Жұмыстың ғылыми тәжірибелік маңыздылығы. Диагностикалық құзыреттілікті дамытудың теориялық моделі және әдістемесі, магистрлік диссертация қорытындысының ғылыми жаңалығы ретінде болашақ педагог-психолог мамандарының диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру жүйесін жетілдіруге бағытталуы үлкен мәнге ие. Сондай-ақ, зерттеуді жүргізу барысында төмендегідей нәтижелерге қол жеткізілді:
болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігінің психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі зерттелу деңгейі айқындалады;
болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориялық моделі жасалынды.
болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру аясында оқытуды өнімді етуді дианостикалау әдістемесі жасалып, тиімділігі тәжірибеде сынақтанөткізілді;