«Қара» - «күшті, екпінді, тегеурінді, дүлей». Мысалы: қара боран, қара жел,қара суық т.б.
«Қара»- «солтүстік», «терістік» бағыт-бағдарын білдіретін геосимволикалық мән. Мысалы: қара шапшаң, қара керей, қара қаңлы т.б.
«Қара» - аң төлінің , құс балапанының есейіп, ұшуға, жүруге жарап қалған шағына байланысты мағынысы: қара қанат, қара тырнақ, қара құлақ т.б.
«Қара» - «қарғыс, теріс бата». Мысалы: Ақ- дегені - алғыс, қара - дегені -қарғыс. Мақал
«Қара» - атауының басқа мағыналарына да осы тәрізді, түптеп келгенде, ғайыптан пайда болған емес, негізгі де номинативті «қара» түс мағынасының әр түрлі ситуацияларға сәйкес өз бойынан туындап, логикалық, уәждік, танымдық жүйе бойынша дамыған ауыспалы мағыналар. Бұл мағыналар тілдегі жүздеген, мыңдаған тұрақты тіркес құрамында қалыптасып, сематикалық бірлік ретінде қолданылып келеді. Мысалы, Ислам Айбаршаның «Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті (салыстырмалы-салғастырмалы лингвомәдени сараптама)» атты еңбегінен қара, ақ сөздерінің символдық мағынасына келесі мысалдарды таба аламыз: Көзінің ағы мен қарасы, аузынан ақ ит кіріп, қара ит шығу, қара шаңырақ, қара орман – «қасиетті», «үлкен» деген ұғымды берсе, қара жамылу, ниеті қара сияқты тіркестердегі қара сөзі «қайғы», «қаза», «жамандық» мағынасында жұмсалып отыр. Бұл жерден қара сөзінің қазақ мәдениетінде «қасиетті», «туған» деген мағынада қолданылатыны да байқаймыз. Мысалы, қара шаңырақ, қара хан және т.б. «... Әрине мұндай бинарлық бөліну әр мәдениетте ортақ әмбебап концептілер құрап, тілде көрініс табады. Сонымен қатар, бұрыңғы ата-бабамыздың киіз үй ішіне төр жаққа ақ пен қара түстi сырмақ төсегені де халқымыздың белгілі бір түстерге мән беретінін дәлел еткендей. Ол, төр – ақ пен қараның ара жiгiн ажырата алатын адамның орны. Төрде отырып, билiк айтқандар мемлекет билiгiне дейiн көтерiлген. Мұны Орхон-Енисей жазбасындағы «төр» сөзiнiң мемлекет мағынасында қолданылғанынан байқауға болады. Қазақта: «Едiл үйдiң - есiгi, Жайық үйдiң - жапсары, Түркiстан - ұлы төрiмiз» деген сөз бар. Бұдан не ұғамыз? Бұдан халқымыздың қасиеттi жерiн киелi киiз үйiндей қастерлейтiнiн ұғамыз. /5/. Келесі бір айтып кететін жайт: қазақ тарихында көне ата-бабаларымыздың Алтын Орда, Ақ Орда және Көк Орда деп жер атауларын атап кеткенін қарастырайық. Ол үшін тарихи деректер мен мағлұматтарды зерттеп көрелік: "Көк орда" дегендегі зерттеушілердің бірқатары "көк" сөзімен түсіндіретін. Яғни "шығыс" деген сөз. Сосын одан 600 жыл бұрын қолданылған әйгілі "Көк Түріктер" сөзімен салыстыратын. "Көк Түріктер" деп өздерін Түрік қағанатын құрған түрік тайпалары айтқан. Оны Гумилев "Голубые тюрки" деп аударған. Бірақ-та қазіргі зерттеушілердің пайымдауынша бұл аударманың дұрысы – "Аспан (небесные тюрки) түріктері" немесе "Тау (горные тюрки) түріктері". Бұлар таудан (Алтай) түсіп, әлгі жарты әлемді жаулап алып Ұлы Түрік қағанатын құрған Ашиналар (Көк бөрінің ұрпақтары). "Ауылым көшіп барады таудан асып, аспанда көшкен бұлтпен араласып",- деген халық әні бар. Олар, Көк Түріктер шышында да "аспандағы бұлтпен араласып" көшіп жүрген. Көк Түріктер қыпшақ тайпаларының тікелей атасы. Біздің туымыз көк - Қазақ хандығының туы да көк болған.
Ақ Орданың негізін қалаушы Жошы ханның үлкен ұлы Орда хан (Әйгілі Бату ханның ағасы). Осы Ақ орда қазіргі Қазақстанның негізін қалаған мемлекет. Оның ең әйгілі ханы Орұс (Ұрыс) хан - Орда ханның 8-ұрпағы, Қазақ хандығын құрған ағайынды Керей мен Жәнібек хандардың 3-атасы. Орұс хан шын мәнінде қазіргі Қазақстанның жері мен қазіргі оның үш жүзін құрап отырған ру-тайпаларды толықтай дерлік біріктірді. Керей мен Жәнібек сол замандағы тарихтың тілімен айтқанда "Атасы Орұс ханның қол астында болған аймақты қайтадан өз қолдарына алды", яғни Керей мен Жәнібек Қазақ хандығын құрғанда аспаннан түскен мемлекет құрған жоқ, тек қана "Әбілқайырдың көшпелі өзбектер мемлекетінен" бөлініп, қайтадан еркіндік алды. /8/
Біздің елді қазір ресми ақпаратта Елбасының резиденциясының атауымен "Ақ Орда" немесе "Астана" деп атайды. "Ресми Астананың ақпараты" немесе "Ресми Ақ Орданың хабарлауынша" дегендей. Қазіргі де Қазақстанды бейнелі түрде "Ақ Орда" деп атауға болады. Қазақ хандығының кейінгі құдіретті хандарын (Хақназар хан, Тәуекел хан, Қасым хан, Есім хан, Тәуке хан, Абылай хан т.б.) кейде "Ақ Орданың" хандары деп те атай береді. Ал Бату ханның (Батый) иелігіндегі аймақ Алтын Орда аталды. Алтын Орда деген атау кең таралғанмен, сәтті емес. Ол кезде Шыңғыс тұқымынан шығып ел басқарған хандардың орталық шатыры - Хан Ордаларының бәрі "Алтын Орда" аталады. Қорытындылап айтқанда, әр ұлттың өзінің түске байланысты өзіндік танымы болады. Яғни түске байланысты түрлі ассоцияциялар тізімі қалыптасады. Және де оның әр мәдениетте әр түрлі болатынын да ескерген жөн. Сондықтан да осындай ахуалдар мәдениетаралық байланыс аясында қайдай да бір түсініспеушілік пен коммуникация қиыншылықтарына әкеліп соқпас үшін, сол ұлттың өзіндік мәдениетін, тарихын және жалпы дүниетанымын ескеру қажет. Мысалы, біздер үшін ақ пен қара бинарлық оппозициясы маңызды болса, басқа елдер қараның орнына қызыл, яғни қызыл-ақ (әсіресе, ағылшын мәдениетінде) оппозициясы басым. Мұндай ерекшеліктерді әрқашанда ескеру қажет.