Зерттеуге ұсынылатын негізгі қағидалар:
1. Болашақ педагог- психологтың диагностикалық құзыреттілігі- қоғам үшін аса маңызды білім беруді тиімді ету үшін оқу-тәрбие үдерісінің алғы шарттарын, жағдайын және нәтижесін талдауға, жеке тұлғаның даму мәселелерін, оның біліміндегі олқылықтар мен себептерін сауатты анықтауға, соның негізінде оқытудың мазмұны мен әдістерін дұрыс таңдауға бағытталған білім және құндылықты қатынастар бірлігі.
2. Жоғары білім беру жүйесінде болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың психологиялық аспектісі ішкі мотивация, тұлғалық рефлексия ұстанымдарының кешенді қолданылуымен қамтамасыз етіледі.
3. Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру моделі: бір-бірімен тығыз байланыстағы құндылықты мотивациялық, мазмұндық, процессуалдық, рефлексивті компоненттер жүйесінен тұратын, төмен, орта, жоғары деңгейлері анықталған модельге сәйкес, дайындық, негізгі, қорытынды кезеңдермен жүзеге асырылуы ойластырылған құрылым болып табылады.
4. Педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудағы оқушылардың оқу үлгермеу себептерін анықтау іс-әрекеттері, оқытуды өнімді ету бағытындағы бағдарлы жұмыстарды: оқу материалдары, ұйымдастыру-педагогикалық ықпалдар, оқушының оқуы, уақытты диагностикалауды жүзеге асырумен,алған нәтижелерінің себеп-салдарын айқындаумен, заманауи тәсілдерді қолдана білуімен қамтамасыз етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |