Кәсіби білім беру тағам индустриясы л. З. Шильман аспаздық Ӛнімнің технологиясы


Тосап қосылған «Московский» бәліші



Pdf көрінісі
бет158/166
Дата20.01.2023
өлшемі2,01 Mb.
#62066
түріБағдарламасы
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   166
Тосап қосылған «Московский» бәліші. Ашытқы 
қамырды әзірлейді, массасы 500 г болатын тегіс немесе 
гофрленген формаларда пісіріледі. 
Ашық бәліш ҥшін қамырды шелпек ретінде жайып
майланған формаға орналастырып, шелпекке тосап жағады. 
Пісіру кезінде тосап ағып кетпеуі ҥшін шелпектің шеттері 
форма ортасынан сәл жоғары орналасуы қажет. Толық 
толықсудан кейін бәліш шеттеріне жҧмыртқа жағады.


185
 
Жартылай ашық бәліш ашық бәліш сияқты пішінделеді, 
бірақ шелпек ҥшін қамырдың
3
/
4
бӛлігі қолданылады. 
Қамырдың қалған бӛлігін қалыңдығы 3 ... 5 мм болатындай 
етіп жаяды және ені 1 см болатын жолақтар кесіледі. 
Формадағы қамыр ҥстіне тосапы салып, қамырдың жҧқа 
жолақтарын тор ретінде орналастырады. Толық толықсудан 
кейін қамыр жолақтарына жҧмыртқа жағады.
Жабық бәліш ҥшін қамыр ҥлесін тең бӛліп, екі шелпек 
жаяды. Бір шелпекті майланған формаға орналастырып, тосап 
жағады, екінші шелпекпен бетін жабады. Ҥстіңгі қабатына 
жҧмыртқа 
жағады. 
Қамырдың 
кесінділерінен 
пышақ 
кӛмегімен жапырақ, жҧлдыз ретінде әшекейлер жасалып, 
бәліш ҥстіне қойылады.
Бәлішті 220 ... 240 °С температура кезінде 10 ... 15 минут 
аралығында пісіреді.
Тҧтас қанылтыр табаға пішінделген бәліштерді 160 ... 180 
°С температура кезінде 40 ... 60 минут аралығында пісіреді.
Кәдімгі тоқаш. Тоқаштың ең кӛп тараған тҥрі – тәтті 
тоқаш. Ашытқы қамырды бӛліп, әрқайсысын ширатпаға орап, 
кейін ҥлестеп бӛлшектейді және шелпек ретінде жаяды. 
Шелпекті майлап, рулет ретінде орап, тегістейді, ҧзындығы 
бірдей болатындай етіп созылады, ҧштары бірінің ҥстіне бірі 
қойылып, жалғанады. Бҧдан кейін рулетті бір тоқаш ҥшін 
ҧзындығы бойынша екіге, екі жақты тоқаш ҥшін ҥшке 
бӛлінеді. Ӛнімге басқа пішін беруге болады.
Бӛлінген тоқаштарды кесу желісі бойынша майланған 
қабаттарға 
орналастырады. 
Қабаттарды 
тоқаштардың 
толықсуы ҥшін 50 ... 80 минутқа жылы жерге қояды. 
Толықсып болғанға 15 ... 20 минут қалғанда меланж жағады. 
Ӛнімді 200 ... 220 °С температура кезінде 12 ... 16 минут 
аралығында пісіреді.
Сонымен қатар мынадай тоқаштар пісіріледі: ванилді,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   166




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет