Жемістер консервіленген банкаларды жылы сумен әбден
жуып, таза сҥлгімен сҥртіп,содан соң барып ашады.
Кілегей мен қаймақты тәтті тағамдар жасар алдында
шайқап алады. 35%-тік майылықтағы кілегеймен, -36% -тік
майлылықтағы қаймақ жақсы шайқалады. Ӛнімдерді салқын
жерде шайқаған дҧрыс.
Тәтті тағамдарды жасау барысында хош иістендіргіш және
дәмдеуіш заттардың кӛп тҥрлері – ванилин, даршын, цитрусты
жидектердің қабықтары, лимон қышқылы, кофе, какао, шарап
және т.б қолданылады.
14.4. Табиғи жеміс-жидектерден, бақша-десертті жидектерден тағамдар әзірлеу Табиғи тҥрде ҧсынылу ҥшін, піскен, сапалы жемістер
таңдалады. Оларды іріктеп, сабақтарын, лас қоспаларын алып,
ағып тҧрған суға тазалап жуады.
Алмаларды, алмҧрттарды, шабдалыларды, ӛріктерді, банандарды, жҥзімдерді десерттік тарелкамен немесе
сауытпен ҧсынады.
Шие, қызыл шие, қаражидек, қойбҥлдірген, таңқурай, мҥкжидектерді десертті
тарелкаға,
сауытқа
немесе
креманкаға салады және қҧмшекер немесе шақпақ қант
ҧнтағын себеді.
Қарбыз, қауынды жуады, бірнеше бӛлікке бӛледі;
қауыннан ҧрықтарды алып бӛлшектеп кеседі.
Апельсиндерді, мандариндерді жуады, қабығын аршып,
домалақ қылып немесе бӛліктерге бӛліп кеседі. Жидектерді
сауытқа салып, қҧмшекер немесе шақпақ қант ҧнтағын себеді.
Ананастың ҥстіңгі және астыңғы бӛлігін кесіп алып,
қабығын тік тіледі және оны ӛте мҧқият кеседі. Ӛзегін алып
тастап, домалақ етіп кеседі немесе 4 ... 5мм қалыңдықтағы
бӛліктерге бӛледі. Десерттік тарелкамен немесе сауытпен
ҧсынады,қҧмшекер немесе шақпақ қант ҧнтағын себеді
Қантсыз
мҧздатылған
жеміс
жидектер,
толықтай
ерітілмейді.
Оларды
алдымен
10...15
минут
бӛлме
температурасында ҧстайды, содан соң жуып креманкаларға
немесе сауыттарға қҧяды, қант шәрбатын қҧйып, 25...30
минутқа бҧқтырып қояды.
Қантпен мҧздатылған банкадағы жидектерді 10...15
минутқа жылы суға қойып қояды, содан соң сҥртіп ашады.
Жидектерден шыққан шәрбатты қайнап салқындатылған
сумен және әзірленген шараппен (шарапты ысыған ыдысқа
қҧяды, қақпақпен жауып шарапты қайнатып алып лезде
шәрбатқа қҧяды) араластырады. Осы қоспаны креманкада