136
жҧмыртқаны 4,5 ... 5,5 минут, қатып пісірілген жҧмыртқаны 8
... 10 минут пісіреді.
Шала пісірілген жҧмыртқада ақуыз жартылай жиырылған,
ал сарыуыз – сҧйық, «қаптағы» жҧмыртқада – жартылай
сҧйық сарыуыз және толық жиырылған ақуыз, қатып
пісірілген жҧмыртқада – ақуыз да, сарыуыз да қатты болады.
Жҧмыртқаны қабығымен пісіргеннен басқа, жҧмыртқаны
қабықсыз да пісіру әдісін қолданады: суға сірке суы мен тҧз (1
литр суға 50 г. 3%-дық сірке суын және 10 г. тҧз) қосады, су
қайнағаннан кейін дереу жҧмыртқаны шағады. «Қаптағы»
жҧмыртқаны шамамен 3 ... 3,5 минут пісіреді.
12.2.3.
Пісірілген жҧмыртқадан әзірленетін тағамдар
Шала пісірілген жҧмыртқа. Жҧмыртқаны қайнаған судан
шығарады, олар қатты пісіп кетпеу ҥшін 1 минут уақытқа
суық суға салады.
Жҧмыртқаны ыстық кҥйінде майлық тӛселген тәрелкеде
немесе арнайы тіреуіші бар рӛмкеде 2 – 3 данасы беріледі.
Бӛлек нан, сары май, тҧз береді.
«Қаптағы»
жҧмыртқалар
(қабықтағы).
Қабығы
аршылмаған жҧмыртқаны шала пісірілген жҧмыртқа сияқты
береді. Қабығы аршылған жҧмыртқаны тҥрлі тағамдар әзірлеу
ҥшін пайдаланады.
«Қаптағы»
жҧмыртқалар
(қабықсыз).
Дайын
жҧмыртқаны ожаумен суық, сәл қышқылдау суға салып,
пайдаланғанға дейін сақтайды.
Тағам әзірлемес бҧрын жҧмыртқаны осы суда немесе
сорпада, алдын ала ақуыздың артығын кесіп тастап
жылытады. Осындай жҧмыртқаны кӛбінесе ет немесе балық
ӛнімдерін, жеміс пен аскӛк қосылған ыстық және суық
тағамдарын әзірлеу ҥшін пайдаланады.
Мысалы, сәбізден, асқабақтан, кәдіден, саумалдықтан езбе
әзірлеп, оны сҥт тҧздығымен араластырады; спаржаны, ҥрме
бҧршақтың қабығын, гҥлді және брюссельді қырыққабатты
кішкентай кесектерге турап, пісіреді, май және сҥт
тҧздығымен араластырады.
Ӛнімдерді қабатты және тәтті қамырдан пісірілген себетке
салады, әрбір себеттің ҥстіне жҧмыртқа салып, томат, қызыл
шарапты, шаян тҧздығы, ал суық тағамдарға майонез
қҧйылады.
Достарыңызбен бөлісу: |