"Керуен" ғылыми журналы №1 (74) 2022 issn: 2078-8134


"Keruen" scientific journal №1 (74) 2022 ISSN: 2078-8134 | elSSN: 2790-7066



Pdf көрінісі
бет12/19
Дата18.05.2023
өлшемі383,5 Kb.
#94502
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Байланысты:
Рукопись

"Keruen" scientific journal №1 (74) 2022 ISSN: 2078-8134 | elSSN: 2790-7066
1 (74) 2022 | "Keruen" M.О. Auezov Institute of Literature and Art 
 
45
жігіттердің бірі қызды алдыңғы нұсқада алдымен қанын қыздырып, қасиетті сумен 
немесе шөппен емдесе, кейінгі нұсқада денесін ұрғылап, яғни төмпештеу арқылы 
ғана жан салады (Тотынама, 1987:187). Ғ.Файзыханұлы нұсқасынан Нияз Тобыш 
аударған «Хорасан еліндегі бір тақуаның әңгімесі» деген хикаяның да (Тотынама, 
2005: 109-112) бұдан ешқандай айырмашылығы жоқ. 
Шығыстанушы О.Акимушкиннің зерттеуі бойынша «Тотынамаға» негіз болған 
шығарманың бірі делінетін Имад ибн Мухаммад ан-Нааридің «Түнгі жауһарлар» («Джа-
вахир ал-асмар») хикаяттар жинағында он тоғызыншы түннің әңгімесі ретінде баян-
далатын сюжет ең алдымен көркемдігімен ерекшеленеді. Бұл хикаяда кейіпкерлердің 
жан дүниесі мен ішкі толқынысын бейнелеуге баса мән берілген. Хинд қаласын 
мекендейтін тақуаның қажылыққа аттануы, жалғыз қызын күйеуге беру мәселесін 
бала-шағасына тапсырып кетуі, бір емес үш күйеу жігіттің табылуы, сол үшеуінің 
өліп-тірілген бойжеткенге таласып, әбден шырғалаңға түсуі көптеген нұсқаларға 
қарағанда әсерлі суреттеледі. Жалпы, «Түнгі жауһарлар» мен «Тотынаманың» осы 
сюжеті бір-біріне өте ұқсас. Дегенмен, оқиғаның түзілімі барысындағы бірқатар 
айырмашылықтар да аңғарылмай қалмайды. Біріншіден, бүкіл елдің әңгімесіне қалып, 
құсаға батқан қыздың тап болған дертінің жай-жапсары нақтырақ баяндалады. Жұрт 
«көкірегі шаншып, демі тоқтап, қаны жүрмей қалған» бойжеткенді жылан шағып 
алған екен деп ойлайды (Имад ибн Мухаммад, 1985: 183). Екіншіден, орталарындағы 
дәрігер жігіт көрден шыққан қызды таяқпен немесе қамшымен сабап айықтырудың 
жолын айтқанда қазып алған жігіт «оны таяқтағанша, мені сабаңдар» деп қарсылық 
көрсетеді. Үшіншіден, емші жігіт осы тәсілді өзінің ұсынғанына қарамастан, қызды 
белдікпен соққылап жан салған жігітті қатігез деп кінәлайды. Яғни, бұл нұсқада адам 
мінез-құлқының ішкі қайшылықтары шиелене түседі. Төртіншіден, бойжеткеннің ой-
санасы арқылы «Ақыл таразына салсақ, әлемдегі барлық әйелдің бір-ақ күйеуі бола-
ды. Үш күйеудің болуы сондай жиіркенішті нәрсе» (Имад ибн Мухаммад, 1985: 185), 
– деп тиянақты тұжырым жасалады.
Бір назар аударарлық дерек, «Тотынаманың» көптеген нұсқасында көрініс тапқан 
осы сюжет Сайид Хайдар Бахш Хайдаридің урду тілінде жазылған «Тотының 
әңгімелері» хикаяттар жинағында жоқ. Автор аударма жасай отырып, шығарманың 
жаңа әдеби нұсқасын әзірлегенде қысқартып жіберген сюжеттерінің қатарында кетуі 
мүмкін. 
Оның есесіне бұл сюжеттің алғашқы нұсқалары ежелгі үнді аңыз-әфсаналарынан 
тамыр тартатын «Веталаның жиырма бес әңгімесінде» («Веталапанчавимшати») бар. 
Бір қызға үш жігіттің ғашық болып, таласқа түсуі ежелгі әдеби ескерткіштің екін-
ші әңгімесінде көрініс тапқан. Сюжеттің қысқаша мазмұны, кейіпкерлердің әрекеті, 
оқиғаның дамуы осыны айғақтайды. Калинди өзенінің жағасындағы Брахмапура 
қаласын мекендейтін Агнисвамин деген брахманның Мандаравати деген қызына 
үш жас брахман таласады. Әкесі қызын осы үш жігіттің қайсысына берерін білмей 
басы қатып жүргенде Мандаравати өмірден өтеді. Жігіттер бойжеткенді өлгенде де 
тыныш жатқызбай, әрқайсысы өз бетінше әрекет жасайды. Бірінші брахман денесі 
өртелген сүйіктісінің күлін өзінің үстіне сеуіп, шашын бұрым етіп өріп, ел кезіп ке-
теді. Екіншісі қыздың сүйектерін жинап алып, киелі жерлерге аттанады. Үшіншісі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет