамдық ұйымдары да тартылады.
«Қиын» жасӛспірімдермен жекеленген жұмыстарды ұйымдастыруда келесі педагогикалық әдіс-тәсілдер қолданылады:
-достық, тең дәрежедегі байланысты орнату;
-кәсіби бағдар бойынша әңгімелесу;
-оқушының достарымен танысу;
-демалыстарды бірге ӛткізу, бос уақытын ұйымдастыруға кӛмектесу;
-пайдалы іске бағыттау және осы істе мектеп инспекторымен бірге сынып жетекшісі де қатысады;
-жасӛспірімнің мінезіндегі, іс-әрекетіндегі жағымды да, жағымсыз да фактілер болса, ол туралы ақпаратты үнемі ата-аналарына жеткізіп отыру.
Параллель сыныптар арасында, оқу топтарында оқушылармен құқықтық, ішімдік, есірткі құралдарын пайдаланудың, ӛрт қауіпсіздігінің, жол-кӛліктік жарақат алудың алдын алу тақырыптарында әңгімелер жүргізу қажет. Оқушылардың жасаған қылмыс, құқық бұзушылық әрекеттері де ескерту мақсатында басқа оқушыларға жеткізіліп отырылуы керек.