"Керуен" ғылыми журналы №1 (74) 2022 issn: 2078-8134


"Керуен" ғылыми журналы №1 (74) 2022 ISSN: 2078-8134 | elSSN: 2790-7066



Pdf көрінісі
бет11/19
Дата18.05.2023
өлшемі383,5 Kb.
#94502
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Байланысты:
Рукопись

"Керуен" ғылыми журналы №1 (74) 2022 ISSN: 2078-8134 | elSSN: 2790-7066

44 
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты "Керуен" | 1 (74) 2022
мыз» (Қосан, 2012: 100), – деп С.Қосан тұжырымдағандай, бұл шығарманың кейіп-
кері қатты қиналған кезде таяныш пен тиянақты діннен іздеп, дүниеден баз кешіп 
кетеді. Ал «Қыз көреліктегі» оқыған-тоқығаны мол білімді бойжеткен үш жігіттің 
бетін қайтарып, ұнатқан адамының етегінен ұстайды. «Тотынаманың» аталған 
әңгімесінде жаратқанға мойынсұнуға ден қойылса, Т.Жомартбаев романының сю-
жеті ағартушылық сипатқа негізделеді. 
Жалпы, «Тотынама» мен «Қыз көрелік» оқиғаларының едәуір айырмашылығы 
бар екенін айтуға тиіспіз. Нахшаби шығармасында «Қыз көрелік» пен «Айна-
тарақтағы», сондай-ақ қазақ-қырғыз ертегілеріндегі секілді әлдеқайдан сиқырлы 
үш зат алып келіп, солардың көмегіне жүгіну сарыны атымен жоқ. Түрлі жолмен 
келіп бойжеткеннің шаңырағында бас қосқан үш жігіт құсадан өлген қызды тірілтуге 
бірден кірісіп кетеді. «Тотынамада» ғажайыптар әлемімен астасқан фантастикалық 
шешімнен гөрі табиғи талпыныс пен ғылыми тұжырымды дәріптеуге ден қойылған. 
Жігіттер тез қимылдап, денесі суып үлгермеген қыздың қанын қыздырып, емдік 
амалдарды, қасиетті сусынды қолданып, өмірге қайта оралтуға тырысады. Әрине, 
бұдан бұл әңгімеде қиял дүниесі мүлде жоқ деген ұғым тумауға тиіс. Қыздың өліп-
тірілуінің өзі нағыз ғажайыптар ғаламатын танытатын элемент екендігіне дау жоқ. 
Бәрібір «Қыз көрелікке» қарағанда «Тотынаманың» сюжеті өмірге анағұрлым жақын. 
Осы тұрғыдан алғанда, тіпті қызға жасалған емдік шаралардың өзін халықтың шипа-
герлік тәжірибесінің бір көрінісі ретінде қарастыруға болады. 
Өз зерттеуінде «Тотынама» мен «Айна-тарақтың» ұқсастығына және 
айырмашылығына жан-жақты тоқталған С.Қосан: «Бұл дастанның басты сюжеттік 
желісі «Тотынаменің» өзінен емес, оның кейінірек аударма күйінде өңделіп, тың 
эпизодтар мен сарындар сіңірілген ортаазиялық не түркиялық нұсқалардан алыну 
мүмкіндігін де жоққа шығара алмаймыз. Ал осы нәзиралық үлгілердің өз кезегінде 
парсылық сюжетке жаңа ұлттық яки жергілікті мотивтерді енгізетіні күмәнсіз. «То-
тынаме» мен Базар дастанының сюжеттік жүйесін салыстырғанда әр түрлі халықтық 
нұсқалар мен эпосқа тән вариациялану, даму құбылыстарын, сондай-ақ жеке ақынның 
шығармашылық қолтаңбасын есте ұстағанды ұмытпаған жөн» (Қосан, 2012:19), – 
деп қорытады. Бұл пікір негізсіз емес. 
«Айна-тарақтың» сюжеті «Тотынамадан» тікелей алынбағанына, біршама 
өзгеріске түскен кейінгі нұсқалар арқылы келгеніне дау жоқ. Біздің ойымызша, түрлі 
жолдармен шығыс елдерінен жетіп, қазақ ертегілеріне сіңген хикаялар Базар да-
станына арқау болуы мүмкін. Ақын шығармасының оқиғасы барлық ертегілердегі 
секілді жақсылықпен аяқталуы, соңғы жағында жұп құрағандардың бақытқа кенелуі 
осыны аңғартады. Оның үстіне Базар сол ертегілердегі сюжеттің желісінен аса көп 
ауытқымай, оны келісті көркем туындыға айналдырған. 
Тағы бір айта кетерлік мәселе, бұл сюжет «Тотынаманың» түрлі нұсқаларының 
өзінде бірқатар өзгеріске түскен. Қытай қазақтары арасына тараған «Тотынаманың» 
(Ғабдулқалам Файзыханұлы әзірлеген кітап) отыз төртінші тарауында баяндалған 
«Хорасан еліндегі бір оқымыстының әңгімесі» деген хикаядан осы сюжеттің 
сәл түрленгенін байқаймыз. Бұл «Тотынама» сюжетінің Нахшаби «Тотынама-
сы» сюжетінен аздаған айырмашылығы бар. Біріншіден, мұнда қыздың (Жәмилә) 
және жігіттердің (Нажип, Зариф, Назиф) нақты есімдері көрсетіледі. Екіншіден




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет