Кенжебаева Сəуле Сағындыққызы биотехнологиядағЫ Қазіргі əдістер



Pdf көрінісі
бет49/78
Дата27.12.2022
өлшемі5,04 Mb.
#59924
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   78
3.10. Нуклеин қышқылдарының 
құрамындағы санын анықтау 
Нуклеин қышқылының құрамын ДНҚ ертіндісінің ультракүлгін 
оңтайлы тығыздығы 260 нм (Д
260
) болғанда, спектрофотометрия əдісі 
арқылы анықтайды. Пиримидиндік жəне пуриндік негіздерде 255 жəне 
260 нм оптикалық тығыздығы максималды сіңіру (шың) болады, бұны 
НҚ құрамындағы санын анықтауға болады. Белоктардың оптикалық 
тығыздығының шыңы 280 нм-ге сəйкес келеді, бұл тирозиннің жəне 
триптофанның қатысуымен жүреді. Егер ДНҚ ертіндісінің оптикалық 
тығыздығының қатынасы 260 нм жəне 280 нм өлшесе, НҚ дəрі-
дəрмектерде 1.5 есе көбейе бастаса, онда НҚ дəрі-дəрмегі белоктардан 
жақсы тазаланған деп есептеледі. Егер бұндай қатынас алынбаса, онда 
белоктардан тазалаудың фенолды/хлороформ экстракциясын қолдану 
арқылы тазалауды ары қарай жалғастыру керек. 
Алынған НҚ дəрі-дəрмек құрамындағы нуклеин қышқылдарының 
санының мөлшерін анықтау үшін, сумен 50-100-есе сұйылту қажет.
НҚ концентрациясы келесі формулалармен есептеледі: 
ДНҚ = Д
260нм
х 50 х сұйылту факторы, мг/мл 
РНҚ = Д
260нм
х 50 х сұйылту факторы, мг/мл 
Олигонуклеотидтар = Д
260нм
х 30 х сұйылту факторы, мг/мл


124
3.11. Нуклеин қышқылдарының сутектік байланыстары жəне 
оның құрылымын талдау
 
In vivo- жəне vitro жағдайдағы нуклеин қышқылдарының сипаты 
көбіне табиғи сутектік байланыстың мықтылығына байланысты бо-
лып келеді. ДНҚ-ны азырақ қыздыру, мысалы, қос спираль арқылы 
бөлген кезде оралады жəне денатурацияланады. Қоспаны аздап суы-
та бастағанда, ДНҚ молекуласының комплементарлы бір тізбегі қайта 
қос тізбекті спираль түріне келіп, реассоциацияланады. Молекулалық 
құрылымның спектрофотометрдегі ДНҚ ерітіндісінің оптикалық 
тығыздығы 260 нм (Д
260
) бұлай өзгеруін бақылауға болады. ДНК-ның 
денатурациясы мен оралымы кезінде оның оптикалық тығыздығы 
күшейеді. Екі əртүрлі ДНК-ның жүзу кескіні 3.1-суретте көрсетілген. 
Əрбір қисықтың ортасындағы нүкте ДНК-ның жүзу температу-
расымен сəйкестендіріледі (Тт). Бұл нүктеде барлық молекуланың 
50% реассоцияленген, ал қалған жартысы жоқ. Молекула құрамында 
Г ≡ С жұбы көбірек кездесетін жағдайда, А ≡ Т кездесетін молекула 
құрамымен салыстырғанда жүзу температурасы жоғары, себебі оларда 
қосымша сутегі байланыстары бар. 
3.1-сурет. ДНҚ ерітіндісінің оптикалық тығыздығы температура өсіміне 
байланысты (гиперхромный эффект). Қисық Г ≡ С жұптың мөлшері 
əртүрлі ДНК дəрi-дəрмектерына тəн. Балқу температурасы 
молекулаларда (Т
макс
) 83°С-тің, Г ≡ С жұбының мөлшері үлкен 
(У. Клаг, М. Каммингс, 2007)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет